Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің хабарландыруы

Опубликовано: 16 мая 2019

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

E-R-4 санаты үшін:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

         

-Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 289 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 18063 болып тіркелген).

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалаақылары:

Санат

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-R-4

73266

99103

 

«Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ (100600, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1, анықтама үшін телефон: 8(7102) 73-32-53, анықтама үшін телефон/факс: 8(7102)73-41-38, электрондықпошта:zhez_uprperson@krg.gov.kz) төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. «Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы (E-R-4 санаты, 1 бірлік, №01-1):

Функционалдық міндеттері: Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастырумен байланысты жұмыстар кешенін орындау. Кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу.Нысандар құрылысы барысын, жұмыс сапасын, орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының нақты көлемін, нысандарды пайдалануға мерзімінде өткізу, бюджеттік қаражатты мақсатты қолдануды қадағалау.Мердігер ұйымдардың құрылыс-монтаж жұмыстарын жұмыс кестесіне сәйкес жүргізуін, олардың сапасын бақылау.Ф-2 актісі бойынша орындалған жұмыстардың көлемін, жасырын актісі және орындалған сызбаны жүзеге асыру. Күрделі құрылысты анықтауға қатысу. Әкімшілік бағдарламаға кеткен шығынды анықтау, құрылыс нысанының сапасын жақсартуды жүзеге асыру. Инвестициялық жоба қаражаттарын анықтауға (ЖСҚ әзірлеу, жобалық сараптама, мердігерлік жұмысты сатып алу, технологиялық сүйемелдеу, авторлық қадағалау) қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, жылумен, газбен қамтамасыз ету және желдету). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «құрылыс және коммуналдық шаруашылық» мамандықтары бойынша (ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану, құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдар өндірісі, ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және  инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша)) білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы», «Тұтыну кооперативі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

  1. «Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маман - бухгалтері (E-R-4 санаты, 1 бірлік, №01-1-2):

Функционалдық міндеттері: Мекеменің бухгалтерлік есебін жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Міндеттемелер мен мүлікті бағалау, оларды түгендеу, құжаттармен расталуы бойынша жұмысты қамтамасыз ету, шаруашылық операциялардың дұрыс жүргізілуіне ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру, құжатайналымды жүргізуді сақтау.Қызметкерлерге еңбекақы төлеу бойынша есептесудің дұрыстығын және еңбекақы төлеу қордың жұмсалуын,    бюджет қаражаттың сапалы игерілуін бақылау. Бюджет қаражатының игерілуі бойынша есеп құрастыру, бухгалтерлік және статистикалық есептерді дайындау, оларды тәртіпке сәйкес сәйкес органдарға ұсыну. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және оларды белгілеген тәртіпте архивке тапсыру. Мекеменің бағынышты ұйымдарының басшыларына бухгалтерлік есеп, бақылау, есептілік және шаруашылық қызмет сұрақтары бойынша әдістемелік көмек көрсету. Азаматтардың өтініштерін уақытылы қарауды бақылауда ұстау, мекеменің бағынышты ұйымдарының басшыларына және штаттан тыс қызметкерлерге кадрлық мониторинг жүргізу. Мәдени шараларды ұйымдастыру жұмыстарына қатысу.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, статистика). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «қызмет көрсету, экономика және басқару» мамандықтары бойынша (экономика (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), статистика) білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы», «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  1. «Жезқазған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бас маманы (E-R-4 санаты, 1 бірлік, №1-1):

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын базалық деңгейде жүргізу. «Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық жүйесі бойынша жұмыстар атқару. Жобалық-жоспарлау құжаттарын даярлау, келісу және бекіту жұмыстарын ұйымдастыру. Қала құрылысы тәртібін және қала құрылысы ережесін ұстанымын сақтау, қала аумағында нысандарды және кешендерді орналастыруға ұсыныс дайындау. Елді мекендерде сыртқы жарнама нысанын орналастыру бойынша бақылау жүргізу. «Халыққа қызмет көрсету орталығы» интеграциялы ақпараттық жүйесін жүргізу. «Электрондық мұрағат құжаттары» модулін, «Рұқсат беру құжаттары» АЖ жұмысын жүргізу және қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «өнер» мамандықтары бойынша (сәулет) немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда «өнер және мәдениет» мамандықтары бойынша (сәулет), «құрылыс және коммуналдық шаруашылық» мамандықтары бойынша (ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану, құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдар өндірісі) орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұтыну кооперативі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының Жер кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

  1. «Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі» ММ бас маман - мемлекеттік ветеринариялық дәрігері (E-R-4 санаты, 1 бірлік, №10-3):

Функционалдық міндеттері: Қала аумағында Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген тізімге сәйкес аса қауіпті жануарлар ауруларының алдын алу бойынша ветеринариялық іс-шаралар, энзоотиялық аурулар бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап және жоюды ұйымдастыру. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеуді және олардың құнын иелеріне өтеуді ұйымдастыру. Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру. Эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу және эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімін сақтауын қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға аттестаттау жүргізуді ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «ветеринария» мамандықтары бойынша (ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша (ветеринария: ветеринарлық фельдшер-инспектор, ветеринарлық фельдшер, ветеринарлық техник) орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  1. «Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ ауыл шаруашылығы секторының бас маманы (E-R-4 санаты, 1 бірлік, №03-1-1):

Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылық саласындағы ауыл шаруашылық саясатының және стратегиялық жоспарларын іске асыру, ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру және электрлендіру, мемлекеттік және жеке құрылымдарды үйлестіру.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне заңнамаға, мемлекеттік, салалық (салалық), өңірлік бағдарламаларға және осы саладағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдау көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны іске асыру:

- тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер мен олардың негізінде жасалған механизмдерді, арнайы тіркемелермен, автокөлікпен, жерді мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдері бар трейлерлерді, сондай-ақ арнайы автокөлік құралдарын тіркейтін тіркемелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ресімдеу және тіркеу;

- өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, жерді мелиорациялау және жол құрылысы машиналары мен механизмдері, сондай-ақ арнайы көліктік құралдар, тракторларды және өздігінен жүретін шассилерді және олардың негізінде жасалған механизмдерді басқару құқығына куәліктер беру;

- тракторларды және өздігінен жүретін шассилерді және олардың негізінде жасалған, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол құрылысы машиналары мен механизмдерін басқаратын адамдарды, сондай-ақ прокси-дискті арттыру бойынша арнайы машиналарды тіркеу;

- тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассиді, сондай-ақ олар үшін арнайы тіркемелермен, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, жерді мелиорациялау және жол құрылысы машиналары мен механизмдері бар тіркемелерді, сондай-ақ тіркейтін тақталарды шығаратын арнайы көлік құралдарын қоса тіркемелерді, тіркемелерді тіркеу, қайта тіркеу;

- тракторлар мен өздiгiнен жүретiн шассилер мен олардың базасында жасалған тiркемелердi, оның iшiнде арнайы жабдықпен, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығын, жердi мелиорациялау және жол құрылысы машиналары мен тетiктерi бар трейлерлердi, сондай-ақ арнаулы көлiк құралдарын жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізу;

- тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер мен олардың негізінде жасалған тіркемелер, олардың арнайы тіркемелерімен, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, жерді мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдері бар тіркемелерді, сондай-ақ арнайы жолсыз көлік құралдарын қоса алғанда, тіркемелерді жоқтығы туралы ақпарат беру.

Ауылшаруашылық саласында мемлекеттің стратегиялық жоспары мен аграрлы саясатын, ауылшаруашылық өндірісінде механизациялау және электрлендіруді жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, ауыл шаруашылық саласындағы қалалық бағдарламаны дамытуды жүзеге асыруда мемлекеттік және жеке құрылым қызметтерін үйлестіру. Аталған салада бағдарламаны жүзеге асыру және селолық аймақта дамыту мониторингісін жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау. Астықтың түсу мониторингісін, ауылшаруашылық және азық-түлік өнімін кәсіпорындармен қайта өңдеуді жүзеге асыру. Азық-түлік  тауарларының негізсіз баға өсімін болдырмау және инфляциялық үрдісті ұстауға бағытталған, тауарларға баға мониторингісін, меморандумға шартқа отыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Консультациялық көмек көрсету.

Аталған салада аймақтық бағдарламалармен және басқа да нормативті құқықтық актілермен, салалармен (сектор бойынша) мемлекеттік заңға сәйкес агроөндірістік кешенді субьектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Осы мәселе бойынша қаланы әлеуметтік-экономикалық дамуының шұғыл жоспарын жасау. Ақпараттық-аналитикалық жұмыстарды және мониторингінің әдістері мен түрлерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша (аграрлық техника және технология, ауыл шаруашылығын механикаландыру) немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (біліктілігі инженер-механик). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша (ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу, ауыл шаруашылығын механикаландыру), «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (біліктілігі техник-механик) орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Өсімдіктерді қорғау туралы», «Өсімдіктер карантині туралы»,  «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

  1. «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы (E-R-4 санаты, 1 бірлік, №01-3):

Функционалдық міндеттері: Қаланың жер телімдерін беру және таңдау комиссия жұмыстарын ұйымдастыру, заңды және жеке тұлғалардың жер телімдері сұрақтары бойынша өтініштерімен жұмыс жасау. Иесіз жер телімдерін есептік бақылауға алу және жер телімдерін беру. Жер телімдерін табыстау, нысаналы мақсатын өзгерту және мемлекеттік мұқтажға жер телімідерін мемлекетке қайтару қаулыларының жобаларын дайындау.Жер телімдерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту. Елді-мекендердің жер шаруашылығын орналастыру, жерлерді аймақтарға бөлу жобаларын ұйымдастыру, қаланың жерлерін ұтымды пайдалану схемаларын және жобаларын әзірлеу. Жер дауына, сот орындарында талапкер және жауапкер ретінде қатысу, иесіз жер телімдерін бақылауын жүргізу. Жер учаскілерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субьектілерінің есебін жүргізу. Жер телімдерін сату және сатып алу, жалға беру, жер телімдерін уақытша өтеулі және өтеусіз жалдау келісім шарттарын жасау. Зерттеу жұмыстарын  жүргізу үшін жер телімін пайдалануға жергілікті атқарушы органның шешімдерін, ұсыныстарын дайындау. Жерді аймақтарға бөлу (схемаларын) жобаларын бекітуге өкілетті органдарға ұсыну.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (жерге орналастыру, кадастр) немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша (жерге орналастыру), «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану),  «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (кадастр) орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұтыну кооперативі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының Жер кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы хабарландырудың №1 қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтініш;

2) осы хабарландырудың №2 қосымшаға сәйкес 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдықкуәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану

және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын

Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары,ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып  тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама  нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы  3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

           Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап       
7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ-не құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде  тапсырады.

Құжаттар электронды түрде «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің электрондықпочтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi  әңгімелесу басталғанға дейінбір сағаттың ішінде кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне  қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы  құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар  және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде«Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сондай-ақ тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік органның басшылығының келісімімен, конкурстық комиссияның отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде ҚазақстанРеспубликасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтікемесұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

1-қосымша

 

Нысан

 

_______________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

_________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

__________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыстелефоны______________________________

_________________________________________________________________

 

 

________               ____________________________________

(қолы)                   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

2-қосымша

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/Год окончания и наименование учебного заведения

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені(болған жағдайда) /Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата