Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты

Қаланың сандық жобалары

Опубликовано: 25 июня 2019
  1. I. "Білім алу"бағыты

Білім беру мекемелерінде цифрландыру және автоматтандыру бойынша жұмыстар жоспарлы және кезең-кезеңмен жүргізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2 жоба цифрленген: "қаланың балабақшаларына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою" және " мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау". Осы жобамен Жезқазған қаласының барлық мектепке дейінгі ұйымдары қамтылған.

Бүгінгі таңда 10 жалпы білім беретін мектеп робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Биыл тағы 10 мектеп робототехникамен жабдықталатын болады.

Қаланың барлық мектептерінде келесі сандық жүйелер енгізілді:

  1. Ұлттық білім беру дерекқоры-бұл білім беру саласы бойынша алғашқы статистикалық деректерді жинау және өңдеу бойынша бизнес-үдерістерді автоматтандыруға арналған электрондық оқытудың кіші жүйесі.

Бұл жүйе: білім беру ұйымы - білім бөлімі - білім басқармасы – ҚР БҒМ схемасы бойынша әкімшілік деректерді жинауға мүмкіндік береді.

2.Электрондық журнал-ата-аналарды қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, олардың балаларының үлгерімі туралы жедел хабардар етуге, сондай-ақ сыныптар, параллельдер, әдістемелік бірлестіктер бойынша жедел есеп алуға мүмкіндік береді.

3.Edu-mark мобильдік қосымшасы-оқушылардың ата-аналарымен анықтамалық-аналитикалық жұмыстарға арналған. Модуль ата-ана-мектеп байланысын үнемі қамтамасыз етеді.

4.BilimLand.kz -бұл электронды оқытудың әлемдік көшбасшыларының озық жетістіктеріне негізделген мұғалімдерге арналған білім беру онлайн-платформасы, бір мезгілде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді ең заманауи білім беру контентінің ең ірі топтамасы.

5.Айқын" жобасы - бұл оқушылардың білім сапасының мониторингі (5-10 сыныптар)және ата-аналардың негізгі пәндердің бағдарламалық материалдарын меңгергені туралы мобильді ақпараттануы. On-line форматтағы 17 мектепте және off-line форматтағы 2 мектепте "Айқын"жобасы бойынша тестілеу өткізіледі.

II.«Медициналық көмек алу» бағыты:

Денсаулық сақтауды цифрландыру бөлігінде 2018 жылдың қаңтарынан бастап қаланың медициналық мекемелері медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге ауыстырылды. Пациенттер үшін мобильдік қосымшалар әзірленді, емханаларда электрондық кезек енгізілді, электрондық флюоротека құрылды.

Бірыңғай Ситуациялық орталық, бірыңғай жедел жәрдем диспетчерлік қызметі жұмыс істейді. Әрбір "жедел жәрдем" арнайы техникасы GPS навигаторларымен жабдықталған, ол арқылы пациент "жедел жәрдем"қозғалысының орналасқан жері мен бағытын көре алады.

Жедел жәрдем дәрігерлері келгенге дейін пациенттің ауру тарихын зерттейтін планшеттермен қамтамасыз етілген.

Барлық медициналық мекемелерде "Даму-мед"қосымшасы енгізілді. Пациенттер дәрігердің қабылдауына жазылуын "Даму-мед"электрондық жүйесі арқылы жүзеге асырады. Денсаулық сақтау саласындағы цифрлық технологияларды дамыту жалғасуда.

III. «Ақылды қала»бағыты:

Ағымдағы жылы "Қауіпсіз қала" жобасы бойынша қаланың негізгі көшелерінде халықтың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 80 бейнекамералар орнатылды.

Сондай-ақ Smart City бағдарламасы аясында бірыңғай қалалық ақпараттық платформа құру мақсатында "E.QALA"электрондық порталы әзірлеу процесінде.

Бұл электрондық порталдың міндеті қаладағы барлық қызметтерді біріктіру және жұмысының тиімділігін арттыру.