Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарыныңбос және уақытша бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің хабарландыруы

Опубликовано: 17 июня 2019

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

E-4 санаты үшін:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

E-R-4 санаты үшін:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.  

         

E-G-4 санаты үшін:

          Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

          Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

          Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 мамырдағы №111 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалаақылары:

Санат

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-4

100767

136426

Е-R-4

95245

128834

E-G-4

81211

108279

 

«Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ (100600, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1, анықтама үшін телефон: 8(7102) 73-32-53, анықтама үшін телефон/факс: 8(7102)73-41-38, электрондықпошта:zhez_uprperson@krg.gov.kz) төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос және уақытша бос орындарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы (E-4 санаты, 1 бірлік, №5-1-2):

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік мекеме меншігінің сақталуын, материалдық құндылықтардың дұрыс жұмсалуын және есептен шығарылуын есепке алумен және бақылаумен, үнемдеу режимінің сақталуын, тауарлар мен қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырумен байланысты жұмыстар кешенін орындау. Тауарлы-материалдық құндылықтарды, жұмыстар мен қызметтерді есепке алу, мүлікке түгендеу жүргізу, мүлікті қабылдау-беру. Тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға сенімхаттар беру. Көрсетілген қызметтер бойынша кәсіпорындармен, ұйымдармен өзара есеп айырысуларды салыстыру. Жұмыстар мен қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша есеп пен есептілікті жүргізу, конкурстар өткізу, конкурстық құжаттамаларды дайындау, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын, қаржы жылына тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің номенклатуралық қажеттілігін жасау. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында ақпаратты орналастыру. Бухгалтерлік,статистикалық есептерді, мемлекеттік сатып алу бойынша есептілікті, мемориалдық ордерлерді, өзгертуге өтінімдерді жасау. Кассалық операцияларды жүргізу. Word, Excel, 1-С бухгалтерия, мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, статистика). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда «қызмет көрсету, экономика және басқару» мамандықтары бойынша (экономика (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), маркетинг (салалар бойынша), статистика) орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасының Президентi туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  1. «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер сапасын мониторингтеу және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің бас маманы (E-4 санаты, 1 бірлік, №4-1-2, негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалысында болу кезеңіне 2019 жылдың 14 шілдесіне дейін):

Функционалдық міндеттері: Атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг жүргізу, мемлекеттік мекемелерде электронды түрде көрсетілетін  мемлекеттік қызметтердің ұлғаюна ықпал жасау. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша ақпараттарды  жинау, жинақтау және талдау жасау.Жергілікті атқарушы органдарда электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұлғайту мәселелері бойынша ықпал жасау. Өз құзыреті шеңберінде сыртқы ұйымдармен қарым- қатынас жасасу; қаланың мемлекеттік мекемелерінен ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту мәселелері бойынша ақпараттарды сұрау және жинау. Мемлекеттік органдармен ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің актілері мен тапсырмаларын, облыс, қала  әкімінің  «электронды әкімдік» бағдарламасын құру іс-шарасын жүзеге асыу бойынша бақылауды қамтамасыз ету. «Жол картасы» аясында іс-шарасларын  жүзеге асыру барысын  жарықтандыратын «Жол картасы» веб-сайтын ақпараттық толтыруды қамтамасыз ету. Бірыңғай диспетчерлік қызмет параметрлерінің уақытылы толтырылуын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), «қызмет көрсету, экономика және басқару» мамандықтары бойынша (экономика (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг (салалар бойынша), статистика)  орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  1. «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы (E-4 санаты, 1 бірлік, №3-1-1):

Функционалдық міндеттері: Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру. Мониторинг жүргізу және жетекшілік ететін мәселелер бойынша ақпарат және есеп жасау. Әкім аппаратында құқықтық насихат жүргізу. Қала әкімінің аппаратында құқықтық жалпы оқыту және құқықтық білім беру мектебінің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру. Облыс әкімінің аппаратына, әділет Департаментіне, Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігіне, Қарағанды облысы бойынша этика Кеңесіне Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік бағдарламасын, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес бойынша өңірлік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша, қылмыспен және құқық бұзушылықпен күрес бойынша, адам саудасымен байланысты қылмыстармен күрес бойынша, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ақпараттар мен есептерді дайындау. Халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесу, құқық қорғау органдарының қызметіне талдау жасау. Прокурордың және қадағалау органдарының ұсыныстары, қаулылары мен наразылықтары бойынша материалдарды дайындау, бөлімнің іс қағаздарын жүргізу, қала әкімінің және бөлім басшысының тапсырмасы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша қорытынды дайындау. Қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізу, жол қозғалысы қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша полицияның қоғамдық көмекшілері мен қоғамдық инспекторлардың жұмысын ұйымдастыру және бақылау. Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік теріс қылық фактілері бойынша қызметтік тергеу жүргізу. Әкімдік жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссияның, түзеу мекемелеріне жәрдемдесу жөніндегі Кеңестің жұмысын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Әділет органдары туралы», «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы», «Прокуратура туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы»,«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін,  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Жер кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  1. «Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маман - бас есепшісі (E-R-4 санаты, 1 бірлік, №02-1):

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау, бюджеттік жоспарлау бойынша кешенді жұмыстарды жүргізу. Дебиторлық және кредиторлық  қарызды бақылау. Бухгалтерлік есептерді құру (жылдық, тоқсандық, айлық) бухгалтерлік есептерге түсіндірме жазбасын жазу. Іс – шараларды қаржылық қамтамасыз ету бойынша сұрақтарды шешу, ерекшеліктербойынша нақты шығындар мен кассалық тартып алуларды жүргізу, бөлімнің бюджеттік қаражат бөлу қажеттілігі бойынша ақпарат ұсыну. Мемлекеттік сатып алуларды (жұмыстарды, қызметті)  бөлімнің балансын құрастыру және шығын сметаларының орындалуын бақылау, бас кітапты жүргізу. Мемлекеттік қызметтерді, жұмыстарды сатып алу бойынша еңбек ақыны төлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, статистика). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «қызмет көрсету, экономика және басқару» мамандықтары бойынша (экономика (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), статистика) білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы», «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  1. «Малшыбай селосы әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы (E-G-4 санаты, 1 бірлік, №1-4):

Функционалдық міндеттері: Елді мекен жерінде мал жайылымын анықтау. Елді мекен аумағындағы санитарлық тазалауды ұйымдастыру. Тиісті аумақта пайда болған жағдайда бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынысы бойынша карантинді немесе шектеу шараларын белгілеу туралы шешім қабылдау. Тиісті аумақта жұқпалы ауырған малдардың ошағын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінен соң бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынысы бойынша шектеу шараларын немесе карантинді алып тастау туралы шешімді қабылдау.

Мемлекеттік сатып алулар бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, экономика және қаржы бөліміне мемлекеттік сатып алулар туралы есеп беру, стратегиялық жоспар әзірлеу, олардың орындалуын бақылау және талдау, осы мәселе бойынша анықтамалар мен аналитикалық материалдарды дайындау, тоқсан сайын, жылдық жоспарларды ұйымдастыру және әзірлеу. Негізгі құралдарды түгендеуді жүргізу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға талап:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). «Қызмет көрсету, экономика және басқару», «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) мамандықтары бойынша орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы хабарландырудың 1 қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтініш;

2) осы хабарландырудың 2 қосымшаға сәйкес 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдықкуәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану

және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын

Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары,ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып  тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама  нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7) және 8)  тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

           Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап       
7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ-не құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде  тапсырады.

Құжаттар электронды түрде «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің электрондықпочтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi  әңгімелесу басталғанға дейінбір сағаттың ішінде кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне  қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы  құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар  және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде«Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сондай-ақ тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік органның басшылығының келісімімен, конкурстық комиссияның отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде ҚазақстанРеспубликасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтікемесұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

Нысан

_______________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

_________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

__________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыстелефоны______________________________

_________________________________________________________________

 

 

________               ____________________________________

(қолы)                   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения

2.

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)

3.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/Год окончания и наименование учебного заведения

4.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

5.

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками

6.

Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

7.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені(болғанжағдайда) /Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

8.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

9.

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата