Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Опубликовано: 21 апреля 2014

Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеуге арналған электрондық өтініш беру

Мемлекеттік қызмет «Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» жергілікті әділет басқармасы, сонымен қатар альтернативті негізде халыққа қызмет көрсету орталықтарында, электрондық үкімет веб-порталы www.e.gov.kz арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет Қазақстан республикасы кодексінің  2011 жылғы 26 желтоқсанынан " Неке(некелік) және отбасы туралы ", 257-267  бабы бойынша  көрсетіледі. Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруды тіркеуге электрондық өтінішті беру тек некені тіркеу немесе некені бұзу себебі бойынша ғана мүмкін. Тегін, атын және әкесінің атын ауыстыруды тіркейтін және куәлікті беруді жүргізетін АХАТ органы тіркелу орны бойынша көрсетіледі. Қызметтің құны - 2 АЕК (3 704 теңге). Қызметті көрсету мерзімі - 15 күнтізбелік күн. Қызмет көрсету нәтижесі тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруды тіркеу немесе бас тарту туралы негізді жауап. 

 
Қызметті онлайн алу
  1. Авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтыру. Өтінімде көрсету:
    • тегін ауыстыру негізі (некені тіркеу/қайта тіркеу);
    • қалауы бойынша тегі;
    • байланыс мәліметтері, табыс көзі, жұмыс орны.
  3. Егер сіз 2007 жылғы 13 тамызда тусаңыз, актілік жазбаны растауды алу (2 жұмыс күні ішінде). Сұраныс мыналарды көрсеткеннен кейін жіберіледі:
    • туу туралы жазба жазылған АХАТ органы;
    • туу туралы актілік жазбаның нөмірі (туу туралы куәлікте көрсетілген);
    • АХАТ органдарының тууды тіркеу күні.
  1. Егер неке 2008 жылғы 1 маусымға дейін тіркелсе немесе бұзылса, актілік жазбаны алуды растауды алу (2 жұмыс күні ішінде). Сұраныс  төмендегілерді көрсеткеннен кейін жіберіледі:
    • некені тіркеу/бұзу актілік жазбалары туралы мәліметтер; 
    • зайыбы туралы мәліметтер.
  2. Өтінімді қарау және оған ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңбамен). 
  3. Жеке кабинетте ( «Қызметтерді алу тарихы» тарауында ) сіздің өтініміңізді өңдеу туралы 3 жұмыс күні ішінде келіп түсетін хабарламамен танысу. 
  4. Өтінімді қабылдау туралы хабарлама келіп түскен жағдайда төлемді жүргізу.

Куәлікті алу үшін АХАТ жүгіну. Өзімен бірге басып шығарылған хабарламаны, жеке басты куәландыратын құжатты, сондай-ақ екі 3*4 см өлшемді фотосуретті алу қажет.