Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты

«Сарыарқа Адалдық Алағасы» жобасының жарғысы

Опубликовано: 25 июля 2019 . Обновлено: 06 сентября 2019

1-бөлім. Жобаның негізі және миссиясы


    Жобаны іске асырудың негізі болып Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы табылады.
    «Сарыарқа Адалдық Алағасы» жобасының (бұдан әрі - жоба) миссиясы - сыбайлас жемқорлықты азайту, сыбайлас жемқорлықтан бас тартуды қалыптастыру және Қарағанды облысының мемлекеттік органдарына азаматтардың сенімін арттыру.

2-бөлім. Жобаны іске асыру бағыттары


    Жоба келесі блоктарда жұмыс істейді:

- ішкі сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтарға жайлы жағдай жасау;

- қоғамдық бақылауды жүзеге асыру;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

    Көрсетілген блоктарда келесі бағыттар бөлінген:

- ішкі сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдай жасау

1) білім;

2) денсаулық сақтау;

3) әлеуметтік қамсыздандыру;

4) сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;

5) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары;

6) мемлекеттік кірістер органдары;

7) сот және құқық қорғау органдары;

8) бірінші басшылардың жеке жауапкершілігі.

- қоғамдық бақылауды жүзеге асыру

1) қоғамдық бақылау картасы;

2) қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы;

3) мемлекеттік сатып алу мониторингі.

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру;

2) ақпараттық жұмыс. 

Жобаның ұзақтығы


    Жобаның ұзақтығы: 1 қаңтар - 31 желтоқсан, 2019 жыл.
    Жоба Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы мен Қарағанды облысы әкімінің бірлескен шешімімен ұзартылуы мүмкін.

Жобаны ұзарту немесе оны тоқтату туралы шешім 2019 жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылданады.

Жобаның кадрлық құрамы


    Жобаны жүзеге асыруды жобалық кеңсе қамтамасыз етеді.

Жобаның кураторы - Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Дүйсебаев Асылбек Жексенбайұлы.

Жоба үйлестірушілері - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаменті) Сарсенов Жандос Шералыұлы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Денис Владимирович Шакенов .

    Жоба жетекшісі (жобалық кеңсе) қызметіне қоғамдық өкіл (қоғамдық кеңестердің мүшелері, арнайы бақылау топтары, «Нұр Отан» партиясының филиалдары, Қазақстан халқы Ассамблеясы, жастар ұйымдары және т.б.) тағайындалады.

Оның тағайындалуын облыс әкімімен келісім бойынша жоба кураторы жүзеге асырады.

Жетекші Жобаның қызметін үйлестіру және ұйымдастыру үшін жауап береді.

    Жоба менеджері Қарағанды облысының Жастар саясаты департаментінің «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ (бұдан әрі - Жастар ресурстық орталығы) қызметкерлерінен кемінде 5 адамнан тұратын жоба офисінің қызметкерлерін конкурстық негізде қалыптастырады.

Байқау сұхбат және жазбаша тапсырмалар (эссе) арқылы өткізіледі.

    Жоба менеджері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында міндетті оқудан өтеді, жоба офисінің қызметкерлері Қарағанды облысындағы филиалында міндетті оқудан өтеді.


5-бөлім. Жобаны қаржыландыру


    Жобалық кеңсе Қарағанды облысы әкімдігінің ғимаратында орналасқан.
    Жобаны қаржыландыру, оның ішінде көлік шығындарын, кеңсе жабдықтарын, кеңсе тауарлары мен басқа да заттарды төлеу Қарағанды облысының жергілікті бюджеті есебінен жүзеге асырылады.
    Жоба менеджеріне жалақы негізгі жұмыс орнында төленеді.

Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңда қарастырылған әлеуметтік кепілдемелерді сақтайды.

    Жобалық кеңсе қызметкерлеріне жалақы Жастар ресурстық орталығынан төленеді.
    Іссапар шығыстары бойынша қаражат Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаменті мен жастар ресурстық орталығының бюджетінде қарастырылған.
    Көрсетілген блоктар мен бағыттардағы Жобаның қосымша қаржы ресурстары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Қарағанды облысы әкімдігінің ішкі саясат, жастар саясаты басқармасы арқылы, оның ішінде қазіргі «Азаматтық бақылау» әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қарастырылған.

6-бөлім. Жобаны басқару


    Жобаның жоғарыда аталған блоктары мен бағыттарындағы жұмыстарды нақты жобалар мен мерзімдерді көрсете отырып, іс-шаралар жоспары негізінде жобаның тиісті тобы қамтамасыз етеді.

    Жобалық топтардың құрамын тәлімгер облыс әкімімен келісе отырып анықтайды