Развернуть
Жезқазған қаласы әкімінің аппараты
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты

Тестілеу залы ашылды

14 октября 2019

Бүгінгі таңда Жезқазған қаласы әкімі аппараты мен оған қарасты 17 мемлекеттік мекемеде 107 мемлекеттік қызметкер еңбек етуде. Одан бөлек салық комитетінің, халыққа қызмет көрсету орталығы мен құқық қорғау органдары қызметкерлері де – мемлекеттік қызметте. Жезқазған қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі биылғы жылы бос орындарды толтыру мақсатында 18 конкурс ұйымдастырған. Оған 33 үміткер құжат тапсырса, 21 комиссия шешімімен жұмысқа қабылданған.Соның өзінде жергілікті атқару органдарында әлі де 13 бос орын бар. Көріп тұрғандарыңыздай мемлекеттік қызметке орналсуға құлықтылардың саны аз емес. Ол мемлекеттік тестілеуден сүрінгендерді есепке алмағанда. Нақтырақ айтатын болсақ, 2018 жылдың өзінде Жезқазған-Ұлытау аймағынан 781 адам, 2019 жылы 693 адам Қарағанды қаласына барып, тестілеуден өткен. Мемлекеттік қызметке орналасуды ниет еткендерге 500-700 шақырымды еңсеру оңайға түспейтінін назарға алған  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қала әкімдігінің қолдауымен тестілеу залын ашты. Енді аймақ тұрғындары Жезқазған қаласы әкімдігі ғимаратының 8 қабатында орналасқан арнайы залда мемлекеттік қызметке орналасу үшін тестілеуден өте алады.

Тестілеуден орталығының ашылу салтанатына қатысқан ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысы әрі Әдеп кеңесінің төрағасы Айгүл Байханова:

–Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру міндетін жүзеге асыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен мемлекеттік қызметке үміткерлерді сапалы іріктеу үшін талаптар күшейтілуде. Осындай талаптардың бірі мемлекеттік және құқық қорғау органдарына үміткерлермен заңнаманы білуге арналған тестілеуді тапсыру үшін қолжетімділікті жоғарлату болып табылады. Қолайлы жағдай жасау мақсатында ашылған тестілеу залы өңір  тұрғындарының мемлекеттік және құқық қорғау органдарына қызметке орналасу мүмкіндігін кеңейте отырып, үміткерлерді іріктеу сапасын және мемлекеттік апараттың кәсібилігін арттыруда жолында жасалған маңызды қадам,– деді.

Жиында сөз алған қала басшысының орынбасары Зина Ақылбекова Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында қаузалған азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда мемлекеттік қызметшілер қоғам мен билік арасын байланыстырушы екенін алға тартып, осы міндетті орындау барша мемлекеттік қызметшілерге жүктелетінін жеткізді. 

Заманауи үлгіде жабдықталған тестілеу залы – 12 орындық. Бүгінде оның операторы да тағайындалған.