Развернуть
Аппарат акима города Жезказган
Официальный сайт государственного учреждения

Үшбу хат

Дата обращения: 14 марта 2019 г.
Ф.И.О. обративщегося: АТА

Текст обращения:

Қадірлі Қайрат БАЯНДЫҰЛЫ!
Алдымен, 2019 жылы 5 наурызда жазған үшбу хатта аты-жөнім ұмыт қалғаны үшін кешірім өтінемін!
Мәселеге қайта орала отырып, қолданыстағы Заңнамаға сәйкес, белгіленген уақыттан кешіктірмей, тиянақты жауап аламын деген үміттемін.
Байланыс телефоны: 8 777 573 0158, 8 701 272 5456.
Эл.поштам: ali1958bek@mail.ru
(Пәтер жалдап көшіп-қонып жүруіме байланысты тұрақты мекен-жай көрсетуге мүмкіндік жоқ. Оған алдын-ала ғафу өтінемін!).

Сізді мазалауға түрткі болған мәселенің мәнісі мынау:
Биыл 29 қаңтардағы "Ortalyq Qazaqstan" газетінде менің "Бұл — білместік пе, әлде..." деген шағын мақалам жарияланды. Онда қолындағы қаламын қоғам игілігіне жұмсаған азаматтың асқаралы алпысқа шыққан шағындағы жергілікті биліктің жөнсіз тірлігін тілге тиек еттім. Алайда, онда "авторлық кешін өткізбеді", "Әлеуханұлы мен әкімдік араз" деген бір ауыз сөз жоқ.
Арада айдан астам уақыт өткенде, нақтысы 2 наурызда Жезқазған қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің (менің білуімше, Жезқазған қаласының әкімдігінде баспасөз қызметі жоқ, ал терістемені баспасөз хатшысы жазған жағдайда аты-жөнін толық көрсетуі керек еді. Сондықтан, ол терістемені қала әкімдігінің ұстанымы деп бағалауға негіз бар — Ә.Ә.). "Сын орынсыз айтылған" деген, көлемі менің мақаламнан екі есе үлкен терістемесі шықты. Сөз саптасына қарағанда сала министрі Д.Абаевтың Құттықтау хатын, облыс әкімі Е.Қошановтың Құрмет грамотасын, Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы С.Матаевтың Құрмет грамотасын апақ-сапақта апарып берген Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова мен ішкі саясат бөлімінің басшысы Мереке Мырзабекованы ақтағысы келетіні айқын аңғарылады.
Терістемеде: "...мақала жазардан бұрын автор өзіне түсініксіздік тудырған сауалдарын алға тартқанда нақты ақпарат алатын еді" дегесін, анық-қанығын білейін деп Базарбаймен телефон арқылы тілдестім. "Алдын ала айтпай, аяқ астынан келді. "Ұжымды шақырайын" дегеніме, құлақ та асқан жоқ. Әкімнің орынбасарымен сол күні ғана кездестім. "Ұлытау үні" аясында кешіңізді өткізсек қайтеді?" дегені рас. "Қажет емес!" дедім. Фестивальдің басталуына үш аптадай уақыт қалғанда адам осындай ұсыныс жасай ма?" деді ол.
Осыдан кейін терістемедегі: "Жалпы Б.Әлеуханұлының мерейтойы қарсаңында қала әкімінің орынбасары З.Ақылбекова мерейтой иесімен 60 жасқа толуына орай қандай іс-шаралар өткізу қажеттігі туралы өзара ақылдасқан болатын. Б.Әлеуханұлының 60 жылдық мерейтойына орай шығармашылық кеш оның өз өтінішімен журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында өткізілетін болып жоспарланған", "...ұжымды жинау, салтанатты жиын өткізу және т.б. шаралар ұйымдастыру – телеарна әкімшілігінің өз құзыретіндегі ішкі мәселе", "Мұның бәрі қалалық әкімдік пен Б.Әлеуханұлының арасында өзара түсіністік, қалыпты ахуал қалыптасқанын танытады" деген сөзде қандай құн қалды?
Құзырлы орган басшылары жіберген құттықтаудан тезірек құтылуды ғана көздеп барған қала әкімінің орынбасары мен ішкі саясат бөлімі басшысының "құпия сапарын" терістемеде: "бұл елеп-ескергенге жатпай ма?" деп, мақала авторына мін қылып тағады. Егер екеуі шын көңілімен "құттықтап" барса, алдын-ала хабарласып, ұжымды жинап қоюды неге өтінбейді? Әлде Базарбайда бәрін күн ілгері біліп отыратын, бал ашатын қасиет бар ма? Немесе, жоғары жақ жапа-тармағай құттықтап жатқанда қала әкімінің Құрмет грамотасын көп көрді ме? Жарайды, жергілікті билік құттықтамай-ақ қойсын, келген марапатты әкімдікте апта сайын өтетін аппарат лездемесінде игі-жақсының алдында берсе, біреу қой деді ме?
Жергілікті биліктің қоғамның дамуына қаламымен үлес қосып келе жатқан мерейтой иесіне деген жөнсіз әрекетіне шыдамай жазылған мақаладан соң бұл жәйтке нүкте қойдық деп отырғанда, басқасын былай қойып, терістеме арқылы енді өтірік ақпарат таратуға көшкеніне тіптен шыдай алмай, осы жауапты жазуға тура келді. Әйтпесе, дауды өршітуді мақсат етуден аулақпын.
Әрине, айтылған сынды дұрыс қабылдап, тиісті қортынды шығару үшін де мәйекті мәдениет пен парасатты пайым керек. Терістемені баспасөз хатшысы жалғыз жазбағанына, оны қала әкімінің орынбасары мен ішкі саясат бөлімінің басшысы бірнеше қабат оқығанына, ешбір күмәнім жоқ. Ал, мемлекеттік қызметкердің баспасөз қызметін пайдаланып, "Орталықтың" оқырманын адастыратын жалған ақпарат беруі мені қатты алаңдатып отыр. Сондықтан, Жезқазғаннан жеткен бұл терістеме Әдеп жөніндегі облыстық кеңеске шағымдануыма толық негіз болады деп есептеймін.
Сіз қалай ойлайсыз, Қайрат Баяндыұлы? Пікіріңізді білгім келеді.

Өзіңізге деген шынайы құрметпен,
Облыстық "Орталық Қазақстан" газетінің
меншікті тілшісі Әлібек ӘБДІРАШЕВ,
Қазақстан Журналистер одағы
сыйлығының лауреаты (1993ж.),
республикалық "Алтын қалам" (2014ж.),
ұлттық "Алтын Гефест" (2015ж.),
облыс әкімінің "Алтын Сұңқар" (2017ж.)
сыйлығының иегері.

14 наурыз 2019 жыл.


Ответы

Вопрос на рассмотрении