Рейтинг@Mail.ru
Интернет магазины
 
Iздеу:
Қазақша
Русский
English
 
 
Жезказган каласы аким аппараты > Әкім аппараты > ММ туралы жалпы мәлімет > Ортақ тұжырымдама 100%
 
 
 
 
Аты:
Пароль:
Регистрация
Жаңалықтар...
Тұғыры биік «Тіл тұғыр»
Тұғыры биік  «Тіл тұғыр» Қазіргі қазақ жұртының қаперінде «Мәңгілік Ел» идеясы hәм оны жүзеге асыру.Бұл идеяны жүзеге асыру үшін мектептегі тәрбие жұмыстарының әлеуметін күшейту қажет.   «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясы бағыты» атты Жолдауында ұлт Көшбасшысы: «Бала тәбиелеу-болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап,балалармызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек»,-деп көрсеткен болатын. Білім берудегі басым бағытымыз да жас ұрпақтың бойында рухани,адамгершілік қасиеттері мен ұлттық сезім қалыптастыруға,отаншылдық пен азаматтық жауапкершілік,ұлттық санасезім мен толеранттылық,Қазақстанның этникааралық жағдайда қарым-қатынас жасай білуіне бағытталып отыр.Бүгінде аталған басым бағыттарды жас ұрпақтың бойына қалыптастыруда Жезқазған қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Құралай Мұқанованың тікелей бастамасымен «Тіл тұғыры» жобасы жасалды. Қала мектептері мұғалімдерінен шығармашыл топ құрылып,жобаның бағдарламасы дайындалды.Үшінші жыл жүргізілген «Тіл тұғыры»жобасының басты мақссаты –ұлттық және әлемдік құндылықтарды салыстыра түйін жасай алатын,ұлттық салт-дәстүрі мен мәдениетін игерген тұлғаның даралануы мен әлуметтенуіне мәдени-этикалық және шешендік нормаларын меңгерту, жоғары деңгейде күрделендірілген түрлі жанырдағы көркем мәтінді салыстыру,өз ойын еркін жеткізу,шешен сөйлеуге төселдіру болып табылады.Осы мақсатты жүзеге асыруда қалалық,мектепшілік деңгейде түрлі әдеби іс-шаралар жүргізіліп келеді.Әдеби қонақ үй,салт-дәстүрлер,ақындар,фольклор бағытынан тұратын жобаға жыл бойы кем дегендер әр мектептен 50-150-ге тарта оқушы тартылады. «Тілі тұғыры» жобасының аясында көптеген қалалық әдеби кештер,жыр мүшәйралары,сахналық қойылымдар өтеді.Өткізілген түрлі шаралар бойынша мұғалімдер мен оқушылардың шығрмашылық жұмыстары жинақталып,арнайы кітапша болып басылып шығады.Мәселен,№10 мектеп «Шындықты айтып шырлдайтын кез келді»тақырыбында Ш.Ділдебаев оқуын өткізді.Ұлы  Жеңістің 70 жылдығына «Ерлік –ұрппақ мұра» атты әдеби-сазды кешті №13 орта мектеп,жазушы С.Ерубаевқа «Сұңқар қанатты қаламгер» атты әдеби кешті №1 орта мектеп,№21 орта мектеп «Қалама қарымды қаламгерлер» атты әдеби кешті Қ.Бекхожин мен Қ.Ысқақов шығармашылығына арнады. Қ.Шыңғысов атындағы №5 орта мектеп «Кең даланың кемеңгер перзентері» атты шарада Сәкен,Ілияс,Бейімбет шығармашылығын кеңінен насихаттады.№11 орта мектеп «Таза мінсіз асыл тас» кешінде жыраулар поэзиясы арқылы Қазақ хандығының 550 жылдығын дәріптесе,»Аққын жұлдыз» (Ш.Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына орай)оқушылар конференциясы қаладағы барлық мектептерді қамтыды. Бұл-әр баланың өз ана тілін терең меңгеруіне,сүйікті ақынының өленің оқып,жазушыларымыздың шығармаларымен танысып,тілге деген сүйіспеншілігін арттыруға үлкен себепші.Біз үшін «Тіл тұғыры» жобасының берері көп.Алдағы жаңа оқу жылына «Ақындар» бағыты бойынша түрлі шаралар жоспарланып отыр.                                                                                 
«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕККЕ» кедергі болмау тиіс
«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕККЕ» кедергі болмау тиіс Мүгедектерді қоғамнан алыстатпай, олардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында «Кедергісіз келешек» атты республикалық жоба құрылған болатын. Жобаның мақсаты- мүмкіндігі шектеулі жандарды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету, олардың құқығын қорғау, мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивтік білім беруді дамыту.                                                                                                                                                                        Осыған орай, жоба жетекшісі Несіпбала Ермекова Жезқазған қаласында болып, білім беру саласының және «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен кездесіп, семинар өткізді. Несіпбала Ермекованың айтуынша республикамызда әлі де мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамның толық мүшесі құқығына ие бола алмай жатыр. Бұл кедергілер, әсіресе жұмысқа орналасу барысында аңғарылады. Семинар барысында топ жетекшісі Жезқазған өңіріндегі кейбір мәселелерге тоқталып, бұл тұрғыда әлі де біраз жұмыстар жасаулы керектігін тілген тиек етті.Өз кезегінде Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова қаладағы хал-ахуалды баяндай келе, мемлекеттік мекемелер мен мектептерде мүгедектерге  арналған арнайы  пандустар орнатылғанын атап айтты. Қалалық білім бөлімінің басшысы Ержан Көшербаевтің мәліметіне сүйенсек, мысты шаһарда бүгінгі таңда 620 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Олардың толыққанды білім алулары үшін жалпы білім беретін орта мектептерде түзету-дамыту сыныптар мен үйден оқыту ашлыған.Бүгінде қала бойынша 21 бала үйде білім алды. Ал, «Айсұлу » инклюзивті оқыту мекемесінде 35 бала тәрбиеленуде. Арбамен жүретіндер үшін қаланың 20 мектебінде арнайы пандустар орналасқан. Қаладағы 600-ден аса мүгедектің сырқаты әртүрлі. Сондықтан, олардың кедергісіз келешегі үшін қалалық жауапты мамандар қолдан келгенкөмектерін жасап бағуда. Десе де, жырымжан тұлғалардың қоғамның  айнымас бір бөлшегі болып қалыптастыруларына әлі де біраз жұмыс жасалуы қажет.Бұған дейін «Кедергісіз келешек» республикалық жобасының жетекшісі Сәтбаев қаласы, Ұлытау ауданында кездесу өткізген. Жоба жетекшісінің айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамнан өз орнын табуы үшін, мамандардың әлі біраз тер төгулері қажет.  
ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ФИЛОСОФИЯҒА ДЕН ҚОЙДЫ
ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ФИЛОСОФИЯҒА ДЕН ҚОЙДЫ Жақында  Қарағанды  облысы  мамандандырылған  күзет  қызметі  басқармасы  4-полиця  батальоны  жеке құрамымен ішкі істер оргындары қызметкерлері арасында өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінің алдын алу мақсатында онкүндік өткізілді.   Осы  іс-шара аясында қоғамдағы әлеуметтік келеңсіз жайттар, экономикалық дағдарыс жайы мен олардан шығу жолдары, адам өмірінің баға жетпес құндылығы мен мәні төңірегінде Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің құқықтану,тарих және гуманитарлық кафедрасының оқытушысы философия ғылымының кандидаты доцент Сері Рысбайұлымен «Адам өмірінің құндылығы»атты тақырыпта семинар кездесу өткізілді.   Ғалым философия ілімі бойынша «Адамның рухани дүниесі»,  «Философиядағы адам мәселесі»атты тақырыпта дәріс оқыды.Сері Рысбайұлы өз сөзінде ойлау мен болмыстың арақатынасы,ойлау табиғаттағы, адамдағы бейнелеу қасиеттерінің ең күрделісі, болмыс пен ойлаудың материалдық және идеалық тұрғыдан философияда алатын орны жөнінде пайымдарға терең де жан-жақты тоқталып,лекциясын ғұлама философтар Платон, Гегельдің ой-пікірлерімен әдіптеп отырды.Семинар барысында оған қатысушы полиция қызметкерлері ойлау мен іс-әрекеттің байланыстылығы, сана мен бейсаналық жайлы Г.Лейбнецтің,З.Фрейдтің еңбектерінен, адамдық «Мен» философия ғұламалары Декорд,Декарт,Кант,Фихте ойларынан,психологиялық тұрғыдан «мен»-нің дәлелдемесі,жаттану мен екі «мен»-ге айырылуы,сезімталдық,оның ішінде түйсік қабылдау мен елес ұғымдары,философия іліміндегі пайым мен зерденің айырмасы жөніндегі Канттың дәлелдемесінен мағлұмат алды.   Сөз соңында Сері Рысбайұлы жеке құраммен тақырып төңірегінде қызметкерлерді толғандыратын мәселелер бойынша талқылау ұйымдастырып,адам өмірі баға жетпес асыл қазына екендігін айта келе,адамның өзіне-өзі қол жұмсауы кешірілмес күне екендігін,өмірдің әр сағатын қадірлей білу керектігін зерделей жеткізді. Перизат Өтеева,Қарағанды облысы МКҚБ 4-ПБ аға инспектор психологы,полиция капитаны.                                                                     
НӘТИЖЕ МОЛ, БОЛАШАҚ ЗОР
"НӘТИЖЕ МОЛ, БОЛАШАҚ ЗОР",- дейді Жезқазған қалалық спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы  Дидар Муталипов   Елімізде дәстүр бойынша тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні атап өтіледі. Осыған орай, қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінен биыл бөлініп шығып, жеке отау тіккен Жезқазған қалалық спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Дидар МУТАЛИПОВПЕН сұхбаттасқан едік.   – Биылдан бастап спорт бөлімі болып жаңадан құрылды. Осы аралықта Жезқазған қаласы спорт  бойынша қандай жетістіктерге жетті. Жалпы, мысты шаһардың спорт саласының жай-күйі қандай? – Биылғы жылы жезқазғандықтар үшін айтарлықтай жаңалықтар мол. Спорттың әр түрінен қол жеткізген жеңістерімізді ауыз толтырып айтуға болады. Негізінен, Жезқазған қаласы бойынша спорттың бокс, күрес түрлері және баскетбол жақсы дамыған. Бұған қоса, кейінгі кездері шахмат, стол теннисі, байдарка мен каноэда есу ойындары бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Нәтиже болғаннан соң, жастардың да қызығушылығы осы спорт түрлеріне ауатыны анық. Биылғы жылдың жетістіктеріне тоқталып өтсек, Катар мемлекетінің астанасы – Дохада өткен Азия чемпионатында жерлесіміз Жасұлан Қошанов ересектер арасындағы грек-рим күресінен қола жүлдеге ие болып қайтты. Бүгінгі күні бұл жігіт – грек-рим күресінен тек қала, облыс емес, республика намысын қорғап жүрген бірден-бір азамат.  Жасұлан –  халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бапкері – Өміртай Дәрібаев.  Бокс – жалпы, қазаққа таңсық емес. Бүгінгі таңда жастар арасында да үлкен сұранысқа ие спорт түрі. Оған Олимпиадалық ойындарда ел абыройын асқақтатып жүрген боксшыларымыздың қатарының көптігі себеп болса керек.  Бұл орайда біздің жерлестеріміз де оң нәтижелерден  құр алақан емес. Айталық, Нұрбол Сұлтанбай қаңтар айында жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында өз салмақ дәрежесі бойынша чемпион атанды. Бүгінде Нұрбол балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығады. Бапкері – Саят Балмағамбетов пен Тұралы Талипов. Сонымен қатар, Нұрбол сәуір айында Әзірбайжанның Ашхабад қаласында өткен Гейдар Әлиевті еске алуға арналған Халықаралық турнирде жүлделі ІІ орынды алып келді. Бұдан өзге, облыс, ел намыстарын қорғап, өз деңгейлерінде өнер көрсетіп, белгілі нәтижелерге жетіп жүрген жастарымыз баршылық. Олар: Темірлен Қоңырбай – жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының ІІ орын иегері, Қаныш Қанат – жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының ІІІ орын иегері, Ерсұлтан Назарқұл – 2000-2001 жылғы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері, Әлішер Арон-Рашид – кіші жасөспірімдер арасындағы қола медаль жеңімпазы. Байқап отырғандарыңыздай, жоғарыда айтып өткен болашағынан үлкен үміт күтіп, үкілеп отырған жастарымыз осылар.  Бокстан бөлек, қазақтың маңдайалды спорттарының бірі – күрес. Жалпы, күрес десе, ішкен асын жерге қоймайтын қазақ кемде-кем шығар. Күрестің барлық түрлері – қазақша күрес, грек-рим күресі,  дзюдо, самбодан  мақтанышпен айтатын жастарымыз бен спортшыларымыз баршылық.  Грек-рим күресі бойынша жоғарыда айтып өткен Жасұлан Қошанов ел намысын қорғап жүрген бірден-бір спортшымыз. Бұдан бөлек, қазақша күрестен ақпан айында Қызылордада 1996-1997 жылғы жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатында бас бәйгені иеленген Рахат Ұзақты айтуға болады. Осы жолы Рахат Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын орындады. Самбодан елеулі нәтижелерге қол жеткізіп жүрген жерлесіміз – Бағлан Ибрагим биыл тағы олжадан кенде қалған жоқ. Ол наурыз айында Таразда өткен ел чемпионатында жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Халықаралық  дәрежедегі спорт шебері  Бағлан маусым айында Астанада өткен Қазақстан Универсиадасында күміс медальға ие болды. Ал, тағы бір жерлесіміз Әділет Саяжанов осы жарыста алтыннан медаль тақты. Күрестің осы түрінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері тағы бір жерлесіміз Арман Сәрсенбин Тараз қаласында өткен ел чемпионатында қола жүлдегер атанса, Астанадағы Универсиадада алтын медаль иегері атанды. Ал, Белоруссия Республикасының астанасы Минск қаласында өткен әлем кубогын сарапқа салған додада күмістен алқа тағып, ел абыройын асқақтатып қайтты.  Бұдан бөлек, баскетбол, воллейбол, стол теннисі сияқты өзге де спорт түрлерінен аймақтық, облыстық сайыстарға қатысып, жүлдемен оралып жүрген жерлестеріміз бар.  Күрес пен бокстан басқа, бізде баскетол қарқынды дамуда. Облыстық турнир, республикалық чемпионаттарда біздің жігіттеріміз бен қыздарымыз жүлделі орындарға ие болып, жақсы нәтиже көрсетіп жүргенін айта кету керек. Осы орайда бапкерлер Виктор Живагин мен Ержан Ибраевтың елеулі еңбектерін атап айтқан жөн. Байдарка мен каноэде есу бойынша да мамандандырылған олимпиадалық спорт мектебінің спортшылары айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп жүр. Атап айтсақ, сәуір айында Алматыда өткен 1997 жылғы және кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында спорт шеберлері Дарья Рыбакова, Валентин Печенюк және Геннадий Маевский  ІІ орынды иеленіп қайтты. Ал, спорт шеберінен үміткер Артур Кох күміс жүлдегер атанды. Мамыр айында Алматыда өткен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының біріншілігінде спорт шеберінен үміткер Алексей Гражданкин алтыннан алқа тақты.  Сондай-ақ, биылғы жаз жезқазғандық таэквондошыларға да жемісті болды. Таэквондодан IV жазғы республикалық спартакиадада жерлестеріміз, медициналық колледж оқушысы Любовь Коряк 57 кг салмақта және №3 орта мектеп оқушысы Анна Трухина 53 кг салмақта ересектер арасында өнер көрсетіп, екеуі де жүлделі ІІІ орынды иеленді.  Бұл екеуінің де ересектер арасындағы тырнақалды жетістіктері  екенін ескерсек, аруларымыз әлі талай жеңіс тұғырынан көрінеді деген сенімдеміз.  – Иә, республикалық, халықаралық деңгейде жерлестеріміздің нәтижелері айтарлықтай екен. Ал, қаламыздың өзінде қандай спорттық іc-шаралар өткізіледі. Қандай жоспарлар бар?  – Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне арналған республикалық турнир, 1998-1999 жылғы жастар арасында бокстан республикалық турнир және еркін күрестен спорт шебері Танау  Нығызбаев атындағы ІІІ республикалық турнир өтеді деген жоспарлар бар. Сонымен қатар, оқушылар және студенттер арасында дәстүрлі турнир өтпекші. Биыл спорттық сауықтыру кешені жанынан мүмкіндігі шектеулі жандардың футбол үйірмесі ашылды. Болашақта бұдан да қалалық жарыс өткізіледі деген жоспар бар.  Бұған қоса, биыл облыстық «Арай» спартакиадасы Жезқазған қаласында 11-12 қыркүйек аралығында өткелі отыр. Ал, 10 қыркүйекте «Металлург» стадионында спорттық шараның салтанатты ашылуы болмақ. Бұл сайысқа облыстан 800-ге тарта спортшы келеді деп жоспарлануда. Бүгінгі таңда осы спартакиаданы ойдағыдай өткізу үшін жұмыстар жасалып жатыр. Облыстық «Арай» спартакиадасына айтып тұр-ғандай, облыстың 9 қаласы қатысады. Биылғы жылы спорттың 12 түрінен, атап айтсақ, қол күресі, волейбол (ұлдар, қыздар арасында), қазақша күрес, жеңіл атлетика, стол теннисі, шағын футбол, президенттік көп сайыс, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, поэрлифтинг және ұлттық ойындарды дамыту мақсатында асық атуды қосып отырмыз. Спартакиада 11-12 қыркүйек аралығында өтеді.  Сонымен қатар, 19-20 қыркүйекте мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы ІІ облыстық спартакиада да Жезқазған қаласында өткізіледі.  – Қаламыздың спорт саласында қандай шешілмей отырған мәселелер бар? – Әрине, Жезқазғанда спорт мәселесі түбегейлі шешілген, ешқандай мәселе жоқ деп айтуға келмес. Негізгі мәселе – маман тапшылығы. Әсіресе, жеңіл атлетика, гимнастика және жү-зуден мамандар жетіспейді. Спорттың бұл түрлеріне тұрғындар арасында сұраныс бар. Бірақ, мамандардың жоқтығынан үйірмелер ашылмай отыр. Дегенмен, бұл жөнінде жұмыстар атқарылып жатыр. Реті болып жатса, нәтиже де шығып қалар. «Көш жүре түзеледі» дегендей, болашақтан күтер үмітіміз мол.     
ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҒЫ – БӘРІНЕН ҚЫМБАТ
ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҒЫ – БӘРІНЕН ҚЫМБАТ Кез-келген тұтынушы өз құқығының тапталмауы үшін талпынатыны сөзсіз. Алайда, көп жағдайда тұтынушылар өз конституциялық құқықтарының аяқ асты болғандарын көре тұра, жүгінетін  орган жайлы біле бермейді. Бүгінгі номерде тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының қызметі мен сіздердің, яғни, сатып алушылардың құқықтары жайында сөз етпекпіз.   Егер  құқықтарыңызды товар ұсынушы бұзатын болса, сізге Президенттің «ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі туралы» Жарлығы мен Үкіметтің 2014 жылғы 14 қаңтардағы арнайы Қаулысына сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігінің құрамынан шығару арқылы бұрынғы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті  базасында  құрылған ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі көмекке келетін болады. Көбінесе тұтынушылардың құқығы тағам өнімдерін сатып алғанда бұзылып жатады. «Ауру – астан» демекші, сатылған сапасыз өнім сіз және сіздің жақындарыңыз үшін өте қауіпті болуы мүмкін. Қазір нарық товарларға толы, олардың ассортименті үнемі өсіп келеді, бұл ретте олардың арасынан шынымен сапалы товарды табу  қиындық тудырады. Тұтынушы қандай да бір өнімді таңдаған кезде оның таңбаланған белгісін мұқият оқу тиіс. Үкімет бекіткен техникалық регламент талаптарына сәйкес, сізге ұсынылған товардың жапсырмасында жарамдылық мерзімі, дайындалған (өндірілген) күні,  буып-түйілген күні, өндірушісі, ингредиенттері, тұтынушыға арналған ақпаратты жеткізетін таңбалау (жапсырма), өнім (товар) шығарылатын жердің атауы мен мекен-жайы, тағамдық құндылығы, өнімді сақтау талаптары, қолдану бойынша нұсқаулық пен шектеулер, Евроодақтың ұжымдық белгісі және осы ақпарат мемлекеттік тілде жазылған болуы шарт. Егерде жапсырмада аталған талаптардың бірі болмаса, тұтынушы құқығы бұзылды деген сөз. Жезқазған қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Виктор Залыгиннің айтуынша, қаладағы сауда орталықтарын, дәмхана және басқа да товар ұсынушы мекемелерді жоспарлы түрде тексеруге мемлекет тарапынан мораторий жарияланған. Сондықтан да, құқықтарының сақталуына бірінші кезекте тұтынушылардың өздері жауапты екендігін ұмытпауы қажет. Сауатты тұтушылардың арқасында сапасыз өнім ұсынушылардың қатары сиремек. Жыл басынан қадағалау органына небәрі сапасыз товар жайында 3 шағым түскен. Қала тұрғындары сыр өнімі мен кәуапқа және дүкендегі санитарлық нормалардың сақталмауына шағым айтқан. Жоспарлы емес тексеріс нәтижесінде 1 тұтынушының арызы негізді деп танылып, дүкен иесіне нұсқама берілді. Қалған екі өтініш тексерілуде. Шағым санының аз болуы қалада тұтынушы құқықтарының толық сақталатынына кепілдік бермейді. Көп жағдайда сапасыз өнімді сатып алған тұтынушы салғырттық танытып, бұл мәселені жылы жауып қоятыны алаңдатады. Біз өз құқықтарымызды толыққанды қорғап, заңсыз әрекеттерге тыйым салуға міндеттіміз. 100600, Қарағанды облысы, Жезқазған қ., Гурба көшесі, 6 «а» үй (тел:  (8 7102) 72 29 01) мекен-жайында тұтушылар өз құқықтарын қорғай алатынын еске саламыз. Евразиялық экономикалық одақтың құрылуымен елімізге Ресей, Белоруссия, Украинадан халық тұтынатын товарлар, оның ішінде тағам өнімдері кедергісіз әкелінуде. Осы товарлардың сапасы мемлекеттің жете қадағалауында. Ағымдағы жылдың мамыр айында Қа-рағанды облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізді. Құс етінің үлгісі тексеруден өткізілді. Нәтижесінде ресейлік «Блогаяр», «Хорошее дело», Нагайбакский птицеводческий комплекстің мұздатылған бройлер-балапандары, субөнімдері адам денсаулығына зиян әрі заңсыз деп танылып, 28 тонна өнім сатылымнан алынып тасталды. Бұл өнімдерде таңбалану талаптары сақталмаған. Сонымен қатар, өнімде болатын су деңгейі мен майдың қышқылдығы нормадан асқан. Тіпті, бірінен сальмонеллез дертін қоздыратын сальмонелла таяқшалары анықталған. Биыл жеміс құрамындағы натрий мен пестицидтерді анықтау акциясы аясында Жезқазған қаласының ірі сауда орындарынан 943 сынама алынды. Сараптамалық тексеріс қорытындысы бойынша 33 қарбыз, 4 қауын, 1 апельсин мен 1 грейпфрут құрамындағы натрий мен пестицидтер көлемі нормадан асқан.  «Ас – адамның арқауы» демекші, ішкен асымызға абай болып, сауда орындарындағы заңсыздыққа бей-жай қарамайық.  
550 жылдыққа – 550 шақырымдық марафон
550 жылдыққа – 550 шақырымдық марафон Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай, «Жастар – Отанға» партиялық жобасы аясында 550 шақырымдық марафон көгілдір Көкшеден 1 тамызда бастау алып, Қасиетті Ұлытау жерінде 10 тамызда аяқталды.   Аталған игі шараның Ақмола облысының, Бурабай ауданындағы Бурабай ұлттық саябағының Абылай хан алаңынан өріс алуының да өзіндік маңызы бар. Абылай хан –  Үш жүздің басын қосып, қазақ халқының бірлігі мен ел тұтастығы жолында аянбай тер төккен ұлы тұлға.  Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 550 шақырымдық марафон Ақмола облысы,  Астана қаласы,  Қарағанды облысы арқылы өтіп, Ұлытау жеріне табан тіреді.  Тарихи марафонға қатысушылар Гиннестің рекордтар кітабына енген белгілі қазақстандық марафоншы – Балғабай Құлпейісов пен досы Қалыбек Әбілов. Естеріңізге сала кетейік, Балғабай Құлпейісов – 2007 жылы Астана қаласынан Украинаның Днепродзержинск қаласына дейін 3 жарым мың шақырым жолды жүріп өткен болаты. Ол жолғы марафон Қазақстанның Украинадағы жылына арналған еді.  Жүгірушілер мысты өлкеге жеткенде Жезқазған – Сәтбаев тас жолында «Нұр Отан» партиясы Жезқазған қалалық  филиалы төрағасының орынбасары Гүлмира Қаженова, Жезқазған қалалық «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Әлия Өксікбаева бастаған жастар тобы, қалалық білім бөлімі мен спорт және денешынықтыру бөлімінің өкілдері салтанатты түрде күтіп алды. Жез қалада ұзаққа жүгіруден елге танымал спортшылар Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде және «Металлург» стадионында болып, Ұлт ұясы – Ұлытауға бет алды. Марафоншыларды Ұлытау ауданының әкімі Хамит Омаров «Хан ордасы» алаңында салтанатты жағдайда күтіп алып, дәстүрге сай иықтарына шапан жапты.   
«Бұланты шайқасы» диорамасы ашылды
«Бұланты шайқасы» диорамасы ашылды Қазақ хандығының 550 жыл толу мерейтойына орай Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде Қазақ хандығының экспозициясы және «Бұланты шайқасы» диорамасының ашылу салтанаты өтті.    «Сарыарқа» күйімен ашылған айтулы шара қонақтарды шашу шашып қарсы алды. Жиналған қауым назарына алдымен музей қорындағы мекеме қызметкерлерінің қолынан шыққан эксклюзивті жәдігерлер ұсынылды. Содан соң Тайжан Қалмағамбетов атындағы филармония әншісі, айтыскер ақын Жанбол Көпбосынов Қазақ хандығының 550 жылдығын жырына арқау етті. Шара барысында сөз алған мысты шаһарға арнайы атбасын тіреген Қарағанды облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Ерке-бұлан Ағымбаев, Қарағандыдағы «Сарыжайлау» кинотеатрының директоры Рымбала Омарбекова және Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова, өлкетанушы, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Сағындық Қожамсейітов сөз алып, жасалып отырған іс-шараның тек жезқазғандықтар үшін ғана емес, тұтас қазақ елі үшін өте маңызды екенін айта келіп, музей қызметкерлеріне зор алғыстарын жеткізді. Бұдан әрі іс-шара Серке Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалы-драма театр актерлары сахналаған тарихи көрінісіне ұласты. Сонымен қатар, жиналған жұрт шараның басты бөлігі – Қазақ хандығының экспозициясы және «Бұланты шайқасы» диорамасын тамашалады. Диораманың авторы – Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, мүсіндеуші және суретші Октябрь Секеманов. Диорама жасау барысында музей жанындағы  ғылыми кеңестің мүшелері: музей директоры Зинаида Чумакова, Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің профессоры Тұрғанбек Алланиязов, өлкетанушы, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Сағындық Қожамсейітов, тарихшы Надежда Дисекенова, Жезқазған гуманитарлық колледж оқытушысы Жұлдыз Кенжебекқызы, және №8 қазақ гимназия тарих пәнінің мұғалімі Ғабдол Әуезов өздерінің ақыл-кеңестерін беріп отырды. Диораманың тарихи және көркемдеу тұжырымдамасын музей қызметкерлері Раушан Қапарова, Шолпан Төлегенова, Гүлнұр Жолашарова, Бекзат Балтабеков, Кабира Макишева жасаған. Экспозиция құру және жәдігерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын да музей қызметкерлері атқарып шықты.  Сонымен қатар, кофе-брейктің орнына «Дәм тату» атты ұлттық дәстүрге сай шай ішу үрдісі ұсынылды. Мұнда қонақтарға ұлттық тағамдар мен сусындар тарту етті. Музей басшысы Зинаида Чумакова игі бастаманың мақсаты – көне заманнан бері келе жатқан ұлттық дәстүрімізді ұлықтау және жастарға үлгі ретінде қайта жаңғырту екенін баса айтты. Ақ дастархан басындағы қонақжайлылық Сочи қаласында өткен «Лучший из лучших» байқауының жеңімпазы Райымбек Арыстановтың орындауындағы әсем әнмен өрнектелді. Шара соңында қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етілді.  
Жаңа оқу жылына әзірлік қалай?
Жаңа оқу жылына әзірлік қалай? Жаңа  оқу жылы басталуға санаулы күндер ғана қалды.  Осыған орай, «Биылғы жылы оқу-білім саласында қандай өзгерістер мен жаңалықтар бар?» деген редакция сұрағына Жезқазған қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Айгүл ҚҰДАБАЕВА төмендегідей жауап берді.    Жаңа 2015-2016 оқу жылы қала бойынша шамамен 1238 бала мектепалды даярлық сыныпқа, 1264 бала – 1-сыныпқа, 429 бала 10-сыныпқа көшірілді. Биылғы жылы жалпы саны 12224 бала мектепке даярлануда. Бұл былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 136 оқушыға артық.  Жезқазған қалалық білім бөліміне 2015-2016 оқу жылына жергілікті бюджеттен оқулықтар сатып алуға 31550000 теңге бөлінді. Жоспар бойынша биылғы оқу жылында 3-сынып ағылшын тілі оқулығы және 7-сынып информатика оқулығы, ал, 4,5,6 және  11-сыныптарда оқулықтар толық ауыстырылады. Тапсырыс бойынша негізгі оқулықтармен мектептер 100 процент қамтылады. Ал, бейнелеу, музыка, еңбек сабағының оқулықтарымен қамтылу 40 процент көлемінде болмақ, яғни, ол оқулықтар ең алдымен аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға таратылады.  Жезқазған қалалық білім бөлімі оқулықтарға «Білім», «Жазушы», «Арман-ПВ», «Мектеп», «Келешек», «Макмиллан» баспаларына тапсырыс берді.  2015-2016 оқу жылы қарсаңында «Мектепке – оқулықпен» атты республикалық акция өткізіледі. Аталмыш акцияның мақсаты – оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету және «Сенің оқулығың сенің мектебіңдегі оқушы үшін қажет. Сен кітабыңды сыйласаң, жақсы ісің өзіңе оралады» атты республикалық акцияларға қала мектептері түгел атсалысады.  2015 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы «Балаларға бірге көмек берейік!» деген ұранмен өтеді. Акцияға бизнестік құрылымдарды, үкіметтік емес ұйымдарды және мемлекеттік органдарды белсенді атсалысуға шақырамыз.  2015-2016 жылы педагог мамандардың жетіспеушілігі өз өзектілігін жоймай отыр. Атап айтсақ, оқытылуы орыс тіліндегі мектептерге бастауыш сынып және математика пәндері мұғалімдері, орыс тілінде мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері және педагог-психолог мамандарға сұраныс бар.   
«Қазақмыста» қысқарту болмайды
«Қазақмыста»  қысқарту болмайды «Металл бағасы төмендегенімен жұмыс орындарында қысқарту болмайды», – деген хабар таратты «Қазақмыс» компаниясының баспасөз орталығы.   «Қазақмыс» компаниясы 2015 жылдың басынан бастап, экономикалық дағдарыс салдарынан металл бағасының күрт төмендеуіне қарамастан, өндірістегі қызметкерлерді қысқартуды жоспарлап отырған жоқ. Адамдар – корпорация  капиталының ең басты әрі негізгі құндылығы, ал, аймақтағы көпшілік өндіріс орындары компания үшін стратегиялық маңызды нысандар. Сондықтан, «Қазақмыс» компаниясы штаттық бірліктер мен жұмыс орындарын қысқартпайды. Жыл басында, дүниежүзілік металл нарығындағы мыс бағасы күрт төмендеген кезде, жобадағы біраз шығынды оңтайландырудың бірінші кезеңі жүргізілген.  
Жыр алаңы
Жыр алаңы Сәкен Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхана кемеңгер ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай Кеңгір, Талап ауылдары мен Теректі станциясында «Бес нәрсеге асық бол, Бес нәрседен қашық бол» атты практикум өткізді.    Ашық аспан аясында ұйымдастырылған іс-шараға ауыл тұрғындары көптеп жиналды. Ұйымдастырушылар кітап көрмесін ұйымдастырып, ұлы Абайдың өмірімен және шығармашылығымен таныстырды. Сонымен қатар, оның қазақ музыка мәдениеті тарихында қалдырған ән мұрасы тереңінен сөз болды. Айбану Кәрім, Аружан Әбішева, Азиза Жұмағалиева, Дарын Қожамсейітов, Қалдыбай Байқоңыров, Диана Таңатар сынды кітапхананың тұрақты оқырмандары Абай поэзиясын жете меңгеріп ғана қоймай, ғұлама ақынға арнауларын толғана оқыды.  Жас толқынның арнаулары Абайдың 170 жылдық мерейтойына арналып ашылған Abaialemi.blogspot.com блокта жарияланды.   Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің бекітілген жоспарына сәйкес Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай іс-шаралар легі қыркүйек айынан басталмақ.   
 
Фотосурет...
Сайтты пайдаланушылардан сұрау
Жезқазған қаласы тұрғындарының қанша пайызы (%) компьютерді меңгерген?
 
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

   1. «Жезқазган қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі «Мемлекеттік мекеме», қала әкімінің қызыметін ұйымдық, құқықтық, ақпараттық-талдау қамтамасыз ететін атқарушы-басқаратын орган болып табылады.
   2. «Мемлекеттік мекеме» өз қызметін Конституцияға және Қазқстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да, нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «Мемлекеттік мекеме» туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
   3. «Мемлекеттік мекеме» заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, сондай-ақ банктерде заңдарға сәйкес шоттары бар.
   «Мемлекеттік мекеме» өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасайды.
   «Мемлекеттік мекеме», егер Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқылы.
   4. «Мемлекеттік мекеме» шекті штаттық санын Қарағанды облысының әкімдігі бекітеді, «Мемлекеттік мекеменің» қүрлымын Жезқазған қаласының әкімдігі бекітеді.
   5. «Мемлекеттік мекеменің» мекенжайы 100602, Жеқазған каласы, Алаш алаңы, 1 үй.
   6. «Мемлекеттік мекеменің» толық атауы «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде Государственное учереждение «Аппарат акима города Жезказгана».
   7. Жезқазған қаласы әкімдігінің атынан мемлекет «Мемлекеттік мекеменің» құрылтайшысы болып табылады.
   Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
   8. «Мемлекеттік мекеменің» қызметін қаржыладыру тек мемлеттік бюджеттен жүзеге асырылады.
   «Мемлекеттік мекемеге» «Мемлекеттік мекеменің» функциясы болып табылатын міндеттерді орнату үшін кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
   2. «Мемлекеттік мекеменің» функциялары, негізгі мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
   9. «Мемлекеттік мекеме» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген фукцияларды жүзеге асырады (жауапкершілікте болады).
   10. «Мемлекеттік мекеменің» негізгі міндеттері болып Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы жергіліктік мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Рспубликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңында, Қазақстан Риспубликасынвң Президентінің, Үкіметінің актілерінде, басқа да заңдық және нормативтік құқықтық актілерде, осы ережеде белгіленген міндеттер табылады.
   11. «Мемлекеттік мекеме» өз функциясын жүзеге асыру үшін төмендегілерге құқылы:
   1) заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастар жасауға, шартар жасауға және қолданыстағы заңдарға қайшы келмейтін басқа да қызыметтерді жүзеге асыруға;
   2)құрлымдық бөлімшелерден, село әкімдерінің аппараттарына қажет
   ақпарат алуға, сондай-ақ оларға орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
   3)барлық меншік түріндегі кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан қажет ақпараттар, құжаттар және басқа да материалдар сұрауға және алуға, қала әкімінің құзырына жататын мәселелер бойынша лауазымды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсінік сұрауға және алуға;
   4) ақпараттық мәліметтердің барлық түрін, онын ішінде село әкімдерінің аппараттында бар құпия мәліметтерді пайдалануға;
   5)Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, қала және облыс әкімдігінің қаулыларының, облыс және қала әкімдері шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының орындалысына тексеріс жүргізуге, анықталған жөнсіздіктрдің себептерін жою және оларды орындау жағдайлары жөнінде шаралар қолдануға;
   6)қала әкіміне және село әкімдері аппараттарының және олардың құрлымдық бөлімшелерінің құрлымы мен қызыметін жетілдіру жөнінде ұсыныс жасауға;
   7) қала әкімінің тапсырмасы бойынша құрлымдық бөлімшелердің, село әкімдері аппараттарының, атқарушы органдардың, әкімге бағынатын мемлекеттік кәсіпорындардың қызыметкерлерін қала әкімдігінің мәжілістерінде қаралатын мәселелерді әзірлеу, проблемалық мәселелерді зерттеу және шешу үшін тартуға;
   8) «Мемлекеттік мекеме» жүргізуге жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызыметтік хат алмасуға құқылы.
   12. «Мемлекеттік мекеме» қажет құжаттар, материалдар, хабарламалар, жазбаша түсініктер беру жөніндегі талаптары аудандар әкімдері аппараттары, бағыныстағы мекемелердің лауазымдағы тұлғалар үшін міндетті және белгіленген мерзімде орындауға жатады.
   13. «Мемлекеттік мекемеге» төмендегідей міндеттер жүктеледі:
   1)Қазақстан Республикас Президентінің, үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын қаланы дамыту мүддесі мен қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асыру;
   2)қаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарын, жергілікті бюджетті әзірлеуге қатысу және бақылау және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
   3) атқарушы органдардың, қала әкіміне, әкімдігіне бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысын үйлестіру және бақылау;
   4)қала кәсіпорындарының шетел инвесторларымен сыртқы экономикалық байланыстар жзәне ынтымақтастық саласындағы қызыметін үйлестіру;
   5) әлеуметтік және экономикалық процестерді басқаруды жүзеге асыру, еңбек, жұмыспен қамту және көші-қон процестері, әлеуметтік сақтандыру, саласында саясат жасау және осы мақсатта село әкімдері аппараттарының қызыметіне үйлестіру, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін талдау және әзірлеу үшін олардан уақытылы ақпарат алу, әлеуметтік – экономикалық жағдай қағйдаларын қалыптастыру;
   6) Қазақстан Республикасы заңдарын, Президенттің және Үкіметтің актілерін орындауды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс және қала әкімдерінің шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының орындалысына бақылау жасау, анықталған жөнсіздіктерді, орындамау себептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдау;
   7) облыс, село әкімдерінің аппараттарымен, облыстық және қалалық мәслихаттармен, қоғам ұйымдармен өзара әрекеттестік қамтамасыз ету;
   8) қала әкімдігін, активтерді, кенестерді, халықаралық кездесулер мен сапарларды, қала әкімі мен оның орынбасарлары өткізетін басқа да шараларды ақпараттық – талдау, құқықтық, ұйымдық және материалдық – техникалық қамтамасыз ету;
   9) қала әкімінің қызыметін құжаттамалық қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, хаттар мен өтініштерді қарау, азаматтарды қабылдау, құжат айналымына талдау жасауды ұйымдастыру, іс жүргізуді жетілдіру: құпия құжаттармен жұмыс істеу, мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізуді қамтамасыз ету;
   10) қала әкімінің тапсыруымен өткізілетін шараларды ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз ету, қала әкімі мен оның орынбасарларының күнделікті қызыметін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету, олармен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты, қаладағы экономикалық және әлеуметтік жағдайларды, мәселелерді шешу жолдарын түсіндіру;
   11) қала әкімінің кадр саясатын жүзеге асыру жөнінде жұмыстар ұйымдастыру , әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың бос орындарына орналасу үшін конкурстар өткізу, оқытуды , машықтануды ұйымдастыру, кадрлар резервін қалыптастыру;
   12) қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, әкімдік қаулыларын сақтау;
   13) қала әкімінің және оның аппараты қызыметкерлерін қаржылық- шаруашылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
   3. «Мемлекеттік мекеменің» мүлкі
   14. «Мемлекеттік мекеме» жедел басқару құқығында жеке мүлікке ие.
   «Мемлекеттік мекеменің» мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады, негізгі және айналым қаражаттарынан, сондай-ақ құны «Мемлекеттік мекеменің» балансында көрсетілетін басқа да мүліктен құралады.
   «Мемлекеттік мекеменің» мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар бойынша бөліну мүмкін емес.
   «Мемлекеттік мекеменің» өзіне бекітіліп берілген мүлкі дербес иесіздендіруге немесе басқаша иелік етуге құқығы жоқ.
   4 «Мемлекеттік мекеменің» қызыметін ұйымдастыру
   15. «Мемлекеттік мекемені» Қарағанды облысының әкімі қызыметке тағайындайтын және қызыметтен босататын Жезқазған қаласының әкімі басқарады.
   Жезқазған қаласы әкімінің заңда белгіленген тәртіпке сай қызыметке тағайындалатын және қызыметтен босатылатын орынбасарлары және аппарат басшысы бар.
   16. Жезқазған қаласының әкімі «Мемлекеттік мекемеге» жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауап береді.
   17. Осы мақсатта Жезқазған қаласының әкімі:
   1) өз орынбасарларының, аппарат басшысының және құрлымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
   2) заңдарға сәкес «Мемлекеттік мекеменің» қызыметкерін қызыметке тағайындайды және қызыметтен босатады;
   3) заңда белгіленген тәртіпке сай «Мемлекеттік мекеменің» қызыметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
   4) «Мемлекеттік мекеменің» актілеріне (әкімнің шешімдеріне, өкімдеріне, әкімдік қалауларына) қол қояды;
   5) «Мемлекеттік мекеменің» құрлымдық бөлімшелері туралы ереже бекітеді;
   6) басқа мемлекеттік орагндар мен басқа ұйымдарда «Мемлекеттік мекеменің» мүдесін білдіреді;
   7) заңдарға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
   18. Жезқазған қаласының әкімі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 30-бабына сәйкес, әкімдікті (заңды тұлға болып табылмайтын алқалық орган) басқарады.
   19. Жезқазған қаласының әкіміне тікелей бағынатын аппарат басшысы «Мемлекеттік мекеменің» жұмысын ұйымдастыруды және басшылық жасайды .
   Осы мақсатта аппарат басшысы:
   1) «Мемлекеттік мекеменің» құрлымдық және штаттық кестесін, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістерді қала әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
   2) Қалалық бөлімдердің, басқармалардың және село әкімдері аппараттарының құрылымдық жобаларын ұсынады;
   3) «Мемлекеттік мекеменің» көзге түскен қызыметкерлерін ынталандыруға ұсыныс жасайды;
   4) «Мемлекеттік мекеменің» бөлімдерінің және басқа да құрлымдық бөлімшелерінің қызыметін үйлестіреді;
   5) «Мемлекеттік мекеменің» ішкі еңбек тәртібінің ережесін қала әкімінің бекітуіне ұсынады, мемлекеттік қызымет туралы заңнын орындалуына бақылау жасайды;
   6) Қала өміріне қатысты әкімдік қаулыларының, шешімдердің және өкімдердің, басқа да қызыметтік құжаттардың жобаларын қала әкімінің бекітуіне ұсынады;
   7) Облыс , село әкімдері аппараттарымен, қалалық маслихатпен , қала әкімінің атқарушы оргндармен; саяси партиялармен және қозғалыстармен, бұқаралық ақпарат құралдармен және қала халқымен тұрақты байланысты қамтамасыз етеді;
   8) Қала әкімі тапсырмаларының, шешімдерінің мен өкімдерінің, әкімдік қабылдаған қаулылардың орындалысына бақылауды ұйымдастыруды және орындалуын қамтамасыз етеді;
   9) Қалалық бюджеттен қаржыландыратын село әкімдері аппараттарының бөлімдерінің және басқа да атқарушы оргндарының қызметін бағалау жөнінде қала әкіміне ұсыныс жасайды;
   10)Қала әкіміне село әкімдерінің заңсыз шешімдері мен өкімдерін жою туралы ұсыныс жасайды;
   11)кадр саясатын жүзеге асыруға жауап береді. Қала әкімінің қарауына бөлім меңгерушілерін, атқарушы оргндарының мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын қызыметке иағайындау (конкурс нәтижесі бойынша) және қызыметтен босату туралы ұсыныс жасайды, кадрлар резервін қалыптастырады , лауазымды адамдарды тәртіпке жауапкешілікке тарту жөнінде ұсыныс еңгізеді;
   12)өз құзыры шегінде қызыметтік құжаттарға қол қояды;
   13)азаматтарды жеке қабылдайды.
   20.Аппарат басшысы :
   1)қала әкімінің және оның орынбасарларының қарауына енгізілетін, сондай-ақ қала әкімдгін қаралатын мәселелері әзірлеу және келісу жөнінде село әкімдеріне, «Мемлекеттік мекеменің» бөлім меңгерушілеріне, атқарушы оргндарының, қала әкіміне бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларына тапсырмалар мен нұсқаулар беруге;
   2)село әкімдері аппараттарының , атқарушы органдардан, қала әкіміне бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардан, қала аумағында орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдар Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, әкімдігі қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің және басқа да тапсырмалардың орындалысы жөнінде ақпараттар мен есептер талап етуге; 3)белгіленген енгізу тәртібіне және талаптарына сәйкес келмеген жағдайда әкімдігі қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, іскер хат-хабарлардың жобаларын қайтаруға құқылы.
   21. «Мемлекеттік мекемеге» жүктелген міндеттерді орындау үшін, бекітілген құрлымға сәйкес бөлімдер мен басқа да құрлымдық бөлімшелер құрылады.
   Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бөлімдер, басқармалар, комитетер мен басқа да атқарушы органдар осы ереженің, сондай-ақ қала әкімі бекітетін құрлымдық бөлімшелері туралы ереженің және лауазымдық міндеттемелердің негізінде әрекет етеді.
   22. «Мемлекеттік мекеме» бөлімдерінің және басқа да құрлымдық бөлімшелерінің басшылары:
   1)өздерінің бөлімдеріне және бөлімшелеріне жүктелген тапсырмалардың орындалуына, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің және басқа да жоғары органдардың актілерінің, сондай-ақ әкімдік қаулыларының, қала әкімінің , оның орынбасарларының және аппарат басшысының шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының, қалалық әкімдігінін өз құзырлары шегінде қабылданған қаулыларының уақытылы және толық орындалуына жеке жауап береді. Қызметкерлерді қызметке қабылдау, ауыстыру және қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді қызметкерлер арасында міндеттерді бөледі, еңбекті ұйымдастырды, өзара ауыстырылуды, тиісті еңбек тәртібін қамтамасыз етеді; іс жүргізудің қолданылатын нұсқауларға сәйкес дұрыс жүргізілуіне жауап береді;
   2)өзіне жүктелген міндеттерді орындалмағаны және өзіне берілген құқықтарды дұрыс пайдаланбағаны үшін заңдарда белгіленген тәртіпке жауап береді.
   23. «Мемлекеттік мекеменің» мемлекетік қызметшілері осы ережеге сәкес өздерінің тікелей қызыметтік міндеттерін атқарған кезде:
   1)қала әкімдігінің мәжілістерінде, қала әкімінің аппаратында, атқарушы органдарда және қала әкіміне бағынысты мемлекеттік кәсіпорында өткізілетін кеңестерге, шараларға қатысуға;
   2)қала әкімі орынбасарларының, қала әкімі аппараты басшысының тапсырмасы бойынша село әкімдері аппараттарының, қала аумағында орналасқан ұйымдардын, мекемелердің және кәсіпорындардың жауапты қызыметкерлерін «Мемлекеттік мекемеде» талқылау барысында пайда болатын проблемалық мәселелерді әзірлеуге қатысуға тартуға және басқа да мәселелерді шешу жөнінде ақпараттар, ұсыныстар және қорытындылар сұрауға;
   3)қала әкімі аппаратының басшысына әкімдік қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің талаптарға сай келмейтін, заңға қайшы келетін жобаларын жетілдіруге қайтару жөнінде ұсыныс жасауға; «Мемлекетті мекеменің» құзырына кірмейтін құжаттар мен материалдарды қайтаруға құқылы.
   5. «Мемлекеттік мекемені» қайта ұйымдастыру және тарату
   24. «Мемлекеттік мекеменің» қызыметін тоқтату оны қайта ұйымдастыру және тарату түрінде жүзеге асырылады.
   «Мемлекеттік мекемені» қайта ұйымдастыру оның мүлкін меншік иесінің немесе органның уәкілетті меншік иесінің шешімі бойынша немесе заң актілерінде қарастырылған жағдайларда сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
   «Мемлекеттік органды» қайта ұйымдастырылған кезде барлық мүлік белгіленген тәртіпте оның құқықтық мұрагеріне өтеді.
   1)мүліктің меншік иесі бойынша;
   2)Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңдарда қарастырылған негіздерде сот шешімі бойынша;
   3)Қазақстан Республикасындағы заң актілерінде қарастырылған басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.
   Мекемені тарату жөнінде шешім қабылданған орган тарату комиссиясын тағайындайды және тарату тәртібі мен мерзімін белгілейді.
   Тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап, оған мекеме ісін және мүлікті басқару жөніндегі өкілдіктер ауысады.
   Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеліміне жазба жазылған соң мекемені тарату аяқталды және мекеме өз қызыметін тоқтатты деп есептеледі.

 
 
 
 
Подписка на новости
e-mail:
Қазақша
Русский
English
Рейтинг@Mail.ru