Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Опубликовано: 10 декабря 2013

 «Электрондық Үкімет» порталы арқылы баланы балабақшаға кезекке қою

Алдымен мемлекеттік балабақшаға кезек қалай рәсімделетінін және құжаттарды қашан тапсыру керектігін естеріңізге саламыз. Сіздің сәбиіңіздің туу туралы куәлігін рәсімдеген сәттен бастап, балаңызды мемлекеттік балабақшаға кезекке қоя аласыз, ол шамамен үш-төрт жасқа толған кезде келуі керек.
Кезекке тұру туралы белгілену керек емес! Кезек келгенде білім басқармасының қызметкерлері ата-аналарға балабақшадағы орынның босағаны туралы хабарлайды. Егер ата-аналар қандай да бір себеппен өз баласын балабақшаға беруден бас тартса, кезек одан кейінгі тұрған балаға ауысады.
Кезекті Интернет арқылы  Балабақшаға кезек нөмірін қарау сервисінің көмегімен egov.kzпорталында қадағалауға болады. 
2007-2010 жж. туған балалар үшін кезекті қарау мүмкіндігі туған күні, тегі және аты бойынша жүзеге асырылады.
2011 – 2013 жж. бері қарай туған балалар үшін іздеу ЖСН бойынша да, сондай-ақ туған күні және тегі мен аты бойынша да жүзеге асырылады.
Балабақшаға кезекке қою онлайн электрондық үкімет www.egov.kzарқылы немесе iOSжәне Androidүшін қол жетімді egov.kzмобильдік қосымша арқылы қоюға болады. Жас аналар мен әкелер үшін кезекке онлайн қою тәсілі қолайлы, себебі бұл үйден шықпай-ақ жүзеге асырылады.
Қызметті онлайн алу
  1. Порталда авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтыру және жіберу (ЭЦҚ талап етілмейді). Облыс, ЖСН немесе тегі, аты-жөні және туған күнін енгізу, байланыс телефондарын енгізу
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында өңделген анықтамамен танысу.  Кезекті әрі қарай қадағалау үшін "Балабақшаға кезек нөмірін қарау" қызметін қолдануға болады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1.       Белгіленген үлгідегі өтініш.
  1. Ата-аналарының біреуінің немесе заңды өкілдерінің жеке басын куәландыратын құжат.
  2. Баланың туу туралы куәлігі.
  3. Жеңілдікті растайтын құжат (бар болған кезде мектепке дейінгі балалар ұйымына бірінші кезекте жіберіледі).
  4. Мекенжай анықтамасы немесе қызметті алушының тұратын жерін растайтын өзге құжат.
Қызмет көрсету нәтижесі
Баланы балабақшаға кезекке қою туралы хабарлама алу немесе бас тарту туралы негізді жауап. 
Онлайн қызметті егер бала ҚР 2007 жылғы 13 тамыздан кейін туғанда ғана алуға болады.
 
 
04.12.2013 ж.