Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Опубликовано: 19 декабря 2013

 «Электрондық Үкімет» порталы арқылы

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу
 
Қазақстан бизнестің әр алуан бағыттарының дамуы тұрғысынан алып қарағанда, келешегі зор және белсенді дамып келе жатқан ел болып табылады. Республика үкіметі кәсіпкерлерді белсенді түрде қолдап отырады. Бизнесті тіркеудің, лицензиялаудың жеңілдетілген құралдары жасалып,  жеңілдікті салық салу нұсқалары мен басқа да қолайлы шарттар ұсынылуда. Қазақстан 2012 жылы Дүниежүзілік Банк нұсқасы бойынша бизнесті ашу мен жүргізудің оңайлығы рейтингінде 183 елдің арасынан 47 орынға ие болды. Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 12 орынға алға жылжыды.
Сонымен, сіз бизнес ашпақ боп шештіңіз және  өзіңіздің мүмкіндіктеріңіз бен келешегіңізге әділ баға бере білесіз.  Жеке кәсіпкерлік субъектілері салық есептілігінің мәліметтеріне сәйкес келуі тиіс өзінің мәртебесі жайлы ақпаратты (анықтаманы) мемлекеттік органдарға өздері ұсынады, әрі ұсынған мағлұматтардың дұрыстығына да солар жауап беруі керек.
Кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесін қандай шамалар анықтайды?
Кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесіне төмендегілер ықпал жасайды:
  • қызметкерлердің жылдық орташа саны;
  • активтердің жылдық орташа құны;
  • кейбір жағдайларда -  қызмет түрлері.
Бизнес тіркеуден басталады. Жеке істі ашу үшін,  электрондық үкімет веб-порталындағы электрондық  өтінішті толтыру қажет және бір күн ішінде сіздің жеке кабинетіңізге мемлекеттік тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы электрондық анықтама түріндегі жауап келеді. Бұл мемлекеттік қызметті берілген сілтеме бойынша жүріп өтіп, «Бизнесті тіркеу» бөлімінен табуға болады.   
Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне келетін болсақ, мемлекеттік тіркеу «электрондық үкімет» порталында да, сонымен қатар заңды тұлғаларды мелекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіпте (ХҚКО арқылы) жүргізілуі мүмкін.  
Құрметті пайдаланушы, қызметті пайдаланар алдында міндетті түрде ҚР ҚМ Салық комитетінің БСАЖ қорында өтініш берушінің, басшының, құрылтайшының  ЖСН-нің болуына  http://www.salyk.kz/ru/Pages/findtaxpayers.aspx сілтемесі арқылы көз жеткізіңіз. Ол болмаған жағдайда мәліметтерді базаға енгізу үшін салық органына жүгінулеріңізді сұраймыз.
Қызметті онлайн алу
  1. Порталда Ошибка! Недопустимый объект гиперссылки. немесе тіркелу.
  2. Қажетті мәліметтерді көрсете отырып, қажетті ашық жолдарды толтыру.
3.       Қажетті мәліметтерді көрсетумен электронды сұраныс жолын толтыру. *Ұйымның шет тіліндегі атауын шет тіліндегі өтініштің барлық бағандарында енгізу қажет. Мемлекеттік тіркеу туралы анықтамада "Орыс тіліндегі толық атауы" немесе "Қазақ тіліндегі толық атауы" бағанында енгізілген атау көрсетіледі.
  1. Жеке тұлағның атынан "Электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу. Мемлекеттік қызметті төлеу кезінде заңды тұлғаны тіркеу жүргізілетін Әділет департаменті органы жатқызылатын салық органын (қала/аудан) таңдау қажет.
  2. Қызметті онлайн төлеу:
    • Салық органын таңдаңыз.
    • төлем міндетінің кодын таңдаңыз. Ол үшін ТМК өрісінде 910 - Жалпы белгіленген тәртіп, 911 - Аударылғандар (есептен алынған және бюджетке төленетін өзге міндеттемелер) таңдау қажет.
    • төлем тәсілін таңдаңыз (жеке тұлғаға ашылған Жинақбанк АҚ ЕБ жеке есепшоты немесе кез келген өзге банктің төлем карточкасы) және мемлекеттік бажды төлеңіз.
    • қызметтерді төлеу тарихында электрондық чек аласыз, оны басып шығаруға немесе компьютерде сақтауға болады.
4. Сұранымға ЭЦҚ-мен қол қою. Құрылтайшылар бар болған кезде өтінімге олардың ЭЦҚ-мен қол қоюы қосымша талап етіледі.
Басшы мен құрылтайшы (-лар) әрекет етпейтін тұлғалар базасында (шағын жәні ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын ЗТ тіркеу кезінде) тұрмауы тиіс. Қызмет заңды тұлғаларды - шаруа серіктестіктері мен өндірістік кооперативтерді тіркеуге қатысты көрсетіледі. 
Электрондық өтінім беру кезінде қайта ұйымдастыру нәтижесінде пайда болмаған ЗТ мемлекеттік тіркеу жүргізіледі. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде пайда болған заңды тұлғаны тіркеу тіркелетін заңды тұлғаның жері бойынша ХҚКО-да жүргізіледі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және филиалдар мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама
19.12.2013