Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Опубликовано: 31 марта 2014

 «Салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар)екені туралы мәліметтер алу»

Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталында «Салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар)екені туралы мәліметтер алу» қызметі қол жетімді. Бұл қызмет түрі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы 598 бабы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық Кодексімен сәйкес жүзеге асырылады. Қызмет көрсетудің нәтижесі салық берешегінің жоқ екені туралы анықтама немесе бас тарту туралы дәйекті жауап болып табылады.Қызметті алушылар жеке және заңды тұлғалар. Портал арқылы қызмет көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні. Қызмет құны тегін.
                Қызметті онлайн алу үшін:
  1. Порталда авторлану және "Қызметке онлайн тапсырыс беру"  батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) өңделген анықтамамен танысу  және талап етілген жерге ұсыну.
 
 
 
19.03.2014ж