Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Опубликовано: 24 октября 2014

Құрметті қалалық мәслихат депуттары!

 
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару» Заңына  және Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 «Әкімдердің депуттар алдындағы есебі туралы» Жарлығына сәйкес, Сіздерге Жезқазған қаласының әлеуметтік- экономикалық дамуы бойынша 8 айдағы өз есебімді ұсынамын.
 
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы ағымдағы жылдың 8 айында айтарлықтай жақсарған.
 
Өнеркәсіп
 
          Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларындағы өнеркәсіп өнімінің құндық көрініс көлемі 106 млрд. 999 млн. теңгені құрады және 2013 жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішіне 90,5% (қаңтар-тамыз 118 млрд. 230,3 млн. теңге), жоспарға – 121,7%  (жоспар – 87 млрд. 890 млн. теңге).
          Жалпы алғанда нақты көлем индексі 47,1% құрады.
 
Негізгі капиталға инвестиция
 
Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында негізгі капиталдың инвестиция көлемі 10 млрд. 511,6 млн.теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 113,3% (2013 жыл - 9 млрд. 273,4 млн.теңге). 2014 жылдың жоспарына сәйкес инвестиция көлемі 139,2% (2014 жылдың қаңтар-тамыз – 7 млрд. 551 млн.теңге) құрады. Нақты көлем индексі 107,8%.
 
Индустриялық-инновациялық даму
 
Индустриаландыру картасына барлық құны 2083,7 млн.теңгені құрайтын  440 жұмыс орны ашылуы жоспарланған 3 жоба енгізілген:
- «Ютария Ltd» ЖШС- нің «Тігін өндірісін модернизациялау мен кеңейту» жобасы
2014 жылдың жоспарлық қуаты – 308 мың дана тігін бұйымдары.
-Қазтехфильтр» ЖШС-нің «Арнайы техника мен автокөлікке арналған сүзгіштер өндіру» жобасы
2014 жылға жоспарлық қуаттылық - 12 мың сүзгілер.
          -«Асыл тұқымды өнеркәсіптік құс шаруашылығы орталығын құру» жобасы
2014 жылға жоспарлық қуаттылық – 5336 мың.инкубациялық жұмыртқа.
 
2014 жылдың аймақтық Индустриаландыру картасына «Ұлытау Флора» АТК-нің «Көкөністер қоймасымен жылыжай шаруашылығын құру» жобасы ұсынылды.
Бүгінгі күнге жоба бойынша барлық 15 жылыжай іске қосылған, көкөніс қоймасының құрылысы аяқталуға жақын. 20 адам жұмыспен қамтылған. 
 
 «Бизнестің жол картасы -2020»
 
                2011-2013 жылдары бағдарлама шеңберінде барлық құны 971,8 млн.теңгені құрайтын жеті жоба қаржылық қолдау алды:
- «Ютария Ltd» ЖШС «Тігін өндірісін модернизациялау мен кеңейту»                                          (153 млн.теңге). Қаржылық қолдау пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, ішінара кепілдік беру, өндірістік инфрақұрылымды дамыту түрінде берілді. Жеткіліксіз инфрақұрылым тартылды (телефон қою, электр энергиясы, суқұбыры мен кәріз жүйесі  14,9 млн.теңгеге).
                - «Санрэй» ЖШС «Халықаралық тасымалдар» (36,2 млн.теңге). Қолдау пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде берілді;
                - Алел-М ЖШС «Әйнек пакеттерін шығару» (10 млн.теңге). Қаржылық қолдау пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру түрінде берілді;
- Казтехфильтр» ЖШС «Арнайы техника мен автокөлікке фильтр өндіру» (364,2 млн.теңге). Қаржылық қолдау пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде берілді;
                - Мукашев» ЖК «Полиграфия орталығы» (сыртқы және ішкі жарнама жасау мен монтаждау, жарықпен безендіру, түрлі-түсті полиграфия әзірлеу мен қызмет көрсету)» (16,5 млн.теңге) Қаржылық қолдау пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде берілді;          
 - «Техавто» ЖШС «Жүк тасымалдау» (77 млн.теңге). Қаржылық қолдау пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру түрінде берілді;
- «Ютария Ltd» ЖШС-нің «Индустриалды кір жуу орнын құру»                                          (300 млн.теңге). Қаржылық қолдау пайыздық мөлшерлемені субсидиялау мен ішінара кепілдік беру түрінде көрсетілген.
 
               
«2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы»
 
                Бағдарлама шеңберінде Жезқазған қаласына 2014 жылға шағын және орташа бизнесті дамытуға қаржыландыру мөлшерлемелері бөлінген, оның ішінде: банк кредиттері бойынша  пайыздық ставканы субсидиялауға – 110 млн.теңге; жаңа өндірістерді құруға гранттар -16,5 млн.теңге, микрокредит беруге – 30 млн. теңге. Аталған қаржы көлемдері бойынша облыстық басқарма және «Даму» қорымен келісім-шарттар жасалды.
Банк кредиттері бойынша  пайыздық ставканы субсидиялау бағыты бойынша:
Ережеге сәйкес мөлшерлеменің 30 пайызы (33 млн.теңге) қаржылық агент «Даму» қорына аударылды.
Жыл басынан Аймақтық үйлестіру кеңесінде төмендегі өтінімдер қаралып, қолдау алды:
                - Жеке кәсіпкер Ажиевқа «Дүкені мен кафетериі бар кондитер цехы құрылысы» үшін , қаржы көлемі 28 млн.теңге ;
                - «Жезтрансавто» ЖШС-нің автобус паркін жаңғырту үшін, қаржы көлемі  25 млн. 250 мың. теңге;
- «Улытау Флора» АТК-нің «Көкөніс қоймасы мен жылыжай шаруашылығын құру», үшін қаржы көлемі 182 млн. теңге;
- жеке кәсіпкер Тоқмурзиновқа арнайы техника сатып алу үшін, қаржы көлемі 30 млн. теңге.
 
 
Жаңа өндірістерді құруға гранттар бойынша:
 
·          Ескеп беру кезеңіне Аймақтық үйлестіру кеңесінде барлық құны 9 млн.теңге 13 жұмыс орнын ашу жоспарланып отырған 3 жоба қолдау алды:
-          Жеке кәсіпкер Айдаровтың «Тұрмыстық қызмет көрсету орталығы» жобасы, ашылатын жұмыс орны саны 6 бірлік,  грант көлемі 3 млн.теңге;      
-          Жеке кәсіпкер Утенованың  «Ою-Өрнек салт-дәстүрлі тігін цехын құру» жобасы, ашылатын жұмыс орны саны 3 бірлік,  грант көлемі 3 млн.теңге;      
-          Жеке кәсіпкер Тәшимовтың «Ірі қара мал басын бордақылау» жобасы, ашылатын жұмыс орны саны 4 бірлік,  грант көлемі 3 млн.теңге.     
 
               
Шағын кәсіпкерлік
 
Шағын кәсіпкерліктің жұмыс істейтін субъектілері4225 бірлікті құрады, оның 346 заңды тұлғалар, 3879 жеке тұлғалар, жоспарға пайызбен (4217 бірл.) 100,1 пайыз, 2013 жылдың сәйкес кезеңіне (4126 бірл.) 102,3 пайыз.
Өндірілген өнім көлемі (жұмыстар, қызметтер) 10 млрд. 605 млн.теңге құрады, жоспарға (10 млрд. 600 млн.теңге) 100,1 %, 2013 жылдың сәйкес кезеңіне (10 млрд. 531,8 млн.теңге) 100,6%.
               
 
Экономика және қаржы
 
  Қала бюджетіне түсімдер көлемі жоспарға 102,2%-ды (жоспар-3,5 млрд.теңге) және 3,6 млрд.теңгеден асаны құрады.
  Қаланың бюджет шығысы 5,1 млрд. теңгеге немесе жоспарға 96,1%-ға  игерілді (жоспар-5,3 млрд.теңге). Игерілмеген сома 207 млн. теңгені құрады.
  Бюджетке төлемдер бойынша алым2014 жылдың қаңтар-тамызында         820 млн.теңгені құрады, оның ішінде жергілікті бюджетке 10,1млн.теңге.
   Өткен жылдың сәйкес кезеңіне жергілікті бюджетке алым 1,7 млн.теңгеге төмендегені байқалады.
  Мемлекеттік сатып алу бойынша қосымша құн салығысыз жалпы сомасы 1856,3 млн.теңгеге 53 конкурс өткізу көзделген.
   Барлығы 967,2 млн.теңге сомасына 29 конкурс өткізілді.
        01.09.2014 жылғы жағдаймен 2 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын, 1 акционерлік қоғам, 5 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 10 КМҚК, 17 мемлекеттік мекеме, 27 коммуналдық мемлекеттік мекемелер, мемлекеттің қатысуымен барлығы 67 ұйым бар.
Коммуналдық меншік объектілерінің құқық белгілеуші құжаттарын дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде.
    Ағымдағы жылы коммуналдық меншік объектілерін  2011-2013 жылдардағы түгендеу қорытындылары бойынша жекешелендірудің екінші толқынына енгізілген Малшыбай селосының алты жылжымайтын объектісі (монша, клуб, қонақ үй, дүкен, шеберхана, 2 пәтерлі үй) жекешелендіруге жатады.
Объектілер Әділет органдарында тіркелген, барлық құқық белгілеуші құжаттар Мемлекеттік активтер мен сатып алу басқармасына келісуге ұсынылды.
 
 
Түрғын үй инспекциясы
 
 
«ТКШ Модернизациялау» бағдарламасы бойынша 2014 жылы республикалық бюджеттің мақсатты трансферттері есебінен жалпы сомасы – 78 730,00 млн. теңге болатын 5 көп пәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу және 1 көп қабатты тұрғын үйдің лифті шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
2014 жылға жылу мен суық суға 648 бірл. жалпы үйдің есептеу құрылғысын орнату жоспарланған
Инвестициялық бағдарлама бойынша қала орнатушы кәсіпорын «Корпорация Казақмыс» ЖШС   жалпы үйдің есептеу құрылғысын орнатуға: су шаруашылығы жүйесіне – 149,5 млн. теңге, жылу энергиясына – 474,8 млн. теңге бөлді, жалпы алғанда – 624,3 млн.теңге.  Жалпы үйдің есептеу құрылғыларын орнату жұмыстарын ұйымдастыруды Жезқазған қаласының «ЖСЖК» АҚ жүргізеді. Жалпы үйдің есептеу құрылғысын орнату жұмыстарын жүргізетін бас мердігер мекеме  Қарағанды қ. «Эргономика» ЖШС.
15.09.2014 ж. жағдайға байланысты жалпы үйдің жылу энергиясын есептеу құрылғысы -  442 бірл., жалпы үйдің суық суын есептеу құрылғысы – 414 бірл., құрайды. Орнату жұмыстары толығымен аяқталды.
Ыстық және суық судың жеке есептеу құрылғыларының қажеттілігі – 27 829 бірл., құрайды. 15.09.2014ж. жағдайға байланысты қала тұрғындарына ыстық және суық судың жеке есептеу аспабының – 479 бірл., орнатылды. Түсіндірме және насихаттау жұмыстары жүргізілуде.
 
 
 
Құрылыс жұмыстары
 
Барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үйді іске қосу жоспары қаңтар- тамыз айларында 86 пайызға орындалды, жоспар- 8204 ш.м., нақты-7059 ш.м. 2013жылдың сәйкес кезеңіне 89 пайызды құрады.
Үстіміздегі жылдың 7 айындағы құрылыс- монтаждау жұмыстарының көлемі – 6016390 мың теңге, 2013 жылдың сәйкес кезеңіне - 31,6 % құрады (2013 жылдың қаңтар-маусым айларында ҚМЖ көлемі – 19 153 992 мың теңгені құраған).
Ø «Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және (немесе) сатып алу» және «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы  бойынша: маусым айынан бастап бюджеттен бөлінген – 222 468 мың теңге қаражатқа (70/2 – 129,6 млн.теңге, 70/1 – 46,5 млн.теңге, 70/3 – 46,1 млн.теңге) мердігер «МАЙЕР МАН» ЖШС 74 орамда  үш 5-қабатты жалпы ауданы – 3356 шаршы метр жалдамалы тұрғын үйлер құрылысы басталды.
Ø «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша: маусым айынан бастап, мердігер «Сары-Арқа» ЖШС  «Қостанкелді» (Комбинатский кенті) және «Бекболатсай» (Рыбачий кенті) ықшам аудандарындағы су құбырлары желілерін қайта құрылымдау жұмыстары басталды. Аталған нысан құрылысына 270963 мың теңге  бөлінген
 
Ø «Ауылшаруашылық нысандарын дамыту» бағдарламасы бойынша: мердігер «А.Ж.А.Р. - 4»  ЖШС Кеңгір елді мекенінде мал қорымы                  құрылысы аяқталды.
Ø «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу» бағдарламасы бойынша: мердігер  «Қазбайлық-Астана» ЖШС бүгінгі күні Батыс ауданының ЖТҚ инженерлік желілерінің құрылысы және 8 ықшамауданның инженерлік желілер құрылысын және 8 ықшамаудандағы жалпы ұзындығы – 2,2 км суару желілері құрылысын жүргізуде.
Ø «2012-2020 жылдардағы моноқалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша мердігер - «Сары-Арқа» ЖШС осы жылдың 4 шілдесінен бастап, жалпы құны - 18 млн. теңге «Ұлытау-Флора» АӨК жылыжайларының жеткізу  инженерлік желілері құрылысы жүргізілуде, ауыз су мен кәріз құбырлары құрылысы аяқталып, асфальт жол құрылысы  жүргізілуде.
 
 
 Сәулет және қала құрылысы 
 
Сатпаев көшесінің қиылысындағы  Металлургтарға арналған стеланы құру жұмысы аяқталып, аумақты абаттандыру жұмыстары және объектіні қабылдау бойынша жұмыс комиссиясы жүргізілуде.
                Тәуелсіздік стеласының ірге тасының құйылуы аяқталды, жарық беру кабелдерінің тартылуы және стилобата құрылысы аяқталып үстінде. 
          Металлург саябағында «Қазкомерцбанк» қолдауымен шағын сәулет пішінімен «Аққулар» композициясы орнатылды.
Металлург саябағында күзгі тал егу жұмыстары жүргізілуде.
Есеп беру кезіне мемлекттік қызмет көрсету нәтижесі бойынша: 298 сәулеттік жоспарлау тапсырмасы дайындалды, 823 мекен – жай анықтамасы, 68 сыртқы көрнекі жарнамаға рұқсат берілді.
Жұмыстың көлемінде көкейкесті ақпараттық "Мекен-жай тіркелімі" жүйеге  дерекқорды енгізу алғашқы нысан бойынша 17 864 және 61431 жылжымайтын мүліктің екінші нысандары бойынша енгізілді.
Есеп беру кезіне мемлекттік қала құрлысы кадастыры түрлі мақсатпен қабылданған  78  нысан дерекқорға енгізіліп 918 құжаттар көлемін құрады.
 
 
 Жер қатынастары
 
2014 жылдың  1 қаңтардан  31 тамыз  аралығында бөлімге 1268  өтініш түсті.
Жер телімдерді  жеке меншікке және жер пайдалануға  беру қаулыларының 408 жобалары дайындалды..
321  мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Жеке және заңды тұлғаларға жалпы ауданы 1,0 га,  13 028 117 теңгеге 92 сатып алу-сату шарты ресімделді.
Жеке және заңды тұлғаларға жалпы ауданы  98 440 га,  2 105 834 теңгеге 96  жалға беру шарты ресімделді.
Жалға беру құқығын сатып алу  жалпы ауданы 4,5 га,  3 626 138  теңгеге  11  шарт ресімделді.
Жер телімдерді өтеусіз жер пайдалануға жалпы ауданы 78  га 10 шарт ресімделді.
Жер  заңнамасын бұзу туралы  70 ескерту  хат жіберілді.
 
 
 Ауыл шаруашылығы
  
Жезқазған қаласының агроөнеркәсіп кешенін, қала аумағында және селолық округтарда  орналасқан ауыл шаруашылық нысандары және қалада орналасқан ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін «Астық өнімдері» АҚ, «Жезқазған-Сүт» ЖШС ж.т.б. мекемелер құрайды.        2014 жылдың 8 айының қортындысы бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, ағымдағы бағамен – 874,8 млн. тенге, былтырғы жылмен салыстырғанда  107,1 пайызға (816,3 млн. тенге), нақты көлемінің индексі (НКИ) (ИФО) 103,1 пайызға орындалды.
                Жыл басынан  38  азық – түлік жәрмеңкесі өткізіліп, онда барлығы 210,0 млн. теңге көлемінде сауда саттық жасалып, азық – түлік бағасы нарықтағыдан 15-20% төмен болды.
Қала тұрғындарын әлеуметтік қорғау және бірінші сұрыпты әлеуметтік нанның бағасын тұрақтандыру мақсатында 2014 жылдың 26 наурызында қала әкімшілігі, «Самади 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы арасында төрт жақты Меморандумға қол қойылып жұмыс істеді.
 
«Өндірістік құс шаруашылығының аталық орталығын құру» инвестициялық жобасы
                Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысымен «Қуаттылығы 9 400 тонналық тауық балапаны етін өндіретін құс фабрикасын салу» жөніндегі «Capital projects  LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инвестициялық жобасын, инвестициялық жобасын құны 1,2 млрд.  тенге, жұмыс орны 100 адам,  қуттылығы 18,0 млн. дана инкубациялық жұмыртқа өндіретін «Өндірістік құс шаруашылығының аталық орталығын құру» өзгерту енгізілді.
 
Бүгінгі таңда «Ұлытау - Флора» ауылдық тұтыну кооперативінің «Тамшылап суару тәсілімен көкөніс өнімдерін өндіру жылыжай кешенін және көкөніс қоймасын салу» 15  жылыжай орыны іске қосылып, 16,2 тонна көкөніс өндірілді.
                                                                                  
 
Білім саласы бойынша
 
2014 жылдың есептік мерзімінде бюджеттік бағдарлама бойынша Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің  жоспарына   сәйкес бөлінген  2 млрд. 005 млн.230 мың қаражаттың  1 млрд.969 млн.843 мың теңгесі жұмсалып, яғни бөлінген қаражаттың 98,3 % игерілді.
2014 жылы былтырғы жылдың осы мерзімді есебімен салыстырғанда  2 мен 6 жасар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеудің және оқытумен қамтамасыз ету қаламызда 3,4 %  -ға өсіп, 77,18 %  құрса, 3-6 жас аралығындағы балалардың қамтылуы 98,0%  (облыс бойынша-87,2% ) құрды. Барлық 14 балабақша мен 12 шағын орталықтағы қамтылған бала саны-3829.
                Облыстық бюджеттен бөлінген 816млн.256 мың теңгеге 3 мөлтек ауданда 320 орындықтық жаңа балабақшаның құрылысы жалғастырылуда. Бұл білім объектісінің  берілуі 2016 жылы мектеп жасына дейінгі 2-і жастағы балалардан бастап  толық 100% қамту мәселесін шешпек.
                Бүгінде 64% педагогтардың квалификациялық санатының өзіне лайық, оның 277 жоғары санатты (23,3%, 2013-19%), 483 – 1 санат (40,6%, 2013-37%), қалғаны екінші санат.
                Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті білім арқылы жалпы біліммен қамтамасыз ету мақсатында 620 кемтар баланың  155-і  бес мектеп базасында ашылған 22 сыныпта қамтылса,  13 жалпы білім беретін мектептердегі 75 мүгедек бала үйден дәріс алады, 45 бала Психологиялық-медициналық педагогикалық кеңестің шешімімен денсаулығына байланысты оқи алмайды. №8 балабақшада  мүмкіндігі шектеулі 40 бала  мектепке дейінгі оқу және тәрбиемен қамтылған.     
                2012 жылдан бері  асыраушысынан айрылған және қамқорлықсыз қалған 132 балаға қамқоршылар тағайындалып, оларға балалардың күтіміне қажет 10 айлық есебіндегі көрсеткішке сәйкес айлық жәрдемақыға  бүгінгі күні 20 млн.021 мың теңге қаржы бөлінді. 
                Барлық мектептер кең жолақты Интернет желісіне қосылған, қамтылуы-100 %. 
                Жаңа оқу жылына қарсы 1-қыркүйек айына дейін  мектепке дейінгі ұйымдар кешенді күрделі жөндеу өткізілді, оған 27 млн.666 мың теңге қаражат жұмсалды.     Өткен жылы Үкіметімізбен 2013-2020 жылдарға жасалып, бекітілген моноқалаларды дамыту Бағдарламасына сәйкес  республикалық бюджет қаражатынан 223 млн.487 мың теңге бөлініп, №3,22 мектептер күрделі жөндеуден өткізілді. Бұл объектілер мемлекеттік комиссия актісімен жаңа оқу жылына қабылданды.
                Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында жалпылама  спорт және дене шынықтырумен айналысатын  қаламыздың 25125 тұрғыны  28,23 %-құрса, жалпы білім беретін және спорт мектептеріндегі балалар мен жасөспірімдердің спорттық секциялармен қамтылуы-36,9%-ға жетті.
                Мониторинг нәтижесі бойынша:
- орта балл көрсеткіші -77,27 (2013-74,09, 2012-71,9) – динамика- 3,18 балға өсіп, облыстық (76,9) көрсеткіштен  0,28 ұпайға  артып отырса, №4,7,8,22,26 мектеп көрсеткіштері облыстық көрсеткіштен  жоғары ;
- «Алтын белгі» аттестатына үміткерлердің үздік білімдерін дәлелдегендер саны биылғы жылы  36,8 %-ға көтеріліп, 13,8 %-ға өсті (2013-22,6 %, 2012-19-0%);
- үздік аттестатына үміткерлердің үздік білімдерін дәлелдегендер саны биылғы жылы  60 %-ға көтеріліп, 49 %-ға өсті (2012,2013жылдары -11,1%);
                Атқарылып жатқан жұмыс мемлекеттік бағдарлама көрсеткіштеріне сәйкес, әрі қарай да іс жүзіне асырылмақ.
 
 
Медицина саласы
 
                Жезқазған қаласының тұрғындарына 33 медициналық мекемелер қызмет көрсетеді, оның ішінде 10 мемлекеттік мекеме және 23 жеке меншік мекеме.
                Жезқазған қаласында 591 мемлекеттік төсек орын және 300 жеке меншік төсек орынбар.Орталық ауруханада 30 төсек орындық реабилитациялық ем жасайтын бөлімше ашылды.
                Жезқазған   қаласында 1356 медициналық қызметкер жұмыс жасайды, оның ішінде 336 дәрігер — 10 мың адамға 38,6, 1020 орта медициналық қызметкерлер – 117,2 қамтамасыз етілді, облыс көрсеткіші тиісінше 43,8 және 77,1.
                2014 жылдың 8  айының медико-демографиялық көрсеткіштері: 2014 жылдың 8-айда  бала туу көрсеткіші-8,5%  (22,72-дан 24,6,) –өскені байқалады; жалпы өлім  көрсеткіші  8,0% азайып  2013 жылдың  сегіз  айында бұл көрсеткіш 10,58  болса, 2014 жылы 9,73-ті  құрады; халықтың  табиғи өсімі 1000 адамға шаққанда  өткен 2013 жылдың сегіз  айында  12,14  болса, биылғы 2014 жылдың төрт ай көрсеткіші 14,93 дейін өсті.  
                Ана өлімі тіркелген жоқ. Сәбилер шетінеулерінің көрсеткіші  әр 1000 тірі  туған балаға шаққанда  11,57% азайды , 2013 жылдың  сегіз  айында бұл көрсеткіш 12,1 промилле  болса, 2014 жылы 10,7-і құрады.
                Әлеуметтік маңызы бар аурулар:
-туберкулезге шалдығушылық  көрсеткіші  100 мың адамға шаққанда 53,0 тен 41,6 төмендеді.
-туберкулез ауруынан қайтыс болғандар көрсеткіші  100 мың адамға шаққанда 4,5 тен 3,4 төмендеді.
                Ағымдағы жылы 2 шағым болды, ол 2,2% құрайды.
                Қаланың емдеу-сауықтандыру мекемелері аймақтың қалалары мен ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп тұрады. Биылғы жылы дәрігерлер бригадасы Қаражал қаласына, Жәйрем поселкесіне, Жаңаарқа ауданының Жеңіс, Толағай, Ақтүбек, Байдалы би, Атасу, Ұлытау ауданының Сары-су, Аралтөбе, Мибұлақ, Жезді, Байқоңыр, Пионер, Алғабас, Егінді, Қаракеңгір, Аманкелді, Ұлытау елді-мекендерінде болып  қайтты.
 
 ішкі саясат
 
Қаланың қоғамдық – саяси ахуалы бірқатар жылдар бойы тұрақты болып келеді. Биыл 2014 жылы Жезқазған қаласының 60-жылдығымен тұспа-тұс келді. Мерейлі жыл аясында келесі ірі оқиғалар қатары орын алды:
22.08.2014 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыс сапары барысында Жезқазған қаласына іс-сапармен келіп, Жезқазған-Бейнеу, Арқалық-Шұбаркөл теміржол желілерін салтанатты түрде ашты.
18.09.2014 жылы  С.Қожамқұлов атындағы тетарда «Жезқазған –ән мен жырдың мекені» тақырыбында Жезқазған туралы әндердің республикалық конкурс өтті.
19-20.09.2014 жылы  «Ұлытау» спорт сарайында қазақ күресінен «Жас барыс» Қарағанды облыстық турнир ұйымдастырылды.
          20.09.2014 жылы Халықтар достығы мен мәдениет үйінде «Мерекеңмен, Жезқазған» тақырыбында 60 жылдық мерейтойы  салтанатты жиын ұйымдастырылды.
Әлеуметтік модернизациялау бағдарламаларының дамуының табысы  насихаттау жұмыстары мен халықтың құқықтық сауаттылығын көтермелеу қажеттілігі мен міндеттерінің шарты болып табылады. 2014 жылдың 17 қаңтардағы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша 94 астам іс-шаралар өткізіліп, 19 мыңға жуық адам қамтылды.
Құрылған ақпараттық - насихаттау тобы 4 топтан және 38 мүшеден тұрады.
Ақпараттық-насихаттау жұмысында бұқаралық ақпарат құралдары мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор. Үстіміздегі жылда мемлекеттік тапсырысты қаламыздың 3 бұқаралық ақпарат құралдары орындады: «Дидар» телерадиохабарлар тарату дирекциясы» ЖШС, «Сарыарқа» газетінің редакциясы» ЖШС, «Жезказгансий вестник» газетінің редакциясы.
Сонымен қатар әртүрлі конфессияларды өкілдейтін 10 діни бірлестіктер, оның ішінде 2 мұсылман, 2 православ, 5 протестанттық, 1 католиктік, сонымен қатар 7 этно-мәдени орталықтар, 70 үкіметтік емес ұйымдар және 11 кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейді.
Білім, мәдениет, денсаулық мекемелерінде, жоғары, орта аранаулы оқу орындарында және құқық қорғау органдарының жабық мекемелерінде діни экстремизмді алдын-алу бойынша қала имамдарының, құқық қорғау органдары мен қала әкімдігі өкілдерінің қатысуымен іс-шаралар өткізіліп, жергілікті бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы кеңінен насихатталды. 9 ай ішінде 80 астам іс-шара ұйымдастырылды. 7000 адам қамтылды.
ҚР Рәміздер күніне орай жастар форумы ұйымдастырылды, жастар күні, «Денсаулық фестивалі», Жезқазған қаласы туралы интернет ресурстарында жарияланған үздік материалдар конкурсы ұйымдастырылды.
Заманауи талапқа сай электронды «Жезқазған жастары» интернет газеті жұмысын жүргізуде.
 
 
 
 Мәдениет
 
2014 жылдың 8 айында 818 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, оның ішінде 205 - қалалық деңгейдегі іс-шаралар, 104 – фестивальдар, сайыстар мен байқаулар өткізілді.
2014 жылдың 8 айында төмендегідей мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелер қатары өтті: Жаңа жылды қарсы алуға арналған іс-шаралар, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз мейрамы, Жезқазған қаласының 60 жылдық мерейтойына арналған ХХІV «Ұлытау үні» фестивалі, 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр - Жеңіс күні,  31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, 12 сәуір күні,  1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні, 3 маусым мәдениет және өнер қызметкерлерінің Күніне арналған салтанатты іс-шара, 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні, 12 маусым күні медицина қызметкерлерінің күні, 21 маусым күні мемлекеттік қызметшілер Күні, Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара, 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған іс-шаралар өтті.
 
«Шағын қалаларды дамыту бағдарламасымен» екі нысанға, Халықтар достығы мен мәдениеті Үйінің 3-ші, 4-ші қабатына және С.Сейфуллин атындағы кітапханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көзделген қаражат көлемі – 91 млн 250 мың теңге.
Ақпан айында Халықтар достығы мен мәдениет Үйіне қала көлемінде өтетін іс-шараларды өткізу мақсатында мобильді сахна - сахналық кешен жарықтандыру құралдары және сахна эффектілерімен бірге сатып алынды. Құны-34 млн. 22 наурыз мерекесінде тұсаукесері өткізілді. Сонымен қатар, құны – 4млн 859 мың теңгеге жарықтандыру құралдары және 2 млн 500 мың теңгеге концерттік баян сатып алыныды.
2014 жылдың 13-16 наурыз аралығында Қарағанды қаласында өткен «Жас қанат-2014» жас орындаушылар мен шоу бағдарламаларды жүргізушілердің конкурсына «Жұлдыз-2012» конкурсының дипломанты Мөлдір Ахасова қатысып жүлделі ІІІ орынды иеленсе, «Жұлдыз-2014» конкурсының шоу-бағдарламаларды жүргізушілер байқауының Бас жүлде иегері Арман Кенжебеков және жүргізуші Малика Шентемирова жүлделі ІІ орындарды иеленді.
Сәуір   айында   «Шашу»  халықтық    ансамблі    Қарағанды   қаласының   80   жылдығына   және  Халықаралық  би  Күніне  арналған   «Сарыарқаның  жұлдыздар  шапағы»  атты  облыстық    би    фестиваліне   қатысып қайтты.     
Қазақстан халқының бірлігі Күніне арналған   ХІХ   облыстық  ұлттар  мәдениеті  фестиваліне неміс мәдени орталығы  қатысты.«Достық  шаңырағы»  гала концертінде  «Возрождение» ансамблінің өнерпаздары өз  өнерін көрсетіп қайтты.
Мамыр  айының 7 күні  Қарқаралы  ауданында Ұлы  Отан соғысының  Жеңіс   күніне   арналған «Ардагерлер ән  салады» атты  соғыс және еңбек ардагерлері хор ұжымдарының ХХІV облыстық фестивалі өтті. Фестивальге «Жезқазған   маржандары»  хор  ұжымы  қатысып  дипломмен бағалы  сыйлықтарға ие болды.
Қалалық кітапханалар, мұражай, филармония жоба бойынша жұмысын атқарып жатыр.
 
 
Әлеуметтік жүйесі
  
      Есеп беру кезеңінде  жұмыспен қамтуға 1636 адам сұраныс жасап, жұмыссыз ретінде  тіркелді, оның ішінде 123  адам (7,5%) – ауылдық жердің  тұрғындары. 1069  адам әртүрлі сұрақтар бойынша кеңес алды. Жұмыспен қамту бөлімінің ықпал етуімен 1159  адам жұмыспен қамтылды, ол жұмыспен қамту орталығына келген жалпы сұраныс  жасаушылардың  71,0 % құрайды, олардың   44,0 %  әйелдер  және  49,0% - 29 жасқа  дейінгі  жастар (жұмыспен қамту бағдарламасы 100,0 % орындалды).     
      Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бағдарламасы бойынша 383 жұмыссыздар «Қаланы абаттандыру», «Әлеуметтік қызмет», «Қиын жасөспірім», «Оқу орнының түлегі», «Педагог-репетитор» және т.б. бағдарламалар бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді.
Есеп беру кезеңінің соңында тіркеуде  403  жұмыссыз тұр, олардың  42 адамы ауылдық жердің тұрғындарын құрайды. Жұмыссыздық деңгейі – 0,7 %.
 
         2014 жылдың  сегіз    айында тұрғын үй жәрдемақысын  алу үшін 62 мүшесі бар 23 отбасы өтініш жасап, 639,3 мың теңге көлемінде тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалды.  Төленгені 672,1 мың теңге.
 
 Жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектер мен аз қамтамассыз етілген отбасыларына және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 2014 жылдың сегіз    айында қала бойынша 1764,4 мың теңге көлемінде ақшалай және заттай түрде төмендегідей әлеуметтік көмек түрлері көрсетілді.
 
Тұлғалардың өтініштерімен жұмыс
 
Келіп түскен өтініштерді талдау барысында аталған кезеңде қала әкімі аппаратына 1393 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан 1236, заңды тұлғалардан 157, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2013ж. 1489 жеке тұлғалар, 158 заңды тұлғалар) жеке тұлғалардан 253, заңды тұлғалардан 1 өтінішке кем.
2014 жылы 8 айында «Әкім және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру туралы» бекітілген регламентке сәйкес 23 жеке қабылдау өткізілді, онда 203 адам қабылданды.
Оның ішінде Жезқазған қаласының әкімі Б.Ахметов 3 қабылдау өткізіп, 35 тұрғынды қабылдады.
Қала әкімінің орынбасарлары 15 жеке қабылдау өткізіп, 155 азаматты қабылдады.
Оның ішінде 31 оң шешімін тапты, 172-не түсініктеме берілді.
 
 
Мемлекеттік қызметтер сапасын мониторингтеу және ақпараттық технологияларды дамыту
 
«Ақпараттық Қазақстан- 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қаланың мемлекеттік мекемелерінің функцияларын  автоматтандыру мен оптимазациялау жүргізіледі. Қазіргі таңда Жезқазған қаласының  мемлекеттік мекемелерінде 16 ақпараттық жүйе жұмыс істейді,    
2014 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша барлығы 22279 мемлекеттік қызметтер көрсетілді (63 түрінен). Оның ішінде мемлекеттік мекемелер – 19454 мем.қызметтер, ХҚКО арқылы- 1295 қызметтер, электрондық үкіметтің аймақтық шлюзі арқылы-1530 қызметтер көрсетілді. Барлығы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 14 %  электронды түрде көрсетілді. 
 
 
 
Персоналды басқару (кадр қызметі)
 
Қазіргі таңда, әкім аппаратының және дербес атқарушы органдардың штат саны 116 мемлекеттік қызметшіні құрайды, нақты саны - 109.
Білім деңгейі бойынша 97 мемлекеттік қызметші жоғарғы, 12 мемлекеттік қызметші орта арнаулы білімді және 30 мемлекеттік қызметшінің бір жоғарғы білімнен артық білімі бар.
2014 жылдың 01 қаңтары мен 01 қыркүйегі аралығында 3 мемлекеттік қызметші жоғары лауазымға, 1 мемлекеттік қызметші қатар тұрған лауазымға ауыстырылды және 2 мемлекеттік қызметші кадр резервінен қабылданды.
2014 жылғы 01 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 7 мемлекеттік әкімшілік лауазымдық орын бос тұр.
Қазіргі уақытта, қала әкімінің орыбасары және «Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ-нің бас маманы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға резервшілердің тізімін ұсынуға ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне сұраныс жолданды. 
 
 
 
Мемлекеттік - құқықтық жұмыс
 
2014 жылдың 9 айында қала әкімдігі мен әкімі тарапынан 746 қаулы мен 355 өкім қабылданды. Барлық актілер құқықтық сараптамадан өткізілді.
Қазіргі кезеңде Қарағанды облысының Әділет Департаментінде 3 құқықтық нормативтік актілер тіркелді. Құқықтық нормативтік актілерді  тіркеуден бас тартылған кезеңде болмаған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссиясының 3 отырысы өткізілді. Онда жекелеген мемлекеттік мемкеме басшыларының аталған бағдарламаны  орындаудағы есептері тыңдалды.
Қылмыстық жазамен басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын  атқару мекемесінің жұмысына ықпал ету, сондай-ақ бас бостағынан айыру мекемелерінен оралғандар, шартты түрде босталғандарға әлеуметтік және басқа да көмек беру Кеңесінің жұмысы ұйымдастырылуда.
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының 18 отырысы өткізіліп, 60 жоспарыл мәселелер қаралды.
 
 
Криминогендік ахуал
 
2014 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша  Жезқазған қаласы аумағындағы  криминогендік ахуал жалпы қылмыстың азаюымен, яғни  ( 1179 ден  1084) - 8,1,% және  жалпы қылмыстық  -8,4% кеміген ( 1117 ден 1023), ауыр және аса ауыр қылмыстар   (139 ден 84) -39,5% кеміген, ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы  50,0% (43,6%-былтыр) құрады 
Ауыр қылмыстар кеміді  (110 ден 74 ) -32,7%, ашылуы 50,6% құрады (40,3%   2013 жылы). Аса ауыр қылмыстар  29 ден  10-ға азайды, ашылуы  50,0% (55,9%  2013 жылы.)
                Тұлғаға қарсы қылмыстар шамалы көбейген, яғни  60 тан 62-ге    (+3,3%). Оның ішінде, қасақана адам өлтіру саны азайды -  1 (5-2013 жылы) -80,0%; ауыр дене жарақатын салу - 10 (14-2014 жылы.), -28,6% құрады; Сол сияқты өлімге әкеліп соқтыратын ауыр дене жарақаты  азайған  - 5, (8-2013 жылы), яғни -37,5;  бұзақылық 122 ден 72 азайған (-41,0%), зорлау саны  14-тен  11-ге өскен (+27,3%).
Көше жасалған қылмыс саны азайған ( 211 ден 138) -34,6%   және қоғамдық орындарда жасалған қалмыс саны  282 д-ено 231-ге кеміп, -18,1% құрады.
 
 
 
 
Жезқазған қаласының
әкімі                                                                                             Б.Ахметов