Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты

Қарағанды  облысы Жезқазған қалалық мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЫ

Опубликовано: 30 ноября 2018 . Обновлено: 01 декабря 2018

           «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі –Сайлау туралы Коституциялық заң) 10-бабына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамының қалыптасқаны туралы хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссиясы жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2018 жылғы 30 қарашасынан бастап  20 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

            2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған zhezmaslih@mail.ru.       

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.    

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2018 жылғы 20 желтоқсанына дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 00-ге дейін.

  Жезқазған  қалалық мәслихат

 

С.Медебаев –Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы.

Мәслихаттың орналасқан жері:  Жезқазған қаласы,  Алаш алаңы, 1

Жауапты адам – Ким Александр Анатольевич, Сеилова Бибігүл Жалғасқызы, 10 қабат, қалааралық телефон коды (87102), қызметтік телефоны 711323, ұялы телефондары 87779779948,87777068670, факс нөмірі 711323 , электрондық пошта zhezmaslih@mail.ru .

 

Қалалық мәслихат қалалық сайлау комиссиясының және 33 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:

 

№ р/б

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

 

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1

2

3

4


Қалалық сайлау комиссиясы

 

1.

Қалалық сайлау комиссия

Жезқазған қ,  Алаш алаңы, 1

 

7

 

Учаскелік сайлау комиссиялары - 33

 

1.                         

№ 209

Жезқазған қ,   Сәтбаев көшесі,  1

11

2.                         

№ 210

 Жезқазған қ,   Абай көшесі, 30

7

3.                         

№ 211

Жезқазған қ, Гагарин көшесі, 6

11

4.                         

№ 212

Жезқазған  қ,  Сейфулин көшесі,  40

7

5.                         

№ 213

Жезқазған  қ,  Аманжолов көшесі,  18

7

6.                         

№ 214

Жезқазған  қ, Пушкин көшесі,  35

11

7.                         

№ 215

Жезқазған  қ, Жанасов көшесі,  15

9

8.                         

№ 216

Жезқазған  қ, Железнодорожная көшесі,  1

11

9.                         

№ 217

Жезқазған  қ, Гоголь көшесі,  9

9

10.                    

№ 218

Жезқазған  қ, Абай көшесі, 148

9

11.                    

№ 219

Жезқазған  қ, Абай көшесі,  75

9

12.                    

№ 220

Жезқазған  қ, Гагарин көшесі,  74

9

13.                    

№ 221

Жезқазған  қ, Сарыарқа көшесі,  82

5

14.                    

№ 222

Жезқазған  қ, Ержанов көшесі,  11

7

15.                    

№ 223

Жезқазған  қ, Ержанов көшесі,  11

7

16.                    

№ 224

Жезқазған  қ, Марғұлан көшесі,  50

9

17.                    

№225

Жезқазған  қ, Иманжан көшесі, 11

5

18.                    

№226

Жезқазған  қ, Ғарышкерлер бақ жолы,  52

11

19.                    

№227

Жезқазған  қ, Алашахан көшесі,  15

11

20.                    

№228

Жезқазған  қ, Алашахан көшесі,  15

11

21.                    

№229

Жезқазған  қ, Момышұлы көшесі,  12

9

22.                    

№230

Жезқазған  қ, Анарқұлов көшесі,  19

9

23.                    

№231

Жезқазған  қ, Анарқұлов көшесі,  19

9

24.                    

№232

Жезқазған  қ, Анарқұлов көшесі,  12

9

25.                    

№233

Жезқазған  қ, Алаш алаңы,  3

9

26.                    

№234

Жезқазған  қ, Жәлел көшесі,  10

9

27.                    

№235

Жезқазған  қ, Жәлел көшесі,  12

9

28.                    

№236

Жезқазған  қ, Геологический кенті

5

29.                    

№237

Жезқазған  қ, Кеңгір селосы, Школьная көшесі 2

7

30.                    

№238

Жезқазған  қ, Малшыбай селосы

5

31.                    

№239

Жезқазған  қ, Теректі станциясы, 69

5

32.                    

№240

Жезқазған  қ, Талап селосы, Молодежная көшесі,  21

5

33.                    

№241

Жезқазған  қ, Желтоқсан 4

5

 

Жезқазған қалалық мәслихат