Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты

Құрметті жезқазғандықтар!

Опубликовано: 08 сентября 2018 . Обновлено: 11 сентября 2018

Қыркүйектің алғашқы күндерінде біз сүйікті қаламыз Жезқазған күнін атап өтеміз. Бұл мереке өзіміз тұратын қаламызға деген сүйіспеншілігімізді паш етіп, барлық тұрғындардың бірлігін нығайтуды мақсат етеді. Әрқайсымыз үшін Ұлы Отанымыз Қазақстан өзіміздің туып-өскен, еңбек етіп, дүниеге ұрпақ әкелген, оларды тәрбиелеп, болашаққа жоспар құрған кіші отанымыздан басталады. Бүгінде біз Жезқазғанды, оның даңқты тарихын, игі дәстүрлері мен соңғы жетістіктерін мақтан етеміз! Біздің қаламыздың болашағы – зор, әлеуеті – үлкен. Болашаққа деген жоспарларымыз жеткілікті. Олардың ішінде қаламызды шексіз сүйетін, оның тұрақты дамуына бей-жай қарамайтын жезқазғандықтардың ұсыныстары да бар.

Бүгінгі таңда Жезқазған туған күнін толық қуатында, ерекше мүмкіндіктермен қарсы алуда. Осы жылдар ішінде өз күшімен, талантымен, ерен еңбегімен қаламыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосқан әрбір жезқазғандыққа алғыс айтамыз! Жезқазғанымыздың болашағының жарқын екендігіне, ал оның еңбексүйгіш және қамқор тұрғындарының батыл жобаларды жүзеге асырып, жасампаз істерге жұмыла алатынына сенімдіміз!

Қымбатты жерлестер!

Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, бақыт пен барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз! Қаламызда әрқашан тұрақтылық пен тыныштық болсын. Әр шаңырақ шаттыққа толып, ырыс-берекесі арта берсін! Армандаңыздар, армандарыңызды жүзеге асырыңыздар, көңіл көтеріп, біздің ортақ мерекеге қосылыңыздар!

Туған күнің құтты болсын, Жезқазған!

Мереке құтты болсын, жезқазғандықтар!

 

Жезқазған қаласының әкімі        Қ. БЕГІМОВ

Жезқазған қалалық мәслихатының  

хатшысы                                    С. МЕДЕБАЕВ