Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты

Жезқазған қаласы әкімінің халық алдындағы 2017 жылғы есебі

Опубликовано: 30 января 2018

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ ҚАРСАҢЫНДА

Құрметті жезқазғандықтар!

Қымбатты жерлестер!

 

Жаңа 2018 жыл табалдырығымыздан аттады. Жаңа жылда біз алдымен өткен жыл несімен есте қалғанын ой елегінен өткіземіз, жүріп өткен жолымызды бағамдаймыз, келешекке жоспар жасаймыз.

Тарих қойнауына еніп бара жатқан 2017  жыл Қазақстан халқы үшін жемісті жыл болды. Өткен жылда еліміздің қоғамдық-саяси және мәдени өмірінде көптеген оң өзгерістер орын алғанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Атап айтсақ, жыл басында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шешімімен мемлекетімізде конституциялық реформалар жүзеге асты. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланды. Мақалада айтылған қазақ тілін біртіндеп Латын қарпіне көшірудің алғашқы дайындық жұмыстары аяқталып, жаңа әліпбидің жобасы бекуде. Алматы қаласында өткен 28-ші кезекті Бүкіл әлемдік Қысқы Универсиада ойындарында еліміз жалпы командалық есепте екінші орынға ие болып, жеңіс тұғырынан көрінді. Елордамыз Астана қаласында «EXPO-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі жоғары деңгейде өтті. Мұның бәрі Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесі, тілеулес болған халық бірлігінің арқасы екені даусыз. Биыл елімізде тағы да үлкен іс-шара аталып өтіледі. Елордамыз Астана қаласына 20 жыл.

Мысты өлке, Жезқазған қаласы үшін де 2017 жыл үлкен істермен, ауқымды шаралармен есте қалды. Ендеше, өткен жылды қорытындылап, 2017 жылы қаламызда атқарылған жұмыстарды назарларыңызға ұсынамын.

 

Қымбатты жезқазғандықтар!

Бүгінгі таңда біздің алдымызда Мемлекет басшысы көтерген ауқымды мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша міндеттер тұр. Олардың ішінде, ең алдымен 2050 жылдарға қарай Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруіне жол ашатын «100 нақты қадам» Жалпыұлттық жоспарының бес институционалды реформасы, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік» халыққа Жолдауы, үдемелі индустриалды-инновациялық даму, халықты қол жетімді баспанамен, жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын модернизациялау міндеттері тұр.

 2017 жылы қалада көп жұмыс атқарылды. Қаламыздың барлық бағыттар бойынша былтырғы даму қорытындысы оң көрсеткіштерге ие, ол әлеуметтік-экономикалық дамудың сенімді өсімін көрсетіп, ары қарайғы өсімге мүмкіндіктің барына негіз бола алады.

Жезқазған қаласын дамыту мақсатында Қарағанды облысы әкімінің тапсырмасымен 2017-2019 жылдарға арналған Жезқазған қаласын дамыту бойынша іс-шаралар жоспары (әрі қарай – Жоспар) бекітілді.

Жоспарға 16 бөлім бойынша жалпы сомасы 75,7 млрд теңге (РБ-ден 25,4 млрд теңге, ОБ-ден 11,4 млрд теңге, ҚБ-ден 6,8 млрд теңге, бюджеттік емес қаражат 32,1 млрд теңге) болатын 452 іс шара кіреді.

2017 жылы жоспарда жалпы сомасы 11 млрд теңге (РБ-873,1 млн теңге, ОБ-2,2 млрд теңге, ҚБ-1,8 млрд.теңге, БЕҚ-6,1 млрд теңге) болатын 173 іс-шара қамтылған, оның 158-і орындалды, 15 іс-шара 2018 жылға өтеді.

Қала экономикасының тұрақты дамуы мен еңбек нарығының тиімділігін арттыруда мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жүзеге асуы үлкен көмек болуда. Қаламызда 5 мемлекеттік және 4 үкіметтік бағдарлама жүзеге асуда, солардың аясында 2017 жылы қаржыландыру көлемі 1,9 млрд теңге болатын 65 жоба іске асып, 955 жаңа жұмыс орны ашылды тағы 118 жұмыс орны сақталды.

Болашақта қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды, Жезқазған аймағын дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары және 2017-2019 жылдарға арналған Жезқазған қаласын дамыту жоспары іс-шараларын жүзеге асыруға арқа сүйейді.

Ол іс-шараларды жүзеге асыру бірқатар проблемалық мәселелерді шешуге жол ашады.

 

Экономика және қаржы

Жыл қорытындысы бойынша 2016 жылмен салыстырғанда  өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсімі 26 пайызды, ауылшаруашылық өнімінің өсімі 14 пайызды, құрылыс жұмыстарының өсімі 1,6 пайыз, негізгі капиталға инвестициялар өсімі 125 пайызды құрады.

 Экономиканың өсімі, кірістер мен тұтынудың ұлғаюы қала бюджетіне де оң әсерін тигізді.

Осы ретте 2017 жылдан бастап қала бюджеті бірінші рет «субвенциялық» болғанын, бұл қалада бар бірқатар мәселені шешуге ықпал еткенін атап өту керек.

Бюджет түсімдері 10 млрд 835,5 млн теңге деп жоспарланғанда 11 млрд 199,9 млн теңгеге орындалып, өсім 103,4 пайызды құрады, оның ішінде кірістер 7 млрд 296,7 млн немесе 110,5 пайыз, мақсаттық трансферттер 2 млрд 370,1 млн немесе 100 пайыз, бюджеттік несиелер 27,7 млн теңге немесе 100 пайыз, субвенцияның толық көлемі 1 млрд 505,4 млн теңге болды.

Салық салынатын базаның кеңеюі есебінен бюджетке қосымша 46 млн теңгеден астам қаражат түсті, бұл болжанған көрсеткіштерден 10,7 пайызға жоғары.

Бюджеттің шығыс бөлігі 10 млрд 780,1 млн теңгеге немесе жоспардың 99,5 пайызына игерілді.

Әлеуметтік маңызды бағыттар: білім беру, мәдениет және спорт, халықты әлеуметтік қолдау басым бағытта қаржыландырылды, бұл мақсаттарға 5 млрд 580,5 млн теңгеден астам, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға 4 млрд 170,6 млн теңге қаражат бағытталды.

          2017 жылы қала бойынша бюджеттік мекеме қызметкерлерінің еңбекақысы мен коммуналдық қызмет төлемдерін уақытында төлеу қамтамасыз етілді.

Биыл атқарушы биліктің халық алдындағы барлық ағымдағы міндеттемелерін орындауға мүмкіндік беретін бюджеттік саясатты жүзеге асыру жалғасатын болады.

Қаланың 2018 жылғы бюджеті 12 млрд 332 млн теңгеге бекітіліп, әлеуметтік сипат иеленді. Барлық бірінші кезектегі шығындар толық көлемде ескерілді. Әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге 11 млрд 313 млн теңгеден артық қаражат бағытталды. Шығындардың негізгі үлесі әлеуметтік салаға тиесілі, бұл – 54,7 пайыздан немесе 6 млрд 750 млн теңгеден жоғары.

Халық саны 2000 адамнан асатын ауылдық елді мекендердегі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша алғаш рет 2018 жылдан бастап бюджеттің ІҮ деңгейі енгізілді. Ол ауыл мәселелерін өз бетінше, жергілікті қауымдастықпен бірлесіп шешуге жол ашады. Кеңгір ауылдық округының бюджеті 76,8 млн теңгені құрады, оның 46,7 млн теңгесі ауылды дамытуға бағытталды.

2020 жылдан бастап Талап, Малшыбай ауылдарында да өздеріне жеткілікті бюджет енгізілетін болады.

2017 жылы квазимемлекеттік сектор субъектілерін жекешелендіру жалғасты.

Жекешелендірудің кешенді жоспарына сай, 2017 жылы «Жезқазған қаласының спорттық-сауықтыру кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы мемлекеттің 100 пайыз қатысу үлесі сатылып, бюджетке қосымша 18,3 млн теңге түсті.

100 пайыздық қатысу үлесін жекешелендіру бойынша өтпей қалған үш тендер нәтижесі бойынша «Полигон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде заңды тұлғаны тарату процесі басталды.

Бұл бағыттағы жұмыс бәсекелестік ортадағы мемлекеттік қатысуды мемлекетке тән емес қызметтерді жеке секторға беру жолымен қысқарту жөніндегі кешенді жоспар іс-шараларын жүзеге асыруға және жергілікті бюджет түсімдерін арттыруға мүмкіндік берді.

Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасының артуының негізгі көрсеткіштерінің бірі – біздің қаланың әлеуметтік-экономикалық өсімінің нәтижелері.

Қаланың жыл сайынғы әлеуметтік-экономикалық өсімінің талдауы сенімді динамикалық өсімді көрсетіп отыр.

 

Өнеркәсіп

Өткен жылы қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары 336 млрд 246 млн теңгенің өнімін өндірген, бұл – 2016 жылдың көрсеткіштерінен 26 пайызға жоғары. Қаланың өнеркәсіптік өнімінің облыстық деңгейдегі үлесі 15 пайызды құрады.

Өнеркәсіптік өндірістегі өсім тек қалақұраушы кәсіпорын есебінен ғана емес, былтыр Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған жобалар есебінен қамтамасыз етілді.

Кәсіпкерлікті қолдау картасына 2 бесжылдық бойынша жалпы инвестициялық көлемі 14,9 млрд теңгені құрайтын 10 жоба қосылған, оның жалпы сомасы 6,7 млрд теңге болатын 9-ы іске қосылып, жаңадан 526 жұмыс орны ашылды.

Есептік кезеңде іске қосылған жобаларда 1 млрд 488,4 млн теңгенің өнімі өндіріліп, 496 жұмыс орны құрылды.

Қаланың экономикасын одан әрі әртараптандыру және өнеркәсіптік әлеуетін өсіру келесі жобалардың іске асуымен тікелей байланысты:

  • «Жалтырбұлақ» АҚ-ның Жалтырбұлақ кен орнындағы алтын рудасын шаю қондырғылары кешені құрылысы, инвестиция көлемі 3,4 млрд теңгені құрайды, 150 жұмыс орны ашылды;
  • Нан және кондитерлік өнімдер шығаратын «Тәтті» ЖК-і цехының құрылысы, инвестиция көлемі 125 млн теңге, 20 жұмыс орны ашылды;
  • Ұн және кондитерлік өнімдер шығаратын «Төлеуов» ЖК-і цехының құрылысы, инвестиция көлемі 280 млн теңге, 30 жұмыс орны ашылды.

Экономиканы дамытуда былтыр қазан айында іске қосылған «Самға» ЖШС-ның «Темір-бетон конструкциялар зауытын жаңғырту» жобасының іске қосылуы да маңызды болды. Аталған жобаның құны 240 млн теңгені құрап, жаңадан 30 жұмыс орны ашылды.

Биыл «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-ның құны 8,2 млрд теңгені құрайтын және 97 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған «Қара мыс концентратын гидрометаллургиялық өңдеу тәжірибелік зауытының құрылысы» жобасын жүзеге асыру жалғасады. Жобаны іске қосу 2019 жылға жоспарланған.

 

Инвестициялар

Нақты сектор көрсеткіштерінің өсімі белсенді инвестициялық қызмет есебінен қамтамасыз етілді.

2017 жылдың қорытындысы бойынша қала экономикасына 13 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды.

2016 жылдың деңгейімен салыстырғандағы нақты өсім 25,1 пайызды құрады.

Қаржыландыру көздері бойынша инвестициялар құрылымында 86,2 пайыз кәсіпорындар мен жеке құрылыс салушылардың өз қаражаттарына тиесілі, олардың есебінен 11,3 млрд теңге көлемінде қаражат игерілді.

Бюджеттік қаражат үлесі 12,9 пайызды, банктердің кредиті мен басқа да қарыздар үлесі 0,9 пайызды құрады.

Бюджеттік қаражатты бағыттаудағы басым бағыттар ретінде әлеуметтік сала нысандарын жаңғырту мен дамыту, инфрақұрылымдық жобаларды қайта құрылымдау мен құрылысын жүргізу, тұрғын үй құрылысы мен жолдардың жөнделуі болып қала бермек.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражатынан және қарыздық қаражат есебінен инвестициялары ауыл шаруашылығын, өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға, энергетика, көлік, байланыс, басқа да экономика салаларына салынды.

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы аясында бюджеттік шығындарды азайту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) тетіктері енггізіледі. Оны жүзеге асыру үшін Қарағанды облысында «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің аймақтық орталығы» АҚ-ы құрылды. Мектепке дейінгі және орта білім беру, денсаулық сақтау нысандары мен қол жетімді баспана құрылысы, инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша инвестициялық жобаларды МЖӘ аясында жүзеге асыру негізгі капиталға құйылатын инвестицияларды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

Құрылыс

Құрылыс қала дамуы мен экономикасының маңызды құрамына айналып отыр. 2017 жылы тұрғын үй құрылысына барлық қаржыландыру көздері бойынша инвестициялар 9 млрд 351 млн теңгені құрап, 2016 жылдан өсім 1,6 пайызға жетті.

2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 10 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 108,4 пайызды құрайды. Пайдалануға берілген үйлердің негізгі бөлігін жеке баспана құрылысы құрайды.

Халықты, әсіресе, халықтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігі мен жас отбасыларды баспанамен қамту – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегіне 2103 азамат тіркелген. Оларды қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін 93,5 мың шаршы метр баспана салу керек.

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын орындау және тұрғын үй кезегін азайту мақсатында 2017 жылы жалпы құны 16,4 млн теңге болатын 3 үйдің жобалық-сметалық құжаттары (ЖСҚ) әзірленді. Бұл 5 мың шаршы метр тұрғын үй салуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылысы мен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге 6 ЖСҚ әзірленуде. Ол биыл аяқталады деп жоспарланған.

2018 жылы Сәтбаев көшесін 70 «б» мекен жайы бойынша 4 қабатты 36 пәтерлі арендалық үйдің құрылысы қарастырылған және Гагарин көшесі 70/4 мекен жайы бойынша 5 қабатты 30 пәтерлі тұрғын үй құрылысын бастауға 389,2 млн теңге бөлініп отыр.

 Бұдан бөлек, Байқоңыров көшесі 28, Алашахан даңғылы 34 «И», 34 «Д» және 34 «Е» мекен жайы бойынша тұрғын үйлер құрылысына жалпы құны 40,4 млн теңге болатын ЖСҚ әзірлеу жоспарланған.

Тұрғын үйдің қолжетімділігінің қамтамасыз етудің маңызды бөлігі ретінде жер учаскелерімен және оған қажетті инженерлік коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету саналады. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жеке тұрғын үй құрылысын салуға бөлінген массивтерге құрылыс басталғанға дейін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілуі керек.

Осыған орай, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2017 жылы қаланың Батыс ауданында 476,8 млн теңгеге инженерлік желілер құрылысы аяқталды. Бұл жеке тұрғын үй құрылысы үшін 670 жер учаскесін бөлуге, сөйтіп кезекте тұрғандар санын 28 пайызға (2801 өтініш) қысқартуға мүмкіндік береді.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ары қарайғы құрылыстарға 500 жер учаскесін бөлу жоспарлануда, осыған орай Батыс аудандағы жеке үйлерге (2-кезек) инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым тартуға ЖСҚ әзірленуде. Жобаның жүзеге асуы 2019 жылдан басталады деп жоспарланған.

Қаланы дамыту жоспары аясында 2018 жылы құрылыс салушылар есебінен  Алашахан даңғылы 22 «а», 22 «б» мекен жайы бойынша жалпы ауданы 3691,5 шаршы метр болатын 3 тұрғын үйді «Сарыарқа» ЖШС, Есенберлин көшесі 5/3 мекен жайы бойынша жалпы ауданы 2768,6 шаршы метр болатын үйді «СовИнТех»ЖШС, Жеңіс көшесі 1 «б» мекен жайы бойынша жалпы ауданы 1814,4 шаршы метр болатын үйді «Самға» ЖШС салады деп жоспарланған.

 

Шағын және орта бизнес

Шағын және орта бизнесті қолдау қала экономикасының дамуындағы негізгі бағыттардың бірі болып қала береді.

Жыл сайын мемлекет тарапынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті барлық жағдай жасалуда, қаржыландыру көздері мен несиелендіру көлемі кеңеюде, бұл шағын және орта бизнес саласын дамыту көрсеткіштеріне оң әсер етеді.

Осы салада еңбек етушілер саны 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда артып, 13902 бірлікті құрады. Шағын және орта бизнесте еңбек ететін адамдар қала халқының экономикалық белсенді бөлігінің 31 пайызын құрайды.

Өндірілген өнім (жұмыс, қызмет) көлемі 26 млрд 258,2 млн теңгені немесе 2016 жылмен салыстырғанда 105,1 пайызды құрады.

Сауда және қызмет көрсету саласында жалпы құны 1 млрд 166,8 млн теңге инвестицияға 19 нысан іске қосылып, 113 жұмыс орны ашылды.

Бөлшек саудадағы тауар айналымы көлемі 34 млрд 417,7 млн теңгені немесе 2016 жылмен салыстырғанда 112,3 пайызды құрады.

Мұның барлығы тек қала өміріне араласып қана қоймай, мемлекеттік қолдауды барынша пайдаланып, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысатын біздің жезқазғандық кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігінің артуына себеп болады.

Шағын және орта бизнесті қолдаудың тиімді құрадарының бірі «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы болып отыр. Оның аясында 2017 жылы жалпы сомасы 618,9 млн теңгенің 29 жобасына қолдау көрсетілді, оның ішінде 23 субсидия, 5 кепілдік және 1 грант бөлініп, 932 жұмыс орны сақталды және 118 жаңа жұмыс орны ашылды.

Қаржылық емес шараларға шағын кәсіпкерлік субъектілерінен қызмет көрсетіп жатқан және қызметін енді бастаған 150 адам қамтылды.

«Бизнестің жол картасы – 2020» біріңғай бағдарламасын жүзеге асыру басталғалы бері есепті кезеңде 142 кәсіпкерге, «2017-2021 жылдарға арналған өнімді еңбек және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында «ауылдағы микронесие» құралы бойынша жалпы құны 11 млн теңге болатын 2 жобаға қолдау көрсетілді.

«Ауылдағы микронесие» құралы бойынша бүгінгі таңда жалпы құны 59,9 млн теңе болатын 5 жоба (3 кепілдендіру) (балабақша ашу, мал сою цехын салу, дүкен ашу, стоматология ашу, айналым қаражатын толықтыру) мақұлданды. Тағы жалпы сомасы 18,5 млн теңге болатын 2 жоба бойынша несие қарастырылуда.

«Ауылдағы микронесие» құралы бойынша тапсырылған барлық несиенің жалпы сомасы 78,4 млн теңгені құрайды.

Жоспар аясында биыл Жезқазған аймағында жергілікті тауар өндіруді дамыту, жәрмеңке, дегустациялық жәрмеңке, қазақстандық тауарларды насихаттау бойынша, мейрамханалар мен қызмет көрсету саласының басқа да қызмет түрлері арасында конкурстар өткізу, қаржылық институтардың өнімдерін таныстыру мақсатында инвестициялық форум өткізу жоспарлануда. Форум аясында аймақтың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен «Өнімділік – 2020» бағдарламасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралаоын таныстыру мақсатында семинар-кеңестер өткізу жоспарланып отыр. Жаңа сауда, қызмет көрсету және агроөнеркәсіптік кешен нысандарын іске қосуды ұйымдастыру жалғасатын болады.

 

Агроөнеркәсіптік кешен

Қала экономикасының нақты секторының дамуымен бірге ауылшаруашылығы да тұрақты даму үстінде.

Есептік кезеңде жалпы өнім көлемі 4,6 млрд теңгені құрады, бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға жоғары.

Қаланың агроөнеркәсіптік кешеніне 203 ауылшаруашылық құрылымы, сонымен қатар ауылшаруашлық өнімдерін өңдеумен айналысатын «Сүт Жағасы» ЖШС, «Баян» ЖШС кіреді.

Қаланың ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерін қолдауға «Сыбаға», «Алтын Асық» және «Құлан» бағдарламалары септігін тигізуде. осы бағдарламалар аясында 15 шаруа қожалығы жалпы құны 21,6 млн теңге болатын субсидия алды. Оның ішінде 4,1 млн теңге 27 бас ірі қара, 14,7 млн теңге ірі қараға селекциялық-асыл тұқымдандыру жүргізуге, 1 млн теңге ұсақ малға селекциялық-асыл тұқымдандыру жүргізуге және 1,8 млн теңге 18 бас асыл тұқымды жылқы алуға берілді.

Мемлекет тарапынан және ауылшаруашылық өнімдерін өндіругілер тарапынан қолға алынып жатқан қолдау арқасында жыл сайын мал басы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі артып келеді.

Ірі қара саны 2016 жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға, қой-ешкі – 3,2 пайызға, жылқы 1,7 пайызға, құс 9,9 пайызға өскен. Сүт өндіру 6,8 пайызға, ет 5,3 пайызға артқан.

Қала мен оған іргелес жатқан ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру атқарушы билік қызметінің басым бағыттары қатарында болып келді және болып қала бермек.

Қалада инфляция өсімін ұстап тұру мақсатында қалалық штаб пен азық-түлік, азық-түлікке жатпайтын тауарлар, жанар-жағар май, коммуналдық қызмет, қала ішілік және қала аралық жолаушы, жүк тасымалы, дәрі-дәрмек, халыққа көрсетілетін басқа да қызметтер бағасы мен ақысына мониторинг жасайтын 4 жұмыс тобы жұмыс істейді.

2008 жылдан бері тұрақты түрде сенбі күндері қалалық жәрмеңке ұйымдастырылып келеді, 2017 жылы осындай 52 жәрмеңке өтті. Ол жәрмеңкелерге жергілікті тауар өндірушілер, шаруа қожалықтары мен саяжай иелері қатысып, басқа сауда нүктелеріндегі бағадан 10-20 пайызға арзан бағаға жалпы сомасы 414,4 млн теңгенің азық-түлік өнімі саудаланды. Қалада сонымен бірге, коммуналдық базар, «Самаз», «Нұртай», «Ақтоты», «Аққу», «Акцент», «Organic» сынды әлеуметтік бағыттағы дүкендер жұмыс істейді. Қала тұрғыдары сондай-ақ, күн сайын әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерін нарықтағы орташа бағадан арзан бағаға екі әлеуметтік павильоннан сатып ала алады. Ол әлеуметтік павильондар үздіксіз жұмыссыз істейді.

 2017 жылғы қарашада дәстүрлі «Ауыл береке – 2017» ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Оған Жаңаарқа, Ұлытау аудандары мен Жезқазған қаласының ауылшаруашылық тауарларын өндірушілері қатысып, нарықтағы орташа бағадан 10-15 пайызға төмен бағамен 42 тонна азық-түлік саудаланды.

Жергілікті тауар өндірушілермен әлеуметтік маңызы жоғары тауар түрлеріне көтерме және бөлшек саудадағы бағаны өсірмеу туралы меморандумдарға қол қойылған.

Әлеуметтік маңызы жоғары азық-түлік өнімдері бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу жұмыстары жалғасуда және үнемі бақылауда болады.

 

Жер қатынастары

Қазақстан Республикасы жер заңнамаларының қағидаларының бірі ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге басымдық беру болып саналады. Жезқазған қаласы жерінің жалпы аумағы 858872 гектарды құрайды, оның ішінде Кеңгір, Сарыкеңгір және Талап ауылдық округтары аумағынан тыс – 682775 гектар жер бар, Жезқазған қаласының аумағы 176097 гектарды құрайды.

Жезқазған қаласында суармалы жер көлемі 5512 гектарды құрайды, оның ішінде 993 гектар жер бау-бақша өсіруге арналған,  Талап ауылдық округында 1651 гектар жер «Өсімтал» ЖШС-ға, 1579 гектар жер «BULL» ЖШС-ға, Кеңгір ауылдық округында 40 гектар жер шаруа қожалығына берілген. Қордағы және елді мекендер орналасқан жер ауданы сәйкесінше 1 137 және 112 гектарды құрайды.

Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді қайта түлету мақсатында Талап ауылдық округындағы 1000 гектар жерді қайта түлету мақсатымен Жезқазған қаласы әкімі мен «Сәтті com» ЖШС арасында хаттамаға қол қойылды.

Кеңгір ауылдық округында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС 120 гектар жерді бақша өсіру үшін игерді.

Ауылшаруашылық жерлерін түгендеу барысында 55481 гектар жерді пайдаланбай отырған 63 жер пайдаланушы анықталды.

Қазіргі таңда мемлекет меншігіне шешімдердің күшін жою жолымен ауданы 19043 гектар болатын 26 жер учаскесі қайтарылды, сотта ауданы 544 гектар болатын 2 жер учаскесі қаралуда. Қарағанды облысы бойынша жерді пайдалану және қорғауды бақылау жөніндегі басқармаға жалпы ауданы 4848 гектар болатын ауылшаруашылық жерлерін пайдаланушы 3 жер пайдаланушының жерді мақсатты пайдаланбағаны бойынша шара қолдану үшін материалдар қайта жолданды. Бүгінгі күні жалпы жер ауданы 31046 гектар болатын 32 ауылшаруашылық мақсаттағы жер пайдаланушы  жұмысты жандандырды, шаруа қожалықтарымен жер учаскелерін мақсатты пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелерінің ішінде ауданы 7586 гектар болатын 7 жер учаскесі конкурс арқылы қайтадан айналымға шығарылды.

Жерді мақсатты пайдалану бойынша шараларды күшейту үшін 2016 жылғы 4 ақпанда Жезқазған қалалық мәслихатының №40/362 ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді пайдаланбағаны үшін жер салығы мен бір реттік жер салығының мөлшерлемесіе 10 есе көтеру туралы шешімі қабылданды, осының нәтижесінде қосымша 1,8 млн теңге есептелді.

2017 жылы қалада алғаш рет елді мекен аумағындағы жер учаскелерін ұсыну бойынша аукцион (сауда) ұйымдастырылды.

Кәсіпкерлікті дамыту,, бизнес-жобаларды жүзеге асыру және бос жер учаскелері туралы ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы орган сайтында жалпы ауданы 6,8 гектар болатын 43 бос жер учаскесі туралы мәлімет орналастырылды. Аталған жер учаскелері аукциона шығарылып, онда жалпы ауданы 0,8 гектар болатын 7 жер учаскесі сатылды.

2018 жылы бұзылған жерлерді қайта өңдеу, электронды жер кадастры картасын жасау жобаларын әзірлеу жоспарланған, ауылшаруашылық мақсаттағы жер учаскелерін ұсыну және елді мекен аумағындағы жерлерді сату бойынша конкурстар (сауда, аукцион) өткізу жалғасады, аталған іс-шараларды жүзеге асыруға қала бюджетінен 400 млн теңгеден астам қаражат қарастырылған.

 

Ветеринария

2017 жылы ветеринария саласындағы профилактикалық және диагностикалық шаралар 100 пайызға орындалды, 3106 қаңғыбас ит пен мысық ауланды.

Жезқазған қаласы мен ауылдық округтарда 4 мал көму орны бар, олардың күтіміне 10 млн теңге бөлінді. Кеңгір, Талап және Малшыбай ауылдық елді мекендерінде ветеринарлық пунктер жұмыс істейді, олар жұмысқа қажетті барлық құралдармен, интернет байланысымен қамтамасыз етілген.

Былтыр ветеринарлық станса ғимараты 30,1 млн теңгеге күрделі жөндеуден өтті және қаладағы, Талап, Малшыбай ауылдарындағы үш мал көму орнының қоршаулары жалпы сомасы 6,9 млн теңгеге жөнделді.

Биыл ветеринарлық шараларды жүргізуге 60,7 млн теңгеден астам қаражат қарастырылған. Төрт мал көму орнының  қызметін сапалы қамтамасыз ету мақсатында күзетшілерге арнап жалпы сомасы 3,9 млн теңгеге жылы вагондар орнату жоспарланған.

 

Аумақтық даму

Кеңгір аулының аумағын келешекте дамыту үшін жеке тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени, тұрмыстыұ нысандар құрылысына арналған жер учаскелерімен қамтамасыз ету үшін 2017 жылы толық жоспарлау жобасымен біріктрілген оңайлатылған бас жоспар әзірлеу басталды, жобаның аяқталуы биылғы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Аймақтарды дамыту аясында 2,4 млн теңге игерілді, оның ішінде 1,6 млн теңгеге Кеңгір және Талап ауылдарында 391 шаршы метр елді мекен ішіндегі жол жөнделді, Малшыбай аулында 270 мың теңгеге билборд орнатылды.

2018 жылы 3,3 млн теңге, оның 2,9 млн теңгесі Кеңгір, Талап ауылдары ішіндегі жолдарды ағымдағы жөндеуге және 322 мың теңге Малшыбай аулына пилон қоюға қарастырылған.

Жергілікті өзін өзі басқаруды қаржылық қолдау аясында 2017 жылы 3 ауылдық елді мекенге жалпы сомасы 5,5 млн теңге болатын жергілікті өзін өзі басқару трансфері бөлінді, ол қаражат ауылдарды жергілікті қауымдастықпен келісе отырып дамытуға бағытталды.

Жобаларды жүзеге асыру орташа экономикалық әлеуеті бар ауылдарда жүргізілді.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Қала құрушы кәсіпорынның тұрақты жұмысы, жаңа өндіріс орындарының ашылуы, шағын және орта бизнестің дамуы қала халқының әл-ауқаты мен санына оң әсер етті. Қала халқының саны 152 адамға өсіп, 91002 адамды құрады.

Нақты сектор көрсеткіштерінің өсуі орташа еңбекақының ұлғаюына және халықты жұмыспен қамтуға ықпал етті.

Халықты жұмыспен қамту саласындағы негізгі саясат жұмыссыздарды, өз бетімен күн көрушілер мен аз қамтылғандарды  белсенділендіру арқылы жұмыс орындарын ашу мен сақтау бойынша «2017-2021 жылдарға арналған халықты өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын» жүзеге асыруға бағытталды.

Бірінші «Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіби біліммен және қысқа мерзімді кәсіби біліммен қамтамасыз ету» бағыты бойынша; кәсіби оқыту мен мамандарды қайта даярлаудан 410 адам өтті, бұл 2016 жылғыдан 2,3 есе көп, оның ішінде 192 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына 120 адам мен 95 түлек бағытталды.

Екінші «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты бойынша төрт қатысушыға жалпы сомасы 38,2 млн теңге несие берілді.

Үшінші «Еңбек нарығын халықты жұмыспен қамтуға көмектесу арқылы дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» бағыты бойынша жұмыспен қамту қызметтері арқылы 3196 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтінішпен келген 3995 адамның 80 пайызын құрайды, олардың ішінде 120 адам (3,2 пайыз) – ауылдық жерлердің тұрғындары. Түрлі мәслелер бойынша 1578 адам кеңес алды. Қоғамдық жұмыстарға 616 адам жіберілді.

 

Қолға алынған кешенді іс-шараларды жүзеге асыру есебінен жұмыссыздық деңгейі 2016 жыл деңгейінде қалып, 0,5 пайызды құрады, жұмыссыздар саны 5 пайызға өсті – 616 адам, оның ішінде 20 адам – ауыл тұрғындары.

Қала экономикасының өсуі арқасында арнайы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй жәрдемақысын алушылар санының артқаны байқалады.

Есепті жылда 16 отбасы жалпы сомасы 2 млн теңге болатын мемлекеттік арнайы әлеуметтік көмек алды, 2,4 млн теңге болатын мемлекеттік балалар жәрдемақысын 184 бала алды, қалалық бюджеттен мүмкіндігі шектеулі, үйде тәрбиеленіп, оқытылып жатқан 54 балаға 1,3 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

Халықтың әлеуметтік мұқтаж бөлігін қолдауға арналған «Өрлеу» пилоттық жобасы аясында 9 отбасыға жалпы сомасы 2 млн теңгенің көмегі көрсетілді.

Соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілгендерді әлеуметтік қолдау жергілікті атқарушы биліктің үнемі назарында болады. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне орай 9 соғыс ардагері мен 804 тыл еңбеккеріне 9,4 млн теңге аударылды. Сондай-ақ, 83 Ауған соғысы ардагеріне 415 мың теңге, Чернобыль атом электр стансасындағы апат салдарын жоюға қатысқан 89 адамға 6,2 млн теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілді.

2017 жылы барлығы 5706 аз қамтылған азаматқа жалпы сомасы 25,3 млн теңге болатын әлеуметтік көмек көрсетілді.

Мүгедектерді қолдау мен оңалтуға үлкен көңіл бөлінді. Мүгедектер міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі, оларға қала ішіндегі жолаушылар көлігіне (таксиден басқа) тегін жол жүру билеттері беріледі және қала дәріханаларында 10-15 пайыздық жеңілдік көрсетіледі. Жүріп-тұруы қиын 1-топ мүгедектеріне қала ішінде қатынауға «Инватакси» қызметі көрсетіледі, аталған қызметті 150-ден астам мүгедек пайдаланады.

2017 жылы 138 мүгедек сурдо-тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етілді, 86 адам арба-креслолар алды, шипажай-курорттық емделуге 39 адам жіберілді.

195 мүмкіндігі шектеулі бала мен 330 жалғызбасты қарт кісілер мен мүгедектің үйіне барып қызмет көрсетуді ұйымдастыру жалғасын тапты.

Қалада аймақтағы жалғыз мүмкіндігі шектеулі балалардың күндіз уақыт өткізетін «Аялы алақанә орталығы жұмыс істейді, онда логопед, психолог қызмет көрсетіп, емдік массаж жасалады. Балалармен әр түрлі дамытушы ойындар, қалаға саяхаттар ұйымдастырылады.

Жезқазған қашан да қала тағдырына бейжай қарамайтын тұрғындарымен мақтанады. Олар әрқашан әлеуметтік әлсіз тұрғындарға қолдау көрсетіп, Жезқазғанның экономикалық дамуына үлес қосуда. Біз аз қамтылған отбасылардың жағдайына үнемі алаңдап жүретін, мейірімділік, қайырымдылық, жарлыға жәрдем көрсету сынды игі ниетті барлық азаматтарға алғыс айтамыз.

2018 жылы 388 адамды техникалық (компенсаторлық) көмек құралдарымен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен әлеуметтік-мәдени, демалыс шараларын ұйымдастыру бойынша әлеуметтік жоба аясында биыл 10-18, 18 жастан жоғары жастағы 50-ден астам адамды қамтитын өнер және спорт фестиваль өткізу жоспарланды.

 

Білім беру

Есепті жыл ішінде білім беруді ұйымдастыру мектепке дейінгі тәрбие мен жалпыға бірдей орта білім беру сапасы мен қол жетімділігін арттыруға бағытталды.

Мектепке дейінгі білім беруде балаларды ерте жастан дамытуға көңіл бөлген Мемлекет басшысының тапсырмасы және білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты елеулі өзгерістер орын алды.

2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы негізіндегі көп сатылы ұлттық білім беру жүйесін жаңғырту білім беруді дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып отыр.

Қалада 3843 орындық 14 балабақша мен 12 шағын орталық қызмет етеді. Жезқазған қаласында мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте 0-6 жас аралығында 4335 бала, 3-6 жас аралығында 557 бала тұр. 1-6 жас аралығындағы балалардың балабақшамен қамтылуы 71, 3-6 жас арасындағы балалардың қамтылуы 95,8 пайызды құрайды.

Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаттық индикаторы – 3-6 жас аралығындағы балаларды жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарды дамытуды қоса алғанда, мектепке дейінгі тәрбиемен қамту.

Орын жетіспеушілігін қысқарту мақсатында 2017 жылы №3 орта мектептің шағын орталығында қосымша 20 орындық 1 топ ашылды, 2018 жылы 3-ықшам ауданда 320 орындық жаңа балабақша құрылысының аяқталуы жоспарлануда.

Сондай-ақ, балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту бойынша да аз жұмыс атқарылмады. МЖӘ бағдарламасын түсіндіру барысында қалада 2 жеке меншік балабақша («Н.Хасанова»ЖК – «Мирас», «Г.Гареева» - «Алтын бесік») ашылды.

Г. Гареева құрметті еңбек демалысына шыққанға дейін балабақша меңгерушісі болған. Ол бұл саланы жақсы білгендіктен біз оған жеке балабақша ашып, жұмысты жалғастыруды ұсындық. Үздік мамандардың тәжірибесі мен әлеуетін болашақта та осындай жобаларға пайдаланамыз деген сенімдеміз.

МЖӘ-ні одан әрі жүзеге асыру аясында «Алтынбеков» ЖК-мен 2018 жылы 160 орындық балабақша ашу туралы үш жақты келісім шартқа қол қойылды.

Осының нәтижесінде мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту ұлғайып, 1-6 жас аралығындағы балалар 72,6 пайыз, 3-6 жас аралығындағы балалар 99 пайыз қамтылатын болады.

Білім беру жүйесіндегі тағы бір жаңалық – «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің процестерін автоматтандыру» жобасының енгізілуі. Бұл балаларға балабақшаға жолдама беру кезіндегі сыбайлас жемқорлық қатерлерін болдырмауға арналған, яғни әр ата-ана үйде отырып өздеріне қолайлы балабақшаны таңдап, кезекке тұрып, жолдама ала алады.

Сонымен қатар, қала тұрғындарының өтініштері негізінде мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс уақыты қайта қаралып, сағат таңғы 7-ден кешкі 18:00-ге дейінгі 12 сағаттық жұмыс режиміне ауыстырылды, оған бюджеттен қосымша 45,1 млн теңге бөлінді.

12 жылдық білім беруді кезекпен енгізу аясында 2017-2018 оқу жылында білім берудің жаңартылған мазмұнына 2,5,7 сыныптар көшті. Мектептің қамқоршылар кеңесінің шешімімен №7, мектеп-лицей мен №8, 26 гимназиялардан басқа жалпы білім беру ұйымдары 5 күндік оқу формасына ауысты. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар шегінде мектептерде сабақ 40 минуттан жүргізілуде.

Білім беру жүйесі қызметінің табысы қала бюджетінің әлеуметтік бағдарына байланысты болып отыр.

2017 жылы білім беру саласында 4 млрд 533 млн теңге игерілді, оның ішінде мақсаты ағымдағы трансферттердің көлемі 32,4 млн теңгені құрады, 2018 жылдың бюджетінде 5 млрд 525,8 млн қарастырылған, оның ішінде мақсатты ағымдағы трансферттер 667,9 млн теңге, жалпы алғанда 2017 жылмен салыстырғанда бюджеттен бөлінген қаражаттың 17,7 пайызға артқаны байқалады.

Білім берудің қолжетімділігінің маңызды қырларының бірі оқушыларды жалпы білім беру қоры арқылы әлеуметтік қолдау болып табылады.

Қор арқылы жыл сайын аз қамтылған және көп балалы отбасылардан, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, диспансерлік тіркеуде тұрған және белсенді 1-11 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріледі.

2017 жылы 1305 оқушы 54,7 млн теңгеге тамақтандырылды, 1,6 млн теңгеге киім-кешек сатып алынды, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балалары, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, мүгедек 75 бала «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалап қайтты. Мектептер жанындағы жазғы лагерлерде 1140 оқушы демалды, олардың ішінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылапрдың 30 баласы Саран қаласындағы «Березняки» лагер-шипажайына жолдама алды.

 2017 жылы жалпыға бірдей оқыту қоры бойынша 69,3 млн теңге игерілді, биыл 95,2 млн теңге қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы қаулысына сәйкес, асырап алушыларға жетім балаларды немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қарағаны үшін ай сайын 10 айлық-есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай төлем төлеу қарастырылған. 2017 жылы осындай 125 асырап алушыға 34,1 млн теңге төленді, 2018 жылы 134 асырап алушыға 38,7 млн теңге қарастырылған.

Әлеуметтік қолдау аясында жыл сайын жалпы білім беретін мектептерден қашықта орналасқан оқушыларға ата-аналарының өтініші бойынша қоғамдық көлікке жеңілдік қамтамасыз етілген. 2017 жылы 1468 балаға жалпы сомасы 22,1 млн теңге жеңілдікпен жол жүру қамтамасыз етілді. Геологический елді мекенінде тұратын 151 баланы №13 мектепке жеткізу ұйымдастырылды. 2018 жылы оқушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруіне 30,7 млн теңге қарастырылған.

2013-2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін қаланың 37 білім беру ұйымына жалпы құны 16,7 млн теңгеге 592 бейнебақылау камерасы сатып алынып, орнатылды.

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алу және жеткізу» бағдарламасы негізгі бағдарламалардың бірі болып саналады. Есептік 2017 жылы 2,5,7,9 сыныптарға 162 млн теңгеге оқулықтар сатып алынды, 2018 жылы 148,5 млн теңгеге 136193 дана оқулық сатып алу жоспарланып отыр.

Қаланың білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық қамсыздануы мәселелері ерекша бақылауда және кезең-кезеңмен шешімін табуда. Тек 2017 жылы МТБ-ны нығайтуға 372,6 млн теңге бөлінді, бұл жалпы білім беру бюджетінің 8 пайызын құрайды.

Оқушылардың компьютерлік техникамен қамтылуы көрсеткіштерін орындау мақсатында 2017 жылы 143 млн теңгеге 817 бірлік компьютер техникасы сатып алынды, бұл компьютермен қамтылу көрсеткішін 11,6 –дан 8,7-ге түсіруге мүмкіндік берді. 2018 жылы 528 бірлік компьютер техникасын сатып алуға 151,4 млн теңге қарастырылған, бұл компьютермен қамтылу көрсеткішін жақсартып, 1 компьютерге 6,5 оқушыдан келетін болады.

2017 жылы ауыл мектептері үшін 10 бірлік, қала мектептері үшін 5 бірлік проектор-интернет-компьютер кешені сатып алынып, орнатылды. Биыл облыстық бюджеттен түсетін мақсаттық ағымдағы трансферттер есебінен 59,5 млн теңгеге осындай 24 кешен сатып алу жоспарланған.

Жалғасы

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жаңа модификациялық кабинеттермен қамтамасыз ету көрсеткіші 46 пайызды құрады. 2017 жылы 134,1 млн теңгеге барлығы 19 жаңа модификациялық кабинет сатып алынды. Оның 4-і физика, 4-і химия, 4-і биология мен 4-і мультимедиялық кабинет және 5-і роботтехникасы. Соның нәтижесінде көрсеткіш артып, 67,1 пайызды құрады. Биыл аталған көрсеткішті 82,4 пайызға жеткізу мақсатында тағы 18 жаңа кабинет сатып алу жоспарланған.

Мектепті жиһазбен жабдықтау кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Өткен жылы жалпы құны 25,5 млн теңгеге жиынтықтағы 1165 дана мектеп жиһазы сатып алынып, 2016 жылғы 42 пайыз көрсеткіш 2017 жылы 50,5 пайызға өсті. 2018 жылы 34,9 млн теңгеге 1888 мектеп жиһазын, сондай-ақ, №3 және №21 мектептердегі түзету сыныптарына қажетті  жиынтықтағы 143 дана парта мен орындықтарды сатып алу көзделген. Мектеп жиһазымен жабдықтау көрсеткіші жақсарып, 56,7 пайызды құрайтын болады.

Қаланы дамытудың жоспарын іске асыру аясында бастауыш сынып оқушыларын оқу құралдары мен киім-кешектерін сақтайтын жеке шкафтармен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен басталды. 2017 жылы №3 және №5 мектептер жалпы құны 5,1 млн теңгені құраған 163 дана шкафпен жабдықталды. Биыл 43 млн теңгеге 1371 дана шкаф сатып алу жоспарланған. Бұл жалпы қажеттіліктің 48пайызын өтейді.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қаланың №№9, 10, 13, 21 орта мектептерінде барлығы 37,8 млн теңгеге көпсалалы корт орнатылды. Биылғы жоспар, яғни 60 млн теңгеге тағы 5 корт құрлысын бастау  сәтті аяқталса, қала мектептерін жабдықтау 95 пайызға жетеді.

Қаладағы барлық мектептер кең жолақты ғаламтор желісіне қосылған.

Жыл сайын үш жылдық кезеңге арналған бюджет құру барысында  ғимараттарға сырттай тексеру жүргізіліп, нәтижесінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет ететін білім беру нысандарының тізімі жасақталады.

2017 жылы №1 ЖОББ мектеп ғимаратының күрделі жөндеуіне 18,2 млн теңге бөлінсе, жөндеу жұмыстарын толық аяқтау үшін биыл 153,7 млн. теңге қарастырылған. Нысан жөндеуі ауыспалы, яғни жөндеу жұмыстары екі жылға жалғасты.

Сонымен қатар, №21 жалпы орта білім беретін мектептің сыртқы кәріз жүйесіне ағымдағы жөндеу жүргізуге 1,7 млн теңге, №11 орта мектеп спорт залының жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу жүргізуге 1,4 млн теңге жұмсалды.

Қаланы дамытудың жоспарында 2 млрд 522,6 теңгеге білім беру нысандарын кезең бойынша  жөндеу қамтылған. Бірінші кезекте 2018 жылы 11 мектеп пен 10 балабақшаның терезелерін жаңарту мен жұмсақ шатырын еңіс шатырға ауыстыру бойынша күрделі жөндеу жүргізілмек. Осы жұмыстарға облыстық қазынадан 458,1 млн теңге бөлінген.

Ауыл мектептерін де күтіп-ұстауға ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, былтыр Талап селосындағы №14 мектеп ғимаратына 6,2 млн теңгеге автоматтандырылған жылыту жүйесі орнатылып, Кеңгірдегі №2, Қорғанбайдағы №12 және Теректі селосындағы №6 мектептердегі ескірген қазандықтарды жаңартуға 8,6 млн теңге жұмсалды.

Біз үшін балаларымыздың лайықты білім алып, өз мүмкіндіктері мен дарынын толық көлемде ашуы маңызды Осы бағытта біздің ұстаздардың еңбегі зор. Бүгінде қала бойынша жоғары және бірінші біліктілік санаты бар мұғалімдердің үлесі – 53,2 пайыз. Жоғары біліктілік санатты мұғалімдер саны – 294, бірінші санаттылар – 334. Жалпы білім беретін қала мектептеріне 46 жас маман жұмысқа кірді. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынға Қазақстан халқына Жолдауында мұғалім мамандығының мәртебесін көтеруге баса назар аударатыны белгілі. Биылғы Жолдауында ол 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен ұстаздардың еңбекақысын 30 пайызға көтеруді тапсырды. Қала мектептері мұғалімдерінің 28 пайызы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктіліктерін арттыру курстарын өткен. Жыл соңына дейін олардың үлесі 70 пайызға дейін артады.

  Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде қаланың үш инновациялық мектебінде №№8, 26 гимназия мен №7 мектеп-лицейде үш тілділікті енгізудің республикалық пилоттық жобасы іске асырылуда. Аталмыш мектептердің 8-сынып оқушылары химия, физика, биология мен информатика пәндерінде термин сөздерді ағылшын тілінде оқиды.  

Аталмыш жоба аясында осы пәндердің 100 мұғалімі тоғыз айлық курстан өтіп, ағылшын тілінде оқытудың негіздері мен пән бойынша терминологияны және сөйлеу дағдыларын меңгерді.

Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту оқушылар үшін оқудағы басты көрсеткіштердің бірі саналады. БҰТ қорытындысы бойынша орташа балл 84,2 құрап, облыстық көрсеткіштен 12,2 балға жоғарылады

«Алтын белгіге» үміткер 26 түлектің барлығы өз білімдерін растады, 16 түлек «Үздік аттестат» иеленді.

Облыс әкімі Е.Ж. Қошановтың тапсырмасы бойынша Жезқазған қаласында дарынды балаларға арналған облыстық мамандан-дырылған «Өркен» мектеп-интернатының ашылуы – өткен жылдың жағымды жаңалығының бірі. Қазір мұнда 85 бала білім алып жатыр. Дегенмен, оқушылардың саны жылдан жылға артатын болады.

Сонымен қатар, 2017 жылдың жарқын оқиғасы ретінде химия пәнінен Қ.Сәтбаев атындағы республикалық олимпиаданы атап өтпеске болмас. Білім додасынан еліміздің түпкір-түпкірен дарындылар ағылған еді.

Үш ауысымды оқытуды жою мақсатында 2018-2019 жылы 900 орындық мектеп құрылысын  жүргізу жоспарланған. Жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптама да алынған. Биылғы жылы құрылыс-монтаж жұмыстары қолға алынады.

 

Дене шынықтыру және спорт

Мемлекет басшысының ұлт денсаулығын сақтаудың негізгі көзі салауаттылықты қалыптастыруда қазақстандықтардың  30 пайызын бұқаралық спортқа тарту керек деген міндеті бұқаралық спорт түрлері мен инфрақұрлымды дамытуға бастайды. 

Жезқазғанда жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортпен айналысатындардың саны 2017 жылы 26864 тұрғынды немесе жалпы халық санының 29,5 пайызын құрап отыр. Балалар мен жасөспірімдерді жалпы білім беретін мектептер мен спорт мектептеріндегі спорттық секцияларға тарту жалпы балалар мен жасөспірімдер санының 27,3 пайызды  құрады.

Балалар мен жасөспірімдердің және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін жыл сайын футбол алаңдары қалыпқа келтіру мен хоккей корттарын жабдықтау бойынша біршама жұмыстар атқарылады. Өткен жылы 52,6 млн теңгеге 10 футбол алаңы мен 5 спорттық алаңқай қалыпқа келтіріліп, 4 хоккей корты орнатылды.

Спортты дамытуға үлес қосқан алғашқы жезқазғандық кәсіпкерлердің қатарынан табылған Н.И. Распопов пен А.М. Абдусалимовке Гагарин көшесінде тұрғындарға арналған «Street Workout» көше тренажерларын орнатқаны үшін үлкен алғыс білдіреміз.

Қалада мектеп, кәсіби мектептер мен колледждер оқушыларының, барлық меншік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдар ұжымдарының қатысуымен спорттық жарыстар, спартакиадалар өткізу игі дәстүрге айналған. Біздің спортшылар – қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық сайыстардың тұрақты қатысушылары. Есептік кезеңде 23906 тұрғынның қатысуымен 121 спорттық шара өткізілді.

2017 жылы ҚР-дың 8 спорт шебері, 40 ҚР спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядтағы 22 спортшы, бұқаралық разрядтағы 60 спортшы даярланды.

216 жезқазғандықтың грек-рим күресінен Азия және әлем чемпионатының, бокс пен таэквандодан өткен халықаралық турнирлердің, еркін күрес пен босктан өткен облыстық және республикалық Қазақстан Республикасы чемпионатының, байдарка мен каноэда ескек есуден Бүкілқазақстандық оқушылар арасындағы жарыстың, байдарка мен каноэда ескек есуден жастар арасында Қазақстан Республикасы Кубогының, самбодан ерлер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпаздары атанғаны әрине біз  үшін қуаныш.

Баку қаласында Әжірбайжан елі Президентінің сыйлығын сарапқа салған халықаралық турнирде күміс жүлдеген атанған Нұрбол сұлтанбай, жасөспірімдер мен жастар арасындағы халықаралық турнирде І орынды қанжығалаған дзюдо чемпионы Жандос Бейсенбаев, жастар арасында жауынгерлік самбодан ҚР чемпионаты мен Әлем кубогының күміс және қола жүлдегері Меймад Асадов, байдарка мен каноэде ескек есуден республикалық «Жастар», «Жылдам қайық» сайысында жүлделі І және ІІ орынға табан тіреген Валентин Дурин мен Данил Хоменко, сондай-ақ, байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионы атанған Александр Гудилов қала абыройын асқақтатып, біздің мақтанышқа айналды.

Біздің жеңімпаз спортшылардың әр жеңісінде жаттықтырушы-бапкерлердің тынымсыз еңбегі жатыр. Олар: Г.Б.Искаков, Т.Е.Талипов, Н.К.Борисова, Б.А.Отиншин, М.Т.Аманов, К.А.Искаков, В.Т.Жевагин, Д.К.Сарсенбаев, Е.С.Ибраев және басқалар. Біз жерлес спортшылар мен олардың бапкерлерін мақтан тұтамыз!

Алғаш рет біздің қаламызда кең  ауқымды «Алтын күз – 2017» атты Жезқзағанның жартылай марафоны ұйымдастырылды. Марафонға 2500 адам қатысты. Олардың ішінде Жезқазған, Сәтбаев, Қарағанды, Астана, Алматы және Қостанай қалаларының, Жаңаарқа мен Ұлытау аудандарының, сондай-ақ, Жезді, Жәйрем, Қарсақбай кентінің өкілдері де бар.

2017 жылы барлығы 121 қалалық жарыс, 4 оқу-жаттығу жиыны өтіп, оған 9,3 млн теңге жұмсалды. Қала спортшылары 73 облыстық, 13 республикалық және  6 халықаралық жарысқа қатысты.

2017 жылы 25685 адам қатысатын 150 іс-шара өткізуге 9,3 млн теңге  қарастырылып отыр. Спорт түрлері бойынша құрама команда мүшелерін облыстық деңгейдегі жарыстарға дайындау және қатыстыру үшін 27,8 млн теңге бөлінді.

Жоспарға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 21,6 млн теңгеге балалар мен жасөспірімдер клубын, балалар мен жасөспірімдердің жеке жаттығуы үшін аула клубын ашу және көшеде жаттығуға мүмкіндік беретін «Street Workout» тренажерларын орнату жоспарланған.

2018 жылы 320 орындық хауызы бар спорттық сауықтыру кешені құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу аяқталады. Мемлекеттік сараптаманы алу мерзімі – биылғы жылдың ақпаны. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылы басталады.

Дене тәрбиесі мен спорт мемлекеттің басты қамқорлығында болуы тиіс. Өйткені, дені сау ұлт қалыптастырудың негізгі кілті – салауатты өмір салтында.

 

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау жүйесін дамыту халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуінің  негізгі кепілі болғандықтан біздің мемлекетіміздің басты басымдықтарының бірі болып табылады.

Ұзақ жылғы денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін жаңғырту аясында бір жыл ішінде емдеу және диагностикада заманауи технологияларды пайдалану мен материалды-техникалықө жабдықтауды жетілдіру қолға алынды.

Мемлекеттік медициналық ұйымдарды медициналық техникамен және медициналық маңыздағы бұйымдармен қамту орташа облыстық көрсетіштен  35% артық.

Былтыр 102,9 млн теңгеге медициналық қондырғылар мен бір санитарлық автокөлік сатып алынды. 2018 жылдың қаңтар айының соңына дейін  құны 12 млн теңгені құрайтын реанимобильді жеткізілуі тиіс.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2017 жылы  48 млн теңгеге «Қарлығаш» соматикалық шипажайы ғимаратының екінші корпусы күрделі жөндеуден өтті.

Егде адамдарға медициналық күтім көрсету мақсатныда қалалық орталық аурухана жанынан мейірбике ісі бөлімі ашылып, күні бүгінге дейін онда 60 емделуше ем-дом қабылдаған.

Ертеректе жезқазғандықтар магниттік-резонанстық томографиядан өту үшін Астана, Қарағанды қалаларына квота немесе өз қаржысы есебінен баруға мәжбүр-тін. Ал,  ауыр халде аурухана кереуетіне танылғандарға өмірі үшін маңызды тексеруден өту тіпті мүмкін емес еді. 2017 жылы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында Жезқазған қалалық орталық аурухана базасында ашылған «NOVA Medical Centre» диагностикалық орталық енді қала тұрғындарының игілігі үшін қызмет етуде. Орталық «Филипс» өндірушісінің соңғы үлгілегі «Superstar 0,35Т» типті МРТ аппаратымен жабдықталған.

Жоғарыда аталған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде «Денсаулық – 2016-2020» бағдарламасында қамтылған негізгі көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Бала туу көрсеткіші 8,1%-ға артып, 1000 адамға шаққанда 24,18 жағдайдан 26,13-ке жетті.

Тұрғындарды тегін флюрографиялық тексерістен өткізу туберкелез дертіне шалдыққандарды анықтауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде туберкулезбен науқастанушылардың көрсеткіші 9,2 % артып, 1000 адамға шаққанда 58,4 жағдайдан 63,8-ге жетіп отыр. 

Бала өлімінің көрсеткіш қорытындысы 12,9% төмендеп, өткен  жылмен салыстырғанда тірі туған 1000 балаға 10,1 жағдайынан  11,6 жағдайға жетті.

Ана өлімі тіркелмеді.

Жалпы өлім-жітім көрсеткішін 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7% төмендеді. 1000 адамға шаққанда 9,82 жағдайдан 9,3 құрады.

Ұлттық скринингтік байқау жүйесі ауруларды ерте кезеңдерде анықтауға және алдын алуға мүмкіндік береді.

Скринингтік тексеру жүргізудің арқасында қатерлі ісік ауруларын ерте 1-2 кезеңдерде анықтау 0,7 % құрады. Аурудың асқыну жағдайы 0,6%  төмендеді. Осы ауруға шалдыққан 5 және одан да көп жыл өмір сүруші науқастардың қатары 4,4% артып, 47,4-тен 51,8 жағдайға жоғарылады.

Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуда қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуге мүмкіндік берді.

2018 жылы Жезқазған қаласының медициналық орталығында жүрек қан тамырлары ауруларын емдеуде ангиографиялық құрылғыны қолданатын интервенциялық кардиология орталығын ашу жоспарланған. Бұл жүрек тамырлары кедергісіз араласуға мүмкіндік береді де, қан айналымы жүйесінде болатын дерттердің асқынуы мен науқастың өлімін азайтады.

Сонымен қатар, Жезқазған қаласының орталық ауруханасы жанынан 40 балаға шақталған нейросауықтыру орталығы ашылмақ. Бір жылдың ішінде орталық жүйке жүйесі мен тірек-қимыл жүйесі ауруларына шалдыққан 1000-нан аса  балаға сауықтыру емін жүргізіп, мүгедек балаларды қоршаған ортаға бейімдеуге жәрдемдеседі.

2018 жылдың бірінші тоқсанында Қарағанды қаласындағы  ересектерге арналған «Луч» нейросауықтыру орталығының 20 кереуеттік бөлімшесі бізде де ашылады.

Биыл аурухана қалашығы аумағын абаттандыру мен қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Аталған жоба аясында қалалық емхана, туберкулезге қарсы балалар шипажайы мен балалар үйі күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, Жезқазған медицина колледжінің корпусы жөнделіп, оның аумағы түгел абатандырылады. Медициналық колледж жанынан қазіргі заманғы жабдықтар жиынтығымен толық жабдықталған диагностикалық кеңес беру орталығы мен заманауи жабдықтармен жарақталған стоматологиялық орталық ашу да қарастырылуда.

Денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды енгізу халықтың денсаулығын жақсартуға оң әсерін тигізері сөзсіз. Кадрмен қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше назар аударылады. Былтыр қалаға 14 маман келді. Дегенмен, оларды басыбайлы баспанамен қамту мәселесі әлі де шешімін таппады. Биыл Чехов көшесіндегі 7 үйдің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу 9 дәрігерді баспаналы етеді.

Денсаулық сақтауды сандық жүйеге көшіру мақсатында 2018 жылдың қаңтарынан бастап қаладағы барлық медициналық мекемелер құжат жүргізудің қағазсыз түріне ауысты.  Емделушілерге арналған мобильді қосымша әзірленіп, емханаларда электронды кезек енгізілді және онда электронды флюротека құрылды. Сонымен қатар, бірыңғай ситуациялық орталық пен жедел жәрдемнің бірыңғай диспетчерлік қызметі жұмыс істейді. Сандық қызметтердің сапасын бағалайтын жедел топ та құрылған.

 

Мәдениет және тілдерді дамыту

Қалада мәдениетті дамыту бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде. Қаланың мәдениет мекемелері жүйесі 21 нысаннан тұрады.

Мәдениет мекемелері 1720 мәдени-демалыс іс-шараларын өткізді, 183 спектакль қойылды. Жезқазған театрының репертуары 5 жаңа қойылыммен толықты. Т. Қалмағамбетов атындағы филармония қазметкерлері 194 концерттік бағдарлама қойды. Есепті кезең ішінде қаланың көркемөнерпаздар ұжымдары 25 халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі түрлі фестивальдер мен байқауларға қатысты.

Мәдени ошақтардың ішінде кітапхананың алар орны ерекше. Себебі, ол ақпараттық, ағартушылық және мәдени-сауықтыру орталығы болып табылады. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне 11 кітапхана енеді. 2017 жылы кітапханалардың кітап қоры 3 млн 731 мың теңгенің 4717 дана кітабымен толықты. 5  млн теңгеге 342 дана мерзімді баспасөзге жазылу ұйымдастырылды, оқырмандар саны артып, 18097 адамға жетті. Былтыр қалалық қазынадан қарастырылған 3 млн 500 мың теңгеге С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінде ғаламтор желісіне қосылған 10 компьютермен жабдықталған  электронды ресурстық залдың ашылуы ұжым мен оқырман үшін қуанышты оқиға болды. Сонымен қатар, «Кітапханалық процесстерді автоматтандыру» тақырыбында аймақтық семинар ұйымдастырылып, оның жұмысына Қарағанды, Сәтбаев пен Жезқзаған қалалары мен Ұлытау мен Жаңаарқа ауданының кітапханашылары белсене қатысты. Қалада тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асуда. Полилингвистикалық мәдениет пен коммуникативті қарым-қатынасты дамыту, Қазақстан Республикасының мәдени мұрасын насихаттау, сондай-ақ, қазақ тілінің халықтар мен этностарды байланыстыратын мемлекеттік басқару тілі ретінде қалыптасуы қазіргі қоғамның басым бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақ тілді жалпы білім беру мекемелері мен балабақшадағы балалардың саны да артуды. Балабақшалар мен шағын орталықтардағы көрсеткіш 70,2%-дан 74,6%-ға, мектептерде  63,6%-дан 65,2%-ға жетті.

Жыл сайын Ө.Байқоңыров атындағы Жезқзаған университеті мен қаладағы колледждерде қазақ тілі бөлімінде өқитындардың саны да еселеп артып келеді. Бүгінде   біздегі студенттердің жалпы санының 61%  қазақ топтарда оқиды. Бұл 2016 жылға қарағанда 4% жоғары.

Тілдік саясатты дамытуды көздейтін «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығында қазақ тілі мен ағылшын тілі оқытылады. Онда 270 тыңдаушысы бар 24 топ жұмыс істеп тұр.

Қазақ, ағылшын тілдерін толыққанды оқыту үшін былтыр «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығында 5,4 млн теңге жаңа мультимедиялық кабинет ашылды. Ол қажетті заманауи мультимедиялық технологиялармен жабдықталған.

2017 жылы «Казтест» жүйесі бойынша азаматтық және мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау үшін 160 адамнан  тест алынды, 23 қызметкер сертификат алуға тест тапсырып, 19 аталған сертификатқа қол жеткізді.Оның алтауы – мемлекеттік қызметкер. 

Жыл сайын мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында қазақ тілін жетік меңгерген этнос жастарының қатысуымен облыстық форумдар мен қалалық олимпиадалар мен көркемсөз шеберлерінің конкурсын өткізуі игі дәстүрге айналған.

Жүйелі жұмыс нәтижесі мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесін 2016 жылғы 63%-дан  2017 жылы  70%-ға  арттыруға мүмкіндік берді.

Қалалық қазынадан мәдениет пен тілдерді дамытудың қызметі мен  материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 232,2 млн теңге қарастырылған. Бұл сома 2016 жылмен салыстырғанда 25,6 % жоғары.

Мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Қызылорда қаласында Жезқзағанның мәдени күндері өтті. Мәдениет күндері шеңберінде С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалы-драма театрының спектакльдері сахналанып, Т.Қалмағамбетов атындағы филармония әншілерінің концерттері өтті. Сондай-ақ, Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының көрмесі мен «X-XIII ғасырлардағы түрік қоғамы және оның тарихындағы Кетбұқаның рөлі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

Жезқазғанның белортасына ұлы қолбасшы, абыз Кетбұқа жырауға арналған ескерткіштің орнатылуы мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылып, тарихи сәтке айналды. Тарихи ескерткішті орнатуды Төлеген Бүкіров төрағалық ететін «Қазақтын Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі ұсынған еді.  Қала орталығынан орын тепкен ескерткіштің тұғыры граниттан жасалып, атты мүсін қоладан құйылған. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 10,5 метр. Авторлық топтың жетекшісі – суретші Октябрь  Секеманов. Сәулетшісі – Асқар Нартов пен Серік Рүстембеков.

Сонымен қатар, қаланың мәдени өміріндегі елеулі оқиғаның бірі ретінде алғашқы рет ұйымдастырылған белгілі режиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері «Тарлан» сыйлығының иегері  Жанат Хаджиев атындағы  аймақтық театрлардың фестивалін атап өтпеске болмас. Фестиваль Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалы-драма театрының 45 жылдық мерейтойына арналды. 

Жергілікті ақын, жазушыларды қолдау және олардың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Жаңа өлеңмен жүздесу» жобасы іске асырылды. Жоба аясында 4 дөңгелек стол, 2 жыр кеші өтіп, қорытынды кездесуде шығармашылық тұлғалар марапат төріне көтерілді. Сонымен қатар, қаламызда алғашқы рет Жақсыкелді Сейілов атындағы облыстық «Өнер өлкесінің «Жезкиігі» атты конкурс ұйымдастырылып, Қарағанды облысының аудандары мен қалаларынан барлығы 17 қатысушыны жинады.

Қарағанды қаласында өткен халық шығармашылығы мерекесі мен фестивальдерін өткізудің үздік шығармашылық жобасын анықтайтын облыстық конкурсқа қатысу біздің қала үшін зор абырой болды. Қарағанды облысының тоғыз қаласы мен аудандары арасынан Жезқазған қаласының брендіне айналған дәстүрлі, аймақтық «Ұлытау үні» фестивалі бас жүлдені жеңіп алды.

Мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасы 2017 жылы анағұрлым жақсарды. Халықтар достығы мен мәдениет үйінің қызметі мен ашық аспан астында ұйымдастырылатын мәдени-қоғамдық шараларды  дыбыстау үшін 7,3 млн теңгеге LED-экран сатып алынды. Мәдениет мекемелерінде 1,5 млн теңгеге бейнебақылау камераларын орнатылып, Халықтар достығы мен мәдениеті үйінің көрермен залы күрделі жөндеуден өтті. Жөндеуге 60,9 млн теңге жұмсалды.

Қызмет көрсету сапасын арттырып, тұрғындардың мәдени қызметтерге қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында биыл Талап селосының клубы мен С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалы-драма театрына ағымдағы жөндеу жүргізуге, сондай-ақ, С.Сейфуллин атындағы кітапхана шатырын жөндеуге қомақты қаржы қарастырылды. Қаланың көркемөнерпаздар ұжымына сахналық костюм тіккізу де жоспарланған.

 

Ішкі және жастар саясаты

Қоғамдық-саяси ахуалды талдау, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік басымдықтарды насихаттау және Тәуелсіз Қазақстанның имиджін нығайтып, қоғамдық келісімді сақтау ішкі саясат саласындағы жергілікті атқарушы органдардың идеологиялық жұмыстарының негізгі бағыттары болып саналады. Ішкі саясат саласындағы атқарылған жүйелі жұмыстардың  нәтижесі тұрақты әлеуметтік-саяси жағдайды сақтауға мүмкіндік берді.

Қалада саяси партиялардың 6 филиалы, 11 діни бірлестік пен түрлі төрт кғонфессия өкілдігі және 80 үкіметтік емес ұйым тіркелген.

Бүгінгі күні барлық өмірлік маңызға ие нысандар мен өндіріс орындары тұрақты режимде жұмыс істеуде. Еңбек саласындағы даулар да тіркелмеді. Жалақы бойынша берешек те жоқ.

Экономикалық дамудың нәтижесінде қала тұрғындарының өмір сүру деңгейінің артқанын ең басты жетістік деп білеміз.

Соңғы үш жылда орташа айлық жалақының 144,6 мың теңгеден 146,2 мың теңгеге өскені байқалады.

Өткен жыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және  Қазақстан Республикасы полициясының 25 жылдығы, сондай-ақ Астанада өткен халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесі сынды елеулі оқиғалармен есте қалды. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша төрт бағытта, яғни «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» жобасы аясында жұмыстар атқарылуда. 2017-2019 жылдарды қамтыған облыстық реестрге 10 ауқымды шара еніп, бүгінде қаламызда оның төртеуі орындалды.

Есептік кезеңде ішкі саясат саласында Елбасының 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын және 5 институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, сондай-ақ, Ұлт Көшбасшысының 2017 жылғы 12 сәуірде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын және өткен жылдың басты оқиғасы – латын графикасындағы әліпбиге көшу реформасын  насихаттау жұмыстары одан әрі жалғастырылды.

2017 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауға 28 млн теіге қарастырылып, 12 іс-шара өткізілді. Жастар театрын ашу сынды тың жобалар  іске асты. Қазір аталған тетарда елуден астам жас талант өнерге бет бұрған. Сонымен қатар, халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесін тегін тамашалауға 100 жезқазғандық мүмкіндік алды. Олардың қатарында тұрғындардың әлеуметтік осал тобы, ардагерлер мен жетім балалар және студенттер бар.

Мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарын іске асыруға және жастарды барынша қолдауға бағытталған жұмыстар да жалғасын тапты.

2017 жылы жастар саясатының іс-шараларын өткізуге 13 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Қалада жастарға тегін психологиялық, құқықтық және әдістемелік көмек көрсететін, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесетін жастар орталығы  өз жұмысын әлі де жалғастыруда.

Ауылға жұмысқа келген жас мамандарды қолдау мақсатында қалада мемлекеттік «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жүзеге асуда. 2017 жылы 8 жас маманға көтерме ақы төленді. Бұл мақсатқа  1,3 млн теңге жұмсалды. Екі қызметкерге баспана алу үшін жалпы соммасы 6,8 млн теңгені құраған бюджеттік несие  берілді.

Қаладағы жастардың бастамашыл орталығы 80 аса іс-шараны өткізген. Жезқазғандық «Жарқын болашақ» еріктілер бірлестігінің ұйымдастыруымен 12 қайырымдылық концерті мен «ZHEZ-Жастар» акциясы өтті.

Ақпараттық-насихаттау топтары мүшелерінің қатысуымен 97 кездесу өтіп, 15 мыңнан астам адам қамтылды.

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы айдармен апта сайын мақалалар жарияланып, тақырыптық сюжеттер көрсетіледі.Жергілікті БАҚ-та барлығы 120 мақала жарық көрген.

2018 жылы да ішкі саяси және мемлекеттік тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді нығайтуды қамтамасыз ету жалғасын табады.

 

Құқықтық тәртіп

Жергілікті атқарушы органдардың қоғамдық және діни бірлестіктермен мақсатты жұмыс істеуінің арқасында қаланың әлеуметтік-саяси жағдайы тұрақты, әлеуметтік шиеленістер жоқ. Осы ретте мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара ынтымақтастық орнатуына баса назар аударылады.

Жергілікті полиция қызметі қаладағы қоғамдық тәртіп пен жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында және қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу мен жолын кесуге бағытталған әртүрлі жедел-алдын алу шараларын жүргізуде. Қазіргі таңда құрамында бір  аумақтық бөілмшесі бар қалалық қызмет өз жұмысын жалғастыруда.

Жезқазған қаласындағы қылмыстық ахуал тұрақты әрі өткен жылмен салыстырғанда жалпы қылмыс 22,2% (1528-ден 1189-ға дейін) төмендеген.

Сонымен қатар, кәмелет жасқа толмағандардың арасында қылмысты болдырмау үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Жезқазған қаласындағы жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында өткен жылдың 12 айында білім беру мекемелері мен денсаулық сақтау саласы мамандарының, сондай-ақ, балалар мен жастардың арасындағы проблемалармен айналысатын өзге де ведомстволардың қатысуымен 10 жедел-алдын алу шарасы мен кең ауқымды акциялар өткізілді. 

Кәмелет жасқа толмағандардың қатысуымен орын алатын қылмыстар санының 73,7% ( 38-ден 10-ға дейін) азаюы жүргізілген алдын-алу шараларының тиімділігін дәлеледей түсті.

Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті қорғау мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізгі бағыттар болып қала бермек.

Қаланың қоғамдық тәртібін қорғау полицияның оның ішінде жол-патрульдік полициясының саптық бөлімшелерінің кешенді күшімен үш ауысымында жүзеге асырылады.

Есептік жылда жолда жүру ережесін бұзғандарды анықтау 12,2 пайызға ( 5889-дан 6605-ке дейін) артқан. Ал, жол-көлік оқиғаларының тіркелуі 10,1 пайызға  ( 69-дан 76-ға дейін) жиілеген. Дегенмен, жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шегіп, жарақат алғандардың саны 8,3 пайызға ( 96-дан 88-ге дейін), өлгендердің саны 11,1 пайызға ( 9-дан 8-ге дейін) төмендеді.

Былтырғы жылы бірнеше мәрте «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Құқытық тәртіп», «Мастығын тексеру» және т.б жедел-алдын алу шаралары өтті.

Қолға алынған осы шаралар көшедегі қылмыстарды азайтуға, сондай-ақ, ұсақ құқық бұзушылықты жедел ашу мен жолын кесуге мүмкіндік береді. Ал, бұл өз кезегінде қоғамда нөлдік төзімділік принципін қалыптастыруға септігін тигізетіні сөзсіз. 

2017 жылдың қорытындысы бойынша қоғамдық орындарда тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 15 пайызға ( 267-ден 227-ге),  көшедегі қылмыстар  14,3 пайызға (98-ден 84-ге) азайды.

Бұл ретте республикалық «Көрші бақылауы» бағдарламасының оң әсері жайында айтпасқа болмас. Қылмысты болдырмай немесе жедел ашуда тұрғындардан келіп жеткен дабыл қоңырауларына уақытылы жеткен тәртіп сақшылары талай қылмыстың алдын алды. 2017 жылы қырағы тұрғындардың көмегімен  157 ұсақ бұзақылық фактісі тіркелген.

Студенттер арасында қылмысты болдырмау және алдын алу үшін бір студенттік топ құрылған. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері мен құқық сақтау органдарына өз еркімен қолғабыс ететін белсенді тұрғындардан құралған полицияның қоғамдық көмекшілер институты да бар.

Жыл басынан 5 еріктіге 26 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындалды.

Учаскелік пункт бөлімшелерінің жағдайын жақсартып, олардың материалды-техникалық жабдықталуын нығайтуға да ерекше көңіл бөлінеді. 2017 жылы №2 полицияның учаскелік пункті үшін жергілікті билік органдарының күшімен Ғарышкерлер көшесі 39 а мекенжайында орналасқан ғимараттан кабинет берілді және жөнделді. Облыстық бюджет есебінен бөлінген 16,9 млн теңгеге  жұмыс істеп тұрған №3, 5, 6 полиция пунктері жөндеуден өтіп, қаланың жол-патрульдік қызметіне 6 автокөлік сатып алынды.

Былтыр бейне сараптама мен оқиғалар хабарламасын пайдалуға мүмкіндік беретін ауқымды қадағалау желісі бар бірыңғай үйлестіру орталығының құрылуы да өте маңызды. Биыл қала көшелерінде тағы 63 бейнебақылау камераларын орнату жоспарланған.

Тұрақтылықтың кепілі саналатын қауіпсіздік әр қала тұрғынының ұранына және санасының ажырамас бөлігіне айналғанда ғана біз қол жеткізілген жетістіктерді сақтап, одан да мол нәтижелерге жетеміз. 

 

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы

Қала тұрғындары үшін коммуналдық сектор жұмысы қашанда өзекті болып қала бермек.

Ал, олардың негізгі міндеті – тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын жылу, су және электрмен үздіксіз және сапалы жабдықтау.

Жылу маусымына әзірлік бекітілген кесте сай  жүргізілді. Барлық өндірістік, әлеуметтік маңызы бар нысандар жылумен, сумен және энергия қуатымен қамтамасыз етілді. Меншікті автономды жылу жүйесі бар әлеуметтік сала нысандарына қажетті көмір қоры жеткізілді.

Жезқазған жылу электр орталығының негізгі және қосалқы жабдықтарын биыл ағымдағы жөндеуден өткізу 2 млрд 942,7 млн теңгені қажет етеді.

Былтыр кәсіпорын есебінен 5 қазандық (№6, 8, 9, 10, 11) пен 3 турбина (№4, 6, 7) жөнделді.

Қазіргі таңда №11 қазандық пен №5 турбинадағы күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Жылу желілеріндегі желілік судың орташа температурасы температуралық кестеге сай.

Геология елді-мекеніндегі қазандықтағы 5 (1, 3, 4, 5, 6) қазандық штаттық режимде жұмыс істеуде. Бір қазандық қорда және қажетті отынмен қамтамасыз етілді.

2017 жылдың қыркүйегінде аталған қазандық нысанын конкурс түрінде өткен  сауда-саттық нәтижесінде «Жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ сатып алды.

Жылумен жабдықтау нысандарын 2017-2018 жылу маусымына дайындау мақсатында «Жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ өз қаржысы есебінен 27,1 км инженерлік желіні жөндеді. Оның 16,2 шақырымы жылу желілері, 8,4 шақырымы ауызсу құбыр желілері және 2,4 км кәріз желілері. Бұл жұмыстар осы желілердегі тозудың өсуіне жол бермей  инженерлік желілердің ағымдағы жағдайын сақтап қалуға мүмкіндік берді. Нормативтік шығындар  17,3 пайызды құрайды.

Энергия беруші кәсіпорындар «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС мен «Жезқазған электр тарату желісі» АҚ  336,5  км электр желісі мен 112 стансаны жөндеуден өткізуі электр желілері шығынын 50% төмендетіп, шағын және орта бизнес кәсіпорындары мен әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы нысандарды және тұрғын үйлерді 200 МВт шамасындағы қосымша қуаттылықпен қаматамсыз етуге жол ашты.

Тұрғын-үй коммуналдық мәселелерді шешумен қатар, қаланы абаттандырып, көріктендіруге де ерекше ден қойылады.

Елді-мекендерді абаттандыру және желектендірудің бағдарламасы аясында 2017 жылы жалпы сомасы 717, 8 млн теңгеге жылдағы ағымдағы жұмыстар атқарылды.

Сонымен қатар, Бекболатсай мен Қостангелді елді-мекендеріндегі суару жүйесі мәселесінің шешу үшін бюджеттік қаражаттан 30 млн теңге бөлініп, 5,9 шақырым суару желісі салынды.

Тұрғындары Жезқазғанды абаттандырылған, жайлы әрі ыңғайлы және заманға сай қала ретінде көргісі келетіні жасырын емес.

Осы ретте былтыр қоғамдық орындарды абаттандыру бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар қолға алынды.

Бейбітшілік 43, Есенберлин 27 және Сарыарқа 20 көшелеріндегі үш аула аумағы абаттандырылып, он балалар ойын алаңқайы мен бес спорттық алаң қалыпқа келтірілді. Геология мен Бекболатсай елді-мекеніне екі балалар ойын алаңқайы орнатылды. Нәтижесінде балалар мен спорт алаңдарының техникалық жағдайы 8 пайызға жақсарып, абаттандырылған аула аумағының үлесі  2 пайызға өсті.

Қаланың сырт көрінісін жақсартып, тұрғындар демалысына қолайлы жағдай жасау  мақсатында Алаш алаңы абаттандырылып, Тәуелсіздік стелласы орнатылды. Сонымен қатар, С.Сейфуллин көшесіндегі саябақ, Даңқ аллеясы, саяси қуғын-сүргін құрбандарына және «Ғарышты бағындырушыларға» арналған ескерткіштер жаңартылды. М.Жәлел көшесіндегі көше сағаты жөнге келтіріліп, оның аумағы абаттандырылды. Соңғы кездері вандализм жағдайларының жиілеуіне байланысты тұрғындардан қаланың көрікті жерлеріне ұқыптылықпен пайдалануға шақырамыз.  Біз бірге туған қаламызды сақтап, оның өркендеуіне атсалысуымез қажет.

Қаланы желектендіру  қала аумақтарының жайлылығын арттырудың бірден бір  жолы.

Биыл қаладағы саябақтар мен алаңдарға кішігірім сәулет нысандары мен гүл құмыраларын орнату жоспарланған.

Алдағы күндері қаланың жасыл қорын сақтау және жасыл желектерді суару мақсатында қаланың суару желілерін күтіп ұстау мен жөндеуден өткізу жұмыстарын ұйымдастырып, 6 ықшам ауданға қосымша сорғыш орнату жоспарланған. 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында қаланың суару желілерін 162,5 млн теңгеге жөндеу жалғасатын болады. 

Қаланың желектендіру мен абаттандыруда  мыс алыбы – «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС зор қолдау көрсетіп келеді.

Қаланың жасыл қорын сақтау және дамыту мақстында 2015 жылдан бастап корпорация өз қаржысы есебінен Кеңгір су қоймасының жағалауын жасылдандыруды қолға алған еді. 2017 жылы корпорация қызметкерлері 12 мың түп тал егіп, оны күтіп-баптады, суарды. Қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға үлес қосып жүрген  «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС жанындағы «Нұр Отан» партиясының бастамасымен жыл сайын қаланың жастар одағы мен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының мүшелері бірлесе Кеңгір жағалауын қоқыстан тазартатынын атап өтпеске болмас.

Биыл да «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС демеушілігімен Ғарышкерлер бақжолын жөндеуден өткізіп, онда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған алаңқай мен балалар ойын алаңын және көшелік спорттық тренажерларын орнату көзделген. Жаяу жүргіншілер жолы мен веложолақтарды қалыпқа келтіру, шахмат тақтасы мен шағын сәулет нысандарын орнату, сонымен қатар, бес субұрқақ құрылысын бастау көзделген. Сондай-ақ, қосымша гүл, тал мен желектер отырғызылып, күтіп-бапталады.

Шағын және орта бизнес өкілдері де қала дамуына сүбелі үлес қосуда.

Жеке кәсіпкерлер бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жіті түсінетіні қуанышты.  Атап айтқанда, кәсіпкер А.Фатыков Бейбітшілік даңғылындағы аумақты абаттандырып, жезқзағандықтардың демалыс орнына айналдырды. Ал, «Ремстрой» ЖШС жағалауды күл-қоқыстан тазартты.

2018 жылы қаланы абаттандыру мен желектендіру бағдарламасы шеңберінде жүзеге асатын ағымдағы жұмыстарға, 20 аулалық аумақты сәулет нысандарымен жабдықтауға және 10 балалар ойын алаңқайы мен 5 футбол алаңын қалыпқа келтіруге 662,7 млн теңге қарастырылған. Осы жұмыстардың нәтижесінде аулалық аумақтарды абаттандыру үлесі жалпы санынан 15 пайызға өседі.

Мәдени ескерткіштерді сақтап қалу мақсатында «Алеша»  саябағын және Абылай хан ескерткіші аумағын абаттандырып, «Қазақстан» композициясын орнату жоспары бар.

 Сонымен қатар, Ғарышкерлер бақжолындағы тіреу құабырғасын абаттандыру, №1 мен №4 орта мектептер арасындағы және Бейбітшілік пен М.Жәлел көшелері қиылысындағы аумаққа демалыс орнын салу қала шырайына шырай қосып, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруге септеседі.

Былтыр орнатылған «Жезқазғанды жақсы көрем» жарық конструкциясы мен түрлі-түстен жарықтандырылған алты нысан түнгі қала келбетін келістіргені анық. Қарағанды-Жезқазған тас жолындағы кіреберіске орнатылған қақпа да қаланы ерекшелендіре түсті.

Қарағанды облысындағы қалалар мен елді мекендерді абаттандыру, жасыл желектерді сақтау және қорғау ережесінің талаптарына сәйкес  134 темір қоқыс жәшігі мен қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған 590 контейнер орнатылып, 71 контейнер алаңы жаңартылды.

Бекболатсай елді-мекенде орнатылған 15 бейне бақылау камерасы санитарлық тәртіпті бұзғандарды анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

2017 жылы бағдарламаға сәйкес, мемлекеттік органның күрделі шығындары бағдарламасы аясында 7,8 млн теңгеге Алашахан 43 мекен жайында орналасқан коммуналдық тұрғын үйдің бір жедел сатысына күрделі жөндеу жасалып, жеделсаты қондырғысы толық ауыстырылды.

Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту үшін жалпы сомасы 53,7 млн теңгеге 187 заңсыз қоқыс алаңы жойылып, полигонда 24930 тонна қатты тұрмыстық қалдық көміліп, иесіз қалған көлікжайлар бұзылды. 

Осы жұмыстарды биыл да жалғастыру үшін 55 млн теңге қарастырылды.

2017 жылы қалалық жерлеу орындарын күтіп ұстауға және қайтыс болған белгілі тұрағы, іздеушісі жоқтарды жерлеуге 7,4 млн теңге жұмсалды.  Биыл да бұл жұмыстар жалғасын табады. Сонымен қатар, мұсылман зиратына жаңа жер беру бойынша мемлекеттік сараптамасы бар жобалық-сметалық құжат дайындау қарастырылған.

Былтырғы жылы көше мен аулаларды үздіксіз жарықтандыруға 161 млн теңге жұмсалды. Тұрғындардың ұсыныс-өтініштері ескеріліп, Қостангелді, Бекболатсай мен Геология елді-мекеніндегі көшелер жарықтандырылып, Жезқзаған-Қарағанды бағытындағы тасжол мен әуежайға апарар жолға энергия үнемдегіш шамдар орнатылды. Сейфуллин мен Алашахан көшелерінде жарықдиодты жарықшамдар орнатылды. Бұл қала аумағын жарықтандыруды 1,9 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Биыл аулалық және көшедегі жарықтарды қалпына келтіру жұмыстары одан әрі жалғасады. Холмецкийдегі және Садовое кольцо көшесіндегі шығыс айналма жолдағы жарықтандыруды қалыпқа келтіру нәтижесінде көшелердегі және жолда жүру қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етіледі.

Көлік инфрақұрылымы

Жол-көлік инфрақұрылымын қамту мен дамуына ерекше мән беріледі.

2017 жылы 3 млрд 323 млн теңге игеріліп 7 көше жөндеуден өтті (14,2км), 15,3 км қалаішілік жолдар, 11,7 км аулаішілік жолдар, Жезқазған қаласы әуежайына апаратын тас жолға (6,2км) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, Жезқазған-Сәтбаев трассасына (5км) және Қызылорда қаласының шекарасы мен Қарағанды қаласының шекарасына дейінгі (199 км) республикалық маңызы бар тас жолы жөнделді.   

Жалпы көлемі 34,6 мың шаршы метр болатын 43-тен аса қала көшелерінің аумағында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 130 млн теңгеге 24,9 мың шаршы метр жолдарға ұсақ тастар төселді.

          Өткен жыл жолдар жылы болғанын өздеріңіз де білесіздер. Жұртшылықтың сұрауы бойынша және жергілікті биліктің күш салуымен қаражат бөлініп Бекболатсай елдімекенінің жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді (Құсайынов көшесі, Қожабай көшесі, Жезді көшесі), Бұлқышев көшесінің аумағында (Қожабай көшесінен Төлебаева көшесіне дейін), Мұқанов және Жезді көшелеріне жаяу жүргінші жолы салынды, Гагарин, Жастар және Сейфуллин көшелеріне жалпы көлемі 5523 шаршы метр болатын техникалық жаяу жүргінші жолы салынды.

          Жалпы аталған іс-шараларды жүзеге асыру жақсы және қанағаттандырылған жағдайдағы автокөлік жолының үлесін 55% дан 67% дейін, аулаішілк жолдарды 31-ден 47 пайызға көбейтуге мүмкіндік берді.

          2018 жылы жалпы сомасы 1 млрд 297 млн теңгені құрайтын қалаішілік жолдарға (Садовое кольцо, Сәтбаев, Бейбітшілік көшелерінің шығыс айналма жолдарына, Бейбітшілік көшесіне жаяу жүргінші жолын төсеу жұмыстары жалғаса береді (Гагарин көшесіне бастап Алашахан көшесіне дейін) және Талап селосының тас жолына жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

         Биыл Жезқазған – Қарағанды қалаларының арасында ұзындығы 231 км-ді құрайтын жолды 3 млрд теңгеге жөндеу жоспарлануда.

         Атқарылған жұмыстар есебінен қанағаттанарлық жағдайдағы автокөлік жолының үлесі 11пайызға өседі.

         Қаладағы күрделі сұрақтардың бірі 5 апаттық жағдайда тұрған жол өткелдері. Оның екеуі №3 және №5 жол өткелдері өткен жылы қайта жөндеуден өтіп, №4 жол өткелінің жөндеу жұмыстары басталды.

Биыл №1 және №2 жол өткелдерін қайта жөндеу жұмыстарына қажет жобалық-сметалық құжаттамалын әзірлеу аяқталады.

         2017 жылы көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 178,5 млн теңге игерілген. 10 бағдаршам нысаны, 350 жол белгілері және 19 аялдамалар алмастырылды, жолды өлшеп белгілеу, жаяужүргінші жолдарын қоршау бойынша жұмыстар жүргізілді.

         Қалаішілік тасымалдау тұрақтылығын қолдау үшін өткен жылы әлеуметтік маңызды бағыттар: Аварийный елдімекені, Талап, Кеңгір селосы, Қабанбай батыр ықшам ауданы және Геологический елдімекені бойынша 22,8 млн теңге көлемінде субсидия игерілді. Сонымен қатар, саяжай алабы тұрғындарының сұрауы бойынша Мыс зауыты, Спутник және Әуежай саяжайлары бойынша бағыттарды субсидиялау ұйымдастырылды.

         Үстіміздегі жылы осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

         2017 жылдың 1 қаңтарынан Жезқазған-Астана бағыты бойынша күнде жүретін пойыздың шығуы және Павлодар қаласына дейін күнәра жүретін 2 тіркемелі вагонның қосылуы логистика саласындағы қуантарлық жаңалық болды. Биыл Жезқазған – Қарағанды бағыты бойынша 6 құрамды қосымша пойыз жүретін болады, Жезқазған-Қызылорда бағытындағы пойыздың вагон сандарын 6-дан 9-ға дейін көбейту жоспарда бар.

         2012-2020 жылдар аралығында Қарағанды облысы бойынша Жезқазған, Сәтбаев қалаларын және Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары аймақтың дамуында орасан зор рөл атқаруда. Дамудың кешенді жоспары 351,5 млрд теңгені құрайтын 88 іс-шарадан тұрады (республикалық бюджет – 169,2 млрд теңге, жергілікті бюджет – 21,4 млрд теңге, бюджеттен тыс қаражат – 160,9 млрд теңге).

         Жезқазған қаласы бойынша жалпы сомасы 261,1 млрд теңге болатын 46 шара қарастырылған (республикалық бюджет – 101,7 млрд теңге, жергілікті бюджет – 19,1 млрд теңге, бюджеттен тыс қаражат – 140,6 млрд теңге, оның ішінде 12,9 млрд теңге «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС тиесілі).

         Кешенді жоспарды іске асыру басталғаннан бері қала бойынша 24,8 млрд теңге игерілген (2012 жылы – 8,9 млрд теңге, 2013 жылы – 4,1 млрд теңге, 2014 жылы – 4,4 млрд теңге, 2015 жылы – 2,6 млрд теңге, 2016 жылы – 2,4 млрд теңге, 2017 жылы – 2,4 млрд теңге).

         Жоспарланған 46 шараның 14-і орындалды, 32-сі жүзеге асырылу деңгейінде.

         2017 жылы 18 іс-шара бойынша 2,4 млрд теңге игерілген (республикалық бюджет – 865,6 млн теңге, жергілікті бюджет – 265,6 млн теңге, бюджеттен тыс қаражат – 1299 млн теңге).

         «Қазгеология» ұлттық геология барлау компаниясының шикізат базасының кеңеюіне байланысты Жезқазған аймағының шикізат базасын толықтыру үшін перспективалық алаңды анықтау мақсатында 155,6 млн теңгеге геологиялық-геофизикалық материалдар қорына кешенді сараптама жасады. Нәтижесінде 9 жаңа перспективалық нысан табылып, оның үшеуінде 2015 жылы жұмыс істеу басталды, 276,5 млн теңге бөлініп, 100 пайызға игерілді. Сондай-ақ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС жеке қаражатына 2014 жылы техногендік минералды түзінділерді: Жезқаған мыс зауыты, №3 қалдыққойма және №1,2 Жезқазған байыту фабрикасының шлактарын екінші рет қайта өңдеуге адамдарды тартуға жағдай жасады.

         Жезқазған аймағы бойынша құнарлығы аз кендерді гидрометаллургиялық технология бойынша қайта өңдеу үшін  «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС кезең бойынша жүзеге асатын жоспар әзірледі. 65 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін бұл жоба құны – 850 млн теңге. Тәжірибелі өндіріс телімі 2015 жылдың тамыз айында қолдануға берілді. Оның базасында тәжірибелік гидрометаллургиялық заводтың құрылыс жұмыстары жалғасуда. Пайдалануға 2019 жылы беріледі деп жоспарлануда.

         Бұл уақыт аралығында индустриалды-инновациялық даму бойынша «Ютария Ltd» тігін фабрикасы пайдалануға берілді, «Племптицеторг» ЖШС «Тұқым орталығын құру» жобасы іске қосылды, 2015 жылдың тамыз айында «Самға» ЖШС сомасы 35 млн теңге болатын «Түрлі диаметрдегі құдық сақиналарын, қабырға және іргетас блогын, бөгет тақталарын ұйымдастыру» жобасын енгізді. 2017 жылы 95 млн теңге болған темір-бетон бұйымдарының өндіріс көлемі 6000 кубты құрады. Жұмысшылардың саны – 120 адам.

         «Жылумен қамтамасыз ету» бөлімі бойынша:

         - Жезқазған және Сәтбаев қалаларының тұтынушыларын сенімді және тұрақты түрде жылумен және электрмен қамтамасыз етудегі жетіспеушілікті өтеу мақсатында Жезқазған қаласында жеке инвестиция есебінен электр қуаты 240 МВт, жылу электрінің қуаты 755 Гкал/сағ құрайтын №2 жылу-электр орталығын салу жобасын іске асыру үшін инвестр қажет. «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Жезқазған қаласының жылу электр орталығын қайта жөндеу жұмыстары жүргізуде. Бүгінде қалалық  жылу электр орталығының жылыту құрылғылары қаланы, мыс қорыту зауытын, байыту фабрикасын толық көлемде жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етуде.

         Жезқазған жылу электр орталығын қайта құруды және жаңғыртуды «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС кестеге сай, инвестициялық бағдарламаға сәйкес жеке қаражатына орындауда.

         Жезқазған жылу электр орталығының қуатын арттыру аясында жылу қуаты 97 Гкал/сағ және электр энергиясының қуаты 50МВт болатын №8 турбинаны орнату  жобасы іске асырылуда.  Осы уақытқа дейін атқарылған жұмыс көлемі 90 пайызды құрайды. 2017 жылы осы жолда бағытталған инвестиция сомасы 2 млрд 730,3 млн теңге.

         Орнатылған құрылғыны пайдалануға бергеннен кейін станциядағы электр энергиясының қуаты 50 МВт-ға артады.

         - жылу жүйелерін (жалпы ұзындығы 482,7 км, оның ішінде магистральді – 60 км, орамды – 422,7 км) қайта жөндеу мен жаңарту үшін 1,2 кезек бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 7,9 млрд теңге болатын мемлекеттік сараптау мен жобалық-сметалық құжаттама бар. Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бірінші кезек бойынша 392,8 млн теңге бөлінген. Байқаудың қорытындысы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады.

         «Сумен қамтамасыз ету» бөлімі бойынша:

         - Қала халқын сапалы сумен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджет есебінен 2010 жылдан бастап Есқұла су құбырының құрылысы жүргізілуде. Барлығы 71,9 км су құбыры салынды, құрылыс жұмысы 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

         - 2015 жылы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС жеке есебінен Үйтас-Айдос су желісін қайта жөндеуден өткізді, 2017 жылы жылу-сумен қамтамасыз ету кәсіпорынымен Үйтас-Айдос су желісінде 2,6 км су құбыры ауыстырылды.

         Қожамсейіт жерасты суларына су бөгеттерін қойып, Жезқазған қаласын сумен қамтамасыз ету үшін дайындалатын жобалық-сметалық құжаттамасын биыл «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС бас жобалық институты  әзірлеуді аяқтайды.

         Жезқазған қаласындағы жалпы ұзындығы 198 км қалаішілік су құбырларының желілерін жөндеу. Жоба 3 кезеңнен тұрады, оның ішінде:

         - 1 кезең бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын, сараптама қорытындысы жасалды, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2019 жылы басталады,

         - 2 кезең бойынша 2017 жылы бас мердігер «Құрылыс» жеке кәсіпкерлігі 6,1 км су құбырларының желісін салып, республикалық бюджеттен 215,1 млн теңге игерілді. Жобаны жүзеге асыру 2017-2018 жылдарға жоспарланған. 2018 жылы сомасы 297,8 млн теңге болатын 9 км су құбырын салу жоспарда бар.

         - 3 кезең бойынша 2017 жылы бас мердігер «Сервис НС» ЖШС республикалық бюджеттен 174,3 млн теңге игеріліп, 12,8 км су құбырларын салынды. Жобаны іске асыру 2017-2019 жылдар аралығына жоспарланған. 2018 жылы сомасы 312,2 млн теңге болатын 20 км су құбырын салу жоспарда бар.

         Шаруашылық ауыз суын тазарту қондырғыларын қайта жөндеуден өткізу бойынша жобалық-сметалық құжатама әзірленіп сараптама қорытындысы алынды, ал жобаның құны 167,6 млн теңгені құрайды. 2018 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарына 167,6 млн теңге бөлінді. Бүгінде мердігер кәсіпорынды анықтау үшін байқау жұмыстары жүргізілуде.

         Талап селосының магистральді су тартқышын қайта жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайын, кешенді ведемстводан тыс сараптама қорытындылары шықты. Жобаның жалпы құны – 264,9 млн теңгені құрайды. 2018 жылы бастапқы құрылыс жұмыстарына 173,5 млн теңге бөлінді. Бүгінде мердігер кәсіпорынды анықтау үшін байқау жұмыстары жүргізілуде.

         Тұтас алғанда жобаларды іске асыру сапалы сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

         «Абаттандыруды және коммуналдық шаруашылықты дамыту» бөлімі бойынша:

         «Жастар» саябағының жөндеу жұмыстары жалғасып келеді (7 га), 2017 жылы 100 млн теңге игерілген. 1,4 км суару желісі салынып, 3 км электрмен жарықтандырылды, 0,968 км қоршау орнатылды және 9682 шаршы метр жаяу жүргінші жолының тақталары салынды. Биыл 100 млн теңге қарастырылған, 2019 жылы жоба аяқталады деп жоспарлануда.

         Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының сыртқы инфрақұрылымын салуға құрылыс жұмыстарын бастау үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, сараптама қорытындысы алынды, құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 142 млн теңгені құрайды.

         «Көлік инфрақұрылымы» бөлімі бойынша:

         - Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы автокөлік жолдарының, Қызылорда – Жезқазған (216-314 км) бағыты бойынша жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы бар. Дайындалған жобалық-сметалық құжаттаманың жарамдылық мерзімі аяқталды. Жобаны іске асыру 2020-2022 жылдарға ауыстырылды.

         Жезқазған – Есіл – Арқалық автокөлік жолдарының, оның ішінде Жезқазған – Арқалық (137-215 км) бағыты бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2017 жылы 158,6 млн теңге жоспарланған, бірақ қаражат қолдау таппады. Жобаны іске асыру 2020-2022 жылдарға ауыстырылды.

         Әлеуметтік салада 6 нысанға толық жөндеу жұмыстары жүргізілді: №11 орта мектеп, Халықтар достығы және мәдениет үйі, С.Сейфуллин атындағы кітапхана, Жедел жәрдем стансасының тері-венерологиялық диспансерінде, наркологиялық мекемеде.

«Экология және табиғатты пайдалану» бөлімі бойынша:

         - Жезқазған қаласының кәріз жүйесін тазарту қондырғыларын қайта жөндеу және жаңарту бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау үшін биыл 12,1 млн бөлінді, мемлекеттік сараптаманың нәтижесі наурыз айында дайын болады.

         Нөсер кәріз желісі мен коллекторлық-кәріздік жүйенің құрылысы бойынша қалада техникалық-экономикалық негіздеме құрастырылды, мемлекеттік сараптаманың оң нәтижесі алынды, жобаның сметалық құны – 6 млрд 118,2 млн теңге.

         Биыл 2012-2020 жылдар аралығында Қарағанды облысы бойынша Жезқазған, Сәтбаев қалаларын және Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары бойынша жоспарланған іс-шараларын жүзеге асыру жалғаса береді. Бұл қала халқының әлеуеттілігінің өсуіне және әлеуметтік тұрақтылықтың нығаюына қызмет етеді.

Құрметті жерлестер!

«5 институциналды реформаны жүзеге асыруға арналған 100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтің маңызды аспектілерінің біріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты алдын алу жатады. Барлық мемлекеттік органдарда сенім телефондары орнатылған, бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы айдарлар жүргізіледі. Жемқорлықпен күрес жұмыстары 2015-2017 жылдардың жоспарына сәйкес, ҚР 2015-2025 жылдары жемқорлыққа қарсы стартегияны іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды аясында жүргізіледі.

         2017 жылы Жезқазған қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес коммисиясы 4 отырыс өткізді. Ақпараттық түсіндіру тобының ұйымдастыруымен 3 семинар, студенттік аудиторияда 2 диалогтік алаңдар, 27 лекция, 20 телевизиялық сюжеттер, сондай-ақ, директорлар мен ұстаздар қауымымен 4 семинар мен 1 дөңгелек үстел өткізілді. «Нұр Отан» партиясының филиалы 3 дөңгелек үстел, жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру үшін 7 іс-шара өткізді.

         Жемқорлыққа қарсы стратегияның маңызды мәселесінің бірі мемлекеттік сатып алу процессінің ашық түрде өтуі мен бюджеттік қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Осы орайда ҚР «мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік органдар «электронды мемлекеттік сатып алу» процедурасын мемлекеттік сатып алу веб-порталында ұсынылатын электронды қызмет арқылы іске асырады. Есептік кезең бойынша нәтижесінде бюджеттік қаражаттан 195,9 млн теңге үнемделіп, мемлекеттік сатып алу бойынша 7 млрд 806,1 млн теңге болатын 94 байқау өткізілген.

         Әкім мен оның орынбасарлары тұрақты түрде азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды. «ҚР орталық және жергілікті атқарушы органдарында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес әкім мен оның орынбасарлары бекітілген кесте бойынша азаматтарды жеке сұрақтары бойында қабылдайды. 2017 жылы қала басшылығымен 65 жеке қабылдау өткізіліп, 328 азаматтың мәселелері тыңдалған. Оның ішінде әкім 181 адамды қабылдап, 23 кездесу өткізген.

         Жеке қабылдау барысында 308 азаматпен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді, 20 сұрақ оң шешім тапты.

         2017 жылы әкім атына 2548 өтініш түскен, бұл 2016 жылы түскен 2276 өтініштен 20,6%-ға артық, оның ішінде жеке тұлғалардан 2276 өтініш түссе, заңды тұлғадан 272, жоғары тұрған органдардан (облыстық әкімдік) 91, депутаттардан 7 өтініш келіп түскен.

         Келген өтініштердің саралауының нәтижесі ең көп өтініш жерді пайдалану бойынша 1145  және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бойынша 1085 өтініш келіп түскенін көрсетеді. Әкім блогына 79, ал облыс әкіміне 84 өтініш келген. Оның 24-і қанағаттандырылды, 139 бойынша түсінік берілді.

         Мемлекеттік органның қызметін ашық түрде жүргізілуін қамтамасыз ету Жезқазған қаласының әкімдігінде құрылған барлық комиссияға мәслихат депутаттары, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер ассоциясы белсенді түрде қатысады.

         Өткен 2017 жылы Жезқазған қаласының әкімдігі 901 қаулы, әкім 130 өкім мен 1 шешім қабылдады. Әкім мен әкімдіктің актілері құқықтық сараптамадан өтті. Қарағанды облысының Әділет департаментіне Жезқазған қаласы әкімдігінің 6 нормативтік құқықтық актілер жіберілді. Олардың барлығы ҚР «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес қоғамдық кеңесте қаралып, оң ұсыныс алды, веб-сайттарға орналыстырылып Қарағанды облысының Әділет департаментінде тіркелгеннен кейін жергілікті басылымдарда жарық көрді.

         Қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуде қоғамдық кеңес орасан зор рөл атқаруда. Азаматтық қоғамның ойын білдіретін кеңес 2017 жылы 9 рет өткізілген.

         Әкімнің  тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты іске асыруда және аймақтың санитарлық жағдайы, құқық бұзушылықты алдын алу бойынша қала жұртшылығымен әкімнің бірлесе жұмыс істеуіне Жезқазған қаласының жергілікті өзін-өзі басқару бойынша 8 территориальды кеңес белсенді жұмыс істейді. 2017 жылдың басынан 71 отырыс жүргізіліп, қала халқының алдында 14 есеп беру, аумақтың маңызды мәселе бойынша әкіммен 1 кездесу өткізілді.

         «Есеп беретін мемлекеттік қалыптастыру» атты Ұлт жоспарының бесінші бағыты аясында мемлекеттік қызметтің ашық түрде өтуін қалыптастыру үшін 2017 жылдан бастап мемлекеттік қызметтің бірыңғай  провайдері болып саналатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмыс істеуде.

         Қала халқына көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру үшін атқарушы органдар 82 мемлекеттік қызмет түрін көрсетуде.

         Есептік кезеңде 28232 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде қағаз жүзінде – 14182 қызмет, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 9015, электронды үкімен арқылы – 5035 қызмет көрсетілді. Электронды мемлекеттік қызметтің үлесі дәстүрлі түрде алынған қызметтің жалпы  санына қатынасы 50,5% құрайды немесе жоспарға сәйкес 100% орындалды.

         Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру үшін 42 түсіндіру шаралары жүргізілді.

         Түсіндіру шаралары 321 адамды қамтыды. 2017 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша шағым түспеді.

Жезқазған қаласындағы мемлекеттік басқару мен мемлекеттік мекемелердің қызметін автоматтандыру және тиімділігін арттыру үшін Қарағанды облысы е-әкімдігінің 12 ақпараттық жүйесі енгізілген.

         Қаланың барлық мемлекеттік мекемелерінде іс жүргізуді қағаз нұсқасына көшірмей-ақ электронды құжат айналымының жүйесіне қосылуға мүмкіндік береді. Сандық іс жүргізуге және билік пен халықтың бірлесіп жұмыс істеуіне толыққанды көшірілген. Қала әкімдігінің барлық қызметі сандық технологиямен қамтылған.

         Тұрғындар арасында 10 мыңнан астап жазылушары бар Instagram және Facebook әлеуметтік желідегі Жезқазған қаласы әкімдігінің парақшалары танымал болуда. 2017 жылы 500 шағымдар түсіп, оларға уақылы жауап берілді.

         Жезқазған қаласы әкімінің аппаратында республикамыздың орталық мемлекеттік органдарымен байланысатын «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интернет порталы» ақпараттық жүйесі енгізілген. 2017 жылы аталмыш жүйе мемлекеттік мекемелерге енгізілген, 2018 жылы жүйені ауыл әкімдіктеріне енгізу жоспарда бар.

         Мемлекет басшысының «5 институциналды реформаны жүзеге асыруға арналған 100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы тапсырмасы бойынша «Ашық үкімет» енгізілді.

         Елбасының берген тапсырмасын жүзеге асыру үшін қалада «электронды үкімет» жұмысын дамытуда жұмыстар жалғаса береді.

         Тұрғындармен есеп беру кездесулері жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Тұрғындармен жұмыс істеуде баса назар аударылады. Өткен жылдардағы есептік кездесуде 758 адам қатысты, 10 ескерту мен ұсыныстар жасалды. Негізі әлеуметтік мазмұндағы сұрақтар қойылды: жолдардың құрылысы мен жөндеуі, білім беру нысандары, денсаулық сақтау және мәдениет, елдімекендерді электрмен және телефонмен жабдықтау туралы. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық сұрақтары ішінде абаттандыру мәселесі, қаланың экологиялық және санитарлық жағдайы сөз болды. 10 сұрақтың 6 шешілді, қалғаны төртеуі осы жылы шешімін табатын болады.

Құрметті жезқазғандықтар!

         Биылғы жылы қарқынды түрде жұмыс істеуіміз керек, өйткені, бұл жыл үлкен қоғамдық-саяси, тарихи маңызы бар оқиғалармен толы болмақ. Оған Астананың 20 жылдығы, еліміздің БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде төрағалық етуі кіреді.

         Мемлекет басшысы биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында: «біз әлемде құрметпен пен сенімнің бренді болған Қазақстанды құрдық»,- деп атап өтті.

         Елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойы, оның қалыптасуы мен Еуразияның дамуындағы маңызды орталыққа айналуы – біздің ортақ мақтанышымыздың белгісі. Біздің мысты қаламыз Жезқазған 2017 жылдың 10 желтоқсанында бұл мерекелік датаны атап өтуге бастау берді. «Әлемде инвесторлар үшін қалалар бәсекеге түсетінін түсінді. Олар мемлекетті емес, өмір сүруге және жұмыс істеуге ыңғайлы қаланы таңдайды»,- деп Президент айтты. Біз, жезқазғандықтар, бұны түсініп, Қазақстандағы инвесторды тарта алатын үздік қалалардың қатарында табылуға талпынамыз.

          Бұндай атаулы шараны атап өту қаланың экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси, мәдени және рухани дамуындағы жеткен жетістіктерді көрсетудің мүмкіндігі болып табылады. Сонымен қатар, жастардың бойында патриотизмді, ертеңгі күнге деген сенімді  тәрбиелеуге септеседі.

         Осы жылы Жезқазған қаласын дамыту аясында маңызды әрі елеулі шаралардың жоспары құрылып, оның қатарына кәсіптің жаңа нысандарын, көпқабатты тұрғын үйлер, балабақшаларды ашу, паркты қайта жөндеуден өткізу және басқа да көлемді шаралар кіреді. Біздің қаламыз батыл идеяларды жүзеге асыра алады деген толық сенімдемін.

Құрметті жезқазғандықтар!

         Жоғарыда аталған міндеттерді орындауда қаланың барлық жауапты мекемелер – партия, қоғамдық бірлестік, шығармашылық және кәсіби одақтар, бұқаралық ақпарат құралдары қызығушылықпен және белсенді түрле атсалысуы керек. Жұмыла жұмыс істеп экономиканы нығайтып, тұрақтылықты қамтамасыз етеміз және тұрғындардың дәулеттілігін арттырамыз. Біздің күшіміз бірлікте! Жезқазғандықтарды жаңа жетістіктерге жігерлендіретін сол бірлік болмақ.