Школа 6 ст . Теректы

: 30 2019 г.
: А?ан Ж?баныш Ж?макелді?лы

:

Саламатсыздарма! Биыл 2019 оқу жылының аяғында Теректы елді мекенінің мектеби жабылады деген сыбыс тарады . Сол сыбыс қаншалықты рас? Егер рас болатын болса , ауыл тұрғындарының тағдыры не болмақ? Қаншама бала оқуы, ұстаз жұмыстарынан тех.персонанал жұмыстарынан айырылады. Елбасының ауылды көркейту жолдауына қарама қайшы істер жүргизгели жатыр әкимдик. Сиздер ауылдың құлдырауына тикелей әсер еткели отсыздар қала басшылары!

5 2019 г.

05.07.2019ж.
№Эл-А-57
Теректі станциясының тұрғыны
Жұбаныш Жұмакелдіұлы Аханға

Сіздің хатыңызға келесі жауапты ұсынамыз:
Теректі ауылындағы №6 Негізгі мектеп 1938 жылы құрылған. 2018 жылы мектептің ішкі кәріздер құбырын күрделі жөндеуден өткізер алдында сараптама жасалған болатын.
«EvoCom» тәуелсіз сараптамалық компаниясының техникалық қорытындысына сәйкес мектеп ғимаратының құрылыс құрылымдары: іргетастар, сыртқы және ішкі қабырғалар, ағаш еден құрылымдары, шатыры елеулі апаттық жағдайда деп көрсетілді.
Ғимарат пайдалану талаптарына сәйкес келмейді, балалардың өміріне, оқып тәрбиеленуіне өте қауыпті және жөндеу жұмыстарын жүргізу экономикалық және әлеуметтік жағынан тиімсіз. Техникалық сараптама 2018 жылдың тамыз айында жүргізілді.
Мектептің бас ғимаратының апатқа ұшырау салдарынан жабылуын түсіндіру мақсатында 2019 жылдың 11 маусымында Жезқазған қаласының білім бөлімінің мамандары Теректі станциясының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Бұл мәселені шешу үшін бүгінгі күні келесі механизм әзірленді. Бастауыш сыныптарға арналған екінші ғимаратта 0, 1-4 сынып оқушылары (барлығы 34 бала) оқиды.
Ал 5-9 сынып оқушыларына (30-ға жуық бала) Жезқазған қаласының №9 мектеп-интернатында жатып оқу ұйымдастырылады. Сондай-ақ, балаларды автобуспен тасымалдау ұйымдастырылады, яғни әр аптаның жұма күні, Теректіге жанұясына әкеліп және жексенбіде Жезқазғанға жеткізіледі. Осы жұмысты ұйымдастыру үшін бюджеттен 7 млн. 173 мың теңге бөлінді.
Қызметкерлерге қаланың оқу орындарында жұмысқа орналасу ұсынылды. Қала әкімдігімен Жезқазған-Теректі жол учаскесі бойынша тұрғындарын тасымалдауы қамтамасыз ету сұрақтары қарастырылуда.
Сонымен қатар, 2020 жылы жаңа мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда қажетті жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Құрылыс жұмыстары жүргізілген аралықта мектеп өз қызметін тоқтатпайды, Негізгі мектеп (0,1-9 сыныптар) статусын сақтап қалады.
Осы жауаппен келіспеген жағдайда, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР заңының 12-бабына сәйкес қайта шағымдануыңызға құқылысыз.


Әкімнің орынбасары З.Акилбекова
орынд.Құдабаева А.А.
733048