Развернуть
Аппарат акима города Жезказган
Официальный сайт государственного учреждения

5 район

Дата обращения: 18 октября 2013 г.
Ф.И.О. обративщегося: Озбекова Науатхан - Незарегистрированный

Текст обращения:

саламатсызба, айтыныз қабыл болсын, жұмысыңызда табыс, отбасында береке тилеймин. Менин сизге қоятын мәселем баспана мәселесі. Қазір мен отбасыммен 5 аудан деген жерде тұрып жатырмын. шынына келсем тұрып жатқан үйімнің һалі мүшкіл. кішкентай немерем келінім, баламмен бірге тұрамын. Баспанамыз қаланың сыртында, өте қолайсыз жерде орналасқан. біздің ауданға автобус мүлдем қатынамайды, жылы су, ауыз су атымен жоқ, суды 3 шақырым жердегі колонкадан арбамен тасимыз. Су таза емес. қыста көмір жағамыз, сол көмірді алатын ақшада жоқ. немерем мектепке бару үшін қаншама баздарды, өндірістік кәсіпорындарды айналып өтеді. Кейде мектепке бара алмай қалады. қыста тіпті мектепте бару қиын. Жолда біреу-міреу қастандық жасап кетпесе деп қорқамын. тіпті осыдан бір жыл бұрын жергілікті әкімшілік біздің ауданда тұру заңсыз деп, әділет басқармасына есепке тұрғызбай қойды. яғни немерем пропискасы жоқ, туысқандарға уақытша жазып қойып кейін шығарып жіберді. себебі пропискасыз мектепке алмады. осы уакытка деин бірде-бір қаланың әкімі 5 ауданға келген емес, біздің жағдайымызды сұраған емес. көңілім қалды олардан. үйіміз болса құлайын деп тұр, жөндеуге жарамсыз, қыста суық. Мәселені шешу үшін қаражат жоқ, тамақтан артылмайды, менің пенсиям ипотека алу үшін жетпейді. Ұлым инвалид, қазір оныда ВТЭК тегілер шығарып тастады. Сізден бізге көмек беруіңізді сұраймын, біз бұлай көп шыдай алмаймыз жағдайымыз шынымен нашар. Осы қыстан аман шықсақ деп отырмыз. Жезқазған қаласынан маған бір баспана беруіңізді сұраймын, не болмаса қазір мемлекеттен жалдайтын баспана беріңізші (арендное дейді ғой). Сізге жазып отырғаным сол арендное баспананы мен озим акиматқа барсам маған бермейді, оғанда таныс керек, ол уйлерди прокурорлар мен полицейлер аплыпты деп естидим.Ал мени каитсын бастыктар. үйге есепке тұруға барғанда көзім жеткен оған, болмайтын нарселер айтып миымды ашытып әбігерге салды. Бір көмегіңізді беріңізші жаныңыз ашыса, мен өзім біраз жасқа келдім,тек немеремнің қиналғанын көріп жаным күйеді

Ответы

Ответ от 19 ноября 2013 г.

Жезқазған қаласы әкімінің
сайтын қолданушы
Н. Озбековаға

Құрметті Науатхан апа!

Сіздің, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу туралы Жезқазған қаласы әкімінің сайтына жазған өтінішіңіз бізде қаралды.
Өкінішке орай, ҚР «Тұрғын үй қатынасатары туралы» Заңының 74 бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй мемлекеттік тұрғын үй алу тізімінде кезекте тұрған азаматтарға белгіленген тізім бойынша кезек ретімен қажетті құжаттармен бірге өтініш білдірген кезден бастап берілетіне байланысты өтінішіңізді қанағаттандыруға заңды тұрғыда құқықтық мүмкіндігіміз жоқтығын жеткіземіз.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегі тізіміне кезекке Жезқазған қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 9 мекен-жайында орналасқан «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ арқылы тіркеле аласыз.
Егер біздің берген жауабымызбен келіспеген жағдайда Сіз, басқа да құзырлы органдарға шағымдануға құқылысыз.


Аханов Б.М.








Орынд. М. Ахметова
Тел: 734787