Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Опубликовано: 30 июня 2017 . Обновлено: 12 июля 2017

Бекітемін

Жезқазған қаласының әкімі

__________________ Б.Ахметов

"____ _________2017 ж.

 

Жезқазған қаласы мен Кеңгір,Талап, Малшыбай селолары әкімдерінің 2017 жылғы халықпен есептік кездесуіндегі айтылған ескертулері мен ұсыныстарын жүзеге асыру бойынша шаралар жоспары

 

Айтылған

ескерту/ұсыныс

(автор, мекен-жайы)

Ескерту/ұсыныстарды

іске асыру іс шаралары

Орындалу мерзімі

Жауапты

Ескертпе

(2017 жылғы ІІ тоқсан қорытындысы бойынша орындалысы)

1.       

Алтынбеков С.

Кеңгір с. тұрғыны 

 

Селомызда бала-бақша жоқ. Осының салдарынан тұрғындар  таңертең ертелетіп балалаларын балабақшаға екі қалаға апарады, қыс мезгілінде өте қиын

Жезқазған, Сәтбаев қалаларының және Ұлытау ауданының 2012-2020 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық кешенді жоспары аясында 140 орындық бала бақша құрылысын қарастыру

2018 жыл

Акилбекова З.Д.

Сейтжанова Г.С.

Жанпеисов К.Б.

«2012-2020 жж. арналған Қарағанды облысының Жезқазған, Сатпаев қалаларының және Ұлытау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарын бекіту туралы» №1505, 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы ҚР-ның Үкіметінің Қаулысына сәйкес Кеңгір селосында 100 орындық қуаттылығымен бала-бақша құрылысы  59 б. бойынша қарастырылған.

Қазіргі таңда мемсараптау қорытындысымен жобалау-сметалық құжаты бар (№10-0529/14, 31.12.2014ж., №2 бұйрық 12.01.2015). Бала-бақша құрылысының қуаттылығы 140 орындық және жобалық құны 446,8 млн.теңге. Бала-бақшаның құрылысына 200,0млн.теңге қарастырылып 2018 жылға шегерілді, ал 2019 жылы- 246,8 млн.теңге қарастырылған.

2.       

Арыстанбаев О

Кеңгір с. тұрғыны

 

Селода шешімін таппай тұрған өзекті мәселенің бірі - №2 Кеңгір орта мектебінің қоршауының жағдайы. Ескіріп, бірнеше жылдан бері жөндеусіз тұр. Осы жұмыс қашан өз шешімін табады.

Облыстық бюджеттен қаржы қарастыру

2017 жылдың соңына дейін

Акилбекова З.Д.

Сейтжанова Г.С.

Жанпеисов К.Б.

Облыстық білім басқармасына бөліммен  2017 жылға облыстық бюджеттен қаржы бөліну үшін ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін білім беру нысандарының тізімі берілген. Тізімде №2 Кеңгір селосындағы мектеп қоршауының ағымдағы жөндеу жұмысына дефектілік ведомостке сәйкес 10 млн.717 мың теңге қарастырылған.

3.       

Бекмаганбетов М.

 кәсіпкер

Кеңгір селосындағы ветеринарлық пунктің мамандары жұмыстарына. Өз істеріне берілген, сауатты мамандар. Алайда оларды адамдарды қабылдайтын тұрғылықты ғимарат жоқ. Осы себепті олар жиі орын ауыстырады. Сіздерден, ветеринарлық пунке тұрақты ғимарат беруіңізді сұраймыз.

Бөлме бөлу

01.05.2017 жыл

Мухамбедин А.А.

Жанпеисов К.Б.

Бексеитова Г.С.

Кеңгір селосындағы ветеринарлық пункттің мамандары,  азаматтарды биылға дейін Ауезов көшесінде орналасқан ескі әкімшілік ғимаратында   қабылдап келді. Алайда, бұл ғимараттың сатылуына байланысты,  азаматтарды қабылдау Школьная көшесі 26 мекен-жайда орналасқан село әкімшілігінің жаңа ғимаратында жүргізілде. Бүгінгі күні, ветеринария бөліміне жануарлардың  қанын және арнайы жабдықтарды сақтауға арналған бөлмесі бар жай бөлінді.

4.       

Әлкебай Ж.

Талап с. тұрғыны

 

Жезқазған - Талап арасындағы 18 км тас жолы қашан жөнделетіні туралы сұрады.

Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасына өтінім берілсін

15.03.2017 жыл

Орынбаев Н.С.

Сансызбаев К.К.

Битенов Г.Е.

«Дорожник» ТҚ мердігерлік ұйымымен 408-424 шақырым жолына жол жамылғысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың басталуы 2017 жылдың маусым айы, аяқталуы 2017 жылдың қыркуйек айы.

5.       

Әлкебай Ж.

Талап с. тұрғыны

 

Ауыл клубының жөндеу жұмыстары қашан басталады

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарлама аясында қаржы қарастырылсын

2017 -2018 жылдары

 

Акилбекова З.Д.

Нурлыбаева С.С.

Битенов Г.Е.

Талап елді мекенінде орналасқан ауыл клубы (жалпы аумағы 191,2 кв.м.) Халықтар достығы мен мәдениет Үйінің балансына алынған. Сметалық құжаты 9759,122 мың теңгеге әзірленген. Жөндеу жұмыстары Жезқазған аймағының 2017-2019 жылдардағы үшжылдық кезеңінің даму жоспарына енгізілді.

6.       

Біркен Алимов

Малшыбай с. тұрғыны

Сәтбаев – Малшыбай 65 шакырым жолының селодан Сәтбаев каласына дейінгі 15 шақырым бөлігінде көктем және жаңбыр кезінде жүру өте ауыр. Осы аралыққа тас жол төсеу мәселесін шешіп берсеңіз?

Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасына өтінім берілсін

20.03.2017 жыл

Орынбаев Н.С.

Сансызбаев К.К.

Торежанов Б.С.

Сәтпаев-Малшыбай автожолының 14 шақырымнан 22 шақырымға дейінгі аумағына асфальт төсеу жұмыстары келесі жылы жасалатын болады.

7.       

Бектурганов С., 91 орам тұрғыны

 

Осы жерде отырған халықтардың барлығында төменгі сыныптарда оқитын балалары бар, көшедегі қаңғыбас ит мәселесі алаңдатады. 2 сынып оқитын немеремді ит талап курткасын жыртып келді. Қандай шара қолданылады?

 Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысын тұрақты түрде жалғастыру, бригаданың жұмысына бақылауды күшейту

15.06.2017 жыл

Мухамбедин А.А.

Бексеитова Д.Ш.

2017 жылға  қаңғыбас ит мысықтарды аулап жоюға  10200 мың тенге бөлінді.  Барлығы жыл басынан   2017 жылы 1297 ит  267 мысық ауланды.

8.       

Баймұханов А., 91 орам тұрғыны

 

№11 маршруттағы автобустар оқушылар мен зейнеткерлерге тоқтамайды, кешке, демалыс күндері жүрмейді?

Тасымалдаушылар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілсін

2017 жылдың соңына дейін 

Орынбаев Н.С.

Сансызбаев К.К.

Қала ішілік № 11 автобус қоғамдық көлік жолаушыларын тасымалдау қызметін «Транссистемы Казахстана» ЖШС жүзеге асырады. Аталған маршруттың тасымалдаушысына бекітілген тізбекке сай жолаушылар тасымалын жүргізбегені үшін ескерту берілді. Қалаішілік, қала маңындағы және саяжайлық қоғамдық көлік тасымалдаушылардың арасында үздіксіз қозғалыс кестесін бұзбау жұмыстары бойынша түсіндіру жүргізілуде. Бұл мәселе үнемі  «Жезқазған қаласы ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ бақылауында тұр.

9.       

Кожебаева К., 91 орам тұрғыны

 

Молодежная көшесі қараңғы, жарық жоқ

Тиісті бюджеттік бағдарламалар аясында қаражат қарастырылсын

Қыркүйек 2017 жыл

Орынбаев Н.С.

Сансызбаев К.К. 

Молодежная көшесін жарықтандыру жұмыстары ағымдағы жылдың екінші жартыжылдықта қалпына келтіріледі.

10.   

Звагельская С.К., қала тұрғыны

 

Аманжолов көшесі, 3 үй мен 5 үйдің арасында үнемі су құбырлары жарылады, ЖСЖК жұмыскерлері келіп жөндейді, бірақ біршама уақыттан кейін қайтадан жарылады. ЖСЖК жұмыскерлері құбырдың су кеткен жеріне қысқа қазық қағып бекітеді.

ЖСЖК жұмыскерлері қалай болса солай қазып, өздерінен кейін жолды тегістемейді. Көктемде және күзде үйден балаларды мектепке, серуенге шығару мүмкін емес. Барлық жерде батпақ.

Аманжолов көшесіндегі 3, 5 тұрғын үйлері арасындағы су құбыры ауыстырлғаннан кейін

Шілде 2017 жыл. 

Орынбаев Н.С.

Сансызбаев К.К. 

Аманжолов көшесіндегі № 3, № 5  ауласына қиыршықтар жол жамылғысын  төсеу  жұмыстары «Қалалық автожолдар басқармасы» КМК ағымдағы жылда іске асыратын болады.