Развернуть
Аппарат акима города Жезказган
Официальный сайт государственного учреждения

жол откелдери.

Дата обращения: 30 января 2018 г.
Ф.И.О. обративщегося: Алимбетов Агадил Уменович

Текст обращения:

Ассаляму алейкум! Курметти Батырлан Дюсенбаевич!

Сизге бир отинишим бар:
Курылысшылар аланындагы Азия, жане аялдама манындагы жол откелдеринде коптеген жол окигалары болып жатыр. Каншама адам олди, жаракат алды машинанын кагып кету салдарынан. Жолаушыга жол бермей токтамай машиналар отип кетеди. Неге?

Осыдан бираз уакыт бурын осы маселени Сизге бирнеше рет жазып едим, бир шара колдану керек деп. Сол бир жерге багдаршам ба, алде лежачий полицейский ма сондай бир физикалык реттеуши жане кедерги кою керек сиякты. Ойткени колик жургизушилери жай гана жол откелиндеги асфальтка жагылган кур красканы сезбейтин сиякты. Осы маселени шешип беруинизди сураймын!

Коп рахмет Сизге!

Ответы

Ответ от 31 января 2018 г.

Сіздің Жезқазған қаласы әкімінің сайтына жазған Ғарышкерлер мен Бейбітшілік көшелерінің қиылсына бағдаршам немесе жол кедергісін орнату жайлы жазған өтінішіңізге келесідей хабарлаймыз.
Ғарышкерлер мен Бейбітшілік көшелерінің қиылсына бағдаршам орнатуға көшенің тарлығы және келесі бағдаршамға дейін аралықтың қысқалығы кедергі туғызуда, жиналған көлік кептеліс туғызып жол жүру қарқынын баяндатады.
Сонымен қатар 2015жылдың 7 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының жол қозғалысының ережелеріне және 2014 жылдың 17 сәуіріндегі қазақстан республикасының «Жол жүрісі туралы» Заңына сәйкес жол кедергілері тек мектептер мен балабақшалардың маңыйына орнатылатынын хабарлаймыз. Сол себептен Ғарышкерлер мен Бейбітшілік көшелерінің қиылсына жол кедергісін орнату мүмкін еместігін хабарлаймыз.