Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Опубликовано: 22 ноября 2011 . Обновлено: 27 июня 2018

Құрметті интернет желісін пайдаланушылар,  Жезқазған қаласы әкімдігінің ресми интернет ресурсына қош келдіңіздер!

Жезқазған – бұл Орталық Қазақстанның өнеркәсіптік инфрақұрылымына бай, көптеген мәдени-сауықтыру және спорттық мекемелері бар, Сарыарқаның мысты қазынасы, еліміздің мысты астанасы.

Жезқазған қаласы – 1954 жылы 20 желтоқсанда құрылған. Қала экономикасын өнеркәсіп анықтайды, сондықтан даму деңгейінің бас көрсеткіші оның әлеуметтік-экономикалық дамуы болып табылады. Өнеркәсіп өндірісінің 85% көлеміндегі негізгі үлесін  «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кәсіпорыны құрайды.

 2015 жылы халық санының 98,6 мың адам есебімен 2030 жылға дейінгі қаланың жаңа бас жоспары құрылды.

Бүгінгі Жезқазған - тұрғындар өз жетістерімен мақтана алатын  және тарихи салт-дәстүрлерді сақтайтын көпұлтты қала. 

Жезқазған қаласы әкімдігінің  ресми интернет-ресурсы Сіздердің әрқайсыларыңызға Жезқазған қаласының дамуы және алдағы жоспарлары туралы өзекті әрі  толық ақпарат алуда сенімді көмекші болатынына сенімдімін.

Қош келдіңіздер, Құрметті достар!

Ізгі ниетпен, Жезқазған қаласы әкімі Бегимов Қайрат Баяндыұлы