Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты

ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

21 октября 2019

Биыл қала жолдарын жөндеуге қомақты қаржы қарастырылды. Жалпы көлемі 21 шақырымды құрайтын 14 көше мен 10 аула жолының жөндеуіне бөлінген 1 млрд 071,2 млн теңгенің 200 млн теңгесі облыстық қазынадан. Ал, 871,244 миллионы қалалық бюджет есебінен. Облыстан бөлінген трансферттер қаланың 7 шақырымдық айналма жолын орташа жөндеуден өткізуге жұмсалды.

Қалаішілік автомобиль жолдарын жөндеу жоспарын құру кезінде тұрғындардың тілегі назарға алынғанын айта өткен жөн. Бұған дейін Рыбачий, Комбинатский елді-мекеніндегі жолдардың сапасына қатысты сын көп айтылған-ды. Бүгінгі таңда Исаев, Кетбұға би, Ер Шоштан, Тілеулі батыр, Шашубай, Балочная, Жанайдар батыр, Төлеубаев көшесіндегі жолдар толық жөнделді. Мердігер компания «АлмасҚұрылыс» ЖШС қалаішілік Панфилов, Пушкин көшесіндегі жолды жөндеуден толық өткізіп, қазанның ортасына дейін Б.Момышұлы көшесін аяқтайды деп күтілуде.

Аулаішілік жолдардың жөндеуіне  де ерекше көңіл бөлініп отыр. Биыл 3,6 шағын аудандары мен 63 орамның аулаларына басымдық берілді. 169,658 млн теңгеге келісімшарт жасасқан мердігер «Рокада-А» ЖШС 63 орам мен Есенберлин көшесіндегі 11,15,17,19,21,23 үй аулаларын толық асфальттады. Бүгінде 6 шағын аудандағы жөндеу жұмыстары жалғасуда. Шағын аудандағы ескі 4000 м жиектастың  2200 м жаңартылып, 4500 шаршы метр асфальт төселді.

–Қала жолдарын жөндеу мәселесі күнтәртібін түскен емес. Жыл сайын тозығы жеткен жолдарды жаңартуға қыруар күш жұмсалуды. Биылдың өзінде біраздан бері жөндеу көрмеген жолдарға асфальт жамылғысы төселді. Жол жөндеудің сапасы да жіті қадағалауда. Жол салған мердігер мекемелер жолдың сапасына үш жылға дейін кепілдік береді. Үстіміздегі жылы сапасы сыр берген жолдар мердігер компания есебінен  қайта жөнделді, – деген тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Бахтияр Парнабеков қалаға тиесілі ауылдар да назардан тыс қалмағанын жеткізді. Кеңгір селосында 1,7 шақырым жол жаңартылса, Талапта 700 метрі жөнделді.