Развернуть
Аппарат акима города Жезказган
Официальный сайт государственного учреждения

мать одиночка

Дата обращения: 1 марта 2016 г.
Ф.И.О. обративщегося: Абдигалиева Гулдария Токтаревна

Текст обращения:

Салеметсиз бе? Мен жалгызбасты анамын. ГСЦВП-дан жалгызбасты анага жардем акы бар ма деп сураганымда жок деп жауап берди. Сизден сурайын дегеним сол рас па? Сонымен катар жалгызбасты аналарга кандай комек бар ? Рахмет

Ответы

Ответ от 24 марта 2016 г.


Абдигалиева Гулдария Токтаровна



Сіздің электронды түрде жіберген сұрағыңызға байланысты мына төмендегі жағдайды хабарлаймын.
Егер, жалғыз басты ана болсаңыз – ол Сіздің статусыңыз. Жалғыз басты анаға төленетін жәрдемақы түрі жоқ.
Қазақстан Республикасының 28.06.2005 жылғы №63 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына байланысты баласы бар отбасына берілетін жәрдемақылардың түрлері:
- бала туғанда берілетін бір дүркін мемлекеттік жәрдемақы;
- жаңа туған баланың 1 жасқа толғанына дейін берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
- 18 жасқа толмаған балалары бар отбасына берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
- 18 жасқа толмаған мүгедек баланы бағып отырған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы.



Басшы Б.Мырзаханов







Орындаған: Тұтқышова С.М.
762945