Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты

ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮШЕЙТІЛГЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ

Опубликовано: 25 сентября 2018 . Обновлено: 25 июля 2019

Сыбайлас жемқорлықпен күрес - бұл мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бәрімізге белгілі, сыбайлас жемқорлық қоғамның мемлекетке деген сенімін бұзады, мемлекеттік биліктің тиімділігін төмендетеді, әлеуметтік-экономикалық және рухани өрлеуіне айтарлықтай кедергі келтіреді.

Жезқазған қ. бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта халық арасында да, жеке құрам арасында тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.

2018 жылыдың 8 айының ішінде 3 "дөңгелек үстел" басқа да мемлекеттік органдардың қатысуымен, 9 семинар, дәріскерлер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің белсенділері сөз сөйлеп, теледидардан 7 сұхбат өткізілдң, БАҚ-та 17 мақала жарияланынды.

Жемқорлық құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында жүргізілген түсіндіру жұмыстарымен қатар, Қарағанды облысы бойынша МКД ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп «2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас Жемқорлыққа қарсы стратегиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-шаралар» әзірленген жоспары жүзеге асырылуда. Бұл бағыт "қоғамшыл" мен БАҚ мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын бақылауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қатерлерді анықтауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметті тұтынушылар үшін, мемлекеттік кірістер басқармасында және кеден бекеттерінде шағымдарға арналған жәшіктер орнатылған, азаматтарды қабылдау кестесі бекітілген, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету және жемқорлыққа қарсы іс-қимылды түсіндіретін ақпараттық стенділері орналастырылған, сондай-ақ «сенім телефоны» жұмыс істейді.

Қоғамда жемқорлыққа қарсы көзқарасты және құқықтық сананы қалыптастыру, мемлекет пен  қоғамды осы әлеуметтік зұлымдықпен күресуге шоғырландыру - мемлекеттік қызметкерлердін басты міндеті болып табылады.

мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудің Негізгі шарты ол мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамның сенім, өзара жауапкершілік, әріптестік, айқындық, ашықтық және есеп берушілік принциптері негізінде  жаңа қарым-қатынасы қалыптасуы болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактісін анықталған кезінде, азаматтарға, жергілікті мемлекеттік кірістер органына фактілер мен деректертерді өтініш ретінде ұсынады, мекен-жайымыз Жезқазған қ., Бейбітшілік даңғылы, 26, "Ішкі саясат бөлімі" 26 кабинет. Өтінішті қағаз немесе электрондық түрде электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады. Жезқазған қ. бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, "Сенім" телефоны 8(7102) 733514.

Жезқазған қ. бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Жеке кәсіпкерлермен жұмыс жасау бөлімі