Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Опубликовано: 29 ноября 2016

Әкімшілік-аумақтық бірлік атауы

Жезқазған қаласы 

Елтаңба бейнесі (сапасы жоғары, түрлі түсті)

Сипаттамасы (әрбір элементіне жеке-жеке)

    Сұлбаның формасы-дөңгелек, өйткені жер, ай, күн, қазақтың кигіз үйінің шаңырағы -- бәрі дөңгелек. Жезқазған мыс қаласы болғандықтан ішкі шеңбердің ортасына балқыған мысы бар қазандық қызыл түспен белгіленген, одан от-жалын болып сары түспен, туымыздағыдай күн сәулесі шуақтап, әр күніміз ашық, бейбіт болуын білдіріп тұр. Қазандықтан балқып аққан мыс қалыпқа құйылып мыстың химиялық формуласы CU (купрум) болып, қаламыздың басты байлығы - мыс екенін - қызыл түсті мыспен білдіріп түр. Алтын күнімізге өрмелеп, Сарыарқаның көркі,  қызыл қызғалдақ өсіп тұр. Бұл біздің қаламыздың айналасында қызғалдақ өсетінін және жастық шақтың-  қаламызға әлі 50 жыл екенін білдіреді. Төменгі жағында қаламұш пен ашылған ақ кітап салынған - бұл қаламызда көптеген мектеп, кітапхана, оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдары, ақын-жазушыларымыздың бар екенін білдіреді. Осы нышандардың артында бейбіт көк аспанмен таласып, үш жүздің басын қосқан Ұлытаудың сұлбасы  бейнеленген.

   Сыртқы шеңбердің үстіңгі жағында қазағымыздың қошқар мүйізінен құралған сары түсті ою-өрнегімен көмкерілген, астыңғы жағында мысты қаламыздың сары түспен, үлкен әріппен «Ж Е З Қ А З Ғ А Н» аты жазылып тұр. Осы сұлбаға  бояудың үш түрі ғана қолданылған: көк, сары, қызыл.

Көк түс – туымыздың түсі, ашық аспанды, бейбіт өмірді бейнелейді.

Сары түс – күн сәулесін, байлықты, мейірімділік пен дарқандықты  көрсетіп тұрса, қызыл түс Жезқазған қаласының қызғалдақтай құлпырған,  от-жалындай жайнаған, мыстай қайнаған жігерлі жастарының символы.

Жезқазған қаласының Елтаңбасы Қазақстан Республикасы бойынша ең алғашқы боп Ғарышта болды. Қазіргі уақытта Елтаңба тарихи-археологиялық мұражайда сақталуда.

Елтаңба авторы – Искаков Махмет Төлеуұлы

Жезқазған қаласының 60 жылдығына арналған сувенир байқауының жеңімпазы.

Бекітілу тарихы (мерзімі, нормативтік құқықтық актінің атауы)

Жезқазған қалалық мәслихатының сессиясында № 4/45 2004 жылы 22 қаңтарда бекітілген.