Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты

«Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің ішкі еңбек тәртібінің ЕРЕЖЕЛЕРІ

Опубликовано: 07 декабря 2016

Жезқазған қаласы әкімінің

ӨКІМІ

17 ақпан 2016 жыл №40-к

Ішкі еңбек тәртібі Ережелерін бекіту туралы

  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленген «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ішкі еңбек тәртібінің Ережелері бекітілсін.
  2. Жезқазған қаласы әкімінің 2006 жылғы 31 мамырдағы №223 «Ішкі еңбек тәртібін бекіту туралы» өкімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімі аппаратының басшысы Ержан Жагыпарович Есетовке жүктелсін.

Жезқазған қаласының әкімі                                                            Б. Ахметов

Жезқазған қаласы әкімінің

 2016 жылғы «17» ақпандағы №40-к

өкімімен бекітілген

 

«Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің ішкі еңбек тәртібінің ЕРЕЖЕЛЕРІ

  1. Жалпы ережелер

 

         1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына, Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес және қала әкімі аппараты жұмысының, мемлекеттік және еңбек тәртібін нығайту, қала әкімі аппараты қызеткерлерінің жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында әзірленді. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін мемлекеттік мекемедегі мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымының орнын босататын барлық тұлғалар орындауға міндетті.

         1.2. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін мемлекеттік мекемедегі мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымының орнын басатын барлық тұлғалар орындауға міндетті осы Ережені қолдануға байланысты сұрақтарды қала әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған оның құқығы аясында шешеді.

        

  1. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату тәртібі

 

            2.1. «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ-не азаматтарды жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы мен 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

 

  1. Жезқазған қаласы әкімінің негізгі құқықтары мен міндеттері

 

3.1. Қала әкімі жергілікті атқарушы органды басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттігі және өзін-өзі басқару функциялары берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылады.

3.2. Қала әкімі заңнамаларға сәйкес: 

3.2.1. келесі лауазымды тұлғаларды лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады: 

3.2.2.  жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтiн қала  әкiмiнiң орынбасарларын;

3.2.3. қала әкімі аппаратының қызметкерлерін және қала бюджеті есебінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган басшыларын;

3.2.4. заңнамаларға сәйкес жеке еңбек шартына сәйкес техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды;

3.2.5. әкім аппаратының қызметкерлері мен дербес атқарушы орган басшыларына заң талаптарына сәйкес тәртіптік жаза қолданады;

3.2.6. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.  

 

  1. Жезқазған қаласы әкімі аппараты

қызметкерлерінің негізгі құқықтары мен міндеттері

 

4.1. Әкім аппаратының қызметкерлері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңымен, Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен оларға ұсынылған құқықтарды қолданады.

4.2. Аппарат қызметкерлері өз лауазымы бойынша орындайтын міндеттер шеңбері Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес келетін және белгіленген тәртіпте бекітілген лауазымдық нұсқаулықпен анықталады.

4.3. Қала әкімі аппаратының қызметкерлері:

4.3.1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының, мемлекеттік қызмет туралы нормативтік құқықтық актілердің, еңбек туралы заңнама талаптарын сақтауға;

4.3.2. мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға, өздерінің лауазымдық міндеттерінің уақытылы орындалуын қамтамасыз етуге;

4.3.3. қызметтік міндеттерін тиімді пайдалану үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға;

4.3.4. еңбек тәртібін сақтауға – уақытында жұмысқа келуге, белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын сақтауға, барлық жұмыс уақытын өнімді еңбек үшін қолдануға;

4.3.5. хаттарды, азаматтардың шағымдары мен арыздарын өз уақытында қарауға;

4.3.6. қызметтік және қызметтен тыс қатынастарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауға;

4.3.7. қала әкімі аппаратының мүлікін сақтауға, материалдарды, ұтымды және оңтайлы пайдалануға, жұмыс орнын таза ұстауға және материалдық құндылықтар мен құжаттардың тәртібін сақтауға;

4.3.8. мемлекеттік мекеме мүлкін сақтауға, материалдарды,  электрэнергиясын және басқа да материалдық ресурстарды ұтымды және оңтайлы пайдалануға;

  4.3.9. қызметкер еңбек демалысына кетер кезде қарауындағы істерді аяқтауы керек, қалған жұмыстарды басшысына басқа қызметкердің атқаруына жүктеуге тапсыруға;

4.3.10. қарамағындағы қызметкер жұмыс орнында болмаған жағдайда бұл туралы персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) хабарлауға;

4.3.11. Жезқазған қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлеріне қатысты қоғамдық-саяси және мәдени іс-шараларға қатысуға;

4.3.12. «Тазалық бейсенбілері» мен қалалық сенбіліктерге қатысуға;

4.3.13. осы Ереженің талаптарын сақтауға, қызметтік құжаттарды белгіленген тәртіпке сай сақтауға міндетті;

4.3.14. қызметтік ақпаратты толығымен қорғау және таралуын болдырмауды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органның әкімшілік ғимараты – Жезқазған қаласы әкімдігіне фото-бейнекамера, ғаламтор модульдерімен жарақтандырылған (ұялы телефондар, планшеттер, смарт-сағаттар) мобильді құрылғыларды алып кіруге тыйым салынады.

4.4. Қала әкімі аппаратының қызметкерлерінің құқығы жоқ:

4.4.1. қала әкімі аппаратына тиесілі құжаттарды, материалдарды, рұқсатсыз қызметтік бөлмеден алып шығуға;

4.4.2. қызметтік бөлмеге жарылатын, бұзылатын, өртке қауіпті заттарды, сатуға арналған заттарды әкелуге, стандартқа сай келмейтін электр құрылғылары мен жылытқыштарды қолдануға;

4.4.3. лауазымдық міндеттеріне кірмейтін  жұмыстарды жұмыс орнында атқаруға;

4.4.4. қызметтік бөлмеден істерді алып шығуға және бөгде адамдарға беруге, ақпараттарды жариялауға;

4.4.5. өзінің, қала әкімі аппаратының және мемлекеттік қызметтің беделін түсіретіндей іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) жасауға;

4.4.6. қызметтік орында алкогольдік, есірткі немесе басқа да интоксикациялық күйде болуға;

4.4.7. әкімшілік ғимарат ішінде шылым шегуге.

4.5. Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауаптылығы заңнамаларға сәйкес белгіленеді.

 

  1. Жұмыс уақыты

 

5.1. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытының ұзақтығы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескеріп Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес анықталады.

5.2. Орындалуы қауырт және алдын – ала күтпеген жұмыстар үшін жедел жұмыстарды орындау, бүкіл мемлекеттік органның және жеке бөлімшелерінің алдағы қалыпты (кідіріссіз) жұмысы үшін тәуелді болады, мекеме басшысының жазбаша өкімі бойынша арнайы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер демалыс және мереке күндері жұмысқа шығуға міндетті, қызмет Республиканың еңбек заңнамасына сәйкес орны толтырылады.

5.3. Жұмыс басталуы мен аяқталуы уақыты дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері сағат 9:00-дан 18:30 дейін белгіленеді, түскі үзіліс 13:00 сағаттан 14:30 сағатқа дейін. Мемлекеттік мекемелерде мерекелік күндер қарсаңында жұмыс ұзақтығы бір сағатқа қысқартылады.

5.4. Демалыс және мерекелік күндерге сәйкес келген жағдайда, «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсанағы Заңымен белгіленген демалыс күндер мереке күндерден соң келесі күнге ауыстырылады.

5.5. Мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақытында өз жұмыстарынан басқаға назарын аударуға, соның ішінде қызметтік іс әрекеттермен байланысты емес қоғамдық міндеттерді орындауға және іс шаралар өткізуге болмайды.

 

  1. Демалыс уақыты

 

6.1 Мемлекеттік қызметшілерге екі лауазымдық айлықақы көлемінде сауықтыру үшін жәрдемақы төленетін жыл сайынғы ұзақтығы отыз күнтізбелік күн демалыс беріледі.

Қалған қызметкерлерге төленетін жыл сайынғы ұзақтығы 24 жұмыс күнінен кем емес демалыс ұсынылады.

6.2. Мемлекеттiк қызметшiлердiң қалауы бойынша жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалыстары оларға бөлiп-бөлiп берiлуi мүмкiн. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысының бір бөлігі демалыс ұзақтығының күнтізбелік екі аптасынан кем болмауға тиіс.

6.3. Мемлекетттік қызметшілерге демалыс жалақысының сақтандыруынсыз да ұсынылуы да мүмкін.

6.4. Мемлекеттік мекеме басшысының шешімімен мемлекеттік қызметкер жыл сайынғы немесе қосымша демалыстан шақыртылуы мүмкін. Пайдаланылмай қалған демалыс бөлігі, мемлекеттік қызметкерге сәйкес жылда кез - келген уақытта ұсынылады немесе келесі жылдағы демалысқа қосылады.

6.5. Әкімшілік мемлекеттік қызметшіні ауыстырған жағдайда, егер мемлекеттік қызметкер бұрынғы жұмыс орны бойынша демалыс пайдаланылмаған болса, жаңа жұмыс орнында төленетін жыл сайынға демалысы Қазақстан Республикасы заңымен белгіленген мерзімінің аяқталуына дейін ұсыныла алады.

6.6. Қатарынан екі жыл ішінде кезекті демалысын бермеуге жол берілмейді.

Егер демалысы пайдаланылмаған болса, жұмыскердің жұмыстан шығуымен басқа жағдайда, демалыстың орнын ақшалай қалпына келтіруге жол берілмейді.

6.7. Мемлекеттік мекеменің басшысының мемлекеттік мекеменің қалыпты жұмыс жүрісін қамтамасыз ету қажеттілігі мен мемлекеттік қызметкерге қолайлы демалысты есептей отырып, демалыс кестесін бекітеді. Демалыс кестесі күн сайын күнтізбелік жылға демалыс кестесі ағымдағы жылдың 5 қаңтарынан кешіктірмей түзіледі.

6.8. Егер белгілі себептер бойынша мерзімінде, арнайы кестемен, қызметкер демалысты пайдалана алмаса, ол сәйкес жұмыс жылдың аясынан басқа мерзіміне аударылуы мүмкін. Демалыс еңбек демалысын

6.9. Жыл сайынғы демалыс есебіне уақытша еңбекке қабілетсіздік кезеңі қосылмайды.

 

7. Жұмыстағы жетістіктері үшін жоғарылату 

7.1. Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың жұмысын бағалаудың нәтижелері бойынша қолданылады.

Мемлекеттік қызметшілерге мынадай көтермелеулер қолданылуы мүмкін:
      1) біржолғы ақшалай сыйақы беру;
      2) алғыс жариялау;
      3) бағалы сыйлықпен марапаттау;
      4) грамотамен марапаттау;
      5) құрметті атақ беру;

7) Құрмет тақтасына ілу;
      6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.

7.2. Мемлекеттік қызметкерлердің ерекше сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен марапатталады.

7.3. Марапаттау мемлекеттік мекеме басшысының өкімдерінде жарияланады. Мадақтау туралы мәлімет қызметкердің еңбек кітапшасына енгізіледі.

 8. Еңбек тәртібін бұзуғаны үшін жауапкершілік 

8.1. Өзінің еңбек міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, теріс қылық жасағаны үшін қызметкерге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына, 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес келесідей жаза түрі қолданылуы мүмкін:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту немесе мемлекеттік лауазымын төмендету;

5) атқарып отырған қызметінен босату қолданылуы мүмкін.

Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту тәртіптік жазасы тәртіптік жаза салу мүмкіндігі болмағанда лауазымын төмендету түрінде.

Лауазымын төмендету тәртіптік жазасы лауазымы төмен мемлекеттік қызметті және мемлекеттік қызметкердің біліктілік талаптарына сәйкес, осы қызметке орналастыру.

Атқаратын қызметінен босату тәртіптік жазасы жемқорлықпен қарсы іс-қимыл туралы заңнамада қарастырылған негіздер бойынша салынады.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшi терiс қылық жасаған кезде одан жазбаша түсiнiктеме талап етiледi.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшi елеусiз терiс қылық жасаған жағдайда, егер жазбаша түсiнiктемесiнде ол осы терiс қылықты жасау фактісімен келiссе, онда уәкілетті адамның қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзбей ескерту, сөгiс немесе қатаң сөгiс түрiндегi жаза қолдану құқығы бар.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшi өзiнiң жазбаша түсiнiктемесiнде терiс қылық жасау фактісімен келiспесе, онда уәкілетті адамның бұйрығы бойынша Қағидаларда айқындалған тәртiпке сәйкес қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлуге тиiс.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшi жазбаша түсiнiктеме беруден бас тартқан жағдайда, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) жұмыскерлері не уәкілетті лауазымды адамдар тиісті акт жасайды.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы қызметтік тергеп-тексеру жүргізуге кедергі болып табылмайды.

Лауазымын төмендету, қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы және атқаратын лауазымынан босату түрiндегi тәртіптік жазалар жүргiзiлген қызметтiк тергеп-тексерудің нәтижелерi бойынша Комиссияның тиiстi ұсынымдарына сәйкес қолданылады.

8.2. Лауазымдық қателік жіберген мемлекеттік қызметкер, оның тәртіптік жауаптылығы бойынша шешім қабылданғанша, ақша қорының сақталуымен, жұмыстан уақытша (бір айдан көп емес) лауазымдық міндеттерін орындаудан босатылады.

Мемлекеттік қызметкерді шеттендіру лауазымдық міндеттерін орындаудан босату жағдайында қала әкімінің өкімімен жүзеге асырылады.

8.3. Тәртіптік жазасы бар мемлекеттік қызметкер алты ай ішінде сыйақы, мемлекеттік марапаттама (өрт болғанда ерлігі үшін, батып жатқанды құтқарып қалғаны үшін, құқықтық тәртіпті қорғағаны немесе ұрыс әрекеттері жағдайы болмағанда ғана) және үздік белгілерімен, лауазымын жоғарылатуға жол берілмейді. Қызметкерлерге бекітілген заңнама тәртібі бойынша тәртіптік жаза қолдану салынады.

8.4. Қала әкімінің өкімімен тәртіптік жазаға тартылғандығы туралы, мемлекеттік қызметкерге оның қолдану себептерін көрсетумен, қолын қойдыруы арқылы хабарлайды.

8.5. Егер тәртіптік жазаны қолданғаннан бастап алты ай ағымында қызметкер қайтадан тәртіптік жазаға тартылмаса, онда ол тәртіптік жазаға тартылмаған болып есептеледі. Егер қызметкер өзін оң көрсеткені үшін және жаңа еңбек тәртіптері бұзбаса, алты айдан аяқталғаннан соң тәртіптік жазадан босату туралы қала әкімі өзінің жеке бастамасымен немесе құрылымдық бөлімше басшысының өтініші бойынша тәртіптік жазадан босату туралы бұйрығы.

 9. Жұмыс уақытында тиым салынады 9.1. Қала әкімі аппараты қызметкерлерін өздерінің қызметтік міндеттеріне қатысы жоқ тапсырмалар мен іс-шаралар өткізуге мазалауға.9.2. Әкім аппаратының уәкілеттілігін жүзеге асыруға қатысы жоқ жиналыстарға, заңда белгіленген жағдайлардан басқа жағдайда шақыруға тиым салынады.