Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік  лауазымының бос орнына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің хабарландыруы

Опубликовано: 17 июня 2019

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

Е-G-3 санаты үшiн:

          Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

          Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

          Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 мамырдағы №111 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

      

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-G-3

90874

122392

 

«Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ (100600, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1, анықтама үшін телефон: 8 (7102) 73-32-53, анықтама үшін телефон/факс:  8 (7102) 73-41-38, электрондық пошта: zhez_uprperson@krg.gov.kz)мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

«Кеңгір селосы әкімінің аппараты» ММ есепке алу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман-бухгалтері (E-G-3 санаты, 1 бірлік, № 6):

Функционалдық міндеттері:Бюджеттік жоспарлаумен, село әкімі аппараты жұмысының негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдаумен байланысты  жұмыстар кешенін орындау. Село әкімі аппараты бойынша мемлекеттік сатып алу келісім-шарттарының жасалуын бақылау. Стратегиялық жоспарды әзірлемейтін әкімшінің бюджеттік бағдарламаларын жасау. Село әкімі аппаратының қаржыландыру жоспарының орындалуын қамтамасыз ету. Селолық бюджеттің атқарылуы туралы балансты және есепті жасау. Бас кітапты жүргізу. Негізгі қорлардың есебін жүргізу, жанар-жағар май шығындарының есебін жүргізу,  бухгалтерлік және статистикалық есептілікті, жалақыны есептеуді, салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді уақтылы ұстап тұруды ұйымдастыру және жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға талап:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша.  Жұмыс өтілі бар болған жағдайда «қызмет көрсету, экономика және басқару» мамандықтары бойынша орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы жіберген құжаттар қабылданады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық  почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде«Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде ҚазақстанРеспубликасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының,Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелгенбұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдықбірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың жәнесаяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілеттіорганның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

_________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

Мені________________________________________________________________

____________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін жәнеорындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыстелефоны____________________________

_____________________________________________________________          ____________________________________

(қолы)                   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.