Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Опубликовано: 27 декабря 2013

Құрметті жерлестер, ардақ тұтар ағалар, замандастар!

 
                Баршаңызды ұлттық мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
                Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздіктің маңызы туралы:«Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қасиетті қанының өтеуі. Бұл бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейілінің қайтарымы» - деген еді.
                Шындығында тек тарих арқылы тәуелсіздіктің  қаншалықты  қымбат, баға жетпес ұғым екенін, оның ұдайы жасампаздыққа жетелейтінін ұғына түсесің. Біз де сондай тауқыметті тарихи жолды бастан кешірген халықпыз. Ата бабамыздың жері, анамыздың тілі, ұлтымыздың салт дәстүрі болғанменен, осының бәрі қызыл империяның ашса алақанында, жұмса жұдырығында болды. Міне, бодан ұлттың хал-күйі осындай болады. Алайда, еркіндікке ұмтылу идеясына ешбір күштің тосқауыл бола алмайтының да тарих сабақтары дәлелдеп берді. Биыл 27 жыл толып отырған Желтоқсан оқиғасы сол бұлқыныстың ашық көрінісі еді. Бейбіт шеруге шыққан жастар зорлық-зомбылықпен тұншықтырылып, олардың адамдық  құқығы, ерік – жігері аяққа басылса да, халықтың еркіндік  рухын өшіре алмады. Көп ұзамай Тәуелсіздік таңы да атты! Төрт жылдан кейін еліміздің Егемендік декларациясы жарияланды. Осы желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтар біздің қаламызда да бар, көпшілігі бүгінгі салтанатты кештің қадірлі қонағы ретінде қатысып отыр. Желтоқсандықтардың ел тағдырын шешуге қосқан батылдықтарыңа, батырлықтарыңа халық риза. Тарих сіздерді ешқашанда ұмытпайды!
Қайсарлықтың ерен үлгісін көрсеткен осы желтоқсан оқиғасының кездейсоқ еместігі –ақиқат. Әділетсіздікке төзбеу- қанымызда бар қасиет еді.
                Жәнібек пен Керейдің, Қасым мен Тәукенің, даңқты Абылайдың бар іс-қимылы, әрекеті, Асан мен Қазтуғанның, Доспанбет пен Бұқардың рух көтеретін жырлары, Исатай, Махамбетпен Сырымның азаттық жолындағы күресі, Кенесары Қасымовтың әскери жорықтары, Алаш қайраткерлерінің Қазақ елін көркейту идеялары- осы рухтың жарқын көріністері.
                Міне Тәуелсіздікке дейін тағдыры тәлкекке түскен, еркіндікке, бостандыққа ұмтылған халқымыздың жүріп өткен жолы  осындай. Біз осы тарихтан қуат алып, болашаққа ұмтыламыз.
 Әрбір жас ұрпақ тарихын білуі міндетті. Биылғы жылы Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша елімізде «Халық тарих толқынында» бағдарламасы қолға алынды. Тарихымызды терең зерделеуді мақсат еткен бағдарламаның маңызы өте зор. Біз 70 жыл бойы Кеңес Одағының құрамында болған кезімізде, жасыратыны жоқ тарихымыз бұрмаланып келді. Тәуелсіздік алғалы бері көптеген шетелдік дереккөздерге қол жеткізе алатын деңгейге жеттік. Тарихи зерттеулер кең көлемде жүргізілуі қажет, тарихшылар алдында ғасырлар тереңіне бойлай отырып зерттеу тапсырмасы тұр. Бұл тәуелсіз мемлекетіміздің ұрпағын тәрбиелеу үшін аса маңызды.
Қазақ халқы өз тарихында мың өліп мың тірілген күйді кешті, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламада»  халқымыз «Елім ай» деп  еңіреп, елден, жерден айырылып, босып кеткен. Осы тарихи кезеңде қазақтың оннан төрт бөлігі ажал құшқан. Одан кейінгі болған үлкен нәубеттар –20 –30-шы жылдардағы аштық  37-39 –жылдардағы саяси репрессиялар  ғалым МақашТәтімовтың зерттеуінше  4 миллионнан астам  қазақтың өмірін қиған. Бұл ұлттық қасіретті қазіргі ұрпақ әрдайым есіне сақтап, қол жеткізген Тәуелсіздігіміздің қасиет, қадірін, бағасын терең түсіне білуі қажет.
Қазақ тарихының қай кезеңін алсан да сол кезеңде өмір сүрген ата бабаларымыздың ортақ арман-мақсаты - Тәуелсіз, мықты қазақ мемлекетін құруға келіп тоғысқан еді. Ендеше біз бүгінгі күн биігінен тұрып, сол кездердегі арман болған Тәуелсіздікке қолымыз жеткенің, қазақ елін бүкіл әлем танитының айтып мақтанамыз.
 
Көптен күткен Тәуелсіздік Қазақ халқына ел болып өмір сүрудің тізгінің өз қолына ұстатып, теңдессіз сый жасады. Тәуелсіздікпен бірге тіліміз, дініміз, салт дәстүріміз, қазақи қасиетіміз оралды. Мемлекеттік рәміздеріміз қабылданып, шекарамыз белгіленіп, төл теңгеміз төрге шықты.
                1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіз тарихының бастауы – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Бұл Заңның әрбір бөлімі мен бабында, Қазақ хандығын құрған кезден бастап Желтоқсан оқиғасына дейінгі аралықтағы Азаттық үшін алысқан бабаларымыздың алаңы мен арманы, жүрек соғысы, аққан қаны, төккен жасы, өкініші мен үміті таңбаланып тұр. Ендеше бұл тарихи құжат Отанын сүйген әрбір қазақстандықтың төріндегі қастерлі орында тұруы керек.
                Елдің тізгіні қолға тигеннен бері атқарылған жұмыс, сүйсініп еске алар  тіршілік баршылық. Бұл ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіздіктің санаулы жылдарында республикамызда 100 жылға татырлық істердің жасалғаның атап өтуі тегін емес.
Тәуелсіздікті баянды ету кім – кімге де оңай тиген жоқ.  Қиналған кезде тығырықтан шығар жол іздеу барысында әртүрлі келіспеушіліктер орын алды. Ең бастысы – осындай келіспеушіліктерді дағдарысқа ұластырмай уақытылы шешіп отыру, ел болашағына қатысы бар дұрыс шешімдер қабылдай білу, көрегендікті талап ететіндігі сөзсіз. Бұл орайда біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси ұпай жинаудан гөрі экономиканы жолға қоюды бірінші орынға шығарып, қандай істі қолға алса да осы бағытты ұстана отырып іс-қимыл жасауы кедергілерден ойдағыдай өтуге мүмкіндік берді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміздің нарықты экономикаға көшу жолдарында біршама қиыншылықтар кездесті, өнеркәсіптердің тоқырауы, құрылыстардың тоқтап қалуы, ауыл шаруашылығында жекешелендірудегі жіберілген кемшіліктер уақыт өте келе қабылданған дұрыс шешімдердің, нақты жоспарлардың арқасында дамудың даңғыл жолына түсті. Қазақстан -2030 Стратегиясы қабылданып, мемлекетімізді дамытудың негізгі басымдықтары анықталып, міндеттер қойылды. Бүгінгі күні саясатта, экономикада, әлеуметтік салада болсын Қазақстан өзгелерге үлгі болатындай дәрежеде даму үстінде. Береке-бірлігіміздің арқасында алғашқы Стратегияны мерзімінен бұрын орындап,  бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ендік, енді Қазақстан дамуының 2050  жылға дейінгі Стратегиялық бағытына бой түзедік. Алдағы меже – әлемдегі барынша дамыған отыз  мемлекеттердің қатарынан көріну. Басты мақсатымыз – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру
                Соңғы жылдары ел экономикасы тұрақты түрде  өсе түсуде. Елбасының «Қазақстан 2050 Стратегиясы Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткендей: «15  жыл ішінде қазақстандықтардың табысы 16 есе өсті. Табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың саны 7 есе азайды, жұмыссыздар саны екі есе қысқарды. Біз әлеуметтік бағдарланған қоғамның негіздерін қаладық» делінген.
                Тәуелсіздік жылдары қоғамның саяси жүйесін, заң шығарушы билікті, атқарушы билікті реформалаудың нәтижесінде халықаралық, демократиялық талаптардың үдесінен шыға білдік. Елімізде өмір сүретін сан ұлт өкілдерінің тең дәрежеде дамуына қолайлы жағдай туғыза отырып, қазақ халқының өз жерінде тілінің, дінінің, мәдениетінің  өркендеуіне қол жеткіздік. Бір кездері өз елінде саны 29 пайызға дейін құлдыраған халқымыздың саны қазіргі кезде республика тұрғындарының 60 тан астам пайызын құрайды.
Бұл кезең – қазақ халқының басына бағы қонған, бақыты оралған кезең деп сипатталады. Осынау тарихи кезеңнен бастау алған мемлекеттігіміздің шежіресі мәңгі есте қалар айтулы оқиғаларға тұнып тұр.
Тәуелсіздік алғаннан бергі ең маңызды тарихи жетістік - Конституциямызды қабылдадық.
    Тәуелсіздіктің басты табыстарының бірі – өз қалауымызбен Астанамызды белгіледік.
Астана әлемдік маңызы бар идеялардың алаңына айналды. Елбасы өз Жолдауында бұл жөнінде: «Бұл заманауи қала біздің бойтұмарымыз бен мақтанышымызға айналды»,-деген болатын. Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдалды. Сондай-ақ, Тәуелсіз Қазақстан қысқа уақыт ішінде дінаралық татулықты мақсат еткен Әлем діндерінің съезін, Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымына, Ислам конференциясына төрағалық ету сияқты тарихи миссияларды жоғары деңгейде атқарса, спорт саласында қысқы Азиада олимпиадасын өткізуде жоғары ұйымдастырушылық қабілетін байқатып, халықаралық аренада мәртебесі биіктеді.
                Еліміздің еңсесі биік, тұғыры берік болып қалыптасуына, өсу тарихына жасампаздық істер мен ізденістер арқау болса, бүгінгі тынысына да сондай екпінді леп тән. Қаламыздың өсіп-өркендеуіндегі жетістіктер де осыған айғақ болғандай.
                Жезқазған қаласы түсті металлургияның орталығы болғандықтан да оның экономикасының көрсеткіші осы саламен тікелей байланысты. Тәуелсіз Қазақстан экономикасының алғашқы қалыптасу кезеңінде жұмыс істеп отырған кәсіпорындарды сақтап қалу мен әрі қарай дамыту үшін инвестиция тартудың маңызды орын алғаны белгілі. Жезқазған қаласының негізін құрап отырған «Жезқазғантүстіметалл» ғылыми өндірістік бірлестігі нарықтық экономикаға көшу кезеңінде күрделі жағдайды бастан кешірді. Осы уақытта Елбасының дер кезінде қабылдаған шешімі негізінде шетелден инвестиция тартылып, нәтижесінде мыс өнеркәсібінің  екінші тынысы ашылды. Бүгінгі күні «Қазақмыс» корпорациясы соңғы технологияларды еңгізуге қатысты жұмыс атқаруда.
Елбасының қолдауымен Жезқазған қаласында Үкіметтік Кешенді жоспар және шағын қалаларды дамыту бағдарламалары іске асырылуда. 
Ғасырлық жоба атанған Жезқазған–Бейнеу континентальды теміржолының құрылысы қолға алынып, қазірдің өзінде Жезқазған-Сексеуіл бағытында 547 км жол салынды, бүгін осы екі жол түйіседі.
Алдымыздағы жылдары Қызылорда–Жезқазған, Жезқазған–Есіл-Петропавловск автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өтіп халық игілігіне беріледі. Аталған жолдар келешекте Жезқазғанды транспорттық-тасымалдау орталық ретінде қалыптастырып, шалғайдағы қаладан маңдайалды қалаға айналдыратыны сөзсіз. Бұл жағдайларды біз Тәуелсіздіктің берген сыйы деп қабылдауымыз қажет.
                Өндірісті аймақ саналатындықтан, бізді өнеркәсіптің жақсы қарқынмен дамуы, осы саладағы іргелі істердің кеңінен қанат жаюы қуантады. 10 ай мерзімі ішінде 176 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп,  өндіріс өнімі көлемінің нақты өсу қарқыны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 20 пайызға өскен. Тәуелсіздік жылдары инвестицияның тартылуы – 172 млрд. 495 млн теңге көлемінде болды.
Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілері саны 2 пайызға өсті және 4201 бірлікті құрап отыр, онда 11300 адам жұмыспен қамтылған. 13 миллиард теңге сомасына өнім өндірілді.
 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 6 жоба қолдау тапты.
Ағымдағы жылы шағын және орта бизнесті дамытуға 197 миллион тенге қарастырылып, ол банк кредиттерінің пайызын субсидиялауға, жаңа өнеркәсіптер ашуға гранттар беруге және кәсіпкерліктің негізі бойынша оқытуға жұмсалды. Қәзіргі таңда кәсіпкерлер тарапынан 16 инвестициялық жобалар жасалуда. Бұл дегеніміз- жаңа өнім, жаңа жұмыс орындары, әрі экономиканы әртараптандырып, қаламыздың дамуына серпіліс беретіні сөзсіз.
Шағынқалаларды дамыту бағдарламасы арқылы биылғы жылы республикалық бюджеттен 658,1 миллион тенге бөлінді. Оған, қаламыздың 6 көшесі, 2 білім беру нысаны, мәдениет саласынан 2 мекеме, денсаулық сақтау саласында 1 мекеме күрделі жөндеуден өтті. Келер жылы күрделі жөндеуден өтетін нысандар мен жолдардың жобалық сметалы құжаттамалары жасалды. Алдағы жылдары осы жобалар іске асырылып, қаламыздың ажары ашыла түспек.
Келешекте қаламыздың әлеуметтік экономикалық дамуы 2012-2017 жылдарға арналған Үкіметтік Кешенді жоспар аясында өрбиді. Осындай көлемдегі Үкіметтік жоспардың қабылдануының басында – қала жұртшылығының сұранысы мен ақсақалдарымыздың талап-  тілегі тұр. Яғни бұл жоспар -  еліміздің Конституциясында айшықталған өзін-өзі басқару жүйесінің айғағы ретінде іске асырылуда.  Кешенді жоспарға аймақтың минералды-шикізат базасын кеңейту, жылуэлектр орталығына қатысты мәселелер, тұрғын үй салу, су және жылу беру желілерін жаңарту,судың сапасын көтеру, жаңа өнеркәсіп орындарын ашу сияқты бағыттар кірген. Биылғы жылы осы Кешенді жоспарды 2020 жылға дейін нақтыландыруға ұсындық, және оның қорытындысы желтоқсан айының соңында белгілі болады деп жоспарлануда.
Алдымызда атқарар шаруа ауқымды. Халқымыздың келешегі үшін қажет жүкті жұмыла көтерсе ғана жеңіл болатыны белгілі.
Ынтымақ жүрген жерде —
Ырыс жүреді,- дейді халық даналығы. Қазықты ой біреу ғана: ол – қатар жүріп, қайырлы іс тындыру.
Қазақстанның әр азаматының заманға лайықты өмір сүруіне жағдай жасауымыз, әлеуметтік қолдауымыз – алдымен Тәуелсіздік арқасында қол жеткізген табысты экономикамыздың, сындарлы саясатымыздың жемісі.
Ата Заңда көрсетілгендей, мемлекет үшін аса маңызды байлық – адам, адами капиталы. Мемлекеттің көркеюі, дамуы, дәуірлеуі адами әлеуетке байланысты. Көш-керуенін жарқын болашаққа бағыттаған Қазақстанның бүгінгі күнге дейінгі жетістіктерінің тарихи жолында жезқазғандықтардың да айшықты қолтаңбасы бар. Білімі мен біліктілігін, жаңаша ойлау қабылеті мен ой-сана әлеуетін ортақ іске жұмылдырған жерлестеріміздің жеңісі мен табысы – біздің мақтанышымыз.
Елдің қазіргі жетістіктері – болашақ ұрпаққа мұра, ХХІ ғасырда Қазақстанның тұғырлы, бақуатты, бейбіт ел ретінде серпінді дамуының берік негізі. Әлбетте, жарқын болашақ – білімді жастардың қолында. Тәуелсіздіктің 22 жылында орта білімді 328 түлек үздік аттестатпен, 205 оқушы «Алтын белгімен» аяқтаған. Қазақ-түрік ерлер лицейінің оқушылары болған Рысмағанбетов Ернұр 2002 жылы – физикадан дүниежүзілік олимпиадада – алтын медаль иеленсе, қазіргі күні Қазақстанның халықаралық олимпиадалар мен конкурстарға дайындау орталығын басқарады, ал Молдабеков Марғұлан – 2009 жылы халықаралық ғылыми жобалар конкурсында алтын медаль иеленсе, қазіргі уақытта «Назарбаев университетінің» беделді оқытушысы.Тағы бір түлегіміз Ибраев Мадияр – 2003 жылы «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атанып, Президент грантын жеңіп алған болатын. Қазіргі уақытта жерлесіміз Африка елдеріндегі Конго республикасында елшілікте қызмет атқарады.
Тәуелсіз еліміздің Туын көкке көтеріп, ел намысын қорғап жүрген спортшыларымыз да өз жеңістерімен мемлекет мәртебесін көтеруде. Олардың арасында біздің жезқазғандық спортшыларымыздың да үлесі айтарлықтай.   Әлем чемпиондары болған – Даумбаев Зухраб, Абдраманов Нұржан, Ербосынов Нұржан, Садуақасов Ержан, Нұрмағанбетов Қайсар, Сарсембин Арман, Асқарова Асыл, Ибрагим Бағлан, Чебоксарова Анна мен Шмелева Ольга – біздің мақтанышымыз.
Мәдениет саласында да Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табысымыз айтарлықтай. Елбасының бастамасымен іске асырылған «Мәдени мұра» бағдарламасы мәдени құндылықтарымызға жан - жақты қолдау көрсетуге үлкен мүмкіндіктер берді. Шығармашылықты ту еткен жергілікті аға буын өкілдерінің 100-ден астам кітабы жарық көрді, мәдениет үйлері қазіргі заманға сай материалдық жабдықтармен қамтамасыз етілді, ұлттық салт-дәстүрді насихаттаған бағдарламалар саны көбейді, ана тіліміздің қолданылу аясы кеңейіп, оны үйренем деушілерге барлық жағдайлар жасалды.
Ұлт денсаулығына да Тәуелсіздік жылдары жете көңіл бөлініп келеді. Осы уақыт аралығында қаламызға 30 жуық жедел жәрдем автокөлігі алынды, 8 емхана мен аурухана күрделі жөндеуден өтті, сандық 2 рентген аппаратура, 6 ультрадыбыстық зерттеу аппаратурасы, 2 эндоскопиялық ота жасау қондырғысы, көз ауруларын зерттеуге 1 микроскопиялық аппаратураға, 1 томографиялық компьютерге қол жеткіздік. Таяу күндері қаламызда толығымен жарақтандырылған инсульт бөлімшесі ашылмақ.  Тұрғындарымыздың өмір сүру ұзақтығы 69 жасқа жетті. Бала туу көрсеткіші жылдан жылға өсіп келеді.
Әрбір қазақстандықпен қоса жезқазғандықтар да Тәуелсіздікке осылайша ерен еңбектерімен, мол жеңістерімен өз үлестерін қосуда. 
                Тынымсыз еңбек, күрделі міндеттер атқарылып, оңай емес шешімдер қабылданған жылдардың текке өтпегеніне бүгінгі Ел Тәуелсіздігінің 22 жылдығы белесінде көзіміз айқын жетіп отыр. Бұл орайда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымақты халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар, ең бастысы – бүгіннен жемісті болашағы бар», - деген сөздері қуаныш пен шаттыққа бөлеп, жүрегіңе Отаның, Елбасың үшін мақтаныш сезімін ұялатады.
 

Дорогие жезказганцы!

Страна отмечает 22 годовщину Независимости Республики Казахстан. Путь к независимости был трудным и тернистым.
В начале XX века попытку создания независимого государства предприняли лидеры казахской национальной интеллигенции Алихан Букейханов, Ахмет Байтурсунов, Мыржакип Дулатов и другие.
В истории каждого народа бывают судьбоносные события, в корне меняющие сознание народа. Такими были декабрьские события 1986 г  в Алматы, в основе которых лежит комплекс исторических, социально – экономических и политических факторов.
То, что сделала молодежь в те дни можно назвать началом возрождения независимости страны, предвестником суверенитета Казахстана.
Декабрь 1986 года  подтвердил, что в нашем народе живы дух, традиции свободы и независимости.
Память о декабрьском выступлении нашей молодежи священна.
16 декабря 1991 года  был принят  Конституционный Закон «О Государственной Независимости Республики Казахстан». На древней казахской земле возродилось государственность. Это была общая радость и общая победа.    
Народ Казахстана осознанно выбрал путь независимости, приняв на себя огромную ответственность перед будущими поколениями.
Великая цель и священный долг всех казахстанцев – сохранить нашу независимость.
Обретение независимости страны стало поворотным моментом в современной истории Казахстана. Прошедшие 22 года независимости принесли стране добрые перемены, реальные достижения во всех областях экономического, социального и духовного развития общества.
В этой огромной созидательной деятельности активное участие принимают все казахстанцы, в том числе и жители города Жезказгана.
По данным статистики по городу Жезказган за годы Независимости вложено инвестиции в основной капитал 172 миллиарда 495 миллионов тенге.
На сегодняшний день показатели развития экономики города характеризуются положительной динамикой развития.
Так, объем промышленной продукции за текущий год составил 176 миллиардов тенге, на 20 процентов больше  аналогичного периода прошлого года.
Увеличился объем произведенной продукции  субъектами  малого предпринимательства и составил 13 миллиардов тенге. 
Благодаря особой заботе и дальновидности Главы Государства в городе выполняется Комплексный план и программа развития моногорода, где учтены решение проблем, выссказанны горожанами. Реализация вышеназванных Правительственных программ всецело зависит от целеустремленности и патриотичности каждого жезказганца. Благодаря вашему достойному труду они успешно претворятся в жизнь.
Нам выпало жить и трудиться в эпоху великих перемен. Все что мы делаем сегодня, имеет не только судьбоносное значение, но и несет на себе печать истории. И от нас зависит, каким будет будущее независимого Казахстана.
Пусть живет и процветает в веках независимый, свободный Казахстан!Благополучия, мира и добра нашему многонациональному народу! С праздником, уважаемые жезказганцы!
 

Құрметті  қауым!

Тәуелсіз еліміздің жетістігінің еселенуіне қосып келе жатқан үлестеріңіз молая берсін! Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойы асыл мұраты азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай! Мереке құтты болсын, ағайын!