Развернуть
Аппарат акима города Жезказган
Официальный сайт государственного учреждения

Жер мәселесі.

Дата обращения: 26 февраля 2018 г.
Ф.И.О. обративщегося: Дастан ?уантай Тал?ат?лы

Текст обращения:

Құрметті Батырлан Дүйсенбайұлы !
Мен, Дастан Қуантай Талғатұлы, Жезқазған қаласының тұрғынымын. Қазіргі таңда жұмыссызбын. Табыс табу мақсатында, жеке кәсіп ашқым келген болатын. Мендегі шешілмей тұрған мәселе, жер мәселесі. Яғни, кәсібімді бастау үшін ең алдымен жер керек.
Кәсібіме сәйкес келетін жер телімін тапқаннан кейін, қаламыздың жер қатынастары бөлімшесіне бардым. Жер қатынастары бөлімшесінен қанағаттанарлық жауап ала алмадым, яғни, мен алғым келіп отырған жер телімі, аукционда жоқ, демек ол жерді бере алмайтындарын айтты. Мен алғым келіп отқан жер телімінде құрылыс жұмыстары жүргізілмейді. Жер телімі, Жезқазған қаласының Деева көшесінің бойында, маған керек жер телімі аумағы 1 га.
Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты, Жер кодексінің 45 бабын басшылыққа алып, жеке кәсібімді ашуға, жер телімін алуға көмек, демеу беруіңізді сұраймын.

Ответы

Ответ от 1 марта 2018 г.

Құрметті Дастан Қуантай Талғатұлы, Сіз сұрап отырған жер теліміңіз ҚР Жер кодексінің 48 бабына сәйкес аукцион арқылы берілетін жер телімдердің қатарына кірмейді,аукцион арқылы берілетін жер телімдердің тізімін jezkazgan.gov.kz сайтынан алуыңызға болады. Сол себептен аталған жер телімін беруге құқықтық негіз жоқ екендігін хабарлаймы.