Развернуть
Аппарат акима города Жезказган
Официальный сайт государственного учреждения

Үшбу хат

Дата обращения: 5 марта 2019 г.
Ф.И.О. обративщегося: АТА

Текст обращения:

"ТИСЕ — ТЕРЕККЕ,.."
Биыл 29 қаңтардағы "Ortalyq Qazaqstan" газетінде менің "Бұл — білместік пе, әлде..." деген мақалам жарияланды. Онда қолындағы қаламын қоғам игілігіне жұмсаған азаматтың асқаралы алпысқа шыққан шағындағы жергілікті биліктің жөнсіз тірлігін тілге тиек еттім. Бірақ, "кешін өткізбеді", "Әлеуханұлы мен әкімдік араз" деген бір ауыз сөз жоқ.
Арада айдан астам уақыт өткенде Жезқазған қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің "Сын орынсыз айтылған" деген терістемесі шықты. Сөз саптасына қарағанда ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаевтың Құттықтау хатын, облыс әкімі Е.Қошановтың Құрмет грамотасын, Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы С.Матаевтың Құрмет грамотасын апақ-сапақта апарып берген Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова мен ішкі саясат бөлімінің басшысы Мереке Мырзабекованы ақтағысы келеді.
Терістемеде "... мақала жазардан бұрын автор өзіне түсініксіздік тудырған сауалдарын алға тартқанда нақты ақпарат алатын еді" дегесін, анық-қанығын білейін деп Базарбаймен телефон арқылы тілдестім. "Алдын ала айтпай, аяқ астынан келді. "Ұжымды шақырайын" дегеніме құлақ та асқан жоқ" дейді ол. Менің ойымша, олар құзырлы орган басшылары жіберген құттықтаудан тезірек құтылуды ғана көздеген. Әйтпесе, шын көңілмен "құттықтап" барса, қала әкімінің Құрмет грамотасын көп көрді ме? Немесе, әкімдікте апта сайын өтетін аппарат лездемесінде игі-жақсының алдында берсе, біреу қой деді ме?
"Жалпы Б.Әлеуханұлының мерейтойы қарсаңында қала әкімінің орынбасары З.Ақылбекова мерейтой иесімен 60 жасқа толуына орай қандай іс-шаралар өткізу қажеттігі туралы өзара ақылдасқан болатын. Б.Әлеуханұлының 60 жылдық мерейтойына орай шығармашылық кеш оның өз өтінішімен журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында өткізілетін болып жоспарланған" дейді терістемеде. Өтірік! "Әкімнің орынбасарымен сол күні ғана кездестім. "Ұлытау үні" аясында кешіңізді өткізсек қайтеді?" дегені рас. "Қажет емес!" дедім. Фестивальдің басталуына үш аптадай уақыт қалғанда адам осындай ұсыныс жасай ма?" дейді Б.Әлеуханұлы. Терістемеге осындай өтірікті қосу үшін ойлануға бір ай уақыт кеткен! Сөйтіп, баспасөз қызметін пайдаланып, "Орталықтың" оқырманын адастыратын жалған ақпарат берген.
Міне, сондықтан да, жергілікті биліктің қоғамның дамуына қаламымен үлес қосып келе жатқан мерейтой иесіне деген жөнсіз әрекетіне шыдамай жазылған мақаладан соң бұл жәйтке нүкте қойдық деп отырғанда, басқасын былай қойып, терістеме арқылы енді өтірік ақпарат таратуға көшкеніне тіптен шыдай алмай, осы жауапты жазуға тура келді. Әйтпесе, дауды өршітуді мақсат етуден аулақпыз.
Әрине, айтылған сынды дұрыс қабылдап, тиісті қортынды шығару үшін де мәйекті мәдениет пен парасатты пайым керек. Ал, мемлекеттік қызметкер үшін жауапкершілік тіпті еселене түседі. Сондықтан, Жезқазғаннан жеткен бұл терістеме менің Әдеп жөніндегі облыстық кеңеске шағымдануыма толық негіз болады деп есептеймін.

Ответы

Ответ от 11 марта 2019 г.

Құрметті АТА Сіздің аты-жөніңізді көрсетуіңзді сұраймыз, көрсетпеген жағдайда хат домалақ арыз ретінде қабылданатынын хабарлаймыз.