Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты

Жезқазған қаласы әкімінің әкімінің тұрғындармен есеп беру кездесуі

Опубликовано: 30 января 2018 . Обновлено: 16 февраля 2018

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығына сәйкес 2018 жылдың 7 ақпанында Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімінің әкімінің тұрғындармен есеп беру кездесулері өтеді.

 

п/п

Қаланың, селоның атауы

Әкімнің аты, жөні, тегі

Өткізілетін күні мен уақыты

Кездесу өтетін орны

1.       

Жезқазған қаласы

Батырлан Дүйсенбайұлы Ахметов - қала әкімі

7.02.2018ж.

 

С. Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театры Сәтбаев көшесі, 1 сағ.15:00

 

Жезқазған қаласы әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесулері кезеңінде халықтың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін жинау мақсатымен төмендегі мекен-жайларда 2018 жылдың 25 қаңтарынан бастап жәшіктер қойылады:

 

25 қаңтардан бастап:

  1. Бейбітшілік даңғылы, 45, «Самади» дүкені.
  2. Сәтбаев көшесі, 50, «Юникс» дүкені.
  3. 9 орам, Абай көшесі, 93, «Самади» дүкені.
  4. 91 шағын ауданы, Марғұлан көшесі, 29а, «Самади» дүкені..

 

Жезқазған қаласы әкімінің кездесуі қарсаңында (2018 жылдың 25 қаңтарынан бастап) «Жедел желі» сағ. 09.00 ден 18.30 дейін үзіліс 13.00 ден 14.30 дейін жұмыс істейді. Талап-тілектеріңіз бойынша көрсетілген телефонға хабарласуға болады: 73-66-08.

 

Жезқазған қаласы әкімінің аппараты