Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты

Жезқазған қаласы жерлерінде жайылымдар айналымдарының схемасы

Опубликовано: 27 января 2018

жоба

Жезқазған қаласы  жерлерінде жайылымдар айналымдарының схемасын бекіту туралы

 

Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына,  Қазақстан Республикасының  «Жайылымдар туралы»  2017 жылғы 20 ақпандағы Заңына сәйкес,  Жезқазған қаласы жерлерінде жайылымдарды  ұтымды пайдалану мақсатында  Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жезқазған қаласы жерлерінде жайылымдарын геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары

А. Мұхамбединге жүктелсін.

  1. Қаулы ресми түрде жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Жезқазған  қаласының  әкімі                                                           Б. Ахметов


Жайылымдар айналымдарының схемасы жайылымдардың зерттеп-қарау негізінде әзірленеді.

Жайылымдарды пайдаланатын екі жүйе бар- шалғайдағы және айдап келетін. Жайылымдар мал базасынан 3 шақырым қашықта орналасқан жағдайда айдап келетін, екінші жайылымдар алыс орналасқанда пайдаланады.ІҚМ және ҰҚМ айдаған  жайылымдарда жайылады.

Суаруды орнату 

          Барлық маусымдарда жайылымдарды пайдалану ауа райының жағдайына, жайылымдық жем-шөптің ерекшеліктеріне қарай бір ауылшаруашылық жануарына суды  тұтынудың орташа тәуліктік нормасы  төмендегіні құрайды:

 Ірі қара мал мен жылқы, түйе үшін- 45-60 литр;

 1-2 жасар мал төлі үшін- 25-35 литр;

 Қой мен ешкіге -3-5 литр;

 Қозылар үшін – 1-2 литр.

Жезқазған қаласының жайылымдары сумен қамтамасыз етілген, құдықтар, өзендер, бұлақтар бар. Жазда шөп молған жағдайда малды 3-4 рет суару керек, ыстық уақытта- 7-8 рет суарады. Ластанған , тұрып қалған су малға жарамсы, өйткені ауру , оның ішінде құрт ауру пайда болады.

  

Мал айдайтын жолды орналастыру

          Мал өткелдері малға  кең жасалған ,  ірі қара мал үшін 20-25 метр,  1 жастағы жас малдарға-10-15 метр,  жылқы табыны үшін 15-20 метр, қой отарына- 30-35 метр болуы керек. Мал  өткелі (жолы) шөптер мен өсімдіктерді, егістіктерді қорғау үшін ұйымдастырылған, әдетте, олар отарлар учаскелерінің, өрістердің, жайылым  айналымдарының шекараларымен біріктірілуі керек.

          Мал айдайтын жолдар   табиғи шалғынды  қорғау үшін  арналған.

Жайылымдарда мал айдау жолдар үйірлердің, табындардын ( отарлардың) учаскелердің шекарасымен біріктіріледі, жайылым айналымдары аланымен бірігеді.  

В данном разделе так же содержатся материалы