Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты

Жезқазған қаласы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінде 2019 жылдың 1 жарты жылдығында атқарылған жұмыстар туралы

Опубликовано: 04 июля 2019

2019  жылы  6 айда әкім аппаратына 1640 (2018-1561) өтініш түскен, оның ішінде жеке тұлғадан 1356, заңды тұлғадан 284, яғни өткен жылға қарағанда 5%-ға артық (79 өтінішке артық) өтініш қарастырылды.

Жоғары тұрған органдардан 81;

Облыстық әкімдіктен – 61;

Президент Әкімшілігінен – 20;

Азаматтардан келіп түскен өтініштердің ішінде 519-сінің мазмұны  тұрғын үйді жекешелендіру және бөлу, коммуналдық шаруашылық сұрақтары бойынша (пәтер, үй, төбе, жөндеу, жылумен жабдықтау, ыстық және суық сумен, электр қуатымен қамтамасыз ету, ПИК жұмыстарының сұрақтары) – (31%).

Жер бөлігін бөлу, сатып алу, жалға алу сұрақтары бойынша 856- (52%)

Еңбек, жұмыспен қамту  және әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша - 55

Мәдениет сұрақтары бойынша  22;

Білім беру сұрақтары бойынша 20;

Кәсіпкерлік бойынша  15;

Әртүрлі сұрақтар бойынша өтініштер 153

Қайталанған өтініштер - 7

Өтініштердің ішінде қанағаттандырылғаны – 848, қанағаттандырылмағаны -46, 631 өтінішке түсінік берілді, тоқтатылғаны –65, басқа мекемеге қарауға жіберілгені – 6, айдың аяғында қалдық -102 өтініш.

Қала әкімінің блогына түскен өтініштер 55; Облыс әкімінің блогына  35 өтініш түскен.

Мерзімін өткізіп жабылған жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер саны – 3 (28.05.2019 жылғы ЖТ-ҰЖ-909, 31.05.2019 жылғы ЖТ-ҰЖ-915, 26.05.2019 жылғы ЖТ-М-897, орындаушы: Сансызбаев К.К.)

«Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы органдарында жеке және заңды тұлға өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, қала әкімімен және әкімнің орынбасарларымен ғимараттың кіре берісіндегі ілінген кестеге сәйкес тұрақты түрде азаматтар қабылданады.

2019 жылдың 6 айында 19 жеке қабылдау өткізіліп, онда 226 азамат қабылданды.

2019 жылдың 6 айы  бойынша Жезқазған қаласының әкімі Қ.Б.Бегімовпен 8 қабылдау өткізіліп, 114 жеке тұлға қабылданды.  Қабылданған жеке тұлғалардың ішінде, зейнеткерлер саны- 25, жетім балалар саны- 2, Мүгедектер саны- 5. Қабылдау барысында 187 мәселе қаралды. Қарастырылған 187 мәселенің  102-сіне  бірден түсініктер берілді, 78 сұрақтарға қатысты әкім орынбасарлары мен дербес атқарушы органдар басшыларына  түрлі тапсырмалар жүктелді, 7 мәселе бірден шешіліп, қанағаттанарлық жауап берілді.  

1 жеке тұлға (Т.Худайбердиев, 09.01.2019ж, 20.03.2019ж.) қабылдауға қайталанып кірді.

Қала әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысымен 11 жеке қабылдау жүргізіліп 112 азамат қабылданды.

Қарағанды облысы әкімі Е.Ж.Қошановтан қала және аудан әкімдеріне және қала әкіміне жеке 126 тапсырма берілген, оның 110-ы  орындалған,              16-сы бақылауда.

2019 жылдың басынан бастап Жезқазған қаласы әкім аппаратына барлығы 4997 (5224 – 2018ж.)  ресми хаттар түскен, оның ішінде жоғарғы органдардан (облыстық әкімдік, Мемлекеттік қызмет істері агентігі, жетекшілік ететін басқармалар, департаменттер) 2407 (2107 – 2018ж) хат, қалған барлық хаттар төменгі тұрған органдардан, қаланың басқа ұйымдарынан жолданған.

Бұл кезеңдегі Жезқазған қаласы әкім аппаратынан жөнелтілген шығыс хат-хабарлар 895 хатты құрады. Өткен жылмен салыстырғанда (2018ж.-962) сәйкес кезеңде 67 хатқа азайған. Хаттар ақпараттық-таныстыру сипатында.

2019 жылдың басынан Жезқазған қаласы әкімінің аппаратында әкімдіктің 20 отырысы  өткізіліп, қала әкімдігінің 487 қаулысы қабылданды, қала  әкімімен 77 өкім ресімделді.

 

 

Құжаттамалық қамтамасыз ету және

бақылау бөлімінің басшысы                                                    Ж. Еділбаева

эл. Пошта: Zh.Edilbaeva@karaganda-region.gov.kz, тел: /87102/735641

05.07.2019 жыл