Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Опубликовано: 26 июля 2015

«Жезқазған қаласының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ хабарлайды:

Онлайн-қолдау қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтікдаму министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөнендігі мемлекеттік орталық» РМҚК (будан әрі-ЗТМО) және  Қазақстан-Ресей медициналық университетімен ұйымдастырылды.

Онлайн-қолдау қызметінің негізгі міндеті отбасында оңтайлы әлеуметтік-психологиялық климат қалыптастыруға жағдай жасау үшін мүгедек-балаларды тәрбиелеуші тұлғаларға психологиялық кенес қызметтерін көрсету болып табылады.
Бұл ретте, Онлайн-қолдау қызметі ЗТМО call-орталығының 1411 телефон нөмірі арқылы (республика аумағы бойынша тегін) тапсырыс қабылданып, жәрдемақы алушының ЖСН көрсетіп «Skype» бағдарламасы арқылы Интернет-ресурс мүмкіндіктерін қолдана отырып жүзеге асырылады.
Назар аударыңыздар! Қызмет көрсету «Skype» орқылы тегін, сандықтан үйлеріңізде интернет желісі және «Skype» бағдарламасы болуы өте қажет.
Университет кенесшісімен «krmu 1411» арқылы қосыла аласыз.