Рейтинг@Mail.ru
Интернет магазины
 
Iздеу:
Қазақша
Русский
English
 
 
Жезказган каласы аким аппараты 100%
 
 
 
 
Аты:
Пароль:
Регистрация
Жаңалықтар...
Қысқы ойындардан жарыс өтті
Қысқы ойындардан жарыс өтті Кеңгір су қоймасы жағалауында мектеп, колледж оқушылары, университет студенттері, қала мекемелерінің қызметкерлері арасында қала әкімінің кубогы үшін «Шаңғы – 2015» жарысы өтті.   Жалпы саны 510 адам қатысқан дәстүрлі жарыстың команда құрамы 3 ер, 3 әйел адамдар командасынан құралды. Ерлер 2 км, ал, әйелдер командасы 1 км. қашықтықты жүріп өтті.  Нәтижесінде мектеп оқушылары арасында І орынды №22 мектеп командасы, ІІ орынды №26 гимназия, ІІІ орынды № 4 мектеп иеленді. Колледж оқушылары арасында І орынды Жезқазған политехникалық колледжі, ІІ орынды Жезқазған көлік және байланыс колледжі, ІІІ орынды музыкалық колледж иеленді.  Қала мекемелері арасында І орынға №13 мектеп, ІІ орынға №10 мектеп, ІІІ орынға №1 мектеп командасы ие болды.  Сонымен қатар, мектеп оқушылары арасында доп хоккейі ойынынан қала әкімінің кубогы үшін жарыс  болды. Жарысқа қаладағы 12 мектептен командалар қатысты. Дәстүрлі түрде өткізілген бұл қысқы ойын түрі қатысушылар арасында тартысты өтті. Жарыс нәтижесінде І орынға №3 мектеп командасы тұрақтады. ІІ орынды №8 гимназия иеленсе, ІІІ орынды №5 орта мектеп командасы місе тұтты.   Жүлделі орын алған қысқы ойындарға қатысушылар диплом және әкім кубогымен марапатталды. Жарыс жеңімпаздарын қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Зина Ақылбекова жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, сәттілік тіледі.  
ЖЕЗҚАЗҒАН АЙМАҒЫНДА –жаңа өкіл имам
ЖЕЗҚАЗҒАН АЙМАҒЫНДА –жаңа өкіл имам Қасиетті жұма күні Ахмет ишан Оразайұлы атындағы мешітінде ҚМДБ-ның  діни істер бөлімі К. Тұрдыбаев жұма уағызын  айтқан соң, жиналған жамағатқа  Бас мүфтидің бұйрығына сәйкес ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша өкіл имамы Қ.  Жұмабековтың  қызметінен босатылғанын және  Жезқазған аймағы  бойынша жаңа өкіл имам болып Мәди Тоқпанұлы Смағұловтың тағайындалғанын жеткізді.    Жиналған жамағатқа өкіл имамды таныстырып,  асыл дінімізді насихаттауда аянбай қызмет етуін тапсырды. М. Смағұлов жамағат алдында Бас мүфтидің өзіне тапсырған дін аманатын абыроймен атқарып, сенімін ақтауға бар күш жігерін салатынын жеткізді.        Жезқазған қаласының әкімі атынан қалалық әкімі аппаратының басшысы  Е. Қатжанов құттықтау сөз сөйлеп, өкіл имам Қ. Жұмабековке Алғыс хат тапсырды. Қалалық маслихат тарапынан қалалық мәслихаттың депутаты, білім меценаты Б. Алтынбеков жергілікті жамағат атынан алғысын білдіріп, қазақи дәстүрімізге сай Қ. Жұмабековтың иығына шапан жауып, темір тұлпардың кілтін табыстады. Одан кейін ұстазға сыйлық ретінде шәкірттері алтын жазумен жазылған шежірені табыс етті. Заукен қажы Ыбырайтегі жаңа тағайындалған өкіл имамға, жиналған жамағатқа бата берді. Жаңадан тағайындалған өкіл имам Мәди Тоқпанұлы Смағұлов 2013 жылы Алматы қаласындағы Мырзахмет мешітінде найб имам қызметін атқарған, 2013 жылдың қараша айы-нан бастап, Алматы облысы, Іле ауданы, Водник шағынауданы Арын қажы мешітінде найб имам болып қызмет атқарған.  
Жылу электр орталығын Қытай компаниясы салады
Жылу электр орталығын Қытай компаниясы салады Жезқазған қаласында екінші жылу электр орталығын салу кешенді жоспарда бар. Былтырғы жылы халықаралық «MURAD MI» компаниясы осы істі қолға алмақшы болып, екіжақты меморандум жасалған болатын. Алайда, кейбір мәселелерге байланысты қалалық әкімдік тарапынан ол келісім тоқтатылған болатын.   Енді Қытайдың өндірістік кор¬порациясына қарасты синьцзяньдық «Хайюань» компа-ниясы жылу электр орталығын салуға ниет білдіріп, қаламызға ат¬басын тіреді. Арнайы келген қы¬тайлық делегаттар қала әкімі Батырлан Ахметовтың қабылдауында болып, келіссөз жүр¬гізді. Осыдан кейін екіжақтық меморандумға қол қойылды.  Қытайлықтар құрылыс жү¬ретін орынмен танысып, оның құрылысқа ыңғайлы екенін айт-ты. Енді наурыз айында екі жақ кездесіп, мәселені жан-жақты пы¬сықтамақ. Сол кездесуден кейін екі жақ бір келісімге келген соң, үстіміздігі жылдың қыр¬күйек айында құрылыс жұмыс-тары басталады деп жоспарлануда.  Бұл ауқымды жұмыс компанияның Қазақстан бойынша алғашқы жұмыстары екенін атап өткен қытайлық компанияның қаржы жөніндегі директоры Ши Дзиньгху жылу электр орталығын салу үшін 600 млн. АҚШ доллары жұмсалмақ екенін және құрылыс мерзімі 30 ай жалғасады деп жоспарланып отырғанын атап өтті.  
Ауған соғысының сарбаздарын еске алды
Ауған соғысының сарбаздарын еске алды Биыл Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл толып отыр. Осыған орай қаладағы интернационалист-жауынгерлерге арналған монумент алдында қала әкімі Батырлан Ахметовтың қатысуымен митинг болып өтті.  Қанды соғыста қаза болғандарды еске алуға арналған митинг еліміздің Әнұранымен басталды.  Мемлекеттік мекеме басшылары, колледж, мектеп оқушылары Ауған соғысының ардагерлері мен қаза болғандардың туған-туыстары қатысқан іс-шара барысында ерлікпен қаза болған жауынгерлерді еске алып,  бір  минуттық үнсіздік жарияланды.   Шара барысында қала басшысы  Батырлан Дүйсенбайұлы Ауған соғысының ардагерлері – Ғұмар Жақсыбеков пен Дәулет Шанауовқа армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы медальды тапсырды. Тәжік-ауған шекарасындағы соғысқа қатысқан жауынгерлер медаліне Алмас Алдажаров, Бауыржан Ахметов, Алмас Бакиров, Сабыржан Кулашев, Қанат Сайдельдинов, Ақылбек Сүйіндіков, Ербол Шаймерденов ие болды.  Жат жерге өзінің интернационалдық борышын өтеуге 117 жезқазғандық аттанса, оның 5-і ерлікпен қаза тапты. Солардың ішінде ерекше ерлігімен көзге түскен  Асылбек Мамажанов пен Виктор Тарадайдың есімдері қала көшелеріне берілген.  Аталмыш шара барысында Кеңес Одағы Қарулы күштерінің ардагері Алексей Соболев пен №8 қазақ гимназиясының оқушысы Бексұлтан Сатыбалды сөйлеп, бүгінде еңбек етіп жүрген жауынгерлерге алғыстарын жеткізді. Сондай-ақ, Жезқазған қалалық Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Ақылбек Аманов жиналғандар алдында жауынгер достары жайлы естелік айтты. Митинг жауынгерлерге тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды.   
Еңбекшілер құқығы қорғалады
Еңбекшілер құқығы қорғалады Еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік туралы үшжақты меморандумға қол қою рәсімі қалалық әкімдік ғимаратында өтті.     Қалалық еңбек және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Бағлан Мырзахановтың айтуынша, аталмыш келісім  қоғамдық саяси ахуалды сақтау және жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келісімді қалыптастыру мақсатында өткізіліп отыр. Бұл бүгінгі күн талабынан туындап отырған іс-шара. Үшжақты келісімге қала әкімдігі атынан қала әкімі Батырлан Ахметов, жұмыс беруші атынан қаладағы бірқатар мекемелер басшылары және тау-кен өндірісі саласындағы жұмыскерлер кәсіподағы  «Қазақмыс Кәсіп» мекемесінің атынан төраға Төреқожа Тілемісов қол қойды.  Меморандумның мақсаты – өндіріс кешендерінде еңбек ететін жұмысшыларды тұрақты жұмыспен қамту, олардың еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырған шара – жаһандық дағдарыс кезінде халықтың әлеуметтік жағдайының  нашарлап кетуінің алдын алуды көздейді.  Меморандумда жұмыскерлердің қысқартылмауы, жалақыларын уақытылы төлеу сияқты мәселелер қарастырылған.  Меморандум шарттарының орындалуын қадағалау – әкімдіктің жауапты мамандарына жүктеледі.   
Жұмыла еңбек еткеннің алар асуы мол
Жұмыла еңбек еткеннің алар асуы мол Қала әкімінің қорытынды есебінен    Қала әкімі Батырлан Ахметов ел алдындағы қорытынды есебін берді. Атқарылған жұмыстар мен алға қойылған жаңа міндеттер жайлы  есеп-беру кездесуі Серке Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалы-драма театрында өтті. Алқалы жиынға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Андрей Ляпунов, қалалық мәслихат хатшысы Советбек Медебаев, мемлекеттік мекемелер басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.  Кездесу барысында Батырлан Дүйсенбайұлы сөз алып, атқарылған жұмыстар жайлы баяндады. 2014 жыл жезқазғандықтар үшін айтулы шараларға толы болды. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда да айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Оның ішінде жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жыл ішінде 1763 адам жұмысқа орналастырылды. Денсаулық, білім, мәдениет саласында да оң ілгерілеушілік баршылық. 2014 жылы білім беру нысандарына жалпы сомасы 45,1 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді. Білім саласын сөз еткенде ұстаздарды айналып өту мүмкін емес. Себебі, оқушылардың қандай да бір жетістікке жетуі – алдымен ұстаздар жұмысының нәтижесі. Сондықтан, ұстаздарды ынталандыру мақсатында қаламызда соңғы үш жыл бойы мұғалімдер күніне орай, әрқайсысы 200 мың теңге болатын 9 номинация бойынша және 300 мың теңге болатын «Жыл мұғалімі» номинациясы бойынша қала әкімінің сыйлығы тағайындалып келеді. Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру аясында 3,2 млрд. теңге болатын 5 жоба индустрияландыру картасына енгізілді. Сондай-ақ, моноқалаларды өркендету, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы, қаланы абаттандыру, тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша ауқымды жұмыстар атқарылғанын, басқа да қордаланып қалған бірқатар  шаруалардың оң шешімі табылуда екенін жеткізді. Қала басшысы алда бұдан да өзге шараларды іске асыру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізіле беретінін атап өтті.  Бұдан кейін қала жұртшылығы сөз алып, атқарылған жұмыстарға  оң бағаларын беріп жатты.  Олар Елбасының саясатын іске асыру мақсатында атқарушы билік тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Әкімдік әлеуметтік маңызы бар 33 азық-түліктің бағасын тұрақтандыру мақсатында, олардың құнын 10 проценттен артық қымбаттатпау жөнінде қаладағы негізгі сауда нүктелерімен меморандум жасасқан. Бағасы арзан әлеуметтік нанның  сатылуы да бақылауда ұсталуда. Дегенмен, жиналғандар оңтайлы шешімін күтіп тұрған көкейкесті мәселелердің де баршылық екенін тілге тиек етті. Халық тарапынан көтерілген мәселелер мен қойылған сауалдардың дені  коммуналдық жүйе мен қоғамдық көліктердің жұмысы , азық-түлік бағасының өсуіне қатысты болды. Кездесу барысында тұрғындар, әсіресе,  электр энергиясы бағасының қымбаттауына алаңдайтынын жеткізіп, билік тарапынан көмек қолын созуды сұрады. Осы түйінді мәселені бір-жақты шешу жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізген қала басшысы халықты істің ақырын күтуге шақырды. Сонымен қатар, қаладағы қоғамдық көліктердің қызметтеріне көңілдері толмайтындығы жайлы тұрғындар тарапынан шағымның жиілегенін жеткізген Батырлан Дүйсенбайұлы жауапты мамандарға мәселені қатаң қолға алу керектігін ескертті.  Әлемді жайлап отырған экономикалық дағдарыстың «Қазақмыс» корпорациясына да кесірі тие ме деп өңірдің болшағына күмәнмен қараушыларға қала басшысы бұған еш негіз жоқ екенін ашып айтты. Қаланың  бас кәсіпорынында қысқартулар болмайтынын жеткізді. Жұртшылықты алаңдататын тағы бір мәселе – қаладағы жасыл желектердің тағдыры. Су құбырларының тозығы жетіп, суарылмағандықтан, бүгінде қаладағы тал-теректер біртіндеп қурап жатыр. Батырлан Дүйсенбайұлы бұдан былай көгалдандыру мәселесінде сан емес сапаға мән берілетінін және ағаш көшеттері суармалы су құбырлары бар жерлерге ғана отырғызылатынын атап өтті. Әкімнің айтуынша, биылғы жылы қабылданған қала бағдарламасы бойынша, ағаштарды күтіп-баптау ісіне 90 млн. теңге қарастырылған. Сондай-ақ, құбырлар жоқ жерлерді суару үшін 3 су тасымалдайтын көлік сатып алынған.  Қорытынды есеп беру-кездесу барысында мүгедек жандарды арбамен қамтамасыз ету, балабақшаға кезекке тұру тәрізді жұртшылық көкейіндегі сұрақтар қамтылды. Қала басшысы тұрғындар тарапынан қойылған мәселелердің оң шешілуін қадағалауды  жауапты мамандарға жүктеді.  Кездесу соңында, Батырлан Ахметов Ұлытау – Жезқазған өңірінің өсіп-өркендеуі Елбасының бақылауында болғандықтан, аймақта кешенді бағдарламалар қолға алынып,тікелей жүзеге асырылып жатқандықтарынан көпшілікті құлағдар етті. Қала әкімі алдағы 50 жылға жетерлік мыс қорының бар екенін айта келе, Жезқазғанның болашағына сенуін,сол үшін жиналғандарды бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып ұйымшылдықпен еңбек етуге шақырды.   
Елбасы сыйлығы –майдангерлерге
Елбасы сыйлығы –майдангерлерге  Бұдан былай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне «Өмір жолы» атты әлеуметтік жүйесі қызмет көрсететін болады. Президент Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қала басшысы Батырлан Ахметов осындай ұялы құрылғыларды жезқазғандық бірқатар Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне табыстады.   Игі іс Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Сырт көзге қолданыстағы ұялы телефондардан еш айырмашылығы жоқ сияқты болғанмен, бұл құрылғыда стационарлық және ұялық байланыстары біріктірілген. Сондықтан бұл құрыл-ғыны ардагерлер күнделікті қолданыста да еркін қолдана алады. Бастапқыда 200 теңге бірлігі бар ұялы байланыс желісінде өзара сөйлесу тегін. Ал, былайғы ұялы телефондардан ерек-шелігі – ұялы телефонның артында «SOS» тетігі орналастырылған. Ардагерлер сол тетікті басып, көмек орталығына белгі жібере алады. Осы кезде орталықтағы операторға қоңырау шалған ардагердің жеке картасы көрсетіледі. Онда абоненттің ауруларының барлық белгілері жазылады. Құрылғы қатты дыбыс және микрофонмен жабдықталған. Осылар арқылы қариялар оператормен байланыс жасап, тілдесе алады. Егер абонент сөйлеуге шамасы келмей, ауыр халде жатқан болса, оператор дереу жедел жәрдем шақырып, ардагердің мекен-жайына жібереді. Бұдан кейін орталық қызметкері қарияның туыстары мен жақындарына ха-барлайды. Қала басшысы Батырлан Дүйсенбайұлы жауапты мамандармен алдымен қарт майдангер Нина Виноградованың үйіне атбасын тіреді. Елбасының арнайы сыйлығын табыстаған қала әкімі қарияға құрылғыны қолдану әдісін қысқаша түсіндіріп, байланыс «Билайн» желісі арқылы іске асатынын жеткізді.  Бұдан кейін Батырлан Ахметов жауапты мамандармен Ұлы Отан соғысының ардагерлері Шахмұрат Әшірбековтың, Николай Алпатовтың үйлеріне барып, аталмыш құрылғыны табыс етіп, аға ұрпақ алдында бүгінгі жастар мәңгілік қарыздар екендіктерін атап өтті.  Елбасының сыйлығымен қаламыздағы 14 ардагердің барлығы дерлік қамтамасыз етіледі.  
Телемарафонда дін мәселесі
Телемарафонда дін мәселесі Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков бүгінгі таңда әлемнің басты проблемаларының біріне айналып,  қоғамды  алаңдатып отырған   дін мәселесі жайлы телемарафон өткізді. Оған Қарағанды облысының қала, аудан басшылары онлайн режимінде қатысты.   Алқалы жиында облыстық ақпараттық-насихаттық топтарының атқарған жұмыстары мен 2015 жылға арналған  жоспарлары сөз болды. Бүгінде келісім мен толеранттылықтың ұйытқысы болуға ұмтылып отырған Қазақстанда діни көзқарастар тұрғысында қордаланған мәселелер баршылық.  Осы орайда түрлі әлеуметтік топтардың кейбір күдікті ағымдардың жетегінде кетуіне тосқауыл қою мақсатында елімізде ақпараттық-насихаттық топтар құрыл-ған болатын. Қазіргі таңда облыста  имамдар, теолог-ғалымдар, зерттеушілерден тұратын 365 адам жұмыс істейтін 44 ақпараттық насихат топ бар.  Алқалы жиында Қарағанды  облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайрат Нүркенов атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Жүйелі түрде жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарының арқасында қоғамға қауіп төндіріп отырған топтардың белсенділігі азая бастағанын тілге тиек етті. Аймақ басшысы Нұрмұхамбет Қанапияұлы аталмыш мәселенің көлеңкелі тұстарына зерттеулер жүргізе отырып, басқа облыстардың тәжірибелеріне де назар аудару қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, ақпараттық-насихат топтары тек кездесумен шектеліп қана қоймай, осы жолда БАҚ өкілдерін жұмылдырып,  халыққа түсінікті тілмен жеткізетіндей шаралар ұйымдастыру керектігін атап өтті.  Телемарафонда сөз алған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Дін істері жөніндегі комитетінің өкілі Айнұр Әбдірасылқызы республика, облыс бойынша атқарылған жұмыстар жайлы және  ҚМДБ-ның қолдауымен шығарылып жатқан  кітаптар туралы баяндады. Осы кітаптарды әдістемелік құрал ретінде пайдалану үшін  мұғалімдер мен мемлекеттік қызметкерлер тапсырыс беру арқылы алуға болатынын жеткізді. Айнұр Әбдірасылқызының айтуынша бүгінгі таңда республика бойынша 850 ақпараттық-насихат тобы бар, онда 4 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Сонымен қатар, қазіргі таңда республика аумағында  «Билайн» желісі бойынша 114 және 87770000114 номерлеріне шұғыл қоңырау шалып, ақпарат алуға мүмкіндіктері бар екенін хабарлады.   Мұндай тікелей байланыс республикада алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өткен Айнұр Әбдірасылқызы, басқа да облыстарға үлгі боларлық игі іс-шара деген оң бағасын берді. Тікелей эфир арқылы бас қосқан мамандар өзектілігін жоймай отырған дін мәселесі жөнінде бірігіп жұмыс жасайтындарын жеткізді.  .  
ЖАҢА КІТАПТАРДЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ
ЖАҢА КІТАПТАРДЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ Жезқазған қаласының 60 жылдық торқалы тойына орай Алматы қаласындағы «Классика» ЖШС баспаханасынан 4 кітаптың жарық көргені белгілі. Олар: «Тәуелсіздік жылдарындағы табысты қаланың тынысын танытатын «Жезқазған» танымдық кітабы, Кәкімбек Салықов пен Ерлан Салықовтың «Ими гордится Жезказган. Жезқазған оларды ардақтайды» атты кітабы, «Ән арқауы, жыр арқауы – Жезқазған» жинағы және Сағындық Қожамсейітовтың «Қазақ елінің кіндік мекені – Жезқазған» атты тарихи-танымдық кітабы.   Мерейтойлық кітаптарға қала әкімдігі қолдау білдіріп, жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлінді. Тендер жарияланып, кітаптарды басып шығу құқығына ие болған «Классика» ЖШС-не тапсырыс берілді. Жобаның жетекшісі – қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Нұрлыбаева, жауапты редакторы  – «Тілтану» ОӘО директоры Ғазиз Ештанаев. Кітап қолжазбалары Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту орталығының «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығында әзірленді. Аталмыш кітаптардың әзірленуіне өлке тарихын, Жезқазғанның Тәуелсіздік жылдарындағы табысын жетік білетін қаламгерлер қатысты. Олар – Қазақстанның Құрметті журналисі, ақын Батырбек Мырзабеков, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі, журналист Амандық Рахұлы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Сарыарқа» газеті редакторының орынбасары, ақын Сара Смағұл және университет оқытушы-ғалымдары Света Жумкина, Алмагүл Үмбетова, Қанағат  Алтайбекова, ғылым магистрі Эльмира Хамитова. Мысты шаһардың тарихы, тарихи тұлғалары, Тәуелсіздік жылдарындағы табыстары туралы мақалалар мен Жезқазған туралы жазылған әндері мен өлеңдері топтастырылған осы 4 кітап пен «Алтын кесе» әндер жинағының таныстырылымы С. Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің акт залында өтті. Жүздесуді орталық тапсырысымен «Ұлытау қыздары» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Айта кету керек, өткен жылдардың тағы табысы оқырмандар мен өнер адамдарының қолына «Алтын кесе» әндер жинағы мен күйтабағының тиюі. Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы Қарағанды қаласындағы «Форма Плюс» баспаханасынан «Алтын кесе» атты жинақ пен күйтабақты жарыққа шығарып, өнерсүйер қауымды бір қуантып тастаған болатын. Жинаққа Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, Жезқазған филармониясының әншісі Ғалым Мұхамединнің ел арасынан, Қ.Сәтбаевтың айтуымен жазып алынған әндер қорынан жинап, насихаттап жүрген халық әндері және Тайжан Қалмағамбетовтың жылдар қалтарысында қалып қоя жаздаған 11 әннің нотасы мен мәтіні енгізілді. Күйтабаққа әншінің орындауындағы нұсқалары жазылды. Сөйтіп, Ғалым әншінің ел аузынан тамтұмдап жинаған әндері тасқа басылған болатын.  Кітапханада өткен таныстырылымда «Алтын кесе» жинағының ерекшелігі сөз болып, әнші, ән жанашыры Ғалым Мұхамедин сирек орындалып жүрген 5 ән орындап, «Алтын кеседен» дәм ауыз тидірді.  Жаңа кітаптармен жүздесуде журналист Амандық Рахұлы, С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Шәрипа Қапкеева сөз сөйлеп, тележурналист Арман Кенжебек К. Салықовтың Жезқазған туралы өлеңін оқыды. Жезқазған туралы жазылған кітаптар жайлы бейнебаян көрсетіліп, кітапхана қызметкерлері көрме ұйымдастырды. «Жаңа кітаптармен жүздесу» атты шараның соңында қала кітапханаларына, университет, колледж және мектеп кітапханаларына жарық көрген 5 кітап тегін таратылды.  
«АРДАГЕРІМ – АРДАҒЫМ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
«АРДАГЕРІМ – АРДАҒЫМ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА ТМД елдері бойынша Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай 2015 жыл «Ардагерлер жылы» деп аталғаны белгілі. Осыған байланысты республикамызда «Ардагерім – ардағым» атты акция жалғасуда. Акция аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілуде.   Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мирас Құттыбай, Жезқазған қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мереке Мырзабекова және Өмірхан Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті тәрбие бөлімінің басшысы Гүлжазира Акубаева Ұлы Отан соғысының ардагері Қойшыбек Тоқтамысұлы ақсақалмен кездесті. Ардагерді келе жатқан мерейлі мерекемен құттықтап, сый-сияпат көрсетті.  1920 жылы Сарыкеңгір ауылында дүниеге келген Қойшыбек Тоқтамысұлы Ұлытау, Жезқазған аймағына ұстаздық еткен танымал тұлға. 1941-1949 жылдар аралығында Шығыс шекарасында әскери міндетін өтеген. 15 ақпан күні 95 жасқа толғалы отырған ақсақал әлі тың. Кездесуде қарт майдангер қолына домбырасын алып, күмбірлете шертіп жиналғандарды бір серпілтіп тастады. Жастайынан қоғамдық жұмыстарға араласқан қарияның қолынан қаламы әлі де түскен емес. Жақында ғана «Дала патшасы» атты кітабы жарық көрді. Облыстық, республикалық басылымдарға Алаш, қазақ тарихы жайлы мақалалары жарияланып тұрады.  Ғасырға жуық жасаған қарт майдангер құттықтап келушілерге ғибратты әңгімелер айтып, батасын берді.   
 
Фотосурет...
Сайтты пайдаланушылардан сұрау
Жезқазған қаласы тұрғындарының қанша пайызы (%) компьютерді меңгерген?
 
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы туралы ақпарат

 

Көктем -  жаңару мен  жасарудың, үміт пен  қуаныштың, жақсылық атаулының жаршысы!  Тіршіліктің тірілуімен бірге әрбір шаңыраққа шаттық болып енетін Наурыз мейрамы да  көктемде тойланады. Наурыз – ықылым заманнан бері тойланып келе жатқан молшылық пен берекенің бастауы болған төл мерекеміз!

Наурыз – күнтізбедегі жаңа жылдың жаңа парағының ашылатын сәті!  Наурыз – еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қуанышқа кенеліп, ақ түйенің қарны жарылып, наурыз көжеге қарқ болып, елдің еңсесінің  көтеріліп,  шат-шадыман болатын күні!

Биылғы Наурыз мейрамы еліміздің Тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуы қарсаңында «Дәстүр» ұранымен өтеді. Мемлекеттік мереке – наурыз мейрамы айдың ең басты мерекесінің бірі болмақ. Барлық мерекелік іс-шаралардың идеологиялық мазмұны Елбасының биылғы Жолауын жүзеге асыруға бағытталады.

Наурыз мейрамын мерекелеудің мақсаты Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді нығайту, этносаралық достықты нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Жезқазған қаласында Наурыз мейрамы 21-23 наурыз күндері өтті. 21 наурыз күні Алашахан даңғылына киіз үйлер орнатылып, жұртшылыққа «Наурыз көже» тарату үшін қазандар орнатылып, сол күні киіз үйлерде халық дәстүрлерінен сайыс ұйымдастырылды. 23 киіз үйлер орнатылады.

Наурыз мейрамы қалада 22 наурыз күні өтті. Ұлттық салт-дәстүрлер элементтерімен әрленген театрландырылған шеру барысында Алаш алаңында Серке Қожамқұлов атындағы театр әртістерінің қатысуымен  театрландырылған қойылым өтеді. Мерекенің салтанатты ашылуынан соң Тайжан Қалмағанбетов атындағы филармония әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт. Алаш алаңында бір мезетте спорттық шаралар өтеді. Ал сағат 15.00-де қазақ халқының ұлттық киім үлгісін көрсететін «Наурызға көрік берген сұлу-сән», «Үздік киіз үй» байқауларының марапаттау рәсімі және байқау қортындысы жарияланып, жеңімпаздарын марапаттау рәсімінен кейін қаланың көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Тәуелсіздікпен бірге қайта жаңғырған салт-дәстүрімізбен Наурыз мейрамы ғасырлар бұрынғы сән-салтанатымен біздің тұрмысымызға ендеп алды. Наурыз – жыл басы ғана емес, береке-бірліктің, ізгілік пен татулықтың, қайырымдылық пен кешірімділіктің, бауырмалдықтың мерекесі. Наурыздың қадір-қасиетін қазір біз жақсы білеміз. Ол – жаңа бастамалар, жаңа қуат және тың күштің бастауы, қайнар бұлағы.

Баршаларыңызға, әр отбасына шын жүректен, шынайы көңілмен бақ-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Нұрын төккен, шуағы мол Наурыз халқымызға – ынтымақ, елімізге – молшылық, әр шаңыраққа – бақыт пен шаттық әкелсін.

Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын!

2010 жылдың Қарағанды облыстық мәдениет басқармасының қорытындысымен Жезқазған қаласының мәдениет және өнер майталмандары еңбектері еленіп:

Т.Қалмағанбетов атындағы филармония директоры Р. Сексенбаев «Жыл әртісі» номинациясы, С. Қожамқұлов атындағы театр әртісі Б.Әлкенова «Жыл актрисасы» номинациясы, «Мақпал» би ансамблінің жетекшісі Г. Смагулова «Жыл хореографы» номинациясы, Ибраева Разия Болатқызы «Музейдің үздік қызметкері» номинациясының иегері атанды. (на казахском языке)
 
2011 жылдың 11 наурыз күні Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бөлім бастығы С. Нұрлыбаева қаламыздағы мәдениет және өнер мекемелері басшыларымен кеңейтілген аппараттық кеңесін өткізді. Аталмыш кеңес отырысына: Нұрлыбаева С.С., Төлеш Қ.Ж., Шомаева Г.К., Түгелбаева Ғ.Ө., Чантуов М.Н., Бекишева Қ.Қ., Ештанаев Ғ., Жанботаев Д.Ә., Сексенбаев Р.К., Чумакова З.С., Аманова Н.Т., Капкеева Ш.Қ., Чубарова А.В. қатысты.  
 
Күн тәртібінде:
1. Бөлім бастығы С.Нұрлыбаева мекеме басшылары мен бөлім қызметкерлерін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен және алдағы келе жатқан «Наурыз мейрамы» мерекесімен құттықтап, Жезқазған қаласын дамыту бойынша қала әкімінің 20 бағдарламасына сәйкес құрылған «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі туралы тоқталып, конкурс бойынша директор лауазымына тағайындалған Ғ.Ештанаевты таныстыруы;
2. 2011 жылдың 2 мен 4 наурызы аралығында өткен ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ХХІ «Ұлытау үні» аймақтық фестивалінің іс-шараларына тоқталып, мекеме басшылары мен бөлім қызметкерлеріне алғысын білдіруі туралы;
3. Мекеме басшыларының атқарылған және жоспарланған іс-шаралары бойынша есеп берулері туралы;
4. Тәуелсіздік монументі және С.Сейфуллин ескерткіші туралы;
5. Құқықтық білім беру мектебінің іс-шаралары туралы;
6. 2011 жылдың 3 сәуірінде ҚР Президентін сайлау күніне арналған іс-шаралар туралы;
7. 22 наурыз – Наурыз мейрамының іс-шаралары туралы;
8. Халықтар достығы мен мәдениет үйінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына берілген конкурс          
туралы;
9. Әр түрлі мәселелер қарыстырылды.
Кеңес отырысының соңында мәдениет және өнер мекемелері басшыларына келесі тапсырмалар: Тәуелсіздік монументі және С.Сейфуллин ескерткіші туралы мәселені бақылауда ұстау, Қ.Аманжоловтың мүсіні туралы мәселе, 22 наурыз – «Наурыз мейрамы» күніне арналған іс-шаралар туралы, «Наурыз мейрамы» күніне арналған мерекелік шеру, «Наурыз мейрамы» мерекесіне арналған концерт (сценарий, жүргізушілер, сахнаны безендіру, дыбыстандыру, марапаттау дипломдары), «Наурыз мейрамы» мерекесіне арналған көрініс (театрализация), «Наурыз мейрамы» мерекесіне орай аз қамтылған отбасылар мен мүгедектерге азық-түлікпен көмек көрсету сияқты мәселелер жүктеліп, тиісті тапсырмалар берілді. 
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Болашақтық іргесін бірге қалайық» атты Жолдауы мәдениет және өнер мекемелерінде қызу талқыланып, Жолдауда көрсетілген еліміздің дамып-көркеюіне қатысты мәселелер халық көңілінен шығып, Елбасының салиқалы саясатына деген үміттерін арттыра түсті. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының міндеті ауқымды, мақсаты айқын, жылдан-жылға бағдарламаның орындалуын қадағалап, толықтырып отыруға арналған. Міне, осы бағдарламаны насихаттау мақсатында «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-нің балалар мен жасөспірімдер кітапханасы филиалының 10-11 сынып абонементінде 8 сәуір күні «Елбасы Жолдауы-халықтың қолдауы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжінің 1 курс студенттері қатысты. Дөнгелек үстел барысында жастар жаңа онжылдықты Қазақстан ЕҚЫҰ –ға төраға болып, әлемдік деңгейдегі тарихи оқиғамен басталғаны жайлы айта келе, Жолдауда барлық Қазақстан халқына жақсы жағдай жасалатындығы көзделгені туралы ойларын ортаға салды. «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-нің №5 кітапхана филиалында «Елбасы жолдауы – халықтың қолдауы» атты кітап көрмесі, №8 кітапхана-филиалында «Елбасы жолдауы елдің қамы» атты пікір алмасу ұйымдастырылды.
 
Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 2011 жылдың 10 сәуір күні сағат 11.00- де Ғарышкерлер бульварында адамзат баласының алғашқы ғарышқа ұшуының 50 жылдық мерейтойына орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Сол күні сағат 15.00-де С.Қомажқұлов атындағы қазақ сазды-драма театры алдында академик Қ.И. Сәтбаевтың туған күніне орай қала жұртшылығына арнап мерекелік іс-шара және митинг ұйымдастырлды.
2011 жылдың 22 сәуір күні сағат 17.00-де С.Қомажқұлов атындағы қазақ сазды-драма театрында «Жезқазғанның сөнбес жұлдыздары» жобасы аясында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі С. Нәкеновті еске алу кеші және ақынның «Бозторғайы жанымның» атты жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өткізілді.
2011 жылдың 23 сәуір күні сағат 11.00-де белгілі журналист, прозаик Камал Смаилов көшесі бойына ақынның пилоны орнатылып, салтанатты жиын өткізілді.
2011 жылдың 28 сәуір күні сағат 10.00-де Халықтар достығы мен мәдениет үйінде аймақтық «Күміс қоңырау» жас орындаушылар байқауы өткізілді.
2011 жылдың 29 сәуір күні сағат 11.00-де Халықтар достығы мен мәдениет үйінде аймақтық «Әнші балапан» байқауы өткізілді.
2011 жылдың 30 сәуір күні сағат 18.00-де С.Қомажқұлов атындағы қазақ сазды-драма театрында «Жезқазғанның сөнбес жұлдыздары» жобасы аясында М. Постаноговты еске алу кеші қйымдастырлды.
 2011 жылдың 1 мамыр күні сағат 11.00-де Қазақстан халықтары бірлігі күні мерекесіне орай қаламыздағы ұлттық мәдениет орталықтардың қатысуымен мерекелік концерт өткізілді.
2011 жылдың 6 мамыр күні сағат 11.00-де Жезқазған қаласы әкімі Б.Әбдіғалиұлының Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері құрметіне орай мерекелік дастархан жайылып, соңы мерекелік концертке ұласты.
2011 жылдың 7 мамыр күні сағат 12.00-де аумақтық соғысқа қатысушыларға арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өткізілді.
2011 жылдың 9 мамыр күні сағат 10.00-де 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері мен құрбандарын еске алуға байланысты салтанатты шеру мен Жезқазған қаласындағы Даңқ аллеясында митинг ұйымдастырылды.     

 

2011 жылдың 12 мамыр күні «Жезқазған қаласының алаңдарын, ықшам аудандарын, орамдарын және көшелерін қайта атау туралы және Малшыбай
селосының № 15 орта мектебіне атау беру туралы» ономастикалық комиссия отырысы өткізілді.   
                2011 жылдың 14 мамыр күні Жезқазған қаласында Абылай хан ескерткішінің салтанатты ашылуы және «Абылай хан» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
                 2011 жылдың 14 және 15 мамыр күндері қала тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Көңілді әуен кештері» мәдени-демалыс концерті ұйымдастырылды.
                2011 жылдың 17 мамыр күні «Балалық шағымның аспаны» атты фильмнің премьерасының көрсетілімі өтті.
                2011 жылдың 19 мамыр күні медициналық колледждің 50 жылдық мерей тойына арналған кеш-концерт өтті, сол күні қазақтың ұлттық дәстүрлі әнін насихаттаушы, дәстүрлі әнші Еркін Шүкімановтың концерті өткізілді.
                2011 жылдың 20 мамыр күні Жезқазған қаласында Сәтбаев қаласының өнер жұлдыздарының концерті ұйымдастырылды.
                2011 жылдың 21-31 мамыр күндері аралығында
Т. Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясының әртісі Махамбет Қаратай Астана қаласында өткен «Жас қанат-2011» республикалық жас орындаушылар конкурсына қатысты.
                2011 жылдың 23 мамыр күні үш жылда бір рет өткізілетін халықтық, үлгілі өнерпаздар ұжымдарының республикалық аттестациясы өтті.
                2011 жылдың 24-29 мамыр күндері аралығында
Т. Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясының «Ән көңілдің ажары» тобының Қ. Аманжоловтың 100 жылдығына арналған Қарағанды облысы бойынша гастрольдік іссапары өткізілді.
                2011 жылдың 27-31 мамыр күндері аралығында «Нұрсәулемай» үлгілі хореографиялық ансамблінің «Айгөлек» республикалық телевизиялық конкурсына қатысты.
                2011 жылдың 28 мамыр күні Ұлы Отан соғысының ардагері, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Қ. Макенбаевті еске алу кеші және «Жадымда бәрі жазулы» атты кітабының тұсаукесері өтті, сол күні «Жігіт сұлтаны» байқауы өткізілді.
2011 жылдың 21-22, 28-29 мамыр күндері аралығында қала тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Көңілді әуен кештері» мәдени-демалыс концерті ұйымдастырылды.
2011 жылдың 31 мамыр күні саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішінің ашылуы өтті.
 

12 шілде күні Жезқазған Индустриалдық гуманитарлық колледжінде

«Үздік іс жүргізуші». Қала мекемері аудармашылар арасындағы қалалық байқау өтті.

15 шілде күні Металлургтер күніне арналған Алаш алаңында мерекелік концерт ұйымдастырылды.

16-17 шілде күндері қала тұрғындарына арналған «Көңілді әуен кештері». Мәдени-демалыс бағдарламасы ұйымдастырылды.

20 шілде күні «Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мекемесінің бастығы С.С.Нұрлыбаеваның Қарағанды қаласында өткен облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының алқа мәжілісіне қатысуы болды.

23-24 шілде күндері қала тұрғындарына арналған «Көңілді әуен кештері». Мәдени-демалыс бағдарламасы ұйымдастырылды.

5 тамыз  күні С. Қожамқұлов атындағы қазақ сазды-драма театрында «Нілді Жезқазған теміржолына – 73 жыл»  толуына орай мерекелік кеш ұйымдастырылды.

6-7 тамыз күндері қала тұрғындарына арналған «Көңілді әуен кештері». Мәдени-демалыс бағдарламасы ұйымдастырылды. 

 

 

2011 жылдың 26 қыркүйек күні Халықтар достығы мен мәдениет Үйі ғимаратында Қазақ ұлттық өнер университетінің қазақ ұлт аспаптар оркестрінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне арналған «Туы биік туған ел!» атты концерті өтті. 
2011 жылдың 7 қазан күні балалар мен жасөспірімдер кітапханасынын оқу залында қалалық «Үміттің алқызыл желкені» атты фестивалі ұйымдастырылды.
2011 жылдың 14 қазан күні Халықтар достығы мен мәдениет Үйі ғимаратында «Тәуелсіздік тірегім» атты мектеп оқушылары арасында патриоттық әндер конкурсы өткізілді.
2011 жылдың 18 қазан күні С. Қожамқұлов атындағы қазақ сазды-драма театры ғимаратында белгілі журналист, көсем сөз шебері Кенжеболат Жолдыбайдың 60 жылдық мерейтойына арналған «» атты шығармашылық кеші өтті.
2011 жылдың 19 қазан күні С. Қожамқұлов атындағы қазақ сазды-драма театры ғимаратында төтенше жағдайлар құрылымының 16 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

 

2011 жылдың 18 тамыз күні Жезқазған қаласында шағын бақтың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
2011 жылдың 20-21, 27-28 тамыз күндері қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында «Көңілді әуен кештері» бағдарламасы ұйымдастырылды.
2011 жылдың 30 тамыз күні Металлургтер алаңында (бұрынғы Алғашқы құрылысшылар алаңы) Қазақстан Республикасының Ата Заңы күніне орай қаланың көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен мерекелік іс-шара өткізілді.
2011 жылдың 3-4 қыркүйек күндері қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында «Көңілді әуен кештері» бағдарламасы ұйымдастырылды.
2011 жылдың 5-і мен 22-і қыркүйегі аралығында Қазақстан халқының тілдері мерекесі фестивалі аясында Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен төмендегідей іс-шаралар легі ұйымдастырылды:
2011 жылдың 5 қыркүйек күні Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде «Тіл – ұлт болашағының кепілі» атты лекция ұйымдастырылды.
2011 жылдың 7 қыркүйек күні «Металлург» стадионында Жезқазған қаласы Күні мерекесіне орай, Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік іс-шара өткізілді.
2011 жылдың 12 қыркүйек күні №5 кітапхана-филиалында «Елдің болашағы – мемлекеттік тілде» атты дөңгелек үстел өтті. Сол күні балалар мен жасөспірімдер кітапханасы-филиалында «Тіл керуені» атты мерекелік кеш өтті.
2011 жылдың 14 қыркүйек күні Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжінде «Тіл – ұлт болашағының кепілі» атты лекция өтті. Сол күні Теректі стансасының №3 кітапхана-филиалында «Тіл ұлттың жаны, халықтың үні» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.
2011 жылдың 16 қыркүйек күні Халықтар достығы мен мәдениет үйінде «Қазақстан-достықтың мекені» атты фестиваль өтті.
2011 жылдың 19 қыркүйек күні «Тілтану» оқу-әдістемілік орталығы» ММ-де «Жыр маржандары» атты жас ақындармен кездесу кеші өтті.
2011 жылдың 20 қыркүйек күні тарихи-археологиялық мұражайында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты дөңгелек үстел өтті. Сол күні №2 моделді кітапхана-филалында «Қазақ тілі – менің тілім» атты сайыс өткізілді.
2011 жылдың 21 қыркүйек күні Қорғанбай бөлімшесіндегі №8 кітапхана-филиалында «Шығар тауым биік болсың, туған тіл» атты жыр кеші ұйымдастырылды. Сол күні С.Сейфуллин атындағы кітапханасында «Тіліміздің теңдігі – ұлтымыздың елдігі» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
2011 жылдың 22 қыркүйек күні М. Әуезов атындағы кітапхана-филиалында «Тіл - жаның, тіл – қаның, тіл – арың, тіл – әнің» атты мерекелік шоу өткізілді.
 
2011 жылдың 26 қыркүйек күні Халықтар достығы мен мәдениет Үйі ғимаратында Қазақ ұлттық өнер университетінің қазақ ұлт аспаптар оркестрінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне арналған «Туы биік туған ел!» атты концерті өтті. 
2011 жылдың 7 қазан күні балалар мен жасөспірімдер кітапханасынын оқу залында қалалық «Үміттің алқызыл желкені» атты фестивалі ұйымдастырылды.
2011 жылдың 14 қазан күні Халықтар достығы мен мәдениет Үйі ғимаратында «Тәуелсіздік тірегім» атты мектеп оқушылары арасында патриоттық әндер конкурсы өткізілді.
2011 жылдың 18 қазан күні С. Қожамқұлов атындағы қазақ сазды-драма театры ғимаратында белгілі журналист, көсем сөз шебері Кенжеболат Жолдыбайдың 60 жылдық мерейтойына арналған «» атты шығармашылық кеші өтті.
2011 жылдың 19 қазан күні С. Қожамқұлов атындағы қазақ сазды-драма театры ғимаратында төтенше жағдайлар құрылымының 16 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
2011 жылдың 7 қазан мен 24 қараша аралығында Кеңгір, Талап селоларының орта мектептері, қала колледждері мен қазақ-түрік лицейінде «Тәуелсіз Қазақстан: тұрақтылық пен өркендеу жолында» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды.
2011 жылдың 14 қараша күні С.Сейфуллин атындағы кітапхананың акт залында «Кітапхана – даналық мекені» атты мереке ұйымдастырылды.
2011 жылдың 18 қараша күні С.Қожамқұлов атындағы театрда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Тәелсіздіктің құрдасы «Ақ әжелер» ансамблінің «Ән қанаты» атты мерекелік кеш-концерті ұйымдастырылды.
2011 жылдың 24 қараша күні С.Қожамқұлов атындағы театрда дарынды сазгер-әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Жақсыкелді Сейіловтің мемориалдық тақтасының ашылуы (Мира көшесі, 45) және «Ұлытау ұлары» атты сазгер-әншіні еске алу кеші ұйымдастырылды.
2011 жылдың 26  қараша күні Халықтар достығы мен мәдениет үйінде 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты Қазақстан Республикасының Рәміздері туралы шолу ұйымдастырылды.
2011 жылдың қараша айының 5,6,12,13,19,20,26,27 күндері Халықтар достығы мен мәдениет Үйі ғимаратында қала тұрғындары мен қонақтарына арнап «Көңілді әуен кештері» бағдарламасы ұйымдастырылды.
 
2011 жылдың 2 желтоқсан күні тарихи-археологиялық мұражайда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Алтын арна» атты фольклорлық-этнографиялық кеш ұйымдастырылды.
 
2011 жылдың 10 желтоқсан күні С.Қожамқұлов атындағы қазақ сазды-драма театрында қобызшы, дирижер, ҚР Мәдениет қайраткері Б.Сәдуақасовтың «Қобызым-қоңырым» атты есеп беру кеші өтті.
 
2011 жылдың 13 желтоқсан күні С.Сейфуллин атындағы кітапхананың мәжіліс залында Ақкүлше Ибраеваның «Ақ ниет» атты кітабының тұсаукесер кеші ұйымдастырылды.
 
2011 жылдың 14 желтоқсан күні С.Қожамқұлов атындағы қазақ сазды-драма театрында ел дамуына өзіндік үлес қосқан қаламыздағы мекемелер мен ұйымдардың біраз қызметкерлері мерейтойлық медальдармен және облыс әкімі тарапынан алғыс хаттармен марапатталды. Мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлері де бұл игі ісшарадан кенде қалған жоқ. Атап айтар болсақ, Халықтар достығы мен мәдениет Үйі директорының орынбасары Н.Т.Аманова, «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы» ММ-нің директоры Ғ.Е.Ештанаев, С.Қожамқұлов атындағы қазақ сазды-драма театрының актрисасы Р.Ж.Ибраева, «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-нің директоры Ш.Қ.Кәпкеева, С.Қожамқұлов атындағы қазақ сазды-драма театрының көркемдік-қойылым бөлімінің меңгерушісі М.А.Қожақова, Т.Қалмағамбетов атындағы филармония әншісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ғ.Мұхамедин, «Тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен» КМҚК-ның директоры З.С.Чумакова, «Тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен» КМҚК-ның көрме залының меңгерушісі Н.Н.Новгородова, соғыс және еңбек ардагерлерінің «Жезқазған маржандары» хор ұжымының жетекшісі Ж.Ө.Шоқтаев «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылы» мерейтойлық медальдарымен және Т.Қалмағамбетов атындағы филармония директоры Р.К.Сексенбаев облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және «Нұрсәулемай» үлгілі-хореографиялық ансамблінің жетекшісі М.А.Жараспаева облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.            
 
2011 жылдың 15 желтоқсан күні Жезқазған қаласындағы Халықтар достығы мен мәдениет Үйі ғимаратында Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай мерекелік кеш-концерт ұйымдастырылды. Жиналған жұртшылықтың назарына  жергілікті көркемөнерпаздар ұжымдары мен Қазақстан эстрадасының жұлдызы «Жігіттер» квартетінің әсем әндерден шашу шашты. 
 
2011 жылдың 22 желтоқсан күні С.Қожамқұлов атындағы қазақ сазды-драма театрында іріктеу комиссиясының қорытындысымен, алғашқы рет мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлеріне әкім сыйақысы тапсырылды. Атап айтар болсақ, С.Қожамқұлов атындағы қазақ сазды-драма театрының әртісі Е.А.Байдешевке - «Жыл әртісі», Т.Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясының әртісі Ж.Г.Көпбосыновқа «Жыл әншісі», «Нұрсәулемай» үлгілі-хореографиялық ансамблінің жетекшісі М.А.Жараспаеваға «Көркемөнерпаздар ұжымының үздік жетекшісі»,  «Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің  С.Сейфуллин атындағы кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінің библиографы Ғазизова Ғалия Исламқызына «Жыл кітапханашысы», Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы директорының орынбасары Төлегенова Шолпанға «Жылдың үздік мұражай қызметкері», Теректі селосындағы №3 кітапхана-филиалының кітапханашысы Қасымбекова Махфруза Төлеубайқызына «Ауыл мәдениетінің үздік қызметкері» номинациясы, Жезқазған музыкалық колледжінің директоры Стамбакиев Қуандық Мамутұлына «Мәдениет және өнер саласын дамытуға қосқан үлесі үшін», «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Түсіпов Изтөлеу Бекенұлына «Мәдени іс-шараларды үздік ұйымдастырушы» номинациясы, балалар мен жасөспірімдер сарайының оқытушысы Ширина Тамара Васильевнаға «Жыл суретшісі», Жезқазған қалалық «Дидар» телерадиохабарын тарату дирекциясының бас редакторы Нұрғалиева Лейла Ескенқызына «Жылдың үздік қаламгері» номинациялары салтанатты жағдайда табыс етілді.   
 
2011 жылдың 29 желтоқсан күні С.Сейфуллин кітапханасының мәжіліс залында тіл жанашыры Асқар Ермекбаевтың «Азамат асқан асулар» атты құттықтау кеші өтті. 
 
2011 жылдың желтоқсан айының 3,4,10,11,17,18,24,25,31 күндері Халықтар достығы мен мәдениет Үйі ғимаратында қала тұрғындары мен қонақтарына арнап «Көңілді әуен кештері» бағдарламасы ұйымдастырылды.
 
2012 жылдың 13 қаңтар күні С.Қожамқұлов атындағы қазақ сазды-драма театрында Г.Исинееваның «Алтын улытас» атты балаларға арналған ертегі қойылымы өтті.
2012 жылдың 16 қаңтар күні С.Қожамқұлов атындағы қазақ сазды-драма театрында Г.Исинееваның «Қоянның үйі» атты балаларға арналған ертегі қойылымы өтті.
2012 жылдың 18 қаңтар күні Қазақстан Мұсылмандары Діни
Басқармасы және Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайында кездесу кеші өтті.
2012 жылдың 19 қаңтар күні Халықтар достығы мен мәдениет Үйі ғимаратында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы және Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің Жезқазған қаласы тұрғындарымен кездесуі ұйымдастырылды.
2012 жылдың 20 қаңтар күні С.Қожамқұлов атындағы қазақ сазды-драма театрында қала тұрғындарының назарына Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» қойылымы ұсынылды.
2012 жылдың қаңтар желтоқсан айының 7,8,14,15,21,22,28,29 күндері Халықтар достығы мен мәдениет Үйі ғимаратында қала тұрғындары мен қонақтарына арнап «Көңілді әуен кештері» бағдарламасы ұйымдастырылды.
 
2012 жылдың ақпан айының 3-4 күндері С.Қожамқұлов атындағы қазақ сазды-драма театрында Д.Исабековтың «Актриса» атты қойылымы көрермен назарына ұсынылды.  
 
2012 жылдың ақпан айының 4,5,11,12, күндері Халықтар достығы мен мәдениет Үйі ғимаратында қала тұрғындары мен қонақтарына арнап «Көңілді әуен кештері» бағдарламасы ұйымдастырылды.

 

2012 жылдың 18,19,25,26 ақпан күндері Халықтар достығы мен мәдениет Үйі ғимаратында қала тұрғындары мен қонақтарына арнап «Көңілді әуен кештері» бағдарламасы ұйымдастырылды.
 
2012 жылдың ақпан айының 23 күні сағат 18.00-де Халықтар достығы мен мәдениет Үйі ғимаратында Т. Қалмағамбетов атындағы филармония әншілерінің «Арқа әуендері» атты концерті ұйымдастырылды.
 
2012 жылдың 28 ақпан күні сағат 15.00-да «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі ғимаратында «Ономастика және көрнекі ақпараттар тілі» атты дөңгелек үстел өтті.
 
2012 жылдың 29 ақпан күні сағат 11.30-да Халықтар достығы мен мәдениет Үйі ғимаратында халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар өнерінің XXІІ аймақтық «Ұлытау үні» фестивалінің салтанатты ашылуы, сағат 12.00-де Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, фототілші Б.Түбековтың «Суретті түсірген Бекет Түбеков» атты фотокөрмесі, сағат 17.30-да Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ғ.Мұхамедин мен көркемсөз оқу шебері Ә.Айтжанованың «Ән тербеген ғұмыр» атты шығармашылық кеші өткізілді.
 
2012 жылдың 1 наурыз күні сағат 14.00-де Ұлытау ауданының Мәдениет Үйі ғимаратында «Күйші, жыршы, термешілер» сайысы өткізілді.
 
2012 жылдың 2 наурыз күні сағат 11.00-де Сәтбаев қаласының Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында «Жұлдыз-2012». Жастардың эстрадалық әндер конкурсыөткізілді.
 
2012 жылдың 2 наурыз күні сағат сағат 17.30-да С.Қожамқұлов атындағы қазақ сазды-драма театрында Қазақстан Республикасы Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі, «Мәдениет қайраткері», ақын, жазушы Батырбек Мырзабековтың «Жанымның сөзі-жырларым» атты шығармашылық кеші және XXІІ аймақтық «Ұлытау үні» фестивалінің салтанатты жабылуы өткізілді.
 
2012 жылдың 5 наурыз күні Жезқазған қаласының «Екі жұлдыз» мейрамханасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне байланысты қала әкімінің салтанатты қабылдау кеші ұйымдастырылды.
 
2012 жылдың 6 наурыз күні Халықтар достығы мен мәдениет Үйі ғимаратында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне байланысты қала жұртшылығына арналған салтанатты мерекелік кеш-концерт өтті.
 
2012 жылдың 3, 4, 10, 11, 17, 18, 24, 25, 31 наурыз күндері Халықтар достығы мен мәдениет Үйі ғимаратында қала тұрғындары мен қонақтарына арнап «Көңілді әуен кештері» бағдарламасы ұйымдастырылды. 

 
 
 
 
Подписка на новости
e-mail:
Қазақша
Русский
English
Рейтинг@Mail.ru