Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының  бос және уақытша бос орындарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің хабарландыруы

Опубликовано: 02 июля 2019

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

Е-R-1 санаты үшiн:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Е-G-3санаты үшiн:

          Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

          Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

          Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 мамырдағы №111 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

      

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-R-1

142461

192366

Е-G-3

90874

122392

 

«Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ (100600, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1, анықтама үшін телефон: 8 (7102) 73-32-53, анықтама үшін телефон/факс:  8 (7102) 73-41-38, электрондық пошта: zhez_uprperson@krg.gov.kz)«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының  бос және уақытша бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. «Жезқазған қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы (E-R-1 санаты, 1 бірлік, №1, негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалысында болу кезеңіне 2019 жылдың 10 шілдесіне дейін):

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын ұйымдастыу және басшылық жасау, құрылыс сұрақтарына қатысты  кешенді жұмыстарды атқару:     сәулет және қала құрылысының сапалы жаңа үрдістер деңгейіне қойылатын талаптардың сақталуын, еңбектің, басқарманың, өндірісті ұйымдастырудың жаңа табыстарға лайықтайтын жолдарын, ғылыммен техниканың жаңа жетістіктеріне сәйкес келетін   кең қолданыстағы  озық технологияларды, жабдықтарды, материалдармен конструкцияларды кеңейтілген түрде пайдалана отырып жобалардың тиімділігі қамтамасыз ету. Құрылыс үшін инженерлік іздестіру  жұмыстарын жүргізу. Жаңа ғимараттардың, инженерлік және көлік коммуникацияларының құрылысын қамтамасыз етту.Бюджеттен қаржыландырылатын нысандар құрылысының бағдарламаларын негіздемелерін, болжамдарын әзірлеу. Бюджет тарапынан әзірленетін жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге, сараптама жүргізуге, бекітілген тәртіпте  келісуді және  бекіту жұмыстарын жүргізу. Инвестициялық топтаманың ұзақтығының қысқарту, сонымен қатар күрделі салымдардың тиімділігінің арттыру. Тұрғындарға қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында  тұрғын аудан, қоғамдық орталықтардың, шағын аудандардың кешенді құрылыстарын және оларға кіретін  қалақұрылысы кешендері құрылысын қамтамасыз ету. Құрылыстың жылдық жоспарын әзірлеу және оны белгіленген тәртіпте келісуді қамтамасыз ету.  Жобалау-зерттеу жұмыстарына және құрылыс-монтаждық жұмыстарға қатысты тендерді белгіленген тәртіпте өткізу және әзірлеуге қатысу. Жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге қатысты  бастапқы деректемелерді   беру.Жобалық-сметалық құжаттаманы белгіленген тәртіпте келісу және бекіту (келісім құныны анықтай отырып),  сонымен қатар сараптама органдары мен мердігер мекемелердің  ескертпелерімен қорытындыларын түзету мақсатында қажетті құжаттамаларға өзгерістер енгізу. Жобалаушы  мекемемен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу  және тапсыру,  оның орындалысын бақылаудың кестесін келісу.Бюджеттік бағдарламалар әкімшілігінің нысандары бойынша  құрылыс-монтаждық жұмысатар және жобалау –іздестіру жұмыстарын жүргізу бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету.  Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін бастапқы деректемелерді  және техникалық тапсырманы беру. Мердігерлік құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге және  жобалық-іздестіру жұмыстарын жүргізуге  бекітілген тәртіпте келісім-шартқа отыру. Бөлім құзырына жататын сұрақтар бойынша,  бюджеттік бақдарламар, жобаланған іс-шаралар бойынша заңнамалық және басқада нормативтік-құқықытық актілердің орындалысын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға талап:

Білімі – жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (құрылыс, жылумен, газбен қамтамасыз ету және желдету, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру); «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Жер кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2.«Малшыбай селосы әкімінің аппараты»  ММ бас маманы (E-G-3 санаты, 1 бірлік, №1-2):

Функционалдық міндеттері:Елді мекен жерінде мал жайылымын анықтау. Елді мекен аумағындағы санитарлық тазалауды ұйымдастыру. Тиісті аумақта пайда болған жағдайда бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынысы бойынша карантинді немесе шектеу шараларын белгілеу туралы шешім қабылдау. Тиісті аумақта жұқпалы ауырған малдардың ошағын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінен соң бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынысы бойынша шектеу шараларын немесе карантинді алып тастау туралы шешімді қабылдау.

Мемлекеттік сатып алулар бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, экономика және қаржы бөліміне мемлекеттік сатып алулар туралы есеп беру, стратегиялық жоспар әзірлеу, олардың орындалуын бақылау және талдау, осы мәселе бойынша анықтамалар мен аналитикалық материалдарды дайындау, тоқсан сайын, жылдық жоспарларды ұйымдастыру және әзірлеу. Негізгі құралдарды түгендеуді жүргізу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға талап:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «ветеринария» мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда «қызмет көрсету, экономика және басқару» мамандықтары бойынша, «ветеринария»  мамандықтары бойынша орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы», «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы жіберген құжаттар қабылданады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық  почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде«Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың жәнесаяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілеттіорганның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

_________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

Мені___________________________________________________________

____________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін жәнеорындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыстелефоны____________________________

_____________________________________________________________          ____________________________________

(қолы)                   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.