Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты

Жезқазған қаласының әкімі, оның орынбасарлары және қала әкімі аппаратының басшысы арасындағы МІНДЕТТЕРДІ БӨЛІСУ

Опубликовано: 25 января 2010 . Обновлено: 09 августа 2019

Жезқазған қаласының әкімі

Әкімдік қызметіне басшылықты жүзеге асырады.

Мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапкершілік алады.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен және Үкіметімен, облыс әкімімен және облыс әкімі аппаратымен, басқа да органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста қала мүддесін ұстанады.

Облыс әкіміне тиісті тұлғаларды мемлекеттік наградалармен марапаттау, құрметті және өзге атақтар беру туралы ұсыныс енгізеді.

Кеңгір, Малшыбай және Талап селолары әкімдіктері мен әкімдерінің жұмысын үйлестіреді.

Қалалық маслихаттың бекітуіне әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару сызбасын ұсынады.

Бюджеттік, шағын және орта бизнесті дамыту, даму бағдарламаларын іске асыруды бақылау жөніндегі, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі және құқық бұзушылықтың алдын алу, Жезқазған қаласы әкімдігі жанындағы антитеррористік, төтенше жағдайларды ескерту және жою жөніндегі комиссияларды, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін, жастар саясаты және Отан сүйгіштікке тәрбиелеу жөніндегі, қала құрылысы кеңестерін  басқарады.

Өз құзыреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру мәселелері бойынша заңнаманы орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Жезқазған қаласының азаматтық қорғанысының бастығы болып табылады.

Жезқазған қаласының мемлекеттік органдарының барлық атқарушы және құқық қорғау органдарының келісімді жұмыс істеуін, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз етеді.

Азаматтарды жеке қабылдайды, олардың өтініштері мен арыздарын қарайды. Қала әкімнің және әкімдігінің атынан шарттарға қол қояды.

 Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы, орта, бастауыш, кәсіптік білім және әлеуметтік – мәдени сала мекемелерін материалдық – техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсетеді. Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді жинауға көмек көрсетеді.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі және банк пен кассалық құжаттарға бірінші қол қою құқығымен несиелерді бөлуші болып табылады.

Мына тұлғаларды: қала әкімінің орынбасарларын, қала әкімі аппаратының басшысы мен қызметкерлерін, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және одан босатады.

Қала әкімінің экономика, бюджеттік жоспарлау, қаржы, өнеркәсіп, АӨК және жер қатынастары сұрақтары жөніндегі орынбасары

Экономика, бюджетті жоспарлау, жергілікті бюджеттің орындалуы, коммуналдық меншікті басқару, өндірістік кәсіпорынның жұмысына мониторинг жүргізу, олардың жұмыстарының тиімділігіне және аймақта резервтің өсуіне анықтау жүргізу.

Қаланың агроөндірістік кешенінің дамуы, бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыруға басшылық жасау, жергілікті бюджет жобасын жасау, бюджеттің орындалуы жөнінде облыстық жергілікті атқарушы органдармен байланысты жүзеге асыру.

Ауылдық аумақтарды дамытуға жауапты болады.

Ауыл шаруашылығы және АӨК, жер қатынастары, мемлекеттік мекемелердің инвестициялық жобаларына сәйкес даму басымдылығын облыстық басқармаларда келісуді, сонымен қатар, жетекшілік ететін сала бойынша бюджет қаражатының мақсатты, тиімді және уақытылы игерілуін үйлестіреді.

 Атқарушы органдардың және аграрлық өндірістің өсімі мен тұрақтануы бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерді, ауылдың өмір сүру деңгейін, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының жорамалын қалыптастырып, қалалық бағдарламаның дамуын жүзеге асырудағы бағалау көрсеткіштерін талдау, сонымен қатар инновацияларды дамыту саласындағы жұмыста экономикалық және бюджеттік жоспарлауда стратегиялық мақсаттары мен артықшылықтарын қалыптастырады, «Өнімділік - 2020», «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы», «Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарлама» атты мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасын (жобаларды жүзеге асыру барысында мониторинг және бақылау, нысандарды тиісті уақытында іске қосу мен олардың жобалық қуатына шығуын қамтамасыз ету, Индустриализациялау картасына енгізу үшін жобаларды іздестіру, іріктеу және ілгерілету) мемлекеттік органдармен, бизнес-қоғамдастықтармен қарым-қатынасы, кәсіпкерлерге арналған әкімшілік кедергілерді төмендету, коммуналдық меншікті басқару, сауда саттық, экономиканың өндрістік секторын дамыту, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамытуды іске асыруды қамтамасыз етеді.

Аса қауіпті зиянкестер мен аурулардан өсімдіктер мен жануарларды қорғауға байланысты аграрлық секторда инвестицияларды тару мен инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу бойынша жұмыстарды, аймақтық және мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру, даму перспективаларын (болашағын) бақылау, сауда саттық пеен өңдеу өндірісінің, азық-түлік кәсіпкерлерінің жұмысы, сауда-саттық ресурстарын пайдалы қолдану мен жинауды ұйымдастырады.

Жер участкілерін беру жөніндегі комиссияға, кәсіпкерлік сұрақтары жөніндегі сарапшылық кеңеске басшылықты жүзеге асырады.

 Жетекшілік жасайтын салаларда инфляцияға қарсы шаралар қабылдайды.

Жетекшілік ететін орындаушы органдардың мемлекеттік қызметке сапалы қызмет көрсетуіне жауап береді.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын орындаушы органдарды: жер қатынастары бөлімі, экономика және қаржы бөлімі, ветеринария бөлімі, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімдерінің жұмыстарына ортақ бақылауды жүзеге асырады.

Өзі жетекшілік ететін мәселелер бойынша Жезқазған қаласы әкімінің аппаратының, Кеңгір, Малшыбай және Талап селолары әкімдерімен, қалалық қазынашылық бөлімімен, Жезқазған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен, қалалық статистика бөлімімен, «Жылжымайтын мүлік орталығы» АМК филиалымен, «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Жезқазғандағы филиалымен, банк мекемелерімен, сақтандыру фирмаларымен, ботаникалық бақпен, кәсіпкерлік құрылымның қоғамдық ұйымдарымен (Кеңес, Қауымдастық), «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және басқа да өнеркәсіп кәсіпорындарымен өзара қарым-қатынасын жүзеге асырады.

Қала әкімінің энергетика, құрылыс, сәулет, көлік, жол және коммуналдық шаруашылық, ТЖ мәселелері жөніндегі орынбасары

Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шарауашылығы: жылу, эектр, су, газбен жабдықтауды дамытуға жауапты.

Инженерлік-коммуналдық инфрақұрымның су шаруашылығына арналған нысандарды қайта құру және құрылыстың жоспарын орындау жұмыстарын, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы», Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларының іске асыру жұмыстарын үйлестіреді.

Жетекшілік ететін қалалық мемлекеттік мекемелерінің тиісті басқармаларда сәйкес кезеңге даму басымдықтарына сай инвестжобаларды келісу жөніндегі жұмысын, сондай-ақ жетекшілік жасайтын салаларда бюджеттік қаржыларды мақсатты, тиімді және дер кезінде игеру жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

Монополистік қызметке шек қою мен жосықсыз бәсеке фактілерін кесіп өту, тарифтік саясат пен бағаның қалыптасуына қатысады. Жетекшілік жасайтын салаларда инфляцияға қарсы шаралар қабылдайды. Қазақстандық мазмұнның көбеюіне байланысты іске асыру шараларын қамтамасыз етеді.

Қаланы және селолық елді-мекендерді қысқы жағдайға нормативке сәйкес дайындау бойынша басшылықты іске асырады.

Траспортта қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша, жылу беру маусымына дайындалу мен өтуді ұйымдастыру бойынша, коммуналдық қызметтер тарифтеріне инфляциялық процестерді ұстау бойынша жұмыс топтарымен басшылықты жүзеге асырады.

Аймақты қажеттілігіне қарай транспорттың дамуы, жөндеу, автомобиль жолдарын ұстау және қалпына келтіру, тұрғын үй бағдарламасы және құрылыс салаларының дамуына, электр, жылу энергиясымен теңгерімді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарға жауап береді.

Қаланың архитектуралық көркін бақылау мен келісу бойынша бақылайды, құрылыс жұмыстары, меншік нысандарының барлық формаларының заңға сәйкес болуын қадағалап, коммуникация мен транспортты ойтайландыру мен реформалау бөліктерінде жергілікті орындаушы органдардың жұмысын, табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды үйлестіреді.

Қаланың әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясын, төтенше жағдайларды, апаттар мен табиғи апаттардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияға басшылық жасайды. Жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс бойынша іс-шараларды жүзеге асырады. Қысқа дайындық, жылу беру маусымының өтуі, қаланы абаттандыру және санитарлық тазалау, экологиялық және «жасыл экономикаға» көшу сұрақтары бойынша кеңестер өткізуді ұйымдастырады, коммуналдық қызмет төлемақыларын жинау, қатты тұрмыстық қоқыстарды шығару жөнінде мониторинг жүргізеді. Қаланы сұраныстарға сәйкес электр, жылу энергиясымен қамтамасыз етудің тепе-теңдігіне жауап береді.

Абаттандыру, жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс, иелену саласында, қала аумағында құрылыстың және екінші объектілердің орнын нақтылау сұрақтарына жетекшілік жасайды. 

Өзі жетекшілік жасайтын атқарушы органдардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына жауап береді.

Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың: ТКШ, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі, құрылыс бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі, тұрғын үй инспекциясы бөлімі мемлекеттік мекемелерінің қызметіне жалпы бақылау жасауды жүзеге асырады.

Өзі жетекшілік ететін мәселелер бойынша Жезқазған қаласы әкімінің аппараты мен Кеңгір, Малшыбай және Талап селолары әкімдері аппараты, қоршаған ортаны қорғау бөлімі, қалалық теллекоммуникация дирекциясы, «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС, «Жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорыны» АҚ, Жезқазған ЖЭО, «Мемлекеттік энергия қадағалау» қалалық бөлімшесінің, «Қазақавтожол» РМК ҚОФ, «Жезқазған жолдары» АҚ, «Жезқазған электр желісін тарату компаниясы» АҚ, «Қазақстан теміржолы» ҚТБ РМКФ, «Жезқазған-Эйр» АҚ, «Қарағанды су шаруашылығы» РМК Жезқазғандағы филиалы, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» РММ, «Мамандандырылған қызмет көрсету бюросы» ЖШС, «Жезқазғангеология» АҚ араларында өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады.

 

Қала әкімінің ішкі саясат және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасары орынбасары

Қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды біріктіру жөніндегі мемлекеттік саясатты, қала аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының міндеттерін қалыптастыруға және іске асыруға, сондай-ақ «Діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл», «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» атты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына жауапты.

Қалалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады, мемлекеттік тапсырысты орындау жөніндегі қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.

Қазақстандық мазмұнның көбеюіне байланысты іс-шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі, жалпы орта, ортадан кейінгі техникалық және жоғары кәсіптік білім беру, мектептен тыс тәрбие, денсаулық сақтау, мұрағат ісі, мәдениет пен өнер, тілдерді дамыту, жастар саясаты, туризм, дене тәрбиесі және спорт, салаларындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.

Қоғамдық саяси және діни бірлестіктердің, ұлттық-мәдени орталықтардың қызметін үйлестіреді.

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат, кәмелетке толмағандар істері, мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу жөніндегі қалалық  комиссиялардың,   қылмыстық жазалауды және басқа да қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне ықпал ету жөніндегі кеңестің мәселелерін шешеді.

Қаланың әкімдігі жанындағы әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік - еңбек қарым қатынасын реттеу, тұрғын-үй бойынша және басқа да комиссиялар мен қоғамдарды өзі жетекшілік ететін мәселелері бойынша басқаруды іске асырады.

Құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады, қылмысқа, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресу бойынша құқық қорғау және басқа да органдар жұмыстарын үйлестіріп, құқық бұзушылық пен қылмыстарды, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысты алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізеді.

Тұрғын халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамтамасыз ету, мүгедектердің оңалтуы, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтегендерге әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді.

Ономастикалық сұрақтарды үйлестіреді.

Сайлау және басқа қоғамдық-саяси кампаниялар мен іс-шараларды идеологиялық жағынан қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады.

Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың: ішкі саясат бөлімі, білім бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мекемелерінің қызметіне жалпы бақылау жасауды жүзеге асырады, қалалық газеттер редакцияларының, қалалық «Дидар» телерадиохабарларын тарату дирекциясының, мәдениет, денсаулық сақтау білім беру, спорт, санэпидемиологиялық қадағалау мекемелерінің жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады.

Өзі жетекшілік ететін мәселелер бойынша Жезқазған қаласы әкімі аппараты мен Кеңгір, Малшыбай және Талап селоларының әкімдері, зейнетақы төлеу жөніндегі орталық бөлімшесі, әділет басқармасы, мемлекеттік поштаның қалалық торабы араларында қарым-қатынасты жүзеге асырады.

Қала әкімі аппаратының басшысы 

Аппараттың қала әкімдігі, қала әкімі қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысына басшылық жасауды жүзеге асырады.

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарлары мен бағдарламасын әзірлеуге қатысады.

Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, әкімдік қаулыларын, қала әкімінің шешімдері мен тапсырмаларын, ай сайын «Бақылау күнін» өткізу  жөніндегі қалалық бағдарлама жұмысын уақытында орындауды және бақылауды қамтамасыз етеді.

Қаланы басқарудың сызбасын, қала әкімі аппаратының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қалалық басқармалардың штаттық құрылымын әзірлейді. Сандық құрамның бекітілген лимиттері сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.

Белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді конкурстық іріктеуді ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.

Қала әкімінің аппаратын штат кестесіне сәйкес талап етілетін кәсібі, біліктілігі және мамандығы бар мемлекеттік қызметшілердің қажетті санымен уақытында жасақтауды қамтамасыз етеді.

Дербес құрамды пайдалану процесін талдайды, оңтайландыру, кәсіби шеберлікті және кадрларды пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде шаралар әзірлейді, олардың іске асырылуына бақылау жасайды.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Кадрларды даярлау, Малшыбай, Кеңгір және Талап селолары әкімдерін, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың басшыларын алмастыру жүйесін әзірлейді және жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке байланысты шектеулерді сақтауына бақылау жүргізеді.

Бөлімдердің жұмысымен байланысты құжаттарды дайындауды, іс жүргізудің жедел және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Қаланың мемлекеттік органдарының кадр саясатын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілер резервін жасақтау жөніндегі қызметін үйлестіреді.

Қала әкімдігінің, қала әкімінің актілерін дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттік және орындаушылық тәртібін қамтамасыз ету бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың және ведомстволарының қызметін үйлестіреді.

Қала әкімі аппаратының жетекшілік ететін мәселелері бойынша қалалық мәслихатпен, Кеңгір, Малшыбай, Талап селоларының әкімдерімен, қалалық және аумақтық атқарушы органдармен, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, қала әкімі аппараты мен облыс әкімдігі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментімен өзара қарым - қатынасын  қамтамасыз етеді.

Азаматтарды мемлекеттік наградаларға ұсыну, облыс және қала әкімдерінің Құрмет грамоталарымен марапаттау, «Жезқазған қаласының құрметті азаматы» атағына ұсыну жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді. Қала әкімінің қызметін ұйымдастыру және материалдық-техникалық жағынан, қала әкімдігін ақпараттық талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жұмыстарын бақылайды және бағыт береді.

Қала әкімінің аппаратына көрсетілетін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарылған жұмыстар мөлшерін қабылдау жөніндегі жұмысқа жетекшілік етеді, қаржының өтуін бақылайды.

Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Еңбек және орындалу тәртібі жағдайын бақылайды.

Сайлау компанияларын, қоғамдық-саяси шараларды, ресми тұлғалар мен делегациялардың келуіне орай қала әкімінің қатысуымен  өтетін шараларға дайындық жұмыстарын қамтамасыз етеді.

Сайлаушылар бойынша деректердің электронды базасын жүргізуді, сайлаушылардың электронды тізімін құруды, сайлаушылардың тізімін тексеруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Қала әкімі жанындағы біріңғай тәртіптік комиссиялары, конкурстық, аттестациялық және еңбек өтілін анықтау комиссиялары жұмыстарына басшылық жасайды.

Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелуге ұсынылуын бақылауды қамтамасыз етеді.

«Электронды акимат» жұмысын, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды қамтамасыз ету мен ұйымдастыру.