Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты

Қарағанды облысының Жәйрем кентінде ХҚО ашылды

4 октября 2019

Бүгін  Жәйрем кентінде  «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясы Қарағанды облысының әкім аппаратымен бірлесіп, ХҚО іске қосты.                                                      

«Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясы Қарағанды облысы бойынша филиалының директор орынбасары Кульмира Сулейменованың  айтуы бойынша  жаңа ХҚО орналасқан жері тұрғындар үшін өте ыңғайлы, себебі ол Жәйрем кентіндегі әкім аппаратымен бір ғимаратта орналасқан.  

ХҚО-да небәрі 3 жұмыс орны жұмыс істейді: жинақтау секторы, дайын құжаттарды беру секторы, өзіне-өзі қызмет ету секторы, сондай-ақ, азаматтарды құжаттандыру және тіркеу бағыты бойынша қызметтер көрсетіледі.

Азаматтарға қызметтер  аудан алаңы 118 ш.м. болатын өте  кең бөлмеде көрсетіледі.  Жаңа ХҚО ашылуы азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу үшін  Қаражал қаласына жолға шықпай-ақ, жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сонымен бірге, мемлекеттік қызметтерді алу үшін, электрондық үкімет сервистерін пайдаланатын азаматтардың санын арттыруға мүмкіндік береді.  Жалпы алғанда, жаңа ХҚО ашу азаматтардың қанағаттанушылық көрсеткішінің артуына оң әсерін тигізетіні анық.