Развернуть
Аппарат акима города Жезказган
Официальный сайт государственного учреждения

ЖЕЗҚАЗҒАН БА ЖЕРҚАЗҒАН БА???

Дата обращения: 11 июля 2017 г.
Ф.И.О. обративщегося: Сизов Совет

Текст обращения:

ЖЕЗҚАЗҒАН БА ЖЕРҚАЗҒАН БА???
Осы биліктегілердің басты міндеттері xалыққа жағдай жасап, қызмет ету сияқты еді зияндарын келтірмей...
Бірақ "ҒАСЫРҒА" созылып жатқан Жезқазғандағы мына ремонттық жұмыстары кез келген адамның ызасына тиеді екен...Осы Шаруа базарының жолын жауып, осының бойындағы қаншама кәсіпкерлерге шығын келтіріп,саудаларына да кедергі жасап жатыр. Қанша алтын іздесе де алтынның да табылар уақыты болдығой...
Жерді қазып, жолды қырып тастап жұмыскерлері айдалада жүретіндері бір әңгіме...
Осының барін қадағалап, ретке келтіретін адам баласы немесе мекеме немесе қаладан жоғары жақтағы билік өкілдері барма???
Және де неге жылда Сейфуллин көшесін жылда қаза бересіздер? Әлде басқа қалада ақша жұмсайтын пробема қалмады ма? Мүмкін оның орнына есік аулаларына жол саласыздар? Көктем келсе батпаққа батып кетеміз... Мүмкін подвалдағы отление трубаларын ауыстырасыздар? Кеңес одағынан қалған шіріген трубаларды ауыстырсаңыздар екен...

Ответы

Ответ от 11 августа 2017 г.

Жезқазған қаласы
Әкімінің сатына
Өтініш қалдырушы
С. Сизовқа

Сіздің Жезқазған қаласы әкімінің сайтына түскен өтінішіңізге келесідей хабарлаймыз.
Жезқазған қаласының қала ішілік жолдарының сапасы «Жезқазған қ. ТКШ, ЖК және АБ бөлімі» ММ тұрақты бақылауында.
Қазіргі таңда Сейфуллин көшесіндегі құбырлардың ескіргеніне байланысты «ЖСЖК» АҚ жұмыскерлерімен құбырларды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар биылғы жылы «КазТрансЭнерго» ЖШС мердігерлік ұйымымен талаған көшенің және де қала ішіндегі 5 көшенің жолдарына асфальт төсеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қыңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 10 бабының 1 тармағына сәйкес Сіз қабылданған шешімге шағым жасауға құқылысыз.



Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Н.С. Орынбаев























Орынд. Қ.Сансызбаев
Тел. 733171