Развернуть
Аппарат акима города Жезказган
Официальный сайт государственного учреждения

Асылбеков 94 үй проблемасы

Дата обращения: 9 декабря 2013 г.
Ф.И.О. обративщегося: saule - Незарегистрированный

Текст обращения:

Асылбеков 94 үй 1986ж берілді,содан бері жертөлеге ешқандай ремонт болған емес,үйіміз болотада орналасқан есіктің алды көктемде лай батпақ,асфальт жоқ.Үйіміздің артына огород-дача,гараж заңсыз нелегально салып алған ,жаз айында үйімізге мұздай су көтерілмейді себебі заңсыз огородтарына таңертеннен-кешке дейін ауыз суын ысырап қылып ағызады,КСК,ПТВСтін ешқандай шаруасы жоқ.Осы заңсыз салынған гараж,огородты алдырып тастап орнына балалар ойнайтын алан салып,есік алдына орындықтар қойылса,асфальт төселсе екен.Үйіміз аварииный жағдайда,сырты ақталса екен Ең бірінші үйіміздің артындағы гараж,огородты алдырып тастанызшы терезе ашып балконға шыға алмаймыз,себебі тура балконнын астында машина толып турады жағдай қиын осы зансыздықтарға жол бермеуінізді сұраймыз.КСК бізді керек қылмайды. салеммен зейнеткерлер атынан Зауре

Ответы

Ответ от 15 января 2014 г.

Жезқазған қаласы
әкімінің сайтына кіруші
saule

Сіздің Жезқазған қаласы әкімі сайтына жазған өтінішіңіз бойынша, келесіні хабарлаймыз.
О. Асылбеков көшесі 94 үйдің жертөлесінде 2013 жылы «Строитель» ПИК-і жұмысшыларымен 80 метр ауыз су құбыры және 10 метр жылу құбыры, сонымен қатар кіші және үлкен бұрандалар ауыстырылғанын хабарлаймыз.
Бүгінгі күні, 2014 жылға аула ішілік жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында «Қарағанды облысының жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары» ММ-не құрылыс-монтаждау жұмыстарын атқару мақсатында бюджеттік өтінім тапсырылды, сонымен қатар ойын алаңы туралы, осы жылғы қалалық бюджеттен қаржы бөлінетін болса О. Асылбеков көшесі 94 үй ескерілетінін хабарлаймыз.
Егерде берген жауаппен келіспесеңіз, Сіз тиісті құзыретті органдарға қайтадан шағымдануыңызға құқығыныз бар.


Б. Ахметов















Орынд. Сейтқазинов М.
Тел:735005