Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Опубликовано: 07 мая 2017 . Обновлено: 08 мая 2017

Құрметті Отан қорғаушылар! Қадірлі қорғаныс саласының ардагерлері!

Сіздерді 7-мамыр Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Биыл Қазақстанның айбынды әскеріне 25 жыл толып отыр.

Біз үшін бұл мереке – батырлық пен табандылықтың, отансүйгіштік пен Отанға деген шексіз қызмет етудің нышаны. Отанды қорғау, оған қалтқысыз қызмет ету – қашан да әр азаматтың қасиетті борышы.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы – Елбасы Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев бұл мейрамның маңыздылығына үлкен мән беріп, «Бұл – батыр бабалардың даңқты жолы мен Отанға адал қызмет ету дәстүрін тоғыстыратын мейрам. Аталарымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен осы ұлан-ғайыр жерді қорғап, бізге мұраға қалдырды. Соның арқасында бүгінде Тәуелсіз мемлекет құрып, оны өркендетіп келеміз. Қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы «Өз елін мақтаныш етпеу – сатқындықпен тең» деп атап өтеді.

Құрметті офицерлер мен сарбаздар!

Қазақстан әскерлері қатарында қызмет өткеріп жүрген барлық азаматтарды, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, жауынгер – интернационалистерді, кез келген уақытта Отан қорғауға даяр азаматтарымызды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбітшілік тілейміз

Азат елдің сарбаздары әрқашан айбынды болсын!

 

Жезқазған қаласының әкімі Б.Ахметов.

Қалалық мәслихаттың хатшысы С.Медебаев.