Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің хабарландыруы

Опубликовано: 25 июля 2019

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

E-4 санаты үшін:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

E-R-4 санаты үшін:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.  

         

E-G-4 санаты үшін:

          Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

          Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

          Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 мамырдағы №111 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалаақылары:

Санат

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-4

100696

136444

Е-R-4

95210

128834

E-G-4

81229

109367

 

«Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ (100600, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1, анықтама үшін телефон: 8(7102) 73-32-53, анықтама үшін телефон/факс: 8(7102)73-41-38, электрондық пошта: zhez_uprperson@krg.gov.kz) төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы (E-4 санаты, 1 бірлік, №3-1-1):

Функционалдық міндеттері: Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру. Мониторинг жүргізу және жетекшілік ететін мәселелер бойынша ақпарат және есеп жасау. Әкім аппаратында құқықтық насихат жүргізу. Қала әкімінің аппаратында құқықтық жалпы оқыту және құқықтық білім беру мектебінің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру. Облыс әкімінің аппаратына, әділет Департаментіне, Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігіне, Қарағанды облысы бойынша этика Кеңесіне Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік бағдарламасын, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес бойынша өңірлік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша, қылмыспен және құқық бұзушылықпен күрес бойынша, адам саудасымен байланысты қылмыстармен күрес бойынша, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ақпараттар мен есептерді дайындау. Халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесу, құқық қорғау органдарының қызметіне талдау жасау. Прокурордың және қадағалау органдарының ұсыныстары, қаулылары мен наразылықтары бойынша материалдарды дайындау, бөлімнің іс қағаздарын жүргізу, қала әкімінің және бөлім басшысының тапсырмасы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша қорытынды дайындау. Қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізу, жол қозғалысы қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша полицияның қоғамдық көмекшілері мен қоғамдық инспекторлардың жұмысын ұйымдастыру және бақылау. Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік теріс қылық фактілері бойынша қызметтік тергеу жүргізу. Әкімдік жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссияның, түзеу мекемелеріне жәрдемдесу жөніндегі Кеңестің жұмысын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Әділет органдары туралы», «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы», «Прокуратура туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін,  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Жер кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  1. «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы (E-4 санаты, 1 бірлік, №1-1-3):

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №144 бұйрығына сай, Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары талаптарының сақталуына бақылауды ұйымдастыру. Азаматтардың жазбаша өтініштерін тіркеумен, оларды қарау мерзімі, сапасымен, орындалған өтініштерді бақылаудан алу мен ТӨБЕ ААЖ азаматтардың өтініштерін тіркеуге байланысты жұмыстар кешенін орындау. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы» №1-ОЛ нысанындағы статистикалық есепті құру және оны Қарағанды облысы бойынша ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басқармасына тоқсан сайын тапсыру. Жалпы азаматттардың өтініштерімен жұмыстар туралы ақпараттар дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету) немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда «қызмет көрсету, экономика және басқару» мамандықтары бойынша (іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану), «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  1. «Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы (E-R-4 санаты, 1 бірлік, №01-1):

Функционалдық міндеттері: Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастырумен байланысты жұмыстар кешенін орындау. Кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу.Нысандар құрылысы барысын, жұмыс сапасын, орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының нақты көлемін, нысандарды пайдалануға мерзімінде өткізу, бюджеттік қаражатты мақсатты қолдануды қадағалау.Мердігер ұйымдардың құрылыс-монтаж жұмыстарын жұмыс кестесіне сәйкес жүргізуін, олардың сапасын бақылау.Ф-2 актісі бойынша орындалған жұмыстардың көлемін, жасырын актісі және орындалған сызбаны жүзеге асыру. Күрделі құрылысты анықтауға қатысу. Әкімшілік бағдарламаға кеткен шығынды анықтау, құрылыс нысанының сапасын жақсартуды жүзеге асыру. Инвестициялық жоба қаражаттарын анықтауға (ЖСҚ әзірлеу, жобалық сараптама, мердігерлік жұмысты сатып алу, технологиялық сүйемелдеу, авторлық қадағалау) қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, жылумен, газбен қамтамасыз ету және желдету). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «құрылыс және коммуналдық шаруашылық» мамандықтары бойынша (ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану, құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдар өндірісі, ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және  инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша)) білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы», «Тұтыну кооперативі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

  1. «Жезқазған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бас маманы (E-R-4 санаты, 1 бірлік, №1-1):

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын базалық деңгейде жүргізу. «Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық жүйесі бойынша жұмыстар атқару. Жобалық-жоспарлау құжаттарын даярлау, келісу және бекіту жұмыстарын ұйымдастыру. Қала құрылысы тәртібін және қала құрылысы ережесін ұстанымын сақтау, қала аумағында нысандарды және кешендерді орналастыруға ұсыныс дайындау. Елді мекендерде сыртқы жарнама нысанын орналастыру бойынша бақылау жүргізу. «Халыққа қызмет көрсету орталығы» интеграциялы ақпараттық жүйесін жүргізу. «Электрондық мұрағат құжаттары» модулін, «Рұқсат беру құжаттары» АЖ жұмысын жүргізу және қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «өнер» мамандықтары бойынша (сәулет) немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда «өнер және мәдениет» мамандықтары бойынша (сәулет), «құрылыс және коммуналдық шаруашылық» мамандықтары бойынша (ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану, құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдар өндірісі) орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұтыну кооперативі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының Жер кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

  1. «Жезқазған қаласының білім бөлімі» ММ жалпы орта білім беру секторының бас маманы (E-R-4 санаты, 1 бірлік, №1-6):

Функционалдық міндеттері: Білім ұйымдарының кадр жұмысын жүзеге асыру және әдістемелік көмек көрсету. Бөлімнің қызметкерлері мен бағынысты ұйымдар қызметкерлерін марапаттауға ұсыну. Кадр іс қағаздарын жүргізу, «Е-қызмет» персоналды басқару ақпаратты жүйесі арқылы жүзеге асыру. Кадр қажеттілігін өтеу үшін байланысты еңбек нарығын зерттеу. Бағынысты мекемелерде біліктілік аттестаттау, конкурстық комиссияны әдістемелік, ұйымдастыру ақпаратымен қамтамасыз ету. Құжаттамалық және іс жүргізу жұмыстарын үйлестіру және бақылау. Бөлімнің мұрағат ісін жүргізуді ұйымдастыру. Бөлімнің перспективалық, жылдық жоспарының жүзеге асырылуын, жемқорлыққа қарсы стратегияның жоспарының, білім саласындағы мақсаттарға қол жеткізу бойынша ақпараттар жинақтау, жоспарлау, үйлестіру. Бөлім басшысының жиналыстарын ұйымдастыру, хаттама жазу, олардың орындалысын бақылау. ИСО СМК жүйесі жұмысының ұйымдастырылуына, оның енгізілуі мен жұмыс қалпында ұстау бойынша жұмыс жасау.Бөлімнің интернет-ресурсы жұмыстарын жүргізу.  Бөлім қызметкерлерінің жалпықұқықтық оқумен қамту жұмыстарын ұйымдастыру. Ай сайынғы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мониторингті жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «білім» мамандықтары бойынша (мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, педагогика және психология, музыкалық білім, бейнелеу өнері және сызу, дене шынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық, математика, физика, информатика, химия, биология, тарих, құқық және экономика негіздері, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, кәсіптік оқыту, орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда «білім беру» мамандықтары бойынша (мектепке дейінгі тәрбиеле және білім беру, тәрбие жұмысын ұйымдастыру  (деңгей бойынша), дене тәрбиесі және спорт, кәсіптік білім беру (салалар бойынша), бастауыш білім беру, бейнелеу өнері және сызу, технология, музыкалық білім беру, өмір қауіпсіздігі және валеология) орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасының Президентi туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

  1. «Малшыбай селосы әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы (E-G-4 санаты, 1 бірлік, №1-4):

Функционалдық міндеттері: Елді мекен жерінде мал жайылымын анықтау. Елді мекен аумағындағы санитарлық тазалауды ұйымдастыру. Тиісті аумақта пайда болған жағдайда бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынысы бойынша карантинді немесе шектеу шараларын белгілеу туралы шешім қабылдау. Тиісті аумақта жұқпалы ауырған малдардың ошағын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінен соң бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынысы бойынша шектеу шараларын немесе карантинді алып тастау туралы шешімді қабылдау.

Мемлекеттік сатып алулар бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, экономика және қаржы бөліміне мемлекеттік сатып алулар туралы есеп беру, стратегиялық жоспар әзірлеу, олардың орындалуын бақылау және талдау, осы мәселе бойынша анықтамалар мен аналитикалық материалдарды дайындау, тоқсан сайын, жылдық жоспарларды ұйымдастыру және әзірлеу. Негізгі құралдарды түгендеуді жүргізу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға талап:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). «Қызмет көрсету, экономика және басқару», «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) мамандықтары бойынша орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы хабарландырудың 1 қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтініш;

2) осы хабарландырудың 2 қосымшаға сәйкес 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдықкуәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану

және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын

Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары,ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып  тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама  нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7) және 8)  тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

           Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап       
7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ-не құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде  тапсырады.

Құжаттар электронды түрде «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің электрондықпочтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi  әңгімелесу басталғанға дейінбір сағаттың ішінде кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне  қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы  құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар  және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде«Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу қағидаларының 53 тармағына сәйкес (Агенттіктің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сондай-ақ тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік органның басшылығының келісімімен, конкурстық комиссияның отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде ҚазақстанРеспубликасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтікемесұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

Нысан

 

_______________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

_________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

__________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________

_________________________________________________________________

 

 

________               ____________________________________

(қолы)                   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты
және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі
түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған
жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/Год окончания и наименование учебного заведения

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені(болған жағдайда) /Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

8.

Жазатүрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттың
қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата